Главная страница

ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия


Скачать 138.26 Kb.
Название77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
Анкорответы на к вопросы ДБ
Дата25.10.2022
Размер138.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла77-113.docx
ТипДокументы
#752970
страница5 из 7
1   2   3   4   5   6   7

Физикалық тексеру: классикалық аускультациялық белгі болып табылады - қарапайым тыныс жəне форсирленген тыныс шығару кезіндегі ысқырмалы құрғақ сырылдар.
Лабораторлық зерттеулер:

  • ҚЖА айтарлықты өзгеріссіз.

  • Қақырық анализі – макроскопиялық зерттеу. Қақырық сілемейлі немесе іріңді болуы мүмкін.


Инструменталдық зерттеулер:

1. Спирография: ФЖЕЛ жəне ОФВ1 төмендеуі.

2. Көкірек клеткасы ағзаларының рентгенографиясы: өкпелік суреттің күшеюі немесе торлық деформациясы, өкпе эмфиземасының белгілері.
100. Об утверждении стандарта организации оказания паллиативной медицинской помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 ноября 2020 года Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 ноября 2020 года № 21687.

Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін төсектермен қамтамасыз ету 100 000 тұрғынға шаққанда кемінде 10 төсек көзделеді.
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы

  • Паллиативтік медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

  • Паллиативтік медициналық көмек ұйымдары аудандық және облыстық орталықтарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады.


Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:

  • ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

  • радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);

  • жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;

  • отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;

  • медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.


Хосписте (бөлімшеде) және үйде пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкер мен психолог лауазымы көзделеді.

  • Әлеуметтік қызметкер емдеуге жатқызуға жәрдемдесуді, пациенттерді медициналық ұйымдарға алып жүруді, пациенттің отбасы мүшелерін күтім негіздеріне оқытуды, медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды және жүргізуді, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беруді жүзеге асырады.

  • Психолог әлеуметтік-психологиялық патронажды, пациенттерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдауды, жақын адамы қайтыс болған кезеңдегі қолдауды, шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асырады.


Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топ (бұдан әрі - МПТ) – паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
МПТ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), бейінді мамандар (онколог, фтизиатр, инфекционист, педиатр), орта медицина қызметкері (орта медицина қызметкерлері), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді. МПТ құрамы медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі.
МПТ пациенттің медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зертеп-қарау нәтижелерін зерделегеннен кейін оған паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша комиссиялық талқылау өткізеді және паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша пациенттер мен медициналық ұйым мамандарына консультация береді, оның ішінде:
1) пациенттің физикалық және психологиялық жай-күйін бағалайды;

2) жеке жоспарды жасайды және түзетеді;

3) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және медициналық араласулар жүргізеді;

4) дәрілік препараттарды енгізу жоспарын айқындай отырып, олардың дозасын есептеу, оның ішінде клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге есірткілік емес, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттарды тағайындайды және қолданады;

5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
Хоспис (бөлімше) жағдайында пациентке отбасы мүшелері мен күтім жасайтын адамдар тәулік бойы келе алады.
Паллиативтік медициналық көмектің мобильдік бригадалары (бұдан әрі – МБ) - паллиативтік медициналық көмек көрсету жөніндегі көшпелі топтар;
МБ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), орта медициналық қызметкер (орта медициналық қызметкерлер), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді.
МБ-ның бірінші шығуын дәрігер және (немесе) фельдшер өтінімді қабылдағаннан кейін бір тәулік ішінде мейіргердің алып жүруімен жүзеге асырылады. Пациенттің жай-күйінің ауырлығына және қажеттілігіне қарай осы өтініммен байланысты паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін кейінгі шақыруларды МБ жекелеген мүшелері жүзеге асырады.
МБ жұмысы дәрігердің басшылығымен жүзеге асырылады. Шектеулі ресурстар жағдайында МБ ең төмен құрамына паллиативтік көмек бойынша тиісті даярлықтан өткен дәрігер (фельдшер) мен мейіргер кіреді.
МБ жүзеге асырады:

1) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және үйде медициналық араласулар жүргізуді;

2) пациентті жүргізудің жеке жоспарын жасау және науқастың жай-күйіне, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып мониторинг жүргізуді;

3) дәрілік препараттарды, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар препараттарды (медициналық ұйымда және үйде) тағайындауды;

4) үйде қолдайтын, ауырсынуға қарсы терапияны таңдауды немесе түзетуді;

5) дәрігерлік араласулар мен мейіргерлік күтім емшараларын жүргізуді;

6) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды үйдегі жазылмайтын ауру пациенттерге мейіргер күтімін жасау негіздеріне оқытуды;

7) көрсетілімдер болған кезде пациентті стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберуді.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетілетін аурулар:

1) радикалды емдеу тиімсіз болатын аурулар;

2) қарқынды емдеу өмір сүру сапасын жақсартатын өмір сүру мерзімін шектейтін аурулар;

3) паллиативтік көмекті басынан бастап көрсетілетін үдемелі аурулар;

4) неврологиялық бұзылулардағы асқынулардың дамуымен аурулар.
Медицина қызметкері педиатрияда паллиативтік көмек көрсету бойынша тиісті оқытудан өтеді. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар Кодекстің 78-бабының 6-тармағына сәйкес оқытуды, ойындарды және демалысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
101. Классификация по степени тяжести и клиника гипотрофий.

Гипотрофия – салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдай.
Ауырлық дәрежелеры бойынша клиникасы

  • І Дәрежесі-салмағының мөлшерден кемдігі 10-20%, теріасты май қабаты қарнында аздап кеміген, тәбеті жаман емес, терісі сәл бозғылт. Терініңсозылғыштығытөмен, психикалық дамуы жасына сәйкес. Бұл дәрежедегі гипотрофияны байқау қиын, сондықтан уақытында емделмей қалады .

  • ІІ Дәрежесі-баланың салмағы мөлшерден 20-30% кем, теріасты майы қарнында жән еаяқ-қолдарында азайған, тәбеті төмендеген, терісі бозғылт, құрғақ, терісінің созылғыштығы төмен, баланың қорғаныс күштері төмендеген, психикалық дамуы қалыс қалған.

  • ІІІ Дәрежесі-салмағының кемдігі 30%-тен артық, баланың бойы да мөлшерден 4-5 см-ге кем, теріасты май қабаты денесінде жоқ, бетінде азайған, терісі бозғылт, құрғақ, қабыршықтанған, терісінің созылғыштығы төмендеген, психикалық дамуы өте артта қалған.


102. Об утверждении целевых групп лиц, подлежащих скрининговым исследованиям, а также правил, объема и периодичности проведения данных исследований. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-174/2020.

Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 ноября 2020 года № 21572.

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары




Нысаналы топ

Скринингтік зерттеулердің түрі

1

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтік зерттеулерден өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға

2

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер

3

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға

4

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған

5

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер

Сүт безінің обырын ерте анықтауға

6

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректалдық обырды ерте анықтауға

7

Тәуекел топтары:1) медицина қызметкерлері:- қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;-хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, тін жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациенттер;5) Жүкті әйелдер;6) өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға


Кейіннен динамикалық бақылаумен және сауықтырумен скринингтік зерттеулерді амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) жүзеге асырады.

1) қала халқы үшін – меншік нысанына қарамастан АЕК ұйымдары;

2) ауыл халқы үшін арнайы автокөлік және темір жол көлігі (поезд) негізінде жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып, – меншік нысанына қарамастан медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, аудандық емханалар.
АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін:

1) медициналық ұйымға тіркелген халықтың арасынан скринингтік зерттеуге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;

3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;

4) МАЖ-ға скринингтік зерттеулерден өту туралы деректерді енгізеді;

5) өткізілетін скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді және есептік кезеңнің айдың 5-не дейін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ақпаратты ұсынады.
Өткізілетін скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді және есептік кезеңнің айдың 5-не дейін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ақпаратты ұсынады.

  • Дайындық сатысын АЕК ұйымының: медициналық пункттің, фельдшерлік-акушериялық пункттің, аудандық, қалалық емхананың орта медицина персоналы жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

  • күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтың тізімін кейіннен ай сайын түзете отырып жыл сайын қалыптастыру және құру;

  • ересектердің нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету;

  • халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерге шақыру;

  • халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.


Скринингтік зерттеу аяқталғаннан кейін АЕК ұйымының дәрігері немесе жауапты адам бейінді мамандардың қорытындысын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, мынадай динамикалық бақылау топтарын анықтайды:

  • 1А тобы - қауіп факторынсыз дені саулар: қандайда бір шағым жасамайтын және анамнезінде және қарап-тексеру кезінде созылмалы ауруы, қауіп факторы немесе жекелеген ағзалары мен жүйелерінің бұзылулары анықталмаған адамдар;

  • 1Б тобы - қауіп факторы бар дені саулар: бақылауды және профилактикалық араласуды қажет ететін, шекті жағдайындағы, қауіп факторлары анықталған (ағзаның функциялық қызметіне әсер етпейтін артериялық қысым өлшемдерінде және басқа да физиологиялық сипаттамаларында белгіленген норма шегінен аздаған ауытқулары анықталған) адамдар;

  • 2-топ – іс жүзінде дені саулар: анемнезінде жіті және соңғы 2 жыл бойы қабынусыз келген созылмалы аурулары бар адамдар;

  • 3-топ - науқастар: динамикалық бақылау, емдеуді қажет ететін адамдар.


Дені сау (1А, 1Б топтары) және іс жүзінде дені сау ересектер (2-топ):

  • тиісті скринингтік зерттеу кезеңділігіне сәйкес АЕК ұйымында кейінгі скринингтік зерттеулерден;

  • АЕК ұйымы мен салауатты өмір салты қызметінің салауатты өмір салты кабинеттеріне, аурулардың бейіні бойынша мектепте сауықтырудан өтеді.


Скринингтік зерттеулер жүргізілген адамдарды АЕК ұйымдарының дәрігері немесе жауапты адамы тиісті ұсынымдар бере отырып, қарап-тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.
Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға қарап-тексеру сатысында (артық дене салмағы, семіздік, физикалық белсенділік, темекі шегу, алкогольді қауіпті дозаларда тұтыну) артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға скринингтік зерттеуде өткен барлық нысаналы топтағы адамдар зерттеледі.
Мінез-құлық қауіп факторларын айқындауды АЕК ұйымының орта медицина персоналы немесе жауапты адамы жүргізеді және сауалнама жүргізуді және деректерді МАЖ-ға (медициналық ақпараттық жүйе) енгізуді қамтиды.
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруларын және қант диабетін ерте айқындауға скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
Бірінші сатыны АЕК ұйымының орта медицина персоналы немесе АЕК ұйымының жауапты адамы жүргізеді, барлық нысаналы топтарға арналған және мыналарды қамтиды:

  • антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле индексін есептеу;

  • сауалнама жүргізу;

  • орындыққа отырғызып, интервалы 1-2 минутта артериялық қысымды (бұдан әрі – АҚ) екі мәрте өлшеу. АҚ өлшемес бұрын науқас 3-5 минут отырады;

  • жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізу (осындай жабдық болмаған кезде, пациенттің биоматериалы (қаны) зертханаға жіберіледі);

  • МАЖ-ға деректерді енгізу.


Жүрек-қантамырының жалпы қаупін бағалау шкаласы – жақын 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларының өлім қаупін бағалау шкаласы (бұдан әрі – SCORE шкаласы)
Екінші сатыда АЕК ұйымының дәрігері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы жүрек-қантамыр қаупін анықтау және бұдан әрі тексеріліп жатқан адамды одан әрі емдеп-қарау туралы шешім қабылдау үшін SCORE шкаласын қолданады;

  • жүрек-қанайналым қаупі төмен адамдарға (SCORE шкаласы бойынша 1% дейін) 2 жылдан кейін бұдан әрі скринингтік қарап-тексеруді жүргізу ұсынылады, төмен жүрек-қантамыр қаупін сақтау мақсатында салауатты өмір салты бойынша ұсынымдар беріледі;

  • орташа жүрек-қантамыр қаупі бар адамдарды (SCORE шкаласы бойынша > 1% до < 5%) жүрек-қантамыр ауруларын төмендету немесе тұрақтандыру мақсатында аурулардың бейіні бойынша мектепке (бұдан әрі - денсаулық мектебі) жібереді;

  • жоғары және өте жоғары жүрек-қантамыр қаупі бар адамдарды (SCORE шкаласы бойынша > 5%) электрокардиографияға жібереді. ЭКГ-да өзгерістер анықталған кезде, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л-ден астам, артериялық қысымы 140/90 с.б.м. жоғары, сондай-ақ жүрек жиырылуының жиілігі нормадан ауытқыған кезде зерттелетін адамды жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – ЖПД) және (немесе) учаскелік терапевтінің консультациясына жібереді, ол көрсетілімдер бойынша кардиологтың консультациясына жібереді. Пациентте қанайналым жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚЖА) айқындалған жағдайлықда ЖПД немесе учаскелік терапевт зерттелетін адамды динамикалық бақылауға алады, ҚЖА болмаған жағдайлықда жүрек-қантамыр ауруларын төмендету мақсатында деңсаулық мектебіне жібереді;

  • қан глюкозасының жоғары деңгейі анықталған жағдайда (7,0 ммоль/л артық) пациентті тұрғылықты жері бойынша учаскелік терапевт және (немесе) ЖПД консультациясына жібереді. Қант диабетінің клиникалық белгілері болған кезде, сондай-ақ зерттеушінің дене салмағының индексі ≥ 25 кг/м2 болған кезде бір немесе бірнеше қосымша қауіп факторлары бар ЖПД немесе учаскелік терапевт қарап-тексерілетін адамды қандағы гликозилденген гемоглобиннің деңгейін анықтауға жібереді. Айғақтар бойынша эндокринологқа кеңес алуға жібереді.

  • МАЖ-ға деректерді енгізу.


Глаукоманы ерте анықтауға қарап-тексеру сатысында АЕК ұйымының орта медицина персоналы немесе жауапты адамы:

  • сауалнама жүргізеді;

  • Маклаков бойынша немесе жанаспайтын тонометрді пайдалана отырып көзішілік қысымды өлшейді.

  • МАЖ-ға деректерді енгізу.


Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін қарап-тексеру кезеңі мыналарды қамтиды:

  • дәстүрлі әдіспен немесе Бетесда, 2001 терминологиялық жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) бойынша түсіндірумен сұйық цитология әдісін пайдалана отырып жүргізілетін Папаниколау (Рар-тест) бойынша бояумен жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу;

  • ТБЖ бойынша цитологиялық қорытындылар кезінде тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық зерттеу): жалпақ жасушалы интраэпителиальді зақымданудың жоғары дәрежесін болдырмауға мүмкіндік бермейтін жалпақ эпителийдің атипті жасушалары (бұдан әрі – ASC-H), жалпақ жасушалы интраэпителиальді зақымданудың жоғары дәрежесі (бұдан әрі – HSIL) in situ карциномасын қоса алғанда (бұдан әрі – CIS), атипті безді жасушалар (бұдан әрі – AGS), аденокарцинома (бұдан әрі - AIS), қатерлі ісік.

  • Орта медицина қызметкері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы АЕК ұйымының қарап-тексеру кабинетіне жібереді.

  • Цитологиялық зерттеуге материал алу АЕК акушерлік қабылдау (қарау) ұйымының кабинетінде жүзеге асырылады.


АЕК ұйымының акушерлік қабылдау (қарау) кабинетінде Акушер:

  • жатыр мойнын айналарда тексереді;

  • дәстүрлі әдіспен (бір шыны) немесе сұйық цитология әдісімен (бір контейнер) цитологиялық зерттеуге (Рар-тест) жағындыларды алуды жүзеге асырады);

  • цитологиялық зерттеуге жолдаманы толтырады және биоматериалды цитологиялық зертханаға жібереді. Жолдама МАЖ-ға енгізіледі және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі;

  • цитологиялық зертханадан Рар-тест нәтижелерін алуға бақылауды жүзеге асырады;

  • деректерді МАЖ-ға енгізеді.


Цитологиялық зерттеу скринингтік зерттеулер бойынша өткізу қабілеті кемінде 15000 зерттеу болатын цитологиялық зертханада жыл сайын жүргізіледі, оның қызметкерлері (цитопатологтар, жоғары медициналық-биологиялық және биологиялық білімі бар зертханалық іс мамандары, цитотехнологтар) үнемі арнайы даярлықтан (онкоцитология бойынша дипломнан кейінгі даярлау кафедрасында оқыту) өтеді.

  • Цитологиялық зертхананың тіркеушісі, цитотехнолог:

  • келіп түскен шыныларды, контейнерлерді скринингтік зерттеу шеңберінде жүргізілетін цитологиялық зерттеулер журналына тіркейді, деректерді МАЖ-ға енгізеді;

  • цитологиялық зерттеу нәтижелерін МАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы АЕК ұйымына жібереді.


Тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия) көрсеткіштер бойынша кольпоскопия бойынша арнайы дайындықтан (оқытудан) өткен АЕК ұйымының акушер-гинекологы, КДО, Онкогинеколог, МАЖ-ға зерттеу нәтижелерін енгізе отырып, ASC-H, HSIL, AGС, рак цитологиялық қорытындысы кезінде жүргізіледі.
Растаушы цитологиялық нәтижесіз эрозияның болуы скринингтік зерттеу кезінде кольпоскопия үшін көрсеткіш болып табылмайды.
Гистологиялық зерттеу патоморфология зертханасында немесе патологоанатомиялық бюрода

жүргізіледі. Биоптаттың морфологиялық интерпретациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәрігер немесе АЕК ұйымының жауапты тұлғасы ТБЖ бойынша Рар-тест нәтижелерін алған кезде:

  • "Жағындының сапасы жеткіліксіз немесе жеткіліксіз, лизис күйіндегі жасушалық құрам" - науқасты скринингтік қарап-тексеруге қайта шақырады;

  • "Интраэпителиальды зақымданулар немесе қатерлі ісік жоқ" (норма) - пациентке 4 жылдан кейінгі цитологиялық зерттеу жүргізуді ұсынады;

  • "Қабыну процесі немесе микроорганизмдер" - АЕК ұйымының гинеколог дәрігеріне емдеуге және санацияға жібереді);

  • "Эпителий жасушаларының басқа өзгерістері" (қабынумен байланысты реактивті жасушалық өзгерістер, сәулелену, ішілік контрацептивтерді қолдану, атрофия) - науқасқа 4 жылдан кейінгі цитологиялық зерттеу жүргізуді ұсынады;

  • "Анықталмаған маңызы бар эпителий жасушаларының атипиясы" (ASC-US), "Жалпақ жасушалы интраэпителиальді зақымданудың төмен дәрежесі" (LSIL) – 6 және 12 айдан кейін цитологиялық бақылау жүргізе отырып, АЕК ұйымының гинеколог-дәрігеріне емдеуге жібереді. Цитограмманың тұрақтылығы немесе салмағы биопсиямен кольпоскопия жасауды ұсынады;

  • ASC-H, HSIL (CIS қоса алғанда), AGС (AIS қоса алғанда), қатерлі ісік - пациентті онкологиялық орталықтың (бұдан әрі – ОО) онкогинекологына, кольпоскопия бойынша арнайы дайындықтан өткен КДО, АЕК ұйымының акушер-гинекологына тереңдетілген диагностикаға жібереді;


Жатыр мойны биопсиясының гистологиялық нәтижелерін алу кезінде:

  • бірінші, екінші және үшінші дәрежелі цервикальді интраэпителиальді неоплазия (бұдан әрі – CIN 1, CIN 2, CIN 3) пациентті 6 және 12 айдан кейін цитологиялық бақылау жүргізе отырып, АЕК ұйымының гинекологында қосымша қарап-тексеруге, емдеуге және динамикалық бақылауға жібереді;

  • CIS, AIS, қатерлі ісік пациентті емдеу және DN үшін OО-на жібереді;

  • CIN 2, CIN 3, CIS, AIS емдеуден кейін барлық пациенттер 2, 6, 12 және 24 айдан кейін бақылау Рар-тестілерін жүргізе отырып, АЕК ұйымының гинекологында байқалады. Көрсетілімдер бойынша (бақылаудағы оң Рар-тест) Онкогинеколог ОО-ның консультациясы жүргізіледі;


Пациентке скринингтік қарап-тексеру нәтижелерін кез келген қолжетімді тәсілмен (телефон арқылы, жазбаша, электрондық коммуникация құралдары арқылы) хабарлайды);
Цитологиялық және гистологиялық зерттеулердің нәтижелерін, ОО онкогинекологының ұсынымдарын МАЖ-ға енгізеді.
Сүт безі обырын ерте анықтау үшін қарап-тексеру кезеңі мыналарды қамтиды:

  • екі сүт безінің маммографиясын екі проекцияда – қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешен) маммография кабинетінде тікелей және қиғаш жүргізу. Медициналық бейнелерді мұрағаттау және беру жүйесі болған кезде барлық цифрлық маммограммалар компакт-дискілерге және басқа да электрондық тасымалдағыштарға көшіріледі және медициналық ұйымдар арасында интеграцияланған мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен ОО маммография кабинетінің серверіне беріледі; цифрлық беру мүмкін болмаған жағдайда – кейіннен ОО маммография кабинетіне бере отырып, 1:1 – 100% (1 пациент – 1 жиынтық-2 немесе 4 маммограмма) масштабында рентгенографиялық пленкаға басып шығарылады.;

  • бір медициналық ұйымның (ОО) екі және одан да көп тәуелсіз дәрігер-рентгенологтары BI-RADS (М0т, М0д, М1, М2, М3, М4, М5) жіктемесі бойынша маммограммаларды интерпретациялау – екі рет оқу немесе әртүрлі медициналық ұйымдар: қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешеннің) маммография кабинетінің дәрігер-рентгенологы – бірінші оқу және ОО маммография кабинетінің дәрігер-рентгенологы – екінші оқу;

  • тереңдетілген диагностика – көздеу маммографиясы, сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), трепанобиопсия, оның ішінде УДЗ бақылауымен немесе гистологиялық зерттеу үшін стереотаксиялық бақылаумен жүргізіледі, ол ОО маммография кабинетінде маммограммаларда (М0д) патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда жүргізіледі


Қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешеннің) маммография кабинетінің дәрігер-рентгенологы:

  • маммографиялық зерттеулердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды орындайды;

  • ұсынылған суреттердің сапасын және дұрыс төселуін бағалайды;

  • М0т санаты кезінде (маммография жүргізудің техникалық қателіктері) маммографияны қайта орындайды;

  • зерттеу хаттамасында осы параметрді көрсете отырып, ACR (A, B, C, D) шкаласы бойынша сүт бездерінің рентгенологиялық тығыздығын анықтайды;

  • BI-RADS классификациясы бойынша нәтижелерді түсіндіре отырып, маммограммаларды бірінші оқуды жүргізеді. М0д санаты кезінде (толық зерттеуді талап ететін белгісіз немесе күдікті рентгенологиялық өзгерістер) зерттеу хаттамасында басым патологияны көрсетеді: пайда болуы, ассиметрия, архитектураның бұзылуы, микрокальцинаттар;

  • маммограммаларды, маммограммалардың электрондық көшірмелерін мұрағаттау және медициналық бейнелерді ОО маммография кабинетінің МАЖ жұмыс орнына беру жүйесі арқылы маммограммаларды екі рет оқуға арналған бағыттармен бірге жібереді.

  • төмен дозалы компьютерлік томографиялық бейнелерді (бұдан әрі – НТКТ-бейнелер) мұрағаттау және медициналық бейнелерді компютерлік томография кабинетінің МАЖ жұмыс орнына беру жүйесі арқылы компакт-дискілерде немесе басқа электрондық тасығыштарда жазылған бейнелердің көшірмелерімен және НТКТ-бейнелерді екі рет оқуға арналған бағыттармен бірге жібереді.


ОО маммография кабинетінің дәрігер-рентгенологы:

  • ұсынылған суреттердің сапасын және дұрыс төселуін бағалайды. Серверге немесе цифрлық жеткізгіште (CD, DVD) берілген цифрлық рентгенологиялық бейнелерді қарау DICOM стандартына сәйкес сұр түсті градацияларды сертификатталған беретін, кемінде 5 мегапиксель рұқсаты бар цифрлық рентгенологиялық суреттерді интерпретациялау үшін мониторда жүзеге асырылады;

  • қажет болған жағдайда мұрағаттық суреттерді пайдалана отырып, BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерді интерпретациялай отырып, маммограммаларды екі (екінші) оқуды жүргізеді. Көрсеткіштер бойынша үшінші оқуды ұйымдастырады. Қосарланған оқу кезінде суреттерді тәуелсіз түсіндіру жүзеге асырылады (соқырлық әдісі-екінші рентгенолог бірінші оқудың нәтижелерін білмейді);

  • М0т санатында (маммография жүргізудің техникалық қателіктері) қайталанатын маммографияны ұсынады;

  • М0д санаты (толық зерттеуді талап ететін белгісіз немесе күдікті рентгенологиялық өзгерістер) кезінде зерттеу хаттамасында басым патологияны көрсетеді: пайда болуы, ассиметрия, архитектониканың бұзылуы, микрокальцинаттар;

  • АЕК ұйымына көрсетілімдер бойынша пациентті тереңдетілген диагностикаға (мақсатты маммография, сүт бездерінің УДЗ, трепанобиопсия, оның ішінде УДЗ бақылауымен немесе стереотаксикалық бақылаумен, кейіннен материалды гистологиялық зерттеумен) шақыруды ұсынады;

  • қарап-тексеру шеңберінде жасалған барлық маммограммаларды (пленкалар мен электрондық тасымалдағыштар) жинауды және мұрағаттауды жүзеге асырады. Маммограммаларды сақтау мерзімі – скринингтік зерттеуге жататын жастан шыққаннан кейін кемінде 3 жыл;

  • қосарланған (екінші) оқу нәтижелері АЕК ұйымдарына беріледі, мамандар МАЖ-ға енгізеді және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.


Ересек және балалар нысаналы топтарының В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға скринингтік зерттеулері мынадай сатылардан тұрады:

  • АЕК ұйымының орта медицина персоналының немесе жауапты адамының деректерді толтыра отырып, МАЖ-ға және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жолдаманы беру парентералдық вирустық гепатиттерді зертханалық диагностикалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының зертханасына В және С вирустық гепатиттеріне тексерілетін АЕК ұйымының жауапты адамды жіберуі;

  • АЖ-да талдау нәтижелерін енгізе отырып МАЖ және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жолдаманы беру В және С вирустық гепатиттерінің маркерлерін (HBsAg, anti-HCV-total) зерттеудің серологиялық әдістерімен (хемилюминесценция немесе иммуноферменттік талдау) айқындауға зертханалық тексеру жүргізу;

  • В және С вирустық гепатиттерінің (HBsAg, anti-HCV-total) маркерлерін айқындауға серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері кезінде скрининг аяқталады;

  • В вирустық гепатитінің (HBsAg) маркерін айқындауға серологиялық зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда АЕК дәрігері пациентті қосымша тексеру үшін кейіннен тіркелген жері бойынша АЕК және (немесе) гастроэнтерология және гепатология орталықтарының мамандарында динамикалық бақылаумен және сауықтырумен гастроэнтеролог-дәрігерге және (немесе) инфекционистке консультацияға МАЖ және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жолдаманы беру үшін жібереді;

  • С вирустық гепатитінің (anti-HCV-total) маркерін айқындауға серологиялық зерттеудің оң нәтижесі болған кезде АЖ-ға зерттеу нәтижелерін енгізе отырып, полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) әдісімен С гепатиті вирусының РНҚ айқындауға молекулалық-биологиялық зерттеу жүргізіледі және жолдама МАЖ-ға енгізіледі және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі;

  • ПТР әдісімен С гепатиті вирусының РНҚ айқындауға молекулалық-биологиялық зерттеудің оң нәтижесі болған кезде АЕК дәрігері пациентті кейіннен тіркелген орны бойынша АЕК және (немесе) гастроэнтерология және гепатология орталықтарының мамандарында динамикалық бақылаумен және сауықтырумен арқылы гастроэнтеролог-дәрігерге және (немесе) инфекционистке консультацияға жібереді. МАЖ және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жолдаманы беріледі

1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта