Главная страница
Навигация по странице:

  • Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері

  • Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары

  • Кәсіпкерлік б ә секеге кабілеттіліктің ә леуеті

  • құрамына мы

  • 2 тақырып КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ¥ЙЫМДЫҚ-Қ¥ҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ

  • ђ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К. 1 таырып Ксіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары ксіпкерлікті мні мен мазмны


    Скачать 302.11 Kb.
    Название1 таырып Ксіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары ксіпкерлікті мні мен мазмны
    Анкорђ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К.docx
    Дата28.04.2018
    Размер302.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлађ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К.docx
    ТипДокументы
    #18623
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6


    Кәсіпкерліктің функциялары

    Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік - жалпы- экономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инно- ваңиялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функңияларды атқарады.

    Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның оз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды түлға ретінде қызмет ететін кәсіп- керлік ұйымдардың объективті роліне негізделген.

    Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге жұмысталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сүраныс пен үсыныс, бәсеке, қүн және т.б.) жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл түрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функңиясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық осудің, үлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі. Соны- мен қатар, бұл фактор шаруашылық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функңиясының корінісі ретінде анықталады.

    Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функция- сы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы үдайы өндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалдық және материалдық емес ондіріс фактор- ларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

    Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми- техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс күші мен ресурстарды үштастыру жағдайында пайда- лануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың (пайданың) соңынан түсу кобінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мүндай кәсіпкерлер оз қызметімен қоршаған ортаға және түргындарга зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дүрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші ролі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір-бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндіғі деңгейінен шығады.

    Әлеуметтік функция әрбір қабілетті тұлғаның іс-әрекет жүргізуші ретінде, озінің дара талантын және мүмкіндіктерін көрсетумен сииатталады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы белгілі бір іс бастауға қабілеті бар, өз бетінше шаруашылық- экономикалық қызметті жүргізуге, өз ісін ашып жұмыс жүргізе алатын, қойылған мақсатқа жете алатын адамдарды қалыптастыр\датанылады. Бірақ таөз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік түрғыдан кәсіпкерлік кәсіпорындардың түрақты қызмет етуіне тәуелді л<алдамалы қызметкерлер саны артуда.

    Кәсіпкерлік кәсіпорындар тиімдірек қызмет еткен сайын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюд- жеттен тыс элеуметтік қорларға түсетін түсімдердің мөлшері көп болады. Кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындары санының көбеюін, жұмыссыздық деңгейінің томендеуін, жалдамалы қызметкерлердің өмірлік деңгейі мен элеуметтік жағдайының артуын қамтамасыз етеді.

    Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіп- керлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі құрылымдарды кұруда, кәсіпорын стратегиясының озгеруінде және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруда байқалады. Ұйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ұжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше эсер етеді.

    Осылайша, кәсіпкерліктің мэні жоғарыда аталған оның бар- лық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын көрінеді. Бұл жағдай қалыптасқан және дамыған кәсіпкерлікке тэн. Соны- мен қатар, кәсіпкерлік жұмыс субъектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.

    1. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері

    Кәсіпкерлік субъектілер азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.

    Азаматтар заңды түлға кұрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке түлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақетан Республикасының әрекет ету- де қабілеттілігі бар кез келген азамат бола алады.

    Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен бекітілген:

    • белгілі бір меншікті иелене алады, мүлікті мүрагерлікке алады және мүлікті мүрагерлікке қалдыра алады;

    • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаган басқа да қызметпен айналыса алады;

    • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;

    • заңға қайшы келмейтін кез келген мэмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;

    • түрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;

    • ғылым, әдебиет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы қүқығын иелене алады;

    • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес қүқықтарға ие бола алады.

    Осылайша, әрекет етуғе қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен қүқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

    Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мыса- лы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына томендегідей қызметпен айналысуга болмайды:

    • оз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

    • өз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;

    • шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында өз бетінше немесе окілдері арқылы оларға тиесілі болатын акңиялармен, салым- дармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруғе;

    • шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарын- да белгілі бір лауазымға ие болуға.

    Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға адамдардың, поли- ңия, салық органдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтардың кейбір басқа да қызмет категориялары бойынша қүқықтары жоқ.

    2-3/48-11

    Әрекет етуге қабілеттілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айна- лыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлғалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін - патент алуы керек.

    Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және элеуметтік-экономикалық үрдістердің айнымас болігі ретінде сипатталады.

    Кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда кәсіп- керлік үрдістіц негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер - жалғыз субъект ғана емес. Бұл категорияға тұтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жүйесіндегі әріптестер де жатқызылады.

    Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынастарында алғашқысы белсенді субъект категориясына, ал тұтынушы пассивті рөл атқарады.

    Тұтынушы кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін орын- дайды. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын онімді сатып алатын нақты тұтынушының оң сараптамалық (эксперттік) бағалауынан кейін ғана жүзеге асырылады. Өз қызметін жоспарлау және ұйымдастыру барысында кәсіпкер тұтынушының көңіл-күйін, қалауларын, мүдделерін, күтетін нэтижелерін ескеруі керек.

    Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жағдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін ғана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының езі тұтынушы сұранысын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерін дамыту қажет. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып озіндік тұтынушылар ортасын құру, тұтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

    Егер қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарағанда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шығатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тиімділігіне тұтынушы белсенді рөл атқарады, сондықтан да кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

    Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы түрғыдан алғанда мемлекет:

    • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жағдайды қалып- тастыратын жағдайда, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші болуы мүмкін;

    * кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса және оның даму- ына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;

    • кәсіпкерліктің «жандануына» әкелетін, жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске тартуға жұмысталған шараларды түрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

    Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функңияларды атқарады:

    • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кэсіби түрғьщан даяр- лау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;

    • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;

    • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді көрсете алатын кәсіпкерлік инфра- құрылымды құру функңияларын атқарады.

    Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеғе асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігі жал- дамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сэйкес болуы керек. Нәтижесін- де, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жоғары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нэтижелерімен қатар, ұжымдық қызмет нэтижелеріне де мүдделі болатын жағдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылығын үйлестіре отырып жүргізуғе болады.

    Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нэтижесінде пайда болған, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нэтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жагдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.

    Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер ретінде материалдық заттар мен объектілер (оларды материалдық игіліктер деп те атайды), со- нымен қатар белгілі бір түлғаның қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес игіліктер деп те атайды) айтуға болады.

    Материалдық игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне эсері арқылы байқа- лады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұрғын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады.

    Адамдар өмір сүру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге бо- лады:

    • табиғи және адамдардың іс-әрекетімен өндірілген;

    • тұтынушылық және инвестиңиялық;

    • жеке және қоғамдық;

    • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

    Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл -

    адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарға айналдыра ала- ды. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

    Жеке, жанұялық, топтық, ассоңиацияланған тұтынушыларға арналған табиғи немесе ондірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тұрмыстық техни- ка, жиһаз, киім, азық-түлік тағамдары және т.б. жатады.

    Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да мате- риалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмысгарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасы- малдау үшін қажетті автокөлік күралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанүялық тұрмыста қолданылатын - тұтынушылық игіліктерге жатқызуга болады.

    Материалдық игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлі- неді. Мысалы, жеңіл автомобиль - бұл жеке игілік. Ал азамат- тарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады.

    Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп келе жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне бай- ланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оны өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туын- дайды.

    Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

    Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мэдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру аяларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсету жүйесі басқа да са- лаларда (техникалық сервистік қызмет көрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.

    Жұмыстарды орындау процедуралары кез келген объек- тілердің құрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жөндеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.

    Қажеттіліктердің игіліктерге сэйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бөліп көрсетуге болады. Еркін немесе үнемі қолжетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанағаттандыруға мүмкін болатын игіліктерді ай- тады. Оларға күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады.

    Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер еалыстырмалы шектеулі немесе абсолюттік шектеулі болып бөлінеді. Бұл жағдайда, оларға деген қажеттілік көлемдері ұсыныстан артады деғен соз. Игіліктердің шектеулігі, аталған игіліктердің мазмұнының шектеулігінде емес (мысалға, сүттің нашар дэмі немесе кинотуындының қызығушылық тудырмай- тын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мүмкіндігінің шектеулігінде.

    Салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар үшін де және өзінің де қажетті игілік- терге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі игіліктерге адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кэсіби функциясы болып табылады.

    1. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары

    Кәсіби тұрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ұйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біледі және өз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бұл жағдайларды есте ұстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сөзі негіз дегенді білдіреді. «Қағида» сөзінің жалпы философиялық мағынасы оны құбылыс мэнінің құрылымымен байланыстырады.

    Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін құраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және үлттық ерекшеліктеріне тэуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.

    Кэсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:

    1. кәсіпкерліктің жұмыстаушы қағидалары;

    2. кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары;

    3. кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-қүлықгық қа- ғидалары;

    4. кәсіпкерліктің эволюңиялық қағидалары;

    5. кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.

    1. Кәсіпкерліктің багыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сэйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады.

    Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы жұмысына байланыс- ты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі неме- се үзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын озі анықтауы қажет.

    Кәсіпкерлердің оз миссиясын орындауы олардың кәсіп- керлік бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалган сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.

    Кәсіпкерлік бәсекеге кабілеттіліктің әлеуеті (КБӘ) деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын (өз бәсекелестерінен қай жағынан кем, қай жағынан артық екендігін) айтады. Әрбір кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарсы тұруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсіпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі оның өз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ұстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады.

    Кәсіпкерлер (Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің элеуеті) КБӘ құру мен арттыруга мүдделі. Өйткені олардың барлығы нарыққа енген кезден бастап-ақ бәсекелестік ортага қатысушы болады.

    Кәсіпкерліктің кез келген субъектісінің КБӘ құрамына мы- налар кіреді:

    • кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік элеуеті;

    • кәсіпкерлік фирмалардың институңионалдық бәсекеге қабілеттілігінің әлеуеті.

    Кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік әлеуеті кәсіп- керлік бизнес субъектілерінің кәсіби қабілеттерінің, кэсіби құзыреттерінің және жеке қасиеттерінің жиынтыгымен анық- талады. Бұл әлеует кәсіпкерлер жағынан істерді жүргізу және нарықтағы қарсыластарына төтеп беруге жұмсалады.

    Кәсіпкерлік фирмалардың институңионалдық бәсекеге қабілеттілігінің элеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бұл әлеуеттің типтік құрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тұрады:

    • кәсіпорындардың іскерлік қызметі құралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтыгы;

    • құрылган және өткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

    • ұйымдастырушылық әлеуеті, оның ішінде фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, фирмаішілік менеджменттің деңгейі, аталған фирманың сыртқы коммуникаңияларының бо- луы мен олардың жағдайы;

    • кәсіпкерлік бизнес субъектісінің іскерлік жағымды беделі;

    • кәсіпорын фирма қызметкерлерінің кэсіби қабілеттері;

    • кәсіпорын иелерінің, оның қызметкерлері мен менед- жерлерінің іскерлік әлеуетінің болуы;

    • кәсіпкерлік бизнесті күшейтуге және кәсіпорынның іскерлік қызметінің тиімділігін арттыруға деген алғышарттар- дың болуы.

    1. Кәсіпкерліктің ынталандырушы цагидаларына мыналар жатады:

    • табыс нысандарының алуан түрлілік қағидасы;

    • бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сэйкестілік қа- ғидасы;

    • «сәттілікті ұстауға» дайындалу қағидасы;

    • мотивтердің алуан түрлілік қағидасы;

    • бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сэй- кестендіру қағидасы.

    Кәсіпкерлік бизнестеғі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкерлік жетістік болып табылады. Жетістік кәсіпкерліктің кез келген субъектісі қызметінің соңғы нэтижесін сипаттайды.

    Бизнес субъектісінің кәсіпкерлік жетістікке жетуі оның іскерлік қызметінің ең жоғары деңгейін, озінің бәсекеге қабілеітілігінің элеуетін толық жүзеге асыруын және өзінің кәсіпкерлік миссиясын орындауын білдіреді.

    Жетістік түсінігімен қатар кәсіпкерлікпен айналысу- дан түскен табыс және бизнестегі тиімділік сияқты маңызды түсініктерге де байланысты. Егер кәсіпкерлердің іс-әрекеті табысқа жеткізсе, онда бизнес тиімді болып саналады. Соны- мен қатар, кез келген бизнес егерде тиімділікті қамтамасыз ететіндей болса ғана табысты болады. Пайда табу адамдарды іскерлік қатынастарды жасауга итермелеп отырады. Бизнес аясы бойынша серіктестерді таңдау, бизнес түрлері мен мэміле жасаудың ұтымды сипаттары тиімділікті жоғарылатуға эсер етеді.

    Кез келген кәсіпкерлік жетістік сандық тұрғыдан жетістік метрикаларының көмегімен аныкталуы мүмкін. Әдетте олар кәсіпкерлік бизнес тіимділігінің немесе бизнесті жүргізуге де- ген шығындар тиімділігінің алуан түрлі көрсеткіштерімен си- патталады.

    Әр түрлі жағдайларға байланысты жетістіктер төмендегі түрлерге бөлінеді:

    • ағымдық (аралық) және соңғы;

    • қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді;

    • іскерлікке лайықты және лайықсыз жетістіктер.

    Жетістікке жету үшін кәсіпкерге екі бірдей міндетті шешуге

    тура келеді. Бір жағынан, ол өз қызметінің қоғами түрғыдан кең танылуына үмтылады. Екінші жағынан - ол бәсекелік ортада алға шығуға бар мүмкіндігін жұмсайды. Қоғамдық аяда танылу негізінде кәсіпкерліктің аталған субъектісі бәсекеғе қабілеттілік әлеуетін ең ұтымды түрде пайдалана алғандығын және оны ары қарай күшейту үшін жағдайлары бар дегенді білдіреді.

    Бизнес субъектілерінің жетісгікке жетуі олардың кәсіп- керлік идеалы - кәсіпкерлік миссиясын қалыптастыру үрдісінде, істі бастау қарсаңында, әрқайсысының көз алдына, бизнестің ең жоғары қолжетімді бейнесі белгілі болады. Ол адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген мотивтерінің алуан түрлілігіне негізделеді. Олардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге бо- лады: экономикалық, элеуметтік, психологиялық, физикалық және гуманисттік (этикалық, философиялық және эстетикалық) мотивтер.

    Экономикалық мотивтерге кәсіпкерлік субъектілерінің жогары табыстарға, дамудың түрақты қарқынына қол жеткізу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржылық жағдайды жақсарту сияқты көрсеткіштер кіреді. Кейде кәсіпкерлер бизнесте тек пайда мотивін басшылыққа алады, сонымен қатар табыс табу идеалдары пайдамен байланысты деп санайды. Шын мэнінде пайда мотиві кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды мэнге ие, алайда бұл экономикалық мотивтерінің ішіндегі жалғыз фактор болып калмайды.

    Кәсіпкерлікпен айналысуга деген адамдардың элеуметтік мотивтері элеуметтік тиімділікке, ең алдымен бизнеспен айна- лыса отырып, кәсіпкерлердің қарым-қатынасқа деген объективті қажеттілігін жүзеге асыратындығымен, өмірлік тәжірибе ал- масуларымен, элеуметтік статусқа және қоғамдық танылуға ие болагындығымен, белгілі бір әлеуметтік қатынастарға қатысу- мен анықталады.

    Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың физикалық мотивтері бизнес субъектілерінің физикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, организмнің маңызды ре- сурстары болып табылатын физикалық, психикалық және интеллектуалдық энергияны толығымен жүмсауға деген ұмтылысымен сипатталады.

    Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың гуманисттік мотивтері бизнеске қатысуда әрбір адамның түлға ретінде дамуға, өмірдің мэнін түсінуге, этикалық және эстетикалық жайлылыққа қол жеткізілетіндігімен сипатталады.

    1. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлъщтьщ цагидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жа- тады:

    • кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;

    • бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сэйкестендіру қағидасы;

    • мінез-қүлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сэйкестендіру қағидасы.

    Бизнестің үйлесімді логикасы келесідей қағидаларга негізделеді:

    • бизнестегі өз мүдделерін түсіне білу, өз танылуын түсіну, кәсіпкерлік миссияны, бизнестегі жетістігі туралы идеалдык түсініктерді, бизнеске ену мақсаттарын қалыптастыру;

    • бизнестегі мүдделердің қарама-қайшылығы мен қар

    сыластарының іс-әрекеттері жагдайында жетістікке жету, жеке және институңионалдық бәсекеге қабілеттіліктің талаптарына сай қызмет жасау;

  • өз мүдделерін қорғай отырып, әрбір кәсіпкер қоғамдагы мүдделердің алуан түрлілігімен санасу;

  • қызметпен алмасу нәтижесінде бәсекелік артықшылық- тар мен бәсекеге қабілеттілікке, өз жетістіктерінің қоғамдық танылуы негізінде тиімділік пен табыска қол жеткізуге деген ұмтылыс;

  • заңмен, іскерлік айналым дәстүрлерімен және іскерлік қатынастардың этикасымен рұқсат етілген немесе тыйым салынбаған кәсіпкерлік мінез-құлықтың түрлерін, эдістерін, ны- сандары мен тәсілдерін қолдану.

    Бизнесті ұйымдастыру үрдісінде кәсіпкерлердің стра- тегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін боліп көрсетеді. Стратегиялық деңгейде кәсіпкерлер ұзақ мерзімді жетістікке жұмысталған бизнес стратегиясын анықтайды. Әдетте, кәсіпкерлер бизнес-жоспарларды қалыптастыра отырып, мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысады. Олар кәсіпкерлік миссиясын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табыла- ды. Бизнес-жоспарларды құрастыру барысында әрбір кәсіпкер өзінің бәсекеге қабілеттілігінің элеуетін мұқияі талдайды, бәсекелестерді зерттейді, нарық талаптарына сай болатын өз бизнесінің стратегиялық мақсаттарын қалыптастырады.

    керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкерлік ортаның бұл екі маңызды элементі ел Конститупиясында бекітілген. Атап айтқанда, онда әркімнің кәсіпкерлік қызметі үшін өз мүліктері мен қабілеттерін еркін қолдануга қүқығы бар екендігі. Сот шешімінен басқа жағдайда ешкімнің өз мүлкінен (кәсіпкерлік қызметтің материалдық негізі ретінде) айырыла алмайтындығы, жер және басқа да табиги ресурстарды иемдену, пайда- лану мен жұмсау олардың иелерімен еркін түрде жүзеге асырылатындығы, Қазақстанда бірегей экономикалық кеңістік, тауарлардың, қызметтер мен қаржы қаражаттарының еркін ай- налымы, бәсекені қолдау. экономикалық қызметтің еркіндігі кепілдендіретіні және ақырында жеке, мемлекеттік және басқа да нысандағы меншік нысандары танылып қорғалатындығы айтылған.

    Кәсіпкерлік құрылым мен сыртқы ортаның өзара әрекеттесуі 1-суретте көрсетілген.

    f:\appdata\local\temp\finereader11.00\media\image5.png

    1-сурет. Кәсіпкерлік құрылым мен сырткы ортаның әрекеттесуі



    Бірақ, бұл маңызды ережелер әлі де толығымен жұмыс істемейді, ол басқа факторлармен бірге кәсіпкерліктің да- муын тежейді. Ел Конституңиясының ережелеріне сәйкес кәсіпкерлік орта қалыптасуының маңызды жұмыстары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген.

    Қазақстанның Азаматтық кодексінде сыртқы кәсіпкерлік ортаның негізгі ережелері қарастырылған, алайда олардың көбісі жалпы сипатқа ие. Сондықтан да олар көптеген заңдарда нақтыланады. Кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына қылмыстық, әкімшілік, салықтық, кедендік заңнама әсерін тигізеді.

    Сыртқы кәсіпкерлік орта деп кәсіпкерлердің өздерінің еркінен тэуелсіз қызмет ететін, елдегі кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар мен жагдайлардың жиынтығын айтады. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін сипаттайды, сондықтан да дара кәсіпкерлер мен заңды түлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей өзгерте алмайды (мысалға, заңдар, табиги факторлар және т.б.), тек өз ісін жүргізу барысында оларды ескеріп отыруы керек.

    Сыртқы кәсіпкерлік орта келесідей қосалқы жүйелерден түрады:

    • елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;

    • қоғам мен мемлекеттің даму түрақтылығымен сипаттала- тын саяси жағдай;

    • кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканың басқа субъек- тілерінің қүқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтайтын қүқықтық орта;

    • кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау;

    • жұмыссыздық деңгейі мен түрғындардың (тұтыну- шылардың) төлем қабілеттілігі сүранысымен байланысты әлеуметтік жағдай;

    • кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін, түрғындардың білім деңгейімен негізделғен мэдени орта;

    • ғылыми-техникалық, технологиялық орта;

    • қызметтің белгілі бір түрлерін дамыту үшін қажетті табиғи өндіріс факторларының жеткілікті түрде болуы;

    • кәсіпкерлік ұйымдар қызмет етуінің табиғи-климагтық жағдайларымен, форс-мажорлы табиғи катаклизмдердің (астан- кестен озгерістердің) жоқтығымен байланысты физикалық орта;

    • коммерңиялық операңияларды, іскерлік байланыстар- ды және т.б. жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын білдіретін инсти- туционалдық-ұйымдастырушылық орта.

    Сыртқы кәсіпкерлік ортаны құрайтын жеке қосалқы жүйелердің қысқаша жиынтығына сипаттама берейік.

    Елдің экономикалық жағдайы, ол кәсіпкерлердің қызмет ету ортасы ретінде, бәсекелі нарықты қалыптастыру үшін жағдайларды қалыптастырумен, сонымен қатар кәсіпкерліктің елде дамуы үшін біршама маңызды қызметті дамыту үшін, қажетті ресурстардың барлық түрлеріне (заңмен тыйым салынғандардан басқа) кәсіпкерлердің қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін экономикалық реформаларды жүзеге асы- румен сипатталады. Кәсіпкерліктщ дамуына Қазақстанның ¥лттық банкі бекітетін қайта қаржыландыру ставкасының деңгейі, инфляция деңгейі, салықтар саны (міндетті алымдар, төлемдер) және салық ставкаларының мөлшері, шаруашылық серіктестіктердің (компаниялардың, фирмалардың) өтімділік деңгейі, ресурстардың белгілі бір түрлеріне, эсіресе табиғи монополиялардың өнімдеріне (қызметтеріне) бағалар (тариф- тер) деңгейі, монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаларды орнатуды болдырмау, тауарлы нарықтарда бәсекені шектейтін, шаруашылық субъектілердің келісімдері сияқты экономикалық құралдар оң немесе теріс әсерін тигізеді. ¥лттық ақша бірлігінің тұрақтылығы, оның сатып алушылық деңгейінің артуы және басқа да экономикалық факторлар мен жағдайлар маңызға ие болады.

    Елдегі және оның жеке аймақтарындағы саяси жағ- дайдың тұрақтылығы, билік буындарының арасындағы келісушілік, кәсіпкерліктің дамуынсыз экономикалық өсудің болмайтындығын олардың мойындауы, экономиканың барлық салаларының тиімді дамуы және қоғамдағы элеуметтік- экономикалық жағдайдың жақсаруы кәсіпкерліктің дамуы үшін маңызы зор.

    Әрекет қабілеттілігі бар дұрыс азаматтарға кәсіпкерлік немесе басқа да экономикалық қызметпен айналысуға міндеттемелер мен кепілдемелерді, құқықтарды мэлімдеумен шектелмей, нақты көрсететін, дамыған кәсіпкерлерді заңға қарама-қайшы мемлекеттік (муниципалды) немесе басқа да тұлғалардың қызметінен қорғайтын, елдің болашақта дамуына адекватты құқықтық орта құру кәсіпкерлік дамуының міндетті шарты болып табылады. Шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметті реттейтін, заңнамалық және нормативтік актілерді бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауапкершілігін нақты бекіту керек.

    Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа қосалқы жүйелерін қарастырмай-ақ, институционалды-ұйымдастырушылық орта- ға қысқаша сипаттама берейік. Оның дамуы кәсіпкерліктің қалыптасуының маңызды шарты болып табылады. Өйткені көптеген институттар (ұйымдар) кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысушы болып табылады және өз қызметінің ма- мандануын ескере огырып. қандай да бір қызмет түрлерін тұтынушыға көрсетеді. Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлік ұйымдарға сәйкес қызмет түрлерін көрсетеді. Мүндай институттарға төмендегі корсетілгендер жатады:

    • коммерциялық банктер мен басқа да несие-қаржылық ұйымдар;

    • сақтандыру ұйымдары,

    • жарнама компаниялары;

    • аудит, консалтинг, кәсіпкерлер мүдделерін қорғау және т.б. кәсіби қызметтерді ұсыну бойынша мамандандырылған ұйымдар;

    • кәсіпкерлік ұйымдар үшін кадрларды дайындау бойын- ша оқу мекемелері;

    • нарықты зерттеу, мамандандырьшған маркетингтік зерттеулерді өткізу бойынша компаниялар;

    • компаниялар (ұйымдар) - шикізат, материалдар, энергия, отын және басқа да қызметтердің жабдықтаушылары, көтерме және бөлшек саудағерлер және т.б.



    Өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы үшін табиғи ресурстардың болуы, оларды өндіру мен өңдеу, әсіресе шығындардың маңызы зор.

    Кәсіпорындарды құруға деген шығындар төмен болатын аймақтарда кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптасатыны анық. Кәсіпкерліктің дамуына елдегі, оның аймақтарындағы демографиялық жағдайдың тигізетін эсері де мол. Бірақ, Қазақстанда қолайсыз демографиялық ахуал қалыптасуда: қайтыс болғандар саны өмірге келушілер санынан артуда, еңбекке қабілетті тұрғындар саны азаюда, зейнеткерлер саны артуда.

    Кәсіпкерлер - жалғыз өзі алға жүруден қорықпайтын, жоғары білімді адамдар. Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы ретінде кәсіпкерлік ұйым қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретінде сипатталатын ішкі кәсіпкерлік ортаны атауға болады. Көбінесе ішкі кәсіпкерлік орта субъективті сипатқа ие болады: ол тікелей кәсіпкердің өзіне, оның қүзыреттілігіне, күшіне, мақсаттылығына, деңгейіне, бизнесті жүргізуіне және оған деген қабілетіне байланысты. Ішкі кәсіпкерлік ортаға келесідей қосалқы жүйелерді (факторлар- ды) жатқызған дүрыс:

    • меншікті капиталдың қажетті көлемде болуы;

    • фирманың ұйымдастырушылық-қүқықтық нысанын дұрыс таңдау;

    • қызмет ету аясын таңдау;

    • әріптестер командасын таңдау;

    • нарықты білуі және маркетингтік зерттеулерді білікті түрде өткізу;

    • кадрларды таңдау мен персоналды басқару, оны мате- риалдық-моральдық тұрғыдан ынталандыру;

    • кәсіпкерлік құпияны қорғау механизмі және т.б.

    Табысты кәсіпкерлік қызмет үшін негізделген бизнес-

    жоспарды жасап шығарудың, болжамды тәуекелдерді жоба- лап есептеудің, жаңа технологияларды енгізудің, қызметті әртараптандырудың, фирма дамуының ғылыми тұрғыдан негізделген стратегиясын жасап шығару мен енгізудің маңызы ерекше. Ішкі орта факторларына, сонымен қатар кәсіпкерлер мен жалдамалы менеджерлермен кәсіпкерлік ұйымның ұйымдастырушылық-қүқықтык нысаны үшін немесе бизнестің аталған түрі үшін қызметті реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді нақты үстануын да жатқызуға болады.

    Жоғарыда аталып өткендей, тек өз білімін үнемі арттыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүрғізудің кұқықтық механизмін жақсы білетін, мәмілелерді жасай алатын, кәсіпкерлік келісімшарттарды жасай алатын және олар бойынша дивиденд- тер ала алатын кәсіпкерлер ғана табысқа қол жеткізе алады.

    2 тақырып КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ¥ЙЫМДЫҚ-Қ¥ҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
    1. 1   2   3   4   5   6


  • написать администратору сайта