Главная страница
Навигация по странице:

  • В12ЖА клиникасында болатын синдромдар

  • В12ЖА диагноз критерийлері

  • 78. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № ҚР ДСМ-122/2020. Об утверждении Правил п

  • Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2020 года № 21412.

  • Шағымдар

  • Науқастарда емді жүргізу

  • 81. Клиника (жалобы, обьективный осмотр), лечение и ведение пациентов с митральным стенозом. Митральдық стеноз

  • 82. Приказ № 421 МЗ РК от 20.06.2019 года. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования.

  • ответы на к вопросы ДБ. 77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия


    Скачать 138.26 Kb.
    Название77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии. Витамин В12жетіспеушілік анемия
    Анкорответы на к вопросы ДБ
    Дата25.10.2022
    Размер138.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла77-113.docx
    ТипДокументы
    #752970
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    77. В12 дефицитная анемия. Определение. Диагностические критерии.

    Витамин В12-жетіспеушілік анемия – витамин В12 немесе фолий қышқылы жетіспеушілігі нәтижесінде ДНҚ-ң синтезі бұзылуынан туындайтын және мегалобластық қан түзу, гиперхромия және эритроциттердің макроцитозымен сипатталатын анемиялар.
    В12ЖА клиникасында болатын синдромдар:

    1) циркуляторлы – гипоксиялық синдром;

    2) гастроэнтерологиялық синдром;

    3) неврологиялық синдром;

    4) гематологиялық синдром.
    В12ЖА диагноз критерийлері:  

    1) эритроцит санының азаюы (3 х 1012/л төмен);

    2) түс көрсеткішінің өсуі (1,1 жоғары);

    3) эритроцит құрамындағы гемоглобиннің көбеюі (34 пг жоғары);

    4) эритроциттің орташа көлемінің үлкеюі (120 мкм3 жоғары);

    5) эритроцитометриялық қисықтың оңға қарай ығысуы (макроциттер санының көбеюі, мегалоциттердің – диаметрі 12 мкм жоғары эритроциттердің пайда болуы);

    6) сүйек миы жұғындысында мегалобласттық қан түзу элементтерінің пайда болуы;

    7) қан сарысуында темірдің көбеюі (30,4 мкмоль/л жоғары);

    8) радиоактивті кобальтпен таңбаланған В12 витаминін қабылдағаннан кейін несептің радиоактивтілігінің төмендеуі. (Шеллинг тесті)
    78. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № ҚР ДСМ-122/2020. Об утверждении Правил проведения искусственного прерывания беременности и перечня медицинских и социальных показаний, а также противопоказаний для проведения искусственного прерывания беременности.

    Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2020 года № 21412.
    Жүктілікті жасанды түрде үзу мына жағдайларда жасалады:

    1) жүктілік кезінде жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдің қалауы бойынша;

    2) жүктілік мерзіміне қарамастан, жүкті әйелдің және (немесе) ұрықтың (моногенді генетикалық аурулары, түзетілмейтін туа біткен даму ақаулары және ұрықтың өмірмен үйлеспейтін жағдайы болған кезде) өміріне қауіп төндіретін медициналық көрсетілімдер бойынша;

    3) 22 аптаға дейін әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілік мерзімі кезінде жүргізіледі.
    Жүктілікті жасанды түрде үзу әдістері:

    1) дәрі-дәрмектік (ауыз арқылы, сублингвалдық немесе дәрілік заттарды қынапқа енгізу);

    2) хирургиялық (вакуум аспирация, дилатация және кюретаж) "Медициналық түсік" клиникалық хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмек құралдарын қолдану үшін қарсы көрсетілімдер болған кезде, 12 аптадан астам мерзімде медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу мүмкіндігі үшін кіші кесар тілігі.


    • Жүктілікті тоқтату әдісі мен тәсілін осы манипуляцияны жүргізетін медициналық ұйым анықтайды.

    • Жүктілікті жасанды үзуге медициналық және әлеуметтік көрсеткіштерді анықтау кезінде әйел құрамында дәрігерлік-консультациялық комиссияға (бұдан әрі – ДКК) жіберіледі: денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшесінің) басшысы, акушер-гинеколог дәрігер, жүктілікті үзуге көрсетілімдер қаралатын және расталатын сол саладағы жүкті әйелдің және (немесе) ұрықтың ауруы жататын сол мамандық дәрігері.


    Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсетілімдер болған кезде, мынадай растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде ДКК қорытындысы беріледі:

    1) жолдасының қайтыс болғандығы туралы куәлік;

    2) әйелінің немесе оның жолдасының бас бостандығынан айырылғаны жөніндегі соттың шешімі;

    3) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;

    4) ата-аналық құқығынан айырылғандығы немесе шектелгендігі туралы соттың шешімі;

    5) зорлау фактісі болған туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы;

    6) босқындар немесе мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы куәлік;

    7) мүгедектік (баласының) туралы анықтама;

    8) некесін бұзғандығы туралы куәлік;

    9) көп балалы аналар (4 немесе одан көп): барлық балаларының туу туралы куәлігі;

    10) кәмелеттік жасқа толмаған болса – туу туралы куәлігі.
    Жүкті әйелде медициналық көрсетілімдер болған кезде толық клиникалық диагнозы бар, көрсетілген мамандардың қолдарымен және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған бейінді мамандардың қорытындысы беріледі.
    Жүктілікті жасанды үзуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер болмаған кезде әйелге:

    • гестация мерзімі 63 күнге дейін болған жағдайда талдау нәтижелерімен жүктілікті жасанды үзуге жіберу, қосымша медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштер болған жағдайда ДКК қорытындысы;

    • 63 күннен 12 аптаға дейін-емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүктілікті жасанды үзуге жіберу, талдау нәтижелері бар амбулаториялық пациент картасынан үзінді көшірме, медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштер болған кезде қосымша ДКК қорытындысы;

    • жүктіліктің 12 аптасынан 22 аптасына дейін-жүктілікті жасанды үзуге жіберу емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ДКК қорытындысы, талдау нәтижелері бар амбулаториялық пациент картасынан үзінді көшірме.


    Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсеткіштер.

    1) осы жүктілік кезінде жұбайының қайтыс болуы;

    2) әйелдің немесе оның жұбайының бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

    3) әйел мен оның жұбайы белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған жағдайлар;

    4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімінің болуы;

    5) зорлаудан кейінгі жүктілік;

    6) босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесі бар әйел;

    7) отбасында мүгедек баланың болуы;

    8) жүктілік кезінде некенің бұзылуы;

    9) көп балалы (балалар саны 4 және одан да көп болса);

    10) кәмелетке толмаған жас.
    Жүктілікті жасанды үзу жасау үшін қарсы көрсеткіштер

    1) жыныс ағзаларының қабыну аурулары;

    2) олардың орналасқан жеріне қармастан іріңді ошақтардың болуы;

    3) жіті инфекциялық аурулар;

    4) жүктіліктің кеш мерзімі.
    79. Клиника (жалобы, обьективный осмотр) и ведение пациентов с нефротическим синдромом.

    Нефротикалық синдром - протеинурия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия, липидурия және жалпы ісінумен жүретін кейбір, бүйрек ауруларында кездесетін клиникалық - лабораториялық симптомдар комлексі б.т.
    Шағымдар: әлсіздік, шаршау, бас ауруы және іштің ауыруы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, етеккірдің бұзылуы және несептің көпіршікті болуы (протеинурия салдарынан).
    Объективті белгілері: жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, ауыздың құрғауы, олигоурия, бас ауруы, бел аймағында жағымсыз және ауырлық сезіміне шағымданады. Көп немесе аз мөлшерде нефроздық ісінулерде де объективті анықталады. Ісінулердің соңғы дәрежесі – анасакра байқалады. Ол кезде сұйықтықтар инфекцияларға ену қақапасы болып табылатын жарылған терілер арқылы шығуы мүмкін.


    • Терісінің құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш, шаш талшықтары үзілгіш, миокардтың дистрофиясы байқалады.

    • Миокардтың дистрофиясына байланысты жүрек тондары әлсізденеді, тахикардия болады, кейде систолалық шу естіледі. ЭКГ-да гипопротеинемиялық миокардиодистрофияның белгілері анықталады.

    • Нефроздық синдромның салдарынан көптеген ағзалардың функциясы бұзылады, соның ішінде ұйқы безінің, қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің.Ұйқы безінің негізгі ферменттерінің (липаза, амилаза) бөлінуі бұзылады, қалқанша және бүйрекүсті бездерінің функциясы бұзылады.


    Науқастарда емді жүргізу:

    • Бүйрек зақымдануы болмас үшін, артериалдық қысымды қалыпты деңгейде ұстау (130/80 мм рт. ст.) немесе одан төмен. Көбінесе, артериалдық қысымды азайту үшін ангиотензин-айналдырушы ферментті тежеушілер және ангиотензин-II рецепторларын басушылар қолданылады.

    • Науқасқа иммундық жауапты басатын және азайтатын гормондар (кортикостероидтар)  және басқа препараттар тағайындалуы мүмкін.

    • Қандағы холестерин деңгейін азайту жүректе және жүрек тамырларында мәселелер пайда болу ықтималдығын азайтады. Кейбір науқастарға қандағы холестерин және үшглицеридтер деңгейін азайту үшін дәрі (аторис – холестерин төмендетеді) қабылдау қажет болады.

    • Тұзы аз емдәм қол-аяқтың ісінуін азайтуға көмектеседі. Несеп айдайтын құралдарды (диуретик - гипотиазид, фуросемид, бринальдикс) қабылдау да ісінуді азайтуға ықпал етеді.

    • Ақуыздың мөлшері аз емдәмді тұтыну да науқастың жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Науқасқа Д дәрумені тағайындалуы мүмкін, егер нефротикалық синдром ұзақ уақыт байқалса және емдеуге көнбейтін болса.  

    • Тромбы түзілуінің алдын алу үшін науқасқа қан ұюына қарсы препараттар (антикоагулянттар - гепарин, курантил) тағайындалуы мүмкін.


    80. Приказ № 672 МЗ РК от 16.10.2020 года. Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.

    2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек

    • пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

    • медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

    • пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін

    1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

    • кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

    • халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;

    • аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

    • иммундау;

    • саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

    • ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар;

    • жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

    • инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шарал

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

    • АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;

    • жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика мен емдеу.

    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу;

    • МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде көрсетілетін стационар қызметтері;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

    1. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

    • айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

    • инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

    • уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

    • уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.

    1. Медициналық оңалту: 1) негізгі ауруды емдеу кезінде, 2) туберкулезбен ауыратындарға.

    2. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек

    3. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

    4. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.

    5. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.

    6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.

    7. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен емдеу.


    81. Клиника (жалобы, обьективный осмотр), лечение и ведение пациентов с митральным стенозом.

    Митральдық стеноз – сол жақ жүрекшенің систоласы кезінде қанның оның ішінен сол жақ қарыншаға физиологиялық құйылуына кедергі тудыратын сол жақ жүрекше-қарынша тесігінің тарылуы.
    Шағымдары:

    • Компенсациялы митральдық стенозда науқас адам шағым айтпауы мүмкін. Кіші қан айналым шеңберінде қан қысымы көтерілгенде (әдетте «пассивтіөкпе гипертензиясы сатысында) денеге күш түскен кезде ентігу мен жүрек соғуы болады, себебі жүрекке келетін қан көлемі көбейіп, капиллярларды қанмен толтырып жіберетіндіктен қалыпты газ алмасуы бұзылады. Қан қысымы тез көтеріліп кеткенде жүрек тұншықпасы, құрғақ жөтел немесе болмашы кілегейлі қан аралас қақырық бөлу (қан қақыру) байқалады.

    • Денеге күш түскенде байқалатын тез шаршау мен әлсіздік қанның минуттық көлемінің әуелі «бірінші», кейін «екіншібөгет пайда болуына байланысты тиісті көтеріле алмайтынына (минуттық қан көлемінің «фиксациясы») байланысты туындайды. Жүрек тұсының ауыруы сирек кездеседі.


    Қарау:

    • Митральдық стеноздың белгілері өсе келе нағыз facies mitrales қалыптасады: терінің қуқыл тартқан фонында бет ұшының «митральдықкөкшіл қызыл шырайлы болуы, еріндер мен мұрын ұшының көгеруі. Денеге күш түскен кезде цианоз күшейе түседі және тері жамылғысы сұрғылт түске боялады («қызыл түстіцианоз), ол қанның минуттық көлемінің аздығымен байланысты. Жүрек аймағында «жүрек томпағы», жиі төстің сол жақ шетіндегі ІІІ-IV қабырға аралықтарында солқыл (жүрек солқылы) және эпигастрий аймағында солқыл көрінеді; бұл симптомдар гипертрофияланған және дилатацияланған оң жақ қарыншаның күшті жиырылуынан туындайды.

    • Жүрек ұшы аймағында сипап (алақанмен сипап), «мысық пырылысимптомы анықталады, ол белгі қан бөлшектерінің тар митральдық тесік арқылы диастола кезінде өткенде иірілуінен туындайды.


    Науқастарда емді жүргізу:

    • Митральдық стенозды емдеудің спецификалық әдісі жоқ. Ревматизм процесі мен қан айналысы жетіспеушілігін жалпы әдістер бойынша емдейді. Стенозды жоюдың шешуші жолы – хирургиялық ем.


    Хирургиялық ем көрсетпелері:

    • 1) митральдық тесіктің айқын және қауіпті стенозы (1 см2төмен);

    • 2) қан айналысы жетіспеушілігінің III-IV функциональдық кластарында немесе қайталамалы тромбоэмболияда болатын орташа дәрежелі стеноз.


    Болжамы: хирургиясыз 40-45 жыл өмір сүреді, хирургиядан кейін 85% 10 жыл өмір сүреді.
    82. Приказ № 421 МЗ РК от 20.06.2019 года. Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

    1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

    • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;

    • бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

    • уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

    • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

    • диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар.

    2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

    3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек

    • ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда;

    • ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.

    4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту.

    5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

    6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

    7. Мынадай:

    • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

    • уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.

      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта