20212022 оу жылына арналан павлодар аласыны
Скачать 232.59 Kb.
|
Бір баланың сырқаттануы бойынша босатқан күндері:
Тәрбиеленушілердің сырқаттануын салыстырмалы талдау бір баланың сырқаттануы бойынша босатқан күндерінің тұрақты көрсеткіші туралы куәландырады. Оқу жылының басында жаңадан келген балаларға көп көңіл бөлінді. Балабақша ұжымы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында тәрбиеленушілер үшін қолайлы жағдай жасау, балаларды балабақшаға бейімдеу мәселелерін шешті. Қойылған міндеттерді шешуге жұмылдырылған жұмыс мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Сабаққа қатысу тұрақты деңгейде 80% - ға жуық, бұл орташа көрсеткіштен 2% - ға жоғары . Жаңадан келген балалардың балабақшаға бейімделуі
Мектепке дейінгі мекемедегі дене шынықтыру сабағында айтарлықтай көңіл бөлінетіні балалардың денсаулығын қорғау мен нығайту болып табылады. Дене шынықтыру сабағының міндетін шешу балалардың дене бітімін, психикалық және гармониялық дамуы үшін айтарлықтай жағдайды жасауға әсер етті. Мектеп жасына дейінгі балаларда дене бітімінің дамуына өткізілген диагностиканың шешімі. Мектепке дейінгі білімнің мемлекеттік білім беру стандарты есебімен диагностика өтікізілді.
Оқу жылында мониторинг 3 рет өткізілді, қыркүйек, қаңтар және мамыр айларында. Балалардың физикалық қасиеттері мен негізгі қимыл түрлерін меңгеру бойынша диагностикалаудың қорытындысы әр жас тобындағы балалардың білімін, іскерлігін, дағдыларын меңгерудегі тұрақты нәтижелерді атап өтуге мүмкіндік береді. . Анализ категорий детей с нарушением речи и ЗПР свидетельствует о следующем:—в прямой зависимости находятся показатели степени нарушения речи;—в 2019-20 году по заключениям ПМПК количество детей со сложным дефектом речи поднялось вдвое, что связано с изменением подхода членов комиссии к определению сложности нарушений уже в раннем возрасте;—количество детей с общим нарушениями речи имеет тенденцию к росту, а также имеющие высокий % дети с аустическим синдрома (ЗПР) среди детей в группах ОНР. С 2019 – 20 года у детей имеющие ОНР , также по обследованию ПМПК ставят медицинский диагноз аустический синдром каждому второму ребенку , что это усложняет работу педагогам в группах ОНР. Тағамды рационалды ұйымдастыру Балалардың денсаулығы, балалар ағзасының сырқаттануға қарсы тұруы тамақты сапалы ұйымдастыруға қатысты болады. 2020-2021 оқу жылында негізі тамақтану бойынша норма 95,1% - ке орындалды.
Бір бала үшін айына тамақтану құны 12 300 теңгені құрайды. Ата-аналар арасындағы түсініктеме жұмыстар және жұқпалы аурулардың алдын алу балалар сырқаттануының төмен деңгейін көрсетті. Тәрбиешілердің адал жұмысы балабақшадағы дені сау, жақсы климатты құруға және қолдауға әсер етеді. Бөлмелер уақытылы желдетіліп, ылғалды, бөлмелерді тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, жалпы айтқанда санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар толығымен өткізіледі. Балалардың тамақтануы, МДҰ-да тамақтану санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. 2 блок.МДҰ білім бағдарламасын орындау нәтижесі 2020-2021 оқу жылында балабақшада жыл басында 80 бала тәрбиеленіп, білім алды, оқу жылының соңында 71 бала, оқу жылының басында 66, оқу жылының соңында 61 кезекші топтарға барды. 4 бала Нұр-Сұлтан қаласында ұзақ ем алды. Карантинде өтініш бойынша 7 бала үйде отырды. Қазақстан Респубдикасынан тыс жерлерге 1бала қоныс аударды. Ойын барысында балалар өткен материалды қайталап, бір-біріне сұрақ қойып, тәрбиешілер мен мамандар материалды игеру үшін балалар үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Проекционды жиынтықты қолдану арқылы дидақтикалық ойындар, жұмыс дәптерлері, анимациялық сюжеттер әзірленді, балаларды қызықтырып және қолайлы ортаны жасап жаңа ақпараттарды иегруге көмек көрсетеді. Оқу жылының соңында мектепке 29 бала шығарылды. Балалардың мектепте оқуға дайындығын қалыптастыру бойынша жұмысты талдай отырып, біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымының түлектері көп жағдайда логопункт жағдайында логопедтік қолдауы бар жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 9 бала, арнайы сөйлеу сыныптары мен интернаттар 20 бала дайын екенін атап өтуге болады. Оқу жылы бойы балалардың білімді игеруі, дағдыларды білу және қабылдау бойынша үлкен және жоспарлы жұмыс жүргізілді. Оқу жылы бойы білім қызметі айтарлықтай деңгейде өткізілді. Оқу жылының басы мен аяғында стандарт пен әдістемелік ұсыныстарға сәйкес кәсіби біліктілікті арттыру бойынша жоспарлар құрылып, бағдарламаны игеру диагностикасы өткізілді. Сонымен қатар педагог-дефектологтар мен логопедтерге түзету жұмыстарының нәтижелілігін арттыру қажет. Мектепке дейінгі ұйымның қоғаммен байланысы балабақшада жүзеге асырылатын медициналық-сауықтыру, түзету білім беру және түзету-компенсаторлық процестердің мәселелерін жан-жақты медициналық-психологиялық-педагогикалық шешуге бағытталған. Денсаулық сақтау саласының мамандарын балалармен жұмыс істеуге тарту сөйлеу және психикалық дамуы бұзылған балалардың денсаулық жағдайының проблемаларын уақтылы анықтауға және шешуге ықпал етеді: ерекше қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту. Білім беру мекемелерінен мамандарды тарту мектепке дейінгі білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, мектепке дейінгі тәрбие ұйымы бар баланың жан-жақты даму мәселелерін сәтті шешу үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымының ғылыми-әдістемелік нұсқаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2021-2022 оқу жылының соңындағы педагогикалық мониторингтің жиынтық кестесі Көрсеткіштер % түрінде ұсынылды
Мектепке дейінгі мекеменің барлық жұмысы жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді. Жылдық жоспардың міндетін іске асыру үшін жұмыстың түрлі формалары қолданылды. Барлық өткізілген педагогикалық кеңестер арнайы балабақшаларда балалардың тәрбие мен білім алуының негізгі бағыттарымен жүргізілді. Осы педагогикалық кеңестің белсенді қатысушылары: тәрбиешілер З. К. Жанзакова, Л. С. Слуту, жас мамандар Д. Берекетова, М.А Өміржанова. К.К. Утебаева. ЗУМ платформасы арқылы педагогикалық кеңестер және семинарлар өткізілді. Қажетті материалдар презентация түрінде сапалы эстетикалық өңделген материал түрінде ұсынылды. . Қала деңгейінде «Денсаулық сақтау саласының мамандарын тарту» тақырыбында семинар өткізілді. Тақырыптық апталық дәстүрлі ұйымдасқан түрде өткізілді. Осы апталық шеңберінде балалар үшін көрмелер, музыкалық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Педагогтердің жетекшілігімен дәстүрлі конкурстар, отбасылық шығармашылық көрмелері ұйымдастырылады. Әсіресе, «Жеңіс күні», «Аналар күні», «Отан қорғаушылар күні», «Космонавтар күні», «Тәуелсіздік күні», «Тұңғыш Президент күні» және т.б. іс-шаралардың жақсы дайындығы мен өткізілуін атап өткім келеді. Балаларды ағылшын тіліне үйрету бойынша мәселелерді шешу мақсатында балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі, дамытушы пәндік ортаны бағалау, баланың сөйлеу дамуына бағытталған балалар қызметін ұйымдастыру үшін жағдайлар бағаланды. Күнтізбелік жоспарлауға талдау жүргізілді, ол балалармен жеке жұмысты жоспарлау мәселелерін анықтады. Айта кету керек, балалармен осы жұмыста барлық бағыттар жеткілікті табысқа ие болған жоқ. 3 блок. Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру нәтижелерін талдау. 2019-2020 оқу жылында педагогтардың жетістіктері Оқу жылы ішінде балабақша әкімшілігі педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасады. МДҰ-да педагогтарды аттестаттау рәсімінен өту бағдарламасы әзірленді. 2020 – 2021 оқу жылында 6 педагог біліктілік санатын көтерді: логопед-Г.М.Пуртова педагог –зерттеуші, логопед С.А.Абуова педагог-моднратор, тәрбиеші – Л.И.Анафина педагог-зерттеуші, логопед М.А Омержанова педагог-модератор, тәрбиеші-Е.В.Абдулова педагог-модератор, қазақ тілі мұғалімі –А.К Утебаева педагог-модератор. 2019-2020 оқу жылында Н.Ю. Вайганд, Л.К Омашева, Д.Берекетоа, С.А.Абуова, Т.Х.Есенова, Л.С. Слуту, З.К. Жанзакова, Б.Д. Каниева, А.Сейсепова, А.Д.Молдабаева, К.К. Утебаева Павлодар және Алматы қалаларында "ӨРЛЕУ" БАИ АҚ базасында жоспарлы курстық қайта даярлаудан өтті. Оқу жылы бойы тәлімгерлік бойынша жұмыс жүргізілді Тәлімгерлер құжаттаманы рәсімдеуге, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге, жас мамандарға жылдық жоспар іс-шараларын жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсетті. К.К. Утебаеваның тәлімгері Б.Д.Каниева, логопед М.А.Өміржанованың тәлімгері Т.К Ахметова. Оқу жылы барысында балабақша педагогтары қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға белсенді қатысты: тәрбиеші З.К. Жанзакова, Л.С Слуту, К. К. Утебаева, Л.К Омашева, Л.И. Анафина республикалық қашықтық интернет конкурстарына қатысты. Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары қалалық, облыстық қоғамдық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымда жылдық жоспарды жүзеге асыру мақсатында балалар суреттерінің, қолдан жасалған бұйымдардың көрмелері ұйымдастырылды. МДҰ тәрбиешілері мен мамандарының жұмысындағы проблемаларды анықтау үшін әдістемелік қызмет бақылаудың әртүрлі түрлерін қолданды. «Санитарлық-эпидемиологиялық режимді орындау», «Педагогтердің іскерлік біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру», «Ата-аналармен жұмыс жүйесі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Қауіпсіздік техникасын сақтау», «Құжаттаманың жай-күйі, оқу-тәрбие процесін жоспарлау жүйесінің болуы» бұның бәрі жүйелі жүзеге асырылыды. «Күн режимінде сауықтыру іс-шараларын өткізу», «Күн режимінде балалардың қозғалыс белсенділігі», «Тамақтану кезінде балалардың мәдени-гигиеналық дағдылары», «Таңертеңгілік гимнастиканы дайындау, өткізу және оның тиімділігі». «Тәрбие-білім беру қызметін ұйымдастыру», «Ата-аналармен жұмыс жүйесі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Режимді сақтау» бұның бәрі жедел түрде ұйымдастырылып отырды.. Бақылау барлық жас топтарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, жиһазға және ойын жабдықтарына қойылатын талаптар сақталғанын, топтарды безендіру бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар сақталатынын, пәндік-дамытушы ортаны ресімдеу педагогикалық тұрғыдан орынды екендігін көрсетті. Сюжеттік-рөлдік ойындар, дидактикалық құралдар, балалар әдебиеті-барлығы балалардың жасына сәйкес таңдалған, ыңғайлы орналасқан, балаларға өз бетінше ойын кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір бақылау түрі үшін әдіскер әр түрлі ақпаратты жинап, талдады, бақылау нәтижелері бойынша анықтама жасалды, ұсыныстар жасалды, кемшіліктерді түзету жолдары анықталды. Қорытынды және ұсыныстар ретінде: балабақшада сөйлеу дамуы үшін оқу-дидактикалық материалдарды және ҚЭМП (Оқу құралдары, альбомдар, плакаттар, дидактикалық ойындар, буклеттер мен жаднамалар) жеткілікті мөлшерде жасау және жүйелеу ұсынылды. Педагогикалық ұжымның жұмысын талдау қорытынды жасауға мүмкіндік береді: мектепке дейінгі мекеме толығымен қызметкерлермен толықтырылған, ұжым тату және үйлесімді, бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге біріктірілген. Балабақша әкімшілігі ұжымдағы жағымды психологиялық климат жасады. Келешекте педагогтардың біліктілігін арттыру, курстық қайта даярлаудан өту, педагогтарды облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі конкурстарға, конференцияларға қатысуға тарту бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда. |