ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
Скачать 138.26 Kb.
|
Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу: асқуныларға күмән болған жағдайда – өкпеқап жалқаяғы, эмпиема, пневмоторакс, пневматоцеле, интерстициді пневмония, жүрекқап жалқаяғы; 110. Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2020 года № 21660. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру: Заңға сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді; мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді; медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу кезінде медицина қызметкері (дәрігер, орта медицина қызметкері): денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық белгілерін белгілейді; осы Қағидаларға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдерін айқындайды; еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді; пациентті консультация үшін ДКК-ға және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) уақтылы жібереді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін физикалық тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы: 1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар бермейді: 1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері; 4) санаторийлік-курорттық ұйымдар; 5) апаттар медицинасы ұйымдары; 6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 9) жедел медициналық көмек ұйымдары. 111. Клиника, диагностика острой пневмонии у детей. Пневмония – рентгенограммада инфильтративті өзгерістері болған жағдайда тыныс алу бұзылушылықтары синдромы және/немесе физикалық деректері бойынша диагностикаланатын өкпенің қабынба ауруы болып табылады. Шағымдар және анамнез: жөтел; судан және тамақтан бас тарту; демікпе; әлсіздік. Физикалық зерттеп-қараулар: тоқтатылған, жиілеген немесе ауыр тыныс алу (2 айға дейінгі балаларда ЧДД≥60 минутына; 2 айдан – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5жас - ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >20 минутына); қабырғаралық қуыстардың немесе кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы; безгек; қырылды тыныс алу (сәбилерде); сананың бұзылуы; аускультативті белгілер (әлсіз немесе бронхылы тыныс алу, қырыл, өкпеқап үйкелісінің шуылы, дауыс жаңғырығының бұзылуы). Зертханалық зерттеу: қанның жалпы анализі – нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі; С-реактивті ақуыздың емесе қан ұю прокальцитониннің концентрациясын анықтау; Mycoplasma pneumonia және Chlamydia pneumonia тестілеу (ПТР, ИФА – көрсетілімдер бойынша). қақырықты флора мен сезімталдыққа бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу: асқуныларға күмән болған жағдайда – өкпеқап жалқаяғы, эмпиема, пневмоторакс, пневматоцеле, интерстициді пневмония, жүрекқап жалқаяғы; 112. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді: 1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру; бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету; диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар. 2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері. 3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда; ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу. 4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту. 5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика. 6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау. 7. Мынадай: денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек; уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету. 113. Клиника (жалобы, объективный осмотр) и ведение пациентов с нефритическим синдромом Нефритикалық синдром - микроскопиялық гематурия, олигуриямен, бүйрек жеткіліксіздігімен көрінетін синдром, гломерулярлы сүзілудің бірден түсуімен, сұйықтықтың шығуы тоқтап және ісінулер мен гипертензияның пайда болуымен анықталады. Шағымдары және анамнез: Алғашқы дамыған жедел нефритикалық синдром: жіті несептің түсінің өзгеруінен («ет жуған шайынды»), ісінулердің пайда болуы және АҚ көтерілуі (үштік симптомы). Симптомдар стрептококты (фарингит) немесе басқа инфекциядан кейін 1-4 аптадан соң пайда болады. Инфекция ошағы, жалпы аурудың жіті көріністері орын алады. Лоқсу, құсу, бас ауыру (гипертониялық энцефалопатия, ми ісінуі). Олигурия, анурия, іштің ауыруы, бел аймағында ауырсыну. Қызба (иммунокешенді қабынудың, ошақты немесе жіті инфекцияның белсенділігі). Солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (жиі гиперволемиялық) - ортопноэ, тахипноэ, тахикардия. Физикальды зерттеулер: Перифериялық ісінулер (бетте, аяқта, денесінде), жүрек шекараларының кеңеюі, АГ, олигоанурия. Дәрі-дәрмексіз емдеу: Бірінші тәулікте төсектік тәртіп, содан кейін палаталық, жалпы. Диета №7 (7а,7б): ас тұзын (ең басты натрийді) және сұйықтықты (ішілген сұйықтықты алдыңғы күннің диурезі +300 мл бойынша есептеледі) жеткілікті колоражда және құрамындағы дәрументерде. Ісінулер болып, олар көбейе бастағанда, тағамдағы ас тұзы тәулігіне 0,2-0,3г дейін, тәуліктік мәзірге ақуыз 0,5-0,8г/кг салмағына дейін шектеледі, соның ішінде жануар тектестер шектеледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу: 1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар - дипиридамол 75мг/тәу, табл.; пентоксифииллин 100мг/тәу, ампула қолданылады; 2. Антигипертензивті және нефропротективті мақсатта ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары - фозиноприл 20мг/тәу, эналаприл - 20мг/тәу, рамиприл 10мг/тәу, кальций каналдарын тежеуші - амлодипин 10мг/тәу, нифедипин 40мг/тәу, табл. Бета-адренорецептор тежегіштері - бисопролол 10мг/тәу, альфа және бета адренорецептор тежегіштері - карведилол 25мг/тәу, табл; ангиотензин II рецепторларының антагонистері (лозартан 100мг/тәу; телмисартан 80мг/тәу, табл. және т.б.) қолданылады. 3. Ісінулер мен гипергидратациямен және осыларға қатысты асқынулармен күресу үшін диуретиктер - ілмекті (фуросемид 2-3мг/кг/тәу, амп); гидрохлортиазид (50-100 мг/тәу) таб, әсері болмаған жағдайда – ультрасүзу тағайындалады. 4. Антибактериальді емді инфекция ошағы немесе жедел инфекциялық ауру болған кезде ошақты жою үшін және қоздырғыш эрадикациясы үшін қолданылады. Стрептококты ЖГН кезінде (аңқадан сүртінді, стрептококқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы)- бензилпенициллин 0,5-1,0 млн ХБ, тәулігіне 6 рет 10 күн немесе цефалексин 50мг/кг/тәу 2 қабылдауға 10 күн) қолданылады. 5. Синусит, пневмония кезінде таңдау препараттары (маңыздысынан бастап көрсетілген) - амоксициллин+клавулон қышқылы 500-750 мг ішке, тәулігіне 2 рет 5-7 күн, цефаклор 40 мг/кг/тәу 2 қабылдауға 7 күн. 6. ß-лактамды антибиотиктерге аллергия кезінде антибиотиктердің макролидтер тобынан ДЗ тағайындалады: азитромицин 250-500 мг тәулігіне 1 рет 4 күн, спиромицин 150 мг тәулігіне 2 рет 7 күн. 7. Айқын азотемия және гипокалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі. |