ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
Скачать 138.26 Kb.
|
Физикалық тексеріп-қарау: • аяқтардың вальгусьтық немесе варустық деформацияларын анықтау, кеуде деформациясы («мешелдің моншақ тізбектері»), білектің дисталдық бөліктерінің жуандауы («білезіктер»). 1 жасқа дейінгі балалардағы рахиттің белгілері – бұлшықет гипотензиясы, құбырлы сүйектердің қисықтығы, бастың артқы жағының тегістелуі, кеуде қуысының деформациясы. 90. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020. Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2020 года № 21660. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру: Заңға сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді; мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді; медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу кезінде медицина қызметкері (дәрігер, орта медицина қызметкері): денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық белгілерін белгілейді; осы Қағидаларға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдерін айқындайды; еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді; пациентті консультация үшін ДКК-ға және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) уақтылы жібереді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін физикалық тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы: 1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар бермейді: 1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері; 4) санаторийлік-курорттық ұйымдар; 5) апаттар медицинасы ұйымдары; 6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 9) жедел медициналық көмек ұйымдары. 91. Клинические критерии панкреатита у детей, классификация и ведение пациентов Панкреатит - бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы. Классификациясы: Пайда болуына қарай – алғашқы, қайталама және ерекше түрлері (гиперпаратиреозда, муковисцидозда, альфа1-антитрипсин тапшылығында, АЭТ квашиоркорда); Клиникалық нұсқасы бойынша – қайталамалы, ауыру, жасырын; Аурудың аурлығына қарай – жеңіл, орташа ауыр, ауыр; Ауыру кезеңіне қарай – асқыну, асқынудың басылуы, ремиссия (қалпына келу); Ұйқы безінің функциялық жағдайына қарай: • сыртқы секреторлы функция – гипосекреторлы, гиперсекреторлы, обтурационды, панкреатикалық секрецияның қалыпты түрі; • ішкі секреторлы функция – гиперфункция, инсулярлы аппараттың гипофункциясы; Морфологиялық нұсқасы бойынша – интерстициальды (ісінген), паренхиматозды, кистозды кальцийленуші; Шағымдар: Панкреатитке тән және тұрақты симптом – іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, эпигастральды және белдің арқаға қарай әсер етіп ауыруы, сол қолға, сол жаққа қарай әсер беруі. Тамақ ішкеннен кейін, физикалық жүктемеден кейін ауыруы артады. Ауырулар батып, сыздап,шаншып, ұстама тәрізді, тұрақты болуы мүмкін. Диспепсиялық бұзылулар: • құсқысы келу; • құсу; • тәбеттің бұзылуы; • метеоризм; •ауыздың құрғауы немесе сілекей бөлінудің жоғарылығы. Анамнез: Гастроэнтерологиялық аурулар бойынша тұқым қуалаумен ауырландырылатын; • бактериалық және вирустық инфекциялар; • консервіленген тамақтарды аса көп тұтыну; • іштің қатуына бейім болу, іштің қатуы мен іштің өтуінің кезектесуі; Физикалық тексерулер: Созылмалы интоксикация және голигиповитаминоз симптомдары (эмоциональды тұрақсыздық, ашушаңдық, бастың ауыруы, әлсіздік, терінің сұр-жасыл түсті болып бозаруы, әсіресе мұрын-ауыз айналасы, көздің асты көгеруі, еріндердің кебуі, еріннің жарылуы. Дене салмағының төмендеуі. Бетін қолмен басып көргенде Керт симптомы анықталады – кіндіктен жоғары көлденең орналасқан бұлшықеттің тұрақты дефансы; кіндіктен солға қарай және сол жақ қабырға-омыртқалық бұлшықет терілерінің гиперестезиясы (Бергман-Кальк симптомы); сол жақ қабырға астында қатаю және ісіну (Воскресенский симптомы); қолмен ұстап көрген уақытта Шофарр аймағында, Мейо-Робсон, Кач, Де-Жарден нүктелерінде ауыру сезімдері пайда болады. Сіңірудің бұзылуы синдромы диареямен қатар дамиды (майлы жылтыр нәжіс, көбік тәрізді, шіріген иіс болады, дәретхана түбегі қабырғасынан әзер жуылады). Науқасты жүргізу: Диета №5 Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: к/т-ға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмолитиктер енгізу; Функциональдық тыныштық және ұйқы безінің секреторлы- ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар, H2-рецепторларының блокаторлары (циметидин 1таб х3рет немесе 2мл х 4рет к/т), протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10 күн), цитостатиктер (5- фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет. Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал, цалол, гордокс т.б.) тәуліктік дозасын жіберу. Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылысытарын жою, белок және заталмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б. Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапороскопиялы перитональді диализ, плазмоферез. Кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының преператтары және т.б.). 92. Приказ № 672 МЗ РК от 16.10.2020 года. Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде; медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде; пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін Медициналық-санитариялық алғашқы көмек кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару; халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру; аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту; иммундау; саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау; ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар; жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау; инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шарал Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек: АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы; жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика мен емдеу. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу; МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде көрсетілетін стационар қызметтері; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек: айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде; инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде; уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу; уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі. Медициналық оңалту: 1) негізгі ауруды емдеу кезінде, 2) туберкулезбен ауыратындарға. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен емдеу. 93. Клинические критерии язвенной болезни, классификация и патогенез. Ойық жара ауруы – асқыну кезеңінде асқазан мен ұлтабардың сілемейлі қабығында ақаулар (ойық жаралар) жетекші сипатты белгісі болып табылатын қайталанытын созылмалы ауру Классификациясы: Ойық жара өлшемі бойынша: кішігірім (0,5 см-ден кем); орташа (0,5—1 см); ірі (1,1—3 см); алып (3 см-ден артық). Ағымы: қайтамаламалы; жеңіл немесе жиі қайталанатын; орташа ауыр немесе қайталанатын (жыл бойына 1—2 қайталану); ауыр (жыл бойына үш немесе одан көп қайталану) немесе үздіксіз қайталану; асқынулар дамуы. Патогенезі: Тұз қышқылы секрециясы мен пепсиннің жоғарылауына, шырышты заттардың түзуінің төмендеуіне және гастродуоденальді зонаның моторлы реттелуінің төмендеуіне әкелетін бірнеше механизмдер қарастырылған. Секрецияға және асқазан мен он екі елі ішектің моторикасына екі жақты әсер ететін ОЖЖ маңызды орын алады. Орталық және вегетативті жүйке жүйесіндегі патологиялық өзгерістер қорғаныс пен қауіп факторлары арасындағы тепе-теңдікті сақтай алмай, ойықты дефекттің пайда болуына әкеледі. Клиникасы: І саты (ойықтың бастамасы). Басты клиникалық симптом -оң жақта кіндік аймағына жақын, орта сызығының оң жақ бойында эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Ауырсыну аш қарын кезінде тамақ қабылдағаннан кейін 2-Зсағаттан соң біліне бастайды (кешкі ауыру сезімі). Балалардың басым көпшілігінде түнгі ауырусезімі байқалады. Ауыру сезімі байқалады: аш қарында - ауыру - тамақ қабылдау - жеңілдену сезімін туындатады. Диспепсиялық синдром байқалады: қыжылдау (ерте және жиі белгі), лоқсу, іш өту. Іштің беткей пальпациясы ауырсынусыз, терең - беткі бұлшық еттердің қорғаныштық жиырылуына байланысты қиындық келтіреді. Эндоскопиялық зерттеу кезінде шырышты қабаттың гастродуоденальді аймақтың сұр - сары немесе ақ түсті фибринмен қапталған дөңгелектенген және сопақша пішінді буылтықты дефект айқындалған қабынуошағы көрінеді. Пилороантральді бөлікте орналасқан асқазан ойық жарасы көбінесе ер балаларда кездеседі. 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасында және бульбодуоденальді айналымда орналасуы мүмкін. Моторлы - эвакуаторлы бұзылыстарға дуоденогастральді рефлюкс және спастикалық деформацияны жатқызуға болады. II саты (ойық дефектісінің эпителизациясы) Балалардың басым көпшілігінде эпигастриалды аймағындағы кешкілік ауырсыну сезімі сақталады, күндіз де байқалады, ал тамақтанған соң жеңілдене түскендей күй кешеді. Беткей пальпацияда жақсы сезуге мүмкіндік туса, терең пальпация барысында бұлшық еттік қорғаныштық байқалады. Диспепсиялық көрініс азырақ білінеді. Эндоскопиялық зерттеу барысында шырышты қабықтың гиперемиясы әлсіз, ойықтық дефекттің айналасындағы ісіну азайған, қабыну аймағы жоғала бастайды. Дефект фибриннен босай бастайды, ойықтық конвергенция басталып, жазылудың белгілері пайда болады. III саты (ойықтың жазылуы). Ауырсыну сезімі тек аш қарында байқалады, түнгі уақытта аштық сезімі сақталады. Терең пальпация кезінде іш айқын сезіледі, бірақауырусезімі әлі де сақталған. Диспепсиялық бұзылыс білінбейді. Эндоскопиялық зерттеу барысында - сызықты, циркулярлы, жұлдызша пішінді қызыл түсті буылтықтар репарацияның ізін көрсетеді. Асқазан мен он екі елі ішек қабырғасының деформациясы білінеді. Асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатында қабыну үрдісінің белгілері байқалады, сонымен бірге моторлы - эвакуаторлы бұзылыс білінеді. IV саты (ремиссия) Жалпы жағдайы - қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Іш пальпациясы ауырсынусыз. Эндоскопиялық зерттеу кезіндегі асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабықта өзгеріс жоқ. Алайда 70-80% жағдайда асқазанның қышқыл түзуші қызметі жоғарылаған. |