ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
Скачать 138.26 Kb.
|
83. Клиника (жалобы, объективный осмотр) и ведение пациентов с нефритическим синдромом. Нефритикалық синдром - микроскопиялық гематурия, олигуриямен, бүйрек жеткіліксіздігімен көрінетін синдром, гломерулярлы сүзілудің бірден түсуімен, сұйықтықтың шығуы тоқтап және ісінулер мен гипертензияның пайда болуымен анықталады. Шағымдары және анамнез: Алғашқы дамыған жедел нефритикалық синдром: жіті несептің түсінің өзгеруінен («ет жуған шайынды»), ісінулердің пайда болуы және АҚ көтерілуі (үштік симптомы). Симптомдар стрептококты (фарингит) немесе басқа инфекциядан кейін 1-4 аптадан соң пайда болады. Инфекция ошағы, жалпы аурудың жіті көріністері орын алады. Лоқсу, құсу, бас ауыру (гипертониялық энцефалопатия, ми ісінуі). Олигурия, анурия, іштің ауыруы, бел аймағында ауырсыну. Қызба (иммунокешенді қабынудың, ошақты немесе жіті инфекцияның белсенділігі). Солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (жиі гиперволемиялық) - ортопноэ, тахипноэ, тахикардия. Физикальды зерттеулер: Перифериялық ісінулер (бетте, аяқта, денесінде), жүрек шекараларының кеңеюі, АГ, олигоанурия. Дәрі-дәрмексіз емдеу: Бірінші тәулікте төсектік тәртіп, содан кейін палаталық, жалпы. Диета №7 (7а,7б): ас тұзын (ең басты натрийді) және сұйықтықты (ішілген сұйықтықты алдыңғы күннің диурезі +300 мл бойынша есептеледі) жеткілікті колоражда және құрамындағы дәрументерде. Ісінулер болып, олар көбейе бастағанда, тағамдағы ас тұзы тәулігіне 0,2-0,3г дейін, тәуліктік мәзірге ақуыз 0,5-0,8г/кг салмағына дейін шектеледі, соның ішінде жануар тектестер шектеледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу: 1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар - дипиридамол 75мг/тәу, табл.; пентоксифииллин 100мг/тәу, ампула қолданылады; 2. Антигипертензивті және нефропротективті мақсатта ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары - фозиноприл 20мг/тәу, эналаприл - 20мг/тәу, рамиприл 10мг/тәу, кальций каналдарын тежеуші - амлодипин 10мг/тәу, нифедипин 40мг/тәу, табл. Бета-адренорецептор тежегіштері - бисопролол 10мг/тәу, альфа және бета адренорецептор тежегіштері - карведилол 25мг/тәу, табл; ангиотензин II рецепторларының антагонистері (лозартан 100мг/тәу; телмисартан 80мг/тәу, табл. және т.б.) қолданылады. 3. Ісінулер мен гипергидратациямен және осыларға қатысты асқынулармен күресу үшін диуретиктер - ілмекті (фуросемид 2-3мг/кг/тәу, амп); гидрохлортиазид (50-100 мг/тәу) таб, әсері болмаған жағдайда – ультрасүзу тағайындалады. 4. Антибактериальді емді инфекция ошағы немесе жедел инфекциялық ауру болған кезде ошақты жою үшін және қоздырғыш эрадикациясы үшін қолданылады. Стрептококты ЖГН кезінде (аңқадан сүртінді, стрептококқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы)- бензилпенициллин 0,5-1,0 млн ХБ, тәулігіне 6 рет 10 күн немесе цефалексин 50мг/кг/тәу 2 қабылдауға 10 күн) қолданылады. 5. Синусит, пневмония кезінде таңдау препараттары (маңыздысынан бастап көрсетілген) - амоксициллин+клавулон қышқылы 500-750 мг ішке, тәулігіне 2 рет 5-7 күн, цефаклор 40 мг/кг/тәу 2 қабылдауға 7 күн. 6. ß-лактамды антибиотиктерге аллергия кезінде антибиотиктердің макролидтер тобынан ДЗ тағайындалады: азитромицин 250-500 мг тәулігіне 1 рет 4 күн, спиромицин 150 мг тәулігіне 2 рет 7 күн. 7. Айқын азотемия және гипокалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі. 84. Приказ № 421 МЗ РК от 20.06.2019 года. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді: 1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру; бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету; диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар. 2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері. 3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда; ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу. 4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту. 5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика. 6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау. 7. Мынадай: денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек; уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету. 85. Острый пиелонефрит у детей. Клинические и диагностические критерии. Пиелонефрит – интерстиция, өзекшелер жəне бүйрек тостақшалық - түбекшелік жүйесінің зақымдалуымен өтетін бүйректің микробтық - қабынулық ауруы. Шағымдар мен анамнез: 1. Температураның жоғарылауы. 2. Бел аумағындағы ауырсыну. 3. Макрогематурия эпизоды (ТИН). 4. Әлсіздік, шаршағыштық. Физикалық тексеру: 1. Уыттану. 2. Қызба. 3. Бүйрек прооекциясында пальпация кезінде ауырсыну. 4. Беттің, тізенің ісінуі. 5. Тері жабындыларының бозғылттығы. Инструменталдық зерттеулер: 1. Бүйректі УДЗ: туабіткен даму ақаулары, киста, тастар. 2. Цистография - қуықтық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюксті операциядан кейінгі жағдай. 3. Нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошағы. 4. Тубулоинтерстициальді нефритте – бүйректің диагностикалық пункциондық биопсиясы. 86. Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2020 года № 21660. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру: Заңға сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді; мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді; медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу кезінде медицина қызметкері (дәрігер, орта медицина қызметкері): денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық белгілерін белгілейді; осы Қағидаларға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдерін айқындайды; еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді; пациентті консультация үшін ДКК-ға және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) уақтылы жібереді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін физикалық тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы: 1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар бермейді: 1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері; 4) санаторийлік-курорттық ұйымдар; 5) апаттар медицинасы ұйымдары; 6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 9) жедел медициналық көмек ұйымдары. 87. Скарлотина у детей. Определение. Клинические критерии. Жәншәу – А тобындағы бета гемолитикалық стрептококкпен қоздырылатын, ағзаның улануымен, жедел тонзиллитпен және ерекше бөртпелермен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Аурудың берілу жолы - ауа-тамшылы. Клиникалық критерийлері: Жасырын кезені: 2 күннен 7-12күнге дейін. Дене қызуы қатты көтерліп, басы ауырып, құсады. Жұтынған кезде тамағы аурып, тамыр соғуы жиілейді. Алғашқы сағаттарда ОЖЖ зақымдалған белгілері пайда болады.Баланың дене терісі құрғақтанып, ысиды. Тамағы қызарып, бадамша безде ірінді қабықтар пайда болады. Қызамықтың клиникасы 3 синдромдаң тұрады: бөртпе, баспа, жалпы интоксикациялық синдром. Бөртпе. Бірнеше сағаттан соң, көпшілігінде 1-ші тәуліктің аяғына қарай тері қызарып, бүкіл денені майда нұқтелі бөртпе басады. Бөртпе буынның ішкі жағында, санының ішкі жағында, көкіректің алдыңғы және жапта жақтарында, іштің төменгі бөлігінде анықтау, көптеу болады және ұзақтау сақталады. Кейбір ауруларда осы аталған жерлерде ұзынша қанық- қызыл белдеулер сызық пайда болады (симптом Пастиа). Мұрын-ерін ұшбұрышы боз болады (симптом Филатова). 36-48 сағат бойына анық болып тұрып, бірте - бірте көмескіленіп, 7-8 күнге қарай жойылады. Майда қан тамырларының зақымдануы себепті әр түрлі «жгут», шымшу (симптом Кончаловский мен Румпель- Лееде) белгілері анықталады. Дермографизм ақ түсті болып келеді. Баспа. Араның кілегей қабаттары қатты қызарады (Филатов айтуынша «алаулаған аран»). Баспа катаральды, фолликулярды, лакунарлы немесе некрозды түрінде қалыптасуы мүмкін. Жұтыну қиындап, ауырсынады, лимфа түйіндерінің ісінгені және ауратыны анықталады. Алғашқы 2-3 күнде тіл сұрғылт - сары жамылғымен жабылады. Аурудың 3-күнінен баланың тілі шетінен бастап тазарады, айқын қып- қызыл болып, емізекшілері бұлтиып түрады, «таңқурайтілге ұқсайды. Осы «таңқурайтіл 3-6 күннен кейін пайда болатын, 9-10-ші күндерге жоғалып кетеді. Баспа өзгерістері 5-7-10 күн ішінде жойылып, лимфа түйіндерінің ісігі, ауруы қайтады. Тілдің бүртіктілігі де 7- 14 күнде байқалмай қалады. Бөртпе біртіндетіп азайып, 7-9 күннен соң жоғалады. 2-ші аптаның соныңда тері тулей бастайды. Әсіресе аяқ-қолдың терісі ірі-ірі болып тулейды. Бұл өзгерістер де 2-3 аптадан соң аяқталады. 88. Об утверждении перечня хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-109/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2020 года № 21262. Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі Инфекциялық және паразитарлық аурулар: В және С және Д вирусты созылмалы гепатит, бауырдың циррозынсыз Қанайналым жүйесінің аурулары: Артериялық гипертензия, Жүректің ишемиялық ауруы, Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық аурулары, Жүрек қақпақшасының зақымдануы. Қан және қан шығарушы ағзалардың аурулары: VIII және IX факторлардың тұқым қуалайтын тапшылығы, Виллебранд ауруы, Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы. Тыныс алу жүйесінің аурулары: Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы, Демікпе. Ас қорыту жүйесінің ауруы: Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы, Инфекциялық емес энтерит және колит, Крон ауруы, Ойық жаралы колит Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы: Артропатиялар, дорсопатиялар, Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасы бұзылулары Жүйке жүйесінің ауруы: Эпилепсия, Балалардың церебралдық параличі Несеп-жыныс жолдарының аурулары: Гломерулярлық аурулар, Əйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес аурулары Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар: Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар) 89. Рахит у детей. Клинические критерии (жалобы, анамнез). Как проявляется рахит у детей до 1 года? Мешел – ерте шақтағы балалардың жүйелі ауруы, бұл аурудың негізі кальий мен фосфор алмасудың бұзылуын құрайды. Сүйек өсудің бұзылуы анықталады, нерв жүйесі және ішкі ағзалар функциялары зардап шегеді. Шағымдар : • косметикалық ақауды туындататын, науқастың психологиялық статусын тежейтін, аяқ-қолдардың үдемелі деформацияларына; • тез шаршағыштыққа; • аяқ-қолдардың ауырсынуларына; • жүрістің бұзылуына; • бойдың өспей қалуына. Анамнез: • ауыру туғаннан кейін немесе өмір сүрудің алғашқы үш жылында байқалады; • жиі респираторлық аурулар; • деформацияның үдеуі және дәрежесі аяқ ауруының түріне және нысанына байланысты, көбіне 7 айдан 3 жасқа дейін туындайды. |