ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
Скачать 138.26 Kb.
|
94. Приказ № 421 МЗ РК от 20.06.2019 года. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді: 1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру; бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету; диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар. 2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері. 3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда; ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу. 4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту. 5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика. 6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау. 7. Мынадай: денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек; уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету. 95. Клиника (жалобы, объективный осмотр) и ведение пациентов с нефритическим синдромом. Нефритикалық синдром - микроскопиялық гематурия, олигуриямен, бүйрек жеткіліксіздігімен көрінетін синдром, гломерулярлы сүзілудің бірден түсуімен, сұйықтықтың шығуы тоқтап және ісінулер мен гипертензияның пайда болуымен анықталады. Шағымдары және анамнез: Алғашқы дамыған жедел нефритикалық синдром: жіті несептің түсінің өзгеруінен («ет жуған шайынды»), ісінулердің пайда болуы және АҚ көтерілуі (үштік симптомы). Симптомдар стрептококты (фарингит) немесе басқа инфекциядан кейін 1-4 аптадан соң пайда болады. Инфекция ошағы, жалпы аурудың жіті көріністері орын алады. Лоқсу, құсу, бас ауыру (гипертониялық энцефалопатия, ми ісінуі). Олигурия, анурия, іштің ауыруы, бел аймағында ауырсыну. Қызба (иммунокешенді қабынудың, ошақты немесе жіті инфекцияның белсенділігі). Солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (жиі гиперволемиялық) - ортопноэ, тахипноэ, тахикардия. Физикальды зерттеулер: Перифериялық ісінулер (бетте, аяқта, денесінде), жүрек шекараларының кеңеюі, АГ, олигоанурия. Дәрі-дәрмексіз емдеу: Бірінші тәулікте төсектік тәртіп, содан кейін палаталық, жалпы. Диета №7 (7а,7б): ас тұзын (ең басты натрийді) және сұйықтықты (ішілген сұйықтықты алдыңғы күннің диурезі +300 мл бойынша есептеледі) жеткілікті колоражда және құрамындағы дәрументерде. Ісінулер болып, олар көбейе бастағанда, тағамдағы ас тұзы тәулігіне 0,2-0,3г дейін, тәуліктік мәзірге ақуыз 0,5-0,8г/кг салмағына дейін шектеледі, соның ішінде жануар тектестер шектеледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу: 1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар - дипиридамол 75мг/тәу, табл.; пентоксифииллин 100мг/тәу, ампула қолданылады; 2. Антигипертензивті және нефропротективті мақсатта ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары - фозиноприл 20мг/тәу, эналаприл - 20мг/тәу, рамиприл 10мг/тәу, кальций каналдарын тежеуші - амлодипин 10мг/тәу, нифедипин 40мг/тәу, табл. Бета-адренорецептор тежегіштері - бисопролол 10мг/тәу, альфа және бета адренорецептор тежегіштері - карведилол 25мг/тәу, табл; ангиотензин II рецепторларының антагонистері (лозартан 100мг/тәу; телмисартан 80мг/тәу, табл. және т.б.) қолданылады. 3. Ісінулер мен гипергидратациямен және осыларға қатысты асқынулармен күресу үшін диуретиктер - ілмекті (фуросемид 2-3мг/кг/тәу, амп); гидрохлортиазид (50-100 мг/тәу) таб, әсері болмаған жағдайда – ультрасүзу тағайындалады. 4. Антибактериальді емді инфекция ошағы немесе жедел инфекциялық ауру болған кезде ошақты жою үшін және қоздырғыш эрадикациясы үшін қолданылады. Стрептококты ЖГН кезінде (аңқадан сүртінді, стрептококқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы)- бензилпенициллин 0,5-1,0 млн ХБ, тәулігіне 6 рет 10 күн немесе цефалексин 50мг/кг/тәу 2 қабылдауға 10 күн) қолданылады. 5. Синусит, пневмония кезінде таңдау препараттары (маңыздысынан бастап көрсетілген) - амоксициллин+клавулон қышқылы 500-750 мг ішке, тәулігіне 2 рет 5-7 күн, цефаклор 40 мг/кг/тәу 2 қабылдауға 7 күн. 6. ß-лактамды антибиотиктерге аллергия кезінде антибиотиктердің макролидтер тобынан ДЗ тағайындалады: азитромицин 250-500 мг тәулігіне 1 рет 4 күн, спиромицин 150 мг тәулігіне 2 рет 7 күн. 7. Айқын азотемия және гипокалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі. 96. Об утверждении перечня социально значимых заболеваний. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № КР ДСМ-174/2020. Зарегестрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2020 года №21263 Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі: Туберкулез Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы Қатерлі ісіктер Қант диабеті Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) Балалардың церебралдық параличі Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) Ревматизм Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары Орфандық аурулар 97. Клиника, диагностика острой пневмонии у детей. Пневмония – рентгенограммада инфильтративті өзгерістері болған жағдайда тыныс алу бұзылушылықтары синдромы және/немесе физикалық деректері бойынша диагностикаланатын өкпенің қабынба ауруы болып табылады. Шағымдар және анамнез: жөтел; судан және тамақтан бас тарту; демікпе; әлсіздік. Физикалық зерттеп-қараулар: тоқтатылған, жиілеген немесе ауыр тыныс алу (2 айға дейінгі балаларда ЧДД≥60 минутына; 2 айдан – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5жас - ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >20 минутына); қабырғаралық қуыстардың немесе кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы; безгек; қырылды тыныс алу (сәбилерде); сананың бұзылуы; аускультативті белгілер (әлсіз немесе бронхылы тыныс алу, қырыл, өкпеқап үйкелісінің шуылы, дауыс жаңғырығының бұзылуы). Зертханалық зерттеу: қанның жалпы анализі – нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі; С-реактивті ақуыздың емесе қан ұю прокальцитониннің концентрациясын анықтау; Mycoplasma pneumonia және Chlamydia pneumonia тестілеу (ПТР, ИФА – көрсетілімдер бойынша). қақырықты флора мен сезімталдыққа бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу: асқуныларға күмән болған жағдайда – өкпеқап жалқаяғы, эмпиема, пневмоторакс, пневматоцеле, интерстициді пневмония, жүрекқап жалқаяғы; 98. Об утверждении Правил оказания медицинской реабилитации Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 октября 2020 года № ҚР ДСМ-116/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2020 года № 21381. Медициналық оңалту: 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға; 2) 10-қайта қараудың аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемаларының халықаралық статистикалық жіктемесінің кодтары бойынша аурулардың тізбесі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі-МӘМС) көрсетіледі; 3) ақылы негізінде азаматтардың өз қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру қаражаты, жұмыс берушілердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Медициналық оңалту көрсетіледі: 1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда; 2) тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанатын төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда; 3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда; 4) үйде: медицина қызметкерін, ұтқыр бригаданы шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде (үйдегі стационар), оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып; 5) санаторийлік-курорттық ұйымдарда. Медициналық оңалту мынадай деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүргізіледі: 1) өзінің құрылымында ОБШ бойынша жай - күйі 1-ден 2 балға дейін бағаланатын оңалту кабинеті/бөлімшесі, медициналық оңалту көрсететін күндізгі стационары бар медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымы; 2) екінші деңгей - өз құрылымында амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық оңалтуды жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша пациенттің жай-күйі ШРМ бойынша 2-ден 4 балға дейін бағаланады; 3) үшінші деңгей – өз құрылымында медициналық оңалту бойынша мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде медициналық оңалтуды жүзеге асыратын бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар, пациенттің жай-күйі ОБШ бойынша 2-ден 4 балға дейін бағаланады. Медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды: Бірінші кезең – аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде, операциялық араласулар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Бірінші кезең мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) асқынулардың профилактикасы және клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі. Бірінші кезеңде ерте медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды өткізуді медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен оңалтушы дәрігер және/немесе бейінді маман жүзеге асырады. Негізгі ауруды медициналық оңалту өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан кейін жүргізіледі. Негізгі ауруды емдеу курсы және бірінші кезең аяқталған кезде бейінді маман реабилитолог дәрігермен бірлесіп пациенттің әлеуетін айқындайды және алғаш рет белгіленген оңалту диагнозын, ОБШ бойынша пациенттің бағытын қалыптастырады және шығару эпикризін рәсімдей отырып, пациентті оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жіберуді қалыптастырады. Оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңдеріне жіберу жаңа жағдайларды немесе ілеспелі аурулардың асқынуын қоспағанда, стационардан шыққан сәттен бастап бір айдың ішінде жүргізіледі. ОБШ-ны және ҚХЖ/ҚХЖ -БЖ өлшемшаттарын бағалаудың қолданылу мерзімі оңалту кезеңдері арасында күнтізбелік 30 күнді құрайды. Медициналық оңалту пациенттің жеке бағдарламасы: пациенттің жағдайының нашарлауы; негізгі және/немесе қосалқы аурулардың асқынуларының дамуы кезінде; пациенттің бастамасы бойынша тоқтатылады. МДТ отырысының қорытындысы бойынша пациенттің медициналық картасына жалпы қорытынды жасалады және деректер ақпараттық жүйеге енгізіледі. МДТ қорытындысы бойынша функцияларының айқын бұзылуы бар өзіне-өзі қызмет көрсетуді, орын ауыстыруды және қарым-қатынасты жүзеге асыруда бөгде адамның көмегіне толық тәуелді және функцияларды және (немесе) тыныс-тіршілікті қалпына келтіру перспективасы жоқ (оңалту әлеуеті таусылған) пациентке көмек паллиативтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда және үйде көрсетіледі. МДТ қорытындысы бойынша функцияларды және (немесе) тіршілік әрекетін (ОБШ бойынша) қалпына келтіру келешегі жоқ пациентке оңалту іс-шаралары жүргізілмейді. ҚХЖ өлшемшаттары бойынша бұзылу дәрежесі бар пациенттер: 0 балл медициналық оңалтуға мұқтаждар тобынан шығарылады және медициналық көрсетілімдер болған жағдайда клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауру бойынша емдеу немесе динамикалық бақылау алады; 1 балл – медициналық оңалтудың екінші кезеңін айналып өтпей амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың профилакторийі, санаторийі, бөлімшесі немесе оңалту кабинеті жағдайында, сондай-ақ оңалтушы дәрігердің немесе МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып амбулаториялық жағдайда медициналық оңалтуды алады; 2-3-4 балл – көп бейінді стационар, мамандандырылған оңалту орталығы, күндізгі стационар (мамандандырылған оңалту орталығы, санаторий, мамандандырылған санаторий), профилакторий, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың оңалту бөлімшелерінің немесе кабинеттерінің жағдайларында, сондай-ақ көшпелі нысандарды пайдалана отырып амбулаториялық жағдайларда, реабилитолог дәрігердің немесе МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша амбулаториялық жағдайларда алады; 5 балл (оңалту әлеуеті жоқ) – тәулік бойы стационар, мамандандырылған мекемелер, үйдегі стационар жағдайында ұялы бригаданың қатысуымен паллиативтік көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер үшін. Бастап өткерген коронавирустық инфекциясынан кейін медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекциясын бастап өткерген пациенттерге медициналық оңалту ҚХЖ сәйкес пациенттің жағдайын бағалауға, оңалту әлеуетінің деңгейіне, осы Қағидаларға сәйкес аурудың ағымына және медициналық оңалту бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына байланысты жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекциясын сатурация деңгейі 95% - дан төмен, өкпенің зақымдануы 50% - дан жоғары, өкпенің зақымдануы 25% қатар жүретін аурулары бар, Борг шкаласы бойынша ентігу нормадан жоғары, оттегі қолдауы бар науқастар, анамнезде реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емдеу медициналық оңалтудың екінші кезеңіне жіберіледі. Коронавирустық инфекциясын сатурация деңгейі 95% - дан төмен, өкпенің зақымдануы 50% - дан жоғары, өкпенің зақымдануы 25% қатар жүретін аурулармен, Борг шкаласы бойынша ентігу нормадан жоғары, оттегі қолдауынсыз, анамнезінде емделетін науқастар реанимация және қарқынды терапия бөлімінде медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі. 99. Клиника и диагностика обструктивного бронхита у детей. Обструктивті бронхит— негізінде трахеобронхиалдық теректің сілемейлі қабатының дегенеративті-қабынулық аллергиялық емес зақымдануы жататын, зиянды агенттермен ауа өтетін жолдардың тітіркенуі салдарынан дамитын, қақырықты жөтелмен мінезделетін жедел және созылмалы ауру Шағымдар мен анамнез: жөтел (ұстама тəрізді немесе күнделікті, жиі күн бойы, сирек тек қана түнде) жəне қақырықтың бөлініп шығуы; уақыт бойынша күшейетін экспираторлық ентікпе, өте кең көлемде – аздаған физикалық жүктемелер кезінде ентігуді сезінуден, азғана физикалық жаттығулар мен тыныштық кезінде байқалатын ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейін. |