Главная страница
Навигация по странице:

  • $$$001 Жарақаттық зақымдалулар

  • $$$002 АҚШҚ вирусты аурулары

  • $$$003 АҚШҚ вирусты аурулары

  • $$$004 АҚШҚ аллергиялық аурулары

  • $$$005 Балaлардың инфекциялық ауруларында АҚШҚ өзгерістері

  • $$$006 АҚШҚ саңырауқұлақ аурулары

  • $$$001 Балалардағы жансыздандыру

  • $$$002 Балалардағы жансыздандыру

  • $$$005 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

  • $$$006 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

  • $$$007 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

  • $$$001 Балалардың уақытша және тұрақты тістерін жұлу отасы

  • $$$002 Балалардың уақытша және тұрақты тістерін жұлу отасы

  • $$$003Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

  • $$$004 Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

  • $$$005 Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

  • $$$006 Тіс жұлу отасынан кейінгі асқынулар

  • 24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


    Скачать 1.24 Mb.
    Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
    Дата22.05.2022
    Размер1.24 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
    ТипДокументы
    #543896
    страница125 из 139
    1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139

    $$$002 Гингивит

    Қыз бала 8 жаста дәрігер-стоматологқа тіс тазалағандағы қанағыштыққа шағымданып келді. Бір жыл бойы мазалайды. Қарау кезінде: тіл мен ерін үзбелері қысқарған. Қызылиек толығымен гиперемияланған, цианозды реңкпен, ісінген. ГИ=3. Тісін 6 жасынан бастап тазалайды, үнемі емес. Денсаулығы жақсы. Емдеу әдісін таңдаңыз:

    А) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

    В) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, френулопластика

    С) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, вестибулопластика

    D) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру

    Е) жергілікті ем: антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

    {Дұрыс жауабы}=В

    {Күрделілік }= 3

    $$$003Гингивит

    Бала 12 жаста қызылиектің қышуына, ауыз қуысынан иістің шығуына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы шырышты қабық цианозды, ісінген, қызылиек емізікшелері тіс сауыттарының 1/3 биіктігін жауып жатыр, тиген кезде қанайды. Төменгі фронтальды тістердің тығыз орналасуы. ГИ= 3. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:

    А) Катаральды гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

    В) Гипертрофиялық гингивит,ісінулік формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар

    С) ) Гипертрофиялық гингивит,фиброзды формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар

    D) Жаралы гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар

    Е) Катаральды гингивиттің асқынуы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру

    { Дұрыс жауабы }=В

    { Күрделілік }= 3

    $$$004Гингивит

    Қыз бала 11 жаста тіс тазалағанда қызылиектерінің қанағыштығына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы қызылиек жиегі цианозды, қызылиек емізікшелері болбыр, қызылиек қалталарынан геморрагиялық бөліністері бар грануляциялар байқалады. Тістердің қозғалмалылығы 2 дәрежеде. Рентгенограммада альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінің воронкатәрізді деструкциясы. Науқасқа қандай маманның кеңесі өте қажет?

    А) гематолог кеңесі

    В) ортодонт кеңесі

    С) педиатр кеңесі

    D) эндокринолог кеңесі

    Е) гинеколог кеңесі

    { Дұрыс жауабы }=D

    { Күрделілік }= 3

    $$$005 Пародонтит

    Бала 14 жаста 2 жыл бойы тістерін тазалағанда және қатты тағам жегенде қызлиегінің қанауына шағымданады. Объективті: 3.1,3.2,3.3,4.1,4.2 және 4.3 тістер аймағындағы шырышты қабық ісінген, гиперемияланған, цианозды реңкпен. Қызылиек жиегі валиктәрізді қалыңдаған. Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің тығыз орналасуы байқалады. Диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісі қажет:

    А) рентгенография

    B) реопародонтография

    C) Шиллер-Писаревсынамасы

    D) Кулаженко сынамасы

    E) пункция

    { Дұрыс жауабы }=A

    { Күрделілік }= 3

    $$$006 Пародонтит

    Бала 12 жаста төменгі жақтың алдыңғы тістерінің түбірлерінің жалаңаштануына және бірнеше жыл бойы тістерін тазалағанда қызлиегінің қанағыштығына шағымданады.Объективті: 3.1 және 4.1 тістердің қызылиек жиектері ісінген, цианозды реңкпен. Тістемі ортогнатиялық, төменгі еріннің үзбесі –қысқарған. Рентгенологиялық осы аймақта тісаралық перденің ұшының кортикальды пластинкасының деструкциясы байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:

    A) симптоматикалық терапия, френулопластика

    B) симптоматикалық терапия, тістерді жұлу

    C)витаминотерапия, френулопластика

    D) симптоматикалық терапия, вестибулотерапия

    E) гипосенсибилиздеушітерапия, гингивопластика

    { Дұрыс жауабы }=A

    { Күрделілік }= 3

    $$$007Пародонтит

    13 жастағы қыз балада қызылиегінің қанағыштығы және соңғы айда алдыңғы тістерінің қозғалғыштығы байқалған. Объективті: төменгі күрек және сүйір тістер маңындағы қызылиек шырышты қабығы ісінген, гиперемияланған, тиген кезде қанайды. Осы тістердің қозғалғыштығы І дәрежелі, пародонтальды қалталар -3 мм. Ортопантомограммада - тісаралық перденің сүйек тінінің 1/3 биіктігіне төмендеуі байқалады. Төменгі жақтың фронтальды тістерінің тығыз орналасуы анықталады. ГИ –4,2. Бірінші кезекте қандай жергілікті емдеу шараларын жүргізеді?

    A) Ортодонтиялық ем.

    B) Қабынуға қарсы терапия.

    C) Кәсіби гигиена.

    D) Физиотерапиялық ем.

    E) Антибактериалды терапия.

    { Дұрыс жауабы }=C

    { Күрделілік }= 3

    $$$008 Пародонтит

    Қыз бала 8 жаста қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Бала қант диабетімен ауырады.Объективті: төменгі және жоғарғы жақ маңындағы қызылиек емізікшелерігиперемияланған, ісінген, сауыттың 1/3 жауып жатыр. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілуі мүмкін?

    A) реопародонтография

    B) рентгенография

    C)вакуумды сынама

    D)РМА индексі

    E) стоматоскопия

    { Дұрыс жауабы }=B

    { Күрделілік }= 3

    $$$001 Жарақаттық зақымдалулар

    Жасанды тамақтандырылған 4 апталық балада анасы таңдайында екі «жараны» байқады. Анамнезінен баланың шала туылғаны, салмақты нашар қосатыны байқалды. Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында диаметрі 0,8 см мөлшерге жуық дөңгелек екі симметриялы эрозиялар байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:

    A) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы препараттар

    B) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы препараттар

    C) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және кератопластикалық препараттар

    D) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және антибактериалды заттар

    Е) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және иммуностимулдейтін заттар

    {Дұрыс жауабы } = С

    {Күрделілік } = 3

    $$$002 АҚШҚ вирусты аурулары

    3 жастағы баланың анасы сілекей ағуға, жараларға, баланың аузындағы ауырсынуға, тамақтан бас тартуына, Т-39С болуына шағымданады. Объективті: қызылиектің гиперемиясы, ісінуі, қызылиек емізікшелері қансырайды. Тілде, ерінде, таңдайда ақшыл қақпен жабылған 20 шағын эрозиялар байқалады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады, консистенциясы жұмсақ эластикалық. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    А) жедел герпетикалық стоматит

    В) жедел саңырауқұлақтық стоматит

    С) көптүрлі экссудативті эритема

    D) Венсангингивостоматиты

    Е) қайталамалы герпетикалық стоматит

    {Дұрыс жауабы } =А

    {Күрделілік } = 2

    $$$003 АҚШҚ вирусты аурулары

    Бала бір жарым жаста, екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, дене температурасы екінші күн 39°С дейін көтерілді,тамақтан бас тартады. Объективті: төменгі жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті, көп мөлшерде сілекей ағу, екі ерінінің, тіл ұшының және ұрттың жедел гиперемияланған шырышты қабығында –фибринозды қақпен жабылған, шекаралары айқын көптеген ұсақ эрозиялар. Қызылиек ісінген, қанайды. Жергілікті емдеу үшінқолданылатыннегізгі зат және неліктен:

    А) вирусқа қарсы, себебі вирусты инфекция симптомдары

    В) ыстық түсіретін, себебі дене температурасын төмендету керек

    С) жансыздандырғыш, себебі көптеген эрозиялар

    D) антисептикалық, себебі ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы Е) иммунитет стимулдейтін, себебі иммунитет төмендеген

    {Дұрыс жауабы } =А

    {Күрделілік } = 3

    $$$004 АҚШҚ аллергиялық аурулары

    Бала 15 жаста тамақ ішкендегі ауырсынуға шағымданады. Объективті ауыз қуысында қатты, жұмсақ таңдайдың және төменгі еріннің гиперемияланған шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар. Пайда болуын сульфаниламидтер қабылдаумен түсіндіреді. Науқасқа қандай ем көрсетілуі мүмкін:

    А) жансыздандыру

    В) кератопдластикалық заттар

    С) десенсибилиздеуші терапия

    D) витаминотерапия

    Е) иммуностимулдеуші терапия

    {Дұрыс жауабы } =С

    {Күрделілік } = 3

    $$$005 Балaлардың инфекциялық ауруларында АҚШҚ өзгерістері

    Ұл бала 9 жаста 2 күн бойы ауыз қуысының аурсынуына, дене температурасының жоғарылауына, дімкәстікке шағымданады. Объективті: катаральды стоматит, ұрттың шырышты қабығында 1.6, 2.6 тістер аймағында сарғыш-ақ түсті әк шашырандысы түріндегі бөртпелер, саны 25-ке жуық, тампонмен алынбайды. Науқасқа қандай маманның кеңесі көрсетілуі мүмкін және неліктен?

    A) инфекционист, себебі скарлатинаның симптомы

    B) инфекционист, себебі қызылшаның симптомы

    C)инфекционист ,себебі дифтерияның симптомы

    D)гематолог, себебі лейкоздың симптомы

    E)гастроэнтеролог, себебі созылмалы гастриттің симптомы

    {Дұрыс жауабы } =В

    {Күрделілік } = 3

    $$$006 АҚШҚ саңырауқұлақ аурулары

    Бала 10 айда мазасыз, тамақтан бас тартады. 2 күн бұрын ауырып қалған. Педиатрда пневмония бойынша емделуде, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығы гиперемияланған, ісінген, ұрт, ерін, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабығында кейбір жерлерінде –эрозиялардың түзілуімен алынатын ақшыл қақ. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Нистатинді жақпамен аппликация тағайындалды. Тактика дұрыс таңдалды ма және неліктен:

    A) дұрыс, себебі жедел кандидозды стоматиттың симптомы

    B) дұрыс емес, себеі жедел герпетикалық стоматиттың симптомы

    C) дұрыс емес, себебі созылмалы кандидозды стоматиттың симптомы

    D) дұрыс, себебі аллергиялық стоматиттың симптомы

    E) дұрыс емес, себебі созылмалы афтозды стоматиттың симптомы

    { Дұрыс жауабы } =А

    {Күрделілік } = 3
    $$$001 Балалардағы жансыздандыру

    Бала 7 жаста, қатынасқа түседі. 5.1, 6.1 тістердің қозғалғыштығына шағымданып келді. Аталған патологияда қандай жансыздандыру әдісі қажет:

    A) таңдайлық жансыздандыру

    B) мандибулярлы жансыздандыру

    C) Аппликациялық жансыздандыру

    D) инфраорбиталдыжансыздандыру

    E) тубералды жансыздандыру

    { Дұрыс жауабы } =C

    { Күрделілік } =2

    $$$002 Балалардағы жансыздандыру

    5 жастағы баланың анасы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тістерінің бұзылуына шағмданды. Тіс тағам қабылдау кезінде мазалайды. 5.4, 6.4, 7.4, 7.5 тістер қызылиек деңгейіне дейін бұзылған, 5.4, 7.5 тістер аймағындағы қызылиекте вестибулярлы жағынан іріңді бөліністері бар жыланкөздер бар. Науқасқа қандай жансыздандару әдісі көрсетілуі мүмкін?

    A) Туберальды және мандибулярлы жансыздандыру

    B) Жергілікті жансыздандыру

    C) Аппликациялық жансыздандыру

    D)Инфильтрациялық жансыздандыру

    E)Жалпы жансыздандыру

    { Дұрыс жауабы } =E

    { Күрделілік } =3

    $$$003 Жалпы асқынулар

    Бала 5 жаста, тілдің қысқа үзбесі бойынша отаға келді. 1,5 мл 1% тримекаин ерітіндісімен инъекциядан кейін қозғалыстық, мазасыздық, құсқысы келу, іштегі ауырсыну пайда болды. Объективті: есі сақталған, бет, мойын терісі гиперемияланған, тынысы жиілеген, қиындаған, пульсі жиі, коликалар. Аталған патологияда қандай емдеу тактикасы қажет:

    А) 25% кордиамин ерітіндісін б/і енгізу

    В) 10% кофеин ерітіндісін п/қ енгізу

    С) Балаға горизонтальды қалып беру

    D) 0,1 % адреналин ерітіндісін п/қ енгізу

    Е) 24% эуфиллин ерітіндісін б/і енгізу

    { Дұрыс жауабы } =D

    { Күрделілік } =3

    $$$004 Жалпы асқынулар

    Бала 9 жаста тіс жұлу мақсатымен лидокаинмен жергілікті жаныздандыру жүргізілді. Аяқ астынан науқастың беті бозарып кетті, жалпы әлсіздік, шеткері мүшелердің тоңазуы, есінің жоғалуы, толуы әлсіз, жиі пульс байқалады. Науқаста қандай асқынудың пайда болуы мүмкін:

    A) анафилактикалық шок

    B) коллапс

    C) асфиксия

    D) Квинке ісінуі

    E) естен тану

    { Дұрыс жауабы } =E

    { Күрделілік } =3

    $$$005 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

    7 жастағы балада мандибулярлы жансыздандырудан кейін ине шаншыған орында қансырау байқалады. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:

    А) Мимикалық бұлшықеттің парезі. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    В) Қантамырларының жарақаттануы. Ине шаншу орнын басу. Суыту.

    С) Шырышты қабықтың некрозы. Ирригация, кератопластикалық заттар.

    D) Бет ишемиясы. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    Е) Постиньекциялық парестезия. Седативті заттар, физиотерапия.

    {Дұрыс жауабы } =В

    {Күрделілік } =3

    $$$006 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

    12 жастағы балада мандибулярлы жансыздандырудан кейін ауырсыну пайда болды, ауызды ашу қиындаған. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:

    А) Мимикалық бұлшық еттің парезі. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    В) Постинъекциялық контрактура. Антибактериалды терапия, УВЧ, СВЧ

    С) Шырышты қабықтың некрозы. Ирригация, кератопластикалық заттар

    D) Бет ишемиясы. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    Е) Постиньекциялық парестезия. Седативті заттар, физиотерапия.

    {Дұрыс жауабы } = В

    {Күрделілік } =3

    $$$007 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар

    12 жастағы балада инфраорбитальды жансыздандырудан кейін терінің бозаруы байқалады. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:

    А) Мимикалық бұлшық еттің парезі. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    В) Постинъекциялық контрактура. Антибактериалды терапия, УВЧ, СВЧ

    С) Бөгде ерітіндіні қателесіп енгізу. Госпитализация

    D) Бет ишемиясы. Уақытша құбылыс, седативті заттар

    Е) Постиньекциялық парестезия. Седативті заттар, физиотерапия.

    {Дұрыс жауабы } =D

    {Күрделілік }=3
    $$$001 Балалардың уақытша және тұрақты тістерін жұлу отасы

    Қыз бала 10 жаста 7.5 тісті тістегенде күшейе түсетін ауырсынуға шағымданады. 2 күн бойы ауырды. Тіс бұрын емделмеген. Объективті: 7.5 тісте пломба, 7.5 аймағындағы альвеолярлы өсіндінің шырышты қабығында іріңді бөліністері бар жыланкөз, қозғалғыштық 2 дәрежелі. Емдеу тактикасы:

    А) 7.5 тісті жұлу

    В) 7.5 тісті эндодонтиялық емдеу

    С) 7.5 тісті эндодонтиялық емдеу және периостотомия

    D)7.5 тісті жұлу және периостотомия

    Е) 7.5 тісті жұлу және физиотерапия

    {Дұрыс жауабы } = А

    {Күрделілік }=2

    $$$002 Балалардың уақытша және тұрақты тістерін жұлу отасы

    Бала 8 жаста. 6.4 тісті созылмалы периодонтиттің асқынуы себебінен жұлдыруға хирургиялық кабинетке жіберілген. Аталған тістің сауыты сақталған. Тісті жұлуға қандай құрал қажет және неліктен:

    А) басы біріккен тік қысқаш, себебі жоғарғы күрек тістерді жұлуға арналған

    В) S-тәрізді уақытша тістерге арналған қысқаш, себебі жоғарғы жақтағы уақытша азу тістерді жұлуға арналған

    С) басы бірікпеген тік қысқаш, себебі жоғарғы күрек тістерді жұлуға арналған

    D)басы бірікпеген құстұмсық тәрізді қысқаш, себебі азу тістерді жұлуға арналған

    Е) S-тәрізді қылқаны оң жағынан, себебі жоғарғы жақтың тұрақты азу тістерін жұлуға арналған

    {Дұрыс жауабы } = В

    {Күрделілік }=3

    $$$003Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

    Бала 14 жаста. Толығымен бұзылған 2.7 тісті жұлу отасына келді. Жергілікті жансыздандырумен 2.7 жұлу жүргізілді, осы кезде түбір бөлігінің сынығы трахеяға түсіп кетті. Диагноз қойыңыз:

    А) Аспирациялық асфиксия

    В) Клапанды асфиксия

    С) Обтурациялық асфиксия

    D)Дислокациялық асфиксия

    Е) Стенотикалық асфиксия

    {Дұрыс жауабы } =С

    {Күрделілік }=2

    $$$004 Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

    Бала 7 жаста. Толығымен бұзылған 7.5 тісті жұлу отасына келді. Мандибулярлы жансыздандыру арқылы бүйір элеватормен тістің экстракциясын жүргізу шешілді. Тісті жұлу кезінде қандай асқыну мүмкін?

    А) жақсүйектің сынуы

    В) қарсы жақтағы жақсүйектегі тістің жарақаттануы

    С) тіс түбірінің сынуы

    D)СТЖБ шығуы

    Е) тұрақты тіс ұрықшасының зақымдалуы

    {Дұрыс жауабы } = Е

    {Күрделілік }=3

    $$$005 Тіс жұлу отасы кезіндегі асқынулар

    Бала 12 жаста. Толығымен бұзылған 1.6 тісті жұлу отасына келді. Жергілікті жансыздандыру арқылы тіс элеватормен тістің экстракциясын жүргізу шешілді. Тісті жұлу кезінде қандай асқыну мүмкін?

    А) жақсүйектің сынуы

    В) жоғарғы жақ сүйек қуысы түбінің перфорациясы

    С) тіс түбірінің сынуы

    D) СТЖБ шығуы

    Е) тұрақты тіс ұрықшасының зақымдалуы

    {Дұрыс жауабы }=В

    {Күрделілік }=3

    $$$006 Тіс жұлу отасынан кейінгі асқынулар

    Ұл бала 14 жаста 3 күн бұрын жұлынған тістің ұяшығы маңында үшкіл нервтің бойымен иррадияцияланатын қатты ауырсынуға шағымданады. Объективті: лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырады, жұлынған тістің ұяшығы аймағындағы жұмсақ тіндер гиперемияланған және ісінген, ұяшықтың қабырғаларында ірің иісі бар сұрғыш-жасыл қақпен жабылған. Диагноз қойыңыз:

    А) Альвеолит

    В) Перикоронарит

    С) Остит

    D)Периостит

    Е) Остеомиелит

    {Дұрыс жауабы} = А

    {Күрделілік} =2
    1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139


    написать администратору сайта