Главная страница
Навигация по странице:

  • Физикалық зерттеп-қараулар

  • Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу

  • 104. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421.

  • 105. Клиника и диагностика обструктивного бронхита у детей. Обструктивті бронхит

  • Физикалық тексеру

  • Инструменталдық зерттеулер

  • 106. Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 672.

  • 107. Классификация по степени тяжести и клиника паратрофий. Паратрофия

  • Дене салмағының асып кету мөлшеріне байланысты үш дәреже бөлінеді

  • Егер баланың дене салмағы 1 жастан жоғары болса, онда ауру жағдайында семіздік деп аталады, семіздіктің төрт дәрежесі бөлінеді

  • Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі

  • 109. Клиника, критерии диагностики острой пневмонии у детей. Пневмония

  • ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия


    Скачать 138.26 Kb.
    Название77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
    Анкорответы на к вопросы ДБ
    Дата25.10.2022
    Размер138.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла77-113.docx
    ТипДокументы
    #752970
    страница6 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    103. Клиника, диагностика острой пневмонии у детей.

    Пневмония – рентгенограммада инфильтративті өзгерістері болған жағдайда тыныс алу бұзылушылықтары синдромы және/немесе физикалық деректері бойынша диагностикаланатын өкпенің қабынба ауруы болып табылады.
    Шағымдар және анамнез:

    • жөтел;

    • судан және тамақтан бас тарту;

    • демікпе;

    • әлсіздік.


    Физикалық зерттеп-қараулар:

    • тоқтатылған, жиілеген немесе ауыр тыныс алу (2 айға дейінгі балаларда ЧДД≥60 минутына; 2 айдан – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5жас - ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >20 минутына);

    • қабырғаралық қуыстардың немесе кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы; безгек; қырылды тыныс алу (сәбилерде);

    • сананың бұзылуы;

    • аускультативті белгілер (әлсіз немесе бронхылы тыныс алу, қырыл, өкпеқап үйкелісінің шуылы, дауыс жаңғырығының бұзылуы).



    Зертханалық зерттеу:

    • қанның жалпы анализі – нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі;

    • С-реактивті ақуыздың емесе қан ұю прокальцитониннің концентрациясын анықтау;

    • Mycoplasma pneumonia және Chlamydia pneumonia тестілеу (ПТР, ИФА – көрсетілімдер бойынша).

    • қақырықты флора мен сезімталдыққа бактериологиялық зерттеу.


    Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу: асқуныларға күмән болған жағдайда – өкпеқап жалқаяғы, эмпиема, пневмоторакс, пневматоцеле, интерстициді пневмония, жүрекқап жалқаяғы;
    104. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

    1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

    • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;

    • бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

    • уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

    • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

    • диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар.

    2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

    3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек

    • ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда;

    • ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.

    4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту.

    5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

    6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

    7. Мынадай:

    • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

    • уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.


    105. Клиника и диагностика обструктивного бронхита у детей.

    Обструктивті бронхит— негізінде трахеобронхиалдық теректің сілемейлі қабатының дегенеративті-қабынулық аллергиялық емес зақымдануы жататын, зиянды агенттермен ауа өтетін жолдардың тітіркенуі салдарынан дамитын, қақырықты жөтелмен мінезделетін жедел және созылмалы ауру
    Шағымдар мен анамнез:

    • жөтел (ұстама тəрізді немесе күнделікті, жиі күн бойы, сирек тек қана түнде) жəне қақырықтың бөлініп шығуы;

    • уақыт бойынша күшейетін экспираторлық ентікпе, өте кең көлемде – аздаған физикалық жүктемелер кезінде ентігуді сезінуден, азғана физикалық жаттығулар мен тыныштық кезінде байқалатын ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейін.
       

    Физикалық тексеру: классикалық аускультациялық белгі болып табылады - қарапайым тыныс жəне форсирленген тыныс шығару кезіндегі ысқырмалы құрғақ сырылдар.
    Лабораторлық зерттеулер:

    • ҚЖА айтарлықты өзгеріссіз.

    • Қақырық анализі – макроскопиялық зерттеу. Қақырық сілемейлі немесе іріңді болуы мүмкін.


    Инструменталдық зерттеулер:

    1. Спирография: ФЖЕЛ жəне ОФВ1 төмендеуі.

    2. Көкірек клеткасы ағзаларының рентгенографиясы: өкпелік суреттің күшеюі немесе торлық деформациясы, өкпе эмфиземасының белгілері.
    106. Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

    Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 672.

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.

    2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек

    • пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

    • медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

    • пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін

    1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

    • кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

    • халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;

    • аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

    • иммундау;

    • саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

    • ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар;

    • жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

    • инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шарал

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

    • АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;

    • жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика мен емдеу.

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу;

    • МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде көрсетілетін стационар қызметтері;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

    1. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

    • айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

    • инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

    • уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

    • уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.

    1. Медициналық оңалту: 1) негізгі ауруды емдеу кезінде, 2) туберкулезбен ауыратындарға.

    2. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек

    3. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

    4. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.

    5. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.

    6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.

    7. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен емдеу.


    107. Классификация по степени тяжести и клиника паратрофий.

    Паратрофия – 1 жасқа дейінгі балалардағы артық немесе қалыпты салмақпен және тіндердің гидрофильдігінің артуымен сипатталатын қоректенудің бұзылуы.
    Дене салмағының асып кету мөлшеріне байланысты үш дәреже бөлінеді:

    • I дәреже-массасы нормадан 11-20-ға жоғары%

    • II дәреже-массасы нормадан 21-30 - ға жоғары%

    • III дәреже-массасы нормадан 31% және одан жоғары


    Егер баланың дене салмағы 1 жастан жоғары болса, онда ауру жағдайында семіздік деп аталады, семіздіктің төрт дәрежесі бөлінеді:

    • I дәреже-массасы нормадан 10-29 асады%

    • II дәреже-массасы нормадан 30-49 асады%

    • III дәреже-массасы нормадан 50-99% асады%

    • IV дәреже - массасы нормадан 100% және одан жоғары


    Клиникалық көрінісі:

    • Тіндердің трофикасының бұзылуы: балалар болбыр, ісінген болып көрінеді. Терісі бозғылт құрғақтау, кейде сұр түсті . Тіндер тургоры және бұлшық ет тонусы төмендеген, тері асты шел майы жеткілікті, бірак жұмсақ, болбыр болады.

    • Зат алмасу бұзылыстары -қан сарысуында темір, фосфолипидтер мөлшері төмен, холестирин көп, глюкозотолерантті тестің көрсеткіші бойынша көмірсулар алмасуы бұзылған, су- тұз алмасуы тұрақсыз, кезкелген ауруларда дене салмағының пайызын жояды.

    • Нервтік-психикалық бұзылыстар -аз қозғалады, эмоциялық тонусы тұрақсыз, енжар,белсенділігі төмен, ұйқсыбұзылады, мазасыз,тағамды тандап ішеді, кейде тәбеті төмен болады.

    • Ішек әрекетінің бұзылыстары


    108. Об утверждении перечня отдельных категорий населения, подлежащих экстренной и плановой стоматологической помощи. Приказ зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2020 года № 21254

    Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі



    Шұғыл стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары

    1.

    18 жасқа дейінгі балалар

    2.

    Жүкті әйелдер

    3.

    Ұлы Отан соғысының ардагерлері

    4.

    1, 2, 3-топтағы мүгедектер

    5.

    "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар

    6.

    Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар

    7.

    Жасы бойынша зейнеткерлер

    8.

    Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар

    9

    Мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар

    10

    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар

    Жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары

    1.

    18 жасқа дейінгі балалар

    2.

    Жүкті әйелдер


    109. Клиника, критерии диагностики острой пневмонии у детей.

    Пневмония – рентгенограммада инфильтративті өзгерістері болған жағдайда тыныс алу бұзылушылықтары синдромы және/немесе физикалық деректері бойынша диагностикаланатын өкпенің қабынба ауруы болып табылады.
    Шағымдар және анамнез:

    • жөтел;

    • судан және тамақтан бас тарту;

    • демікпе;

    • әлсіздік.


    Физикалық зерттеп-қараулар:

    • тоқтатылған, жиілеген немесе ауыр тыныс алу (2 айға дейінгі балаларда ЧДД≥60 минутына; 2 айдан – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5жас - ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >20 минутына);

    • қабырғаралық қуыстардың немесе кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы; безгек; қырылды тыныс алу (сәбилерде);

    • сананың бұзылуы;

    • аускультативті белгілер (әлсіз немесе бронхылы тыныс алу, қырыл, өкпеқап үйкелісінің шуылы, дауыс жаңғырығының бұзылуы).



    Зертханалық зерттеу:

    • қанның жалпы анализі – нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі;

    • С-реактивті ақуыздың емесе қан ұю прокальцитониннің концентрациясын анықтау;

    • Mycoplasma pneumonia және Chlamydia pneumonia тестілеу (ПТР, ИФА – көрсетілімдер бойынша).

    • қақырықты флора мен сезімталдыққа бактериологиялық зерттеу.

    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта