Главная страница

Аудиториялық сабақ 9.10. 9 Аудиториялы саба Таырыбы Желшешек. Эпидемиялы паротит. Ауа тамшы жпалы ауруларызылша, ызамы,скарлатина. Балалар туберкулезі. Жел шешек


Скачать 481.19 Kb.
Название9 Аудиториялы саба Таырыбы Желшешек. Эпидемиялы паротит. Ауа тамшы жпалы ауруларызылша, ызамы,скарлатина. Балалар туберкулезі. Жел шешек
Дата21.04.2022
Размер481.19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАудиториялық сабақ 9.10.docx
ТипДокументы
#489324
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

Жәншаудың негізгі клиникалық белгілері:

Продрома кезеңі (аурудың хабаршы кезеңі):

• улану белгілері артады: дене қызуының 38-40˚С дейін көтеоілуі, қалтырау, құсу, бастың ауруы, жалпы әлсіздік және т.б.;

• ерте жастағы балаларда менингиальді белгілер болуы мүмкін;

• жұтынған кезде тамағының ауырсынуы;

• тамағының айқын қызаруы;

• алғашқы 2 күнде тілі құрғақ, сұр-ақ түсті жабындымен жабылған, одан әрі айқын қызыл түсті, тегіс, емізіктері айқын білінген – «таңқурайлы тіл»;

• жүрек-тамыр жүйесінің өзгерістері қосылады – тахикардия, қан қысымының жоғарылауы.

Қарқындау кезеңі негізгі үштік белгімен сипатталады: жәншаулық, бөртпе, улану.

• жәншаулық бөртпе – беттен, мойыннан басталып тез арада барлық денеге тарайды, 2-ші тәуліктің соңында толық даму шегіне жетеді. Ұсақ нүктелі гиперемия негізінде, дененің екі жанында, іштің төменгі бөлігінде, табиғи қыртыстарда көп мөлшерде болады, симметриялы болады;

• мұрын-ерін үшбұрышы маңында болмайды (боз мұрын-ерін үшбұрышы – Филатов симптомы)

• тұрақты белгі – баспа, қызарудың өте айқын болуына байланысты «жанып тұрған өңеш» немесе «оттай жанған баспа» деп аталады (аурудың жеңіл түрінде катаральді, ал ауыр түрінде іріңді баспалар дамиды);

• тонзиллярлы лимфатүйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырсыну болады;

• аурудың 4-5 күнінен жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы пайда болады («жәншаулық жүрек»): жүрек шекарасының кеңеюі, систолды шу, брадикардия, қан қысымы төмен;

• шеткергі қандағы өзгерістер: жоғары лейкацитоз, эозинофилия, ЭТЖ артады.

Реконвалесценция кезеңі:

• терінің жалпақ қабыршақ тәріздес түлеуі – аурудың 2 аптасынан бастап аурудың жағдайы жақсарады.

Асқынулары.

Ерте дамитын асқынулар – аурудың алғашқы күндерінен бастап дамуы мүмкін: іріңді лимфаденит, отит, мастоидит, пневмония, іріңді плеврит, өлі етті баспа.

Кеш дамитын асқынулар – аурудың 2-3 аптасында пайда болады: бүйректің, жүректің және буындардың зақымданулары.

Емі.

• Клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты аурухана жағдайында емдеу қажет. Жеңіл, орта дәрежелі ауырлық ағымдарында үй жағдайында емделеді.

• Өткір кезең бойы төсек тәртібі тағайындалады.

• Тағам мөлшері жеткілікті, дәрумендерге бай, механикалық және химиялық жайлы болуы қажет.

• Антибактериальді ем 5-7 күнге (пенициллинге көңіл бөлген дұрыс).

• Антигистаминді препараттар.

• Дезинтоксикациялық ем.

• Симптомдық ем.

• Жергілікті – баспаны емдеу (тамақты шаю).

Аурудан кейін тұрақты антитоксикалық иммунитет қалады, стрептококке қарсы иммунитет аса тұрақты емес және оның түріне байланысты болады.

Тұрақты антитоксикалық иммунитеттің болуы баланы стрептококкті инфекциямен қайталап ауырғанда жәншаудан қорғайды, бірақ стрептококкті инфекцияның басқа клиникалық түрі дамуы мүмкін: баспа, рожа және т.б.

Алдын алу.

1. Аурулар мен қатынаста болғандармен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру.

2. Балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету.

3. ЛОР – мүшелерінің санациясын жүргізу.

4. Адамдардың шамадан тыс жоғары шоғырлануының алдын алу.

5. Жеке бас гигиенасын сақтау.

6. Бөлмелерді жиі желдету.

7. Баланың арнайы емес иммунитетін көтеруге арналған шараларды өткізу (дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, салауатты өмір салты).

Жәншау кезіндегі мейірбике үрдісі.

Пациенттің және оның отбасының қазіргі және келешектегі мәселелерін дер кезінде анықтау және бұзылған тіршілік үшін маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Баланың кездесетін мәселелері:

• Тамақтануының бұзылуы;

• ұйқысының бұзылуы;

• жұтыну кезінде ауырсыну;

• психикалық және физикалық салмақтарға төзімділіктің төмендеуі;

• құрбыларымен көп уақыт көріспеу;

• ізденіске деген белсенділігінің төмендеуі;

• аурудың себебінен туған қиындықтармен өз бетімен күресе алмау, өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі;

• асқынулардың қосылуы.

Ата-анасының кездесетін мәселелері:

• баласы үшін қорқыныш, аурудың болжамына деген сенімсіздік;

• ауру және күтім туралы білімнің жеткіліксіздігі;

• отбасының өмір сүру тәртібінің өзгеруі;

• отбасындағы психоэмоциональдық тынышсыздық;

• баланың жағдайын дұрыс бағалай алмау;

Мейірбикелік араласулар

• Ата-анаға және балаға (жасы келсе) аурудың даму себебі, клиникалық белгілері, болатын асқынулары жайлы мәлімет беру.

• 22 күнге пациентті оқшаулауды қамтамасыз ету, сонымен қатар баланы жеке бөлмеге орналастыру, күтім барысында санитарлық-гигиеналық іс-шараларды орындау арқылы отбасның басқа мүшелеріне ауру жұқпауын қамтамасыз ету. Күнделікті ылғалды жинаулар өткізу (балаға бөлек ыдыс-аяқ беру, оларды қолданылғаннан кейін қайнату, ауру кезеңінде кілемдерді,жұмсақ ойыншықтарды жинап алып тастау, бөлмені жиі желдету).

• Пациентке төсек тәртібін қамтамасыз ету, оны кеңейту тіршілік үшін маңызы бар қызметтері және зертханалық көрсеткіштерін қадағалау жолымен өткізу қажет. Тіршілік үшін маңызы бар қызметтерін үнемі қадағалау: тамыр соғысы, тыныс алу, қан қысымы, дене температурасы, тері және шырышты қабаттарының жағдайы, физиологиялық бөліністерінің сипаты және т.б.

• Ата-анасын баланың мәселелерін анықтауға және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға үйрету.

• Ата-анасына баланы тамақтандыруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес беру. Сұйық және жартылай сұйық тез сіңірілетін тағамдармен тамақтандыруға кеңес беру, тәулігіне 5-6 рет, аз мөлшерде. Өткір кезеңде тағамдар механикалық және химиялық жеңіл, жылы, витаминдермен байытылған болу қажет. Енгізілетін сұйықтықтың мөлшерін 1-1,5 литрге дейін арттыру.

• Дәрілік емді өткізуді қадағалау, бала мен ата-анасына антибактериальді ем курсының 7 күннен кем болмайтындығын түсіндіру. Антибактериальді ем курсынан кейін тамақ құрамына қышқыл сүт биотағамдарды енгізу: биойогурт, биоайран, ацидофильді сүт және т.б.

• Ата-ананы тамақты шаюға арналған шөп тұнбаларын дайындауға үйрету.

• Баланы әр түрлі зертханалық-аспаптық зерттеулерге терапиялық ойындардың көмегімен алдын-ала дайындау (қанның клиникалық анализі, зәрдің жалпы анализі, ЭКГ).

• Пациентке және оның ата-анасына баланың ауыру кезеңінде психологиялық қолдау көрсету. Баланы тыныш ойындармен, музыка тыңдаумен, кітап оқумен алдандыруға кеңес беру. Отбасның барлық мүшелеріне созылмалы инфекция ошақтарын дер кезінде жоюға кеңес беру.

• Ата-анасына бала сауыққаннан кейін жұқпалы аурулардың арнайы емес алдын алу шараларын өткізуге кеңес беру (ұйқы және дем алу тәртібін сақтау, жасына сәйкес дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, физикалық салмақтарды мөлшерлеу, ауыз қуысын дер кезінде санациялау, иммуностимуляторлар және витаминдер беру).

• Сауығу кезеңінде баланы қадағалауды жалғастырудың қажеттілігін ата-анасына түсіндіру: педиатр және басқа да мамандар 1 ай көлемінде.

Туберкулез кезіндегі мейірбике үрдісі

Туберкулез- созылмалы инфекциялық-аллергиялық ауру,әр түрлі ағзаларда арнайы қабыну өзгерістердің болуымен сипатталады (туберкулездік гранулемалар).
Туберкулездің қоздырғышын алғаш рет неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылдың 24 наурызында ашты.
Қазіргі уақытқа дейін туберкулез жер шарында кең таралған аурулардың бірі болып саналады.
Соңғы жылдардағы туберкулез ауруының деңгейінің біршама төмендеуіне келесі іс-шараларды өткізі ықпал етті:
1. Барлық сау,жаңа туған нәрестелерге ауруға қарсы вакцинация және жоспарлы түрде белгілі жас шамасында ревакцинация өткізу.
2. Қауіпті топтағы балаларды диспансерлік бақылау.
3. Ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын өткізу.
4. Халықтың әлеуметтік-мәдени деңгейінің жоғарлауы.
Соған қарамастан кейінгі уақытта елімізде туберкулез ауруының таралуы қайтадан жоғарлаған.

Этиологиясы.
Туберкулездің қоздырғышы-микобактерия тобына жатады,сәулелі саңырауқұлақтар тектес.
Қоздырғыштың 4 түрі бар:
• Адам түрі-көбіне балаларда туберкулез тудырады;
• Өгіз түрі-ауру жануардың сүтін қолдану кезінде жұғады;
• Құс түрі – құс фермаларында жұмыс істейтін адамдар ауырады;
• Тышқан түрі-дала тышқандары ғана ауырады.

Қоздырғыштың негізгі қасиеттері
- сыртқы ортаға төзімділігі жоғары
-
төмен темперетураға төзімді
-
қышқылдар,сілті және спирттің әсеріне төзімді
-
тікелей күн сәуле,ультракүлгін сәуленің әсерінен,қайнатуда тез өледі-5-10 мин көлемінде
-құрамында хлор бар дезнфектанттарға сезімтал
-
сыртқы ортаның әр түрлі факторларының,арнайы бактерияға қарсы және химиопрепараттар әсерлерінен қасиеттерін өзгертеді және оларға төзімді түрлерін құрайды.

Аурудың көзі;
1. Туберкулездің бациллалы түрімен ауыратын ауру адам.
2. Ауру жануарлар
3. Ауру құстар

Инфекцияның негізгі таралу жолдары;
• Ауа-тамшы
• Тағам арқылы
• Су арқылы
• Тұрмыстық түйісу
• Құрсақішілік

Аурудың ену қақпалары:

• Жоғарғы тыныс жолдары,өкпе
• Ас қорыту жолдары

Туберкулез дамуының қауіпті факторлары:
• Тұрмыс жағдайының төмен болуы,шоғырлану
• Санитарлы-тазалық мәденетінің төмен болуы
• Тиімсіз тамақтану
• Иммунитеттін төмен болуы және т.б.

Туберкулездің даму механизмі;
Алғашқы жұқтыру бірнеше саты арқылы өтеді;
1. Қоздырғыш тыныс,ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары немесе плацента арқылы енуі
2. Бактеремия –қоздырғыштың лимфа және қан тамырлары арқылы таралуы
3. Регионарлы және шеткергі лимфабездерінің зақымдануы, оларда арнайы туберкулездік қабыну дамиды.
Қоздырғыш ағзаға енгеннен кейін алғашқы бектеремия дамиды.Бұл кезең- алғашқы туберкулездік инфекция әдетте клиникалық белгілірсіз өтеді,6-8 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Қан айналымында жүріп микобактериялар бала ағзасында имуннологиялық қайта құрылу туғызады.Бұл мезгілде балада муберкулиндік сынақтың ең алғаш рет оң болуы анықталады-туберкулиндік сынақ виражы.
Инфекция ауқымды болса,имунитеттің төмендеуіне аурудың клиникалық белгілері пайда болады- “ерте туберкулездік инфекция”.Процесс микрополиаденитпен аяқталады,бала өмір бойы туберкулез микобактериясына сезімтал болады.Кейінде,жағымсыз факторлардың әсерінен,зақымданған ағзаларда арнайы туберкулезге тән өзгерістермен сипатталған қабыну пайда болуы мүмкін.

Туберкулездік қабынудың кезендері:
1. Инфильтрация
2. Ірімшік тәріздес өлі еттену
3. Кері даму
4. Кальцинация
Микробактериялар алғашқы енгенде дамитын клиникалық-патологиялық өзгерістер біріншілік туберкулез аталады.
Балалар мен жасөспірімдердің біріншілік туберкулезінің негізгі клиникалық түрлері;
1. Біріншілік туберкулездік улану
2. Біріншілік туберкулездік кешен
3. Кеудеішілік лимфатүйіндер туберкулезі

Балаларда біріншілік туберкулез дамуының итермелеуші факторлары:

• Жұқтыру ауқымдлығы
• Баланың имунножетіспеушілік жағдайы
• Туберкулезге қарсы вакцинаның болмауы

Біріншілік туберкулездік улану

біріншілік туберкулездік улану-көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда, туберкулез ауруының бастапқы кезеңінде дамиды.

Біріншілік туберкулездік уланудың негізгі клиникалық белгілері.

➢ Туберкулездік улану белгілері артады: тәбеті төмендейді, әлсіздік, шаршағыштық, ашуланғыштық, ұйқысының қанбауы.

➢ Нейтровегетативті бұзылыстарды айқын: тершеңдік, бастың ауыруы, тахикардия.

➢ Микрополиаденит анықталады( перифириалық лимфа түйіндерінің ұлғаюы).

➢ Туберкулиндік сынақтың виражы анықталады

➢ кейде түйіндік эритема пайда болады; тізе терісінде тамырлар бойында ауырсынатын түйіндер пайда болады;

➢ дене салмағының томендеуі немесе артуының тоқтауы;

➢ жиі қосымша аурулар дамиды;

➢ перифериялыққан көрсеткіштері өзгереді:эозинофилия,нейтрофилез,лейкопения,аздап ЭТЖ артады;

➢ иммунологиялық стаиустың бұзыылуы айқын: Тлимфоцериннің деңгейі және белсенділігі төмендейді.

Ұзақтығы айға созылады.

Болжамы:
Дер кезінде анықталса және тиімді ем жүргізілсе – толық сауығуы.
Ағымы жағымсыз болған жағдайда – туберкулездің ошақты түрлері дамиды.

Біріншілік туберкулездік кешен.

Біріншілік туберкулездік кешен - балалар арасында қатынастардың артуы, барлық ағзалар мен жүйелердің қарқынды дамуы, ағзада болатын гармондық және иммунологиялық өзгерістер себебінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кездеседі.
Біріншілік туберкулездік кешеннің негізгі клиникалық белгілері:

➢ улану белгілері күшейеді:жоғары тершеңдік,әлсыздік, өзін нашар сезіну, жоғары шаршағыштық, - аптаға созылатын фебрильді қызба, одан әрі ол субфебрелитетке ауысады;

➢ пальпация кезінде топтпрда ұлайған жұмсақ эластикалық лимфабездері анықталады ;

➢ өкпе зақымдануы белгілері анықталады: ентігу құрғақ жөтел, арнайы қабыну ошағының үстіндегі тықылдату дыбысының шектеулі қысқаруы, сол жерде тыныс алуы әлсіз , аздаған ылғалды сырылдар;

➢ өкпе ренгендік өзгерістер анықталады: біріншілік өкпе ошағы және безді компонент арасындағы «жолдарымен»;

➢ перифериялық қан көрсеткіштері өзгереді : анемия, лейкоцитоз, эозинафилия, ЭТЖ артады;

➢ туберкулездік сынамалар әрдайым оң болады.

Болжамы:
1. Арнайы кешенді ем жүргізілсе – клиникалык және рентгенологиялық сауығу және лимфа түйіндерде ұсақ петрификаттар болады.
2. Ізбестелген ошақтарда, әсіресе лимфатүйіндерде, микробактериялар болады, ағымы жағымсыз болған жағдайда- екіншілык туберкулез дамиды

Кеудешілік лимфабездердің туберкулезі(бронхоаденит)

Кеудешілік лимфабездердің туберкулезі – тыныс алу ағзалары туберкулезімен қайталап ауырғандар арасында өте көп орын алады.
Бронхоаденит біріншілік ошақтық кеудешілік лимфобездерінде орналасуымен сипатталады: трахея маңы , трахеобронхиальді, бронхопульмональді.
Ерте жастағы балаларда ағымы өте ауыр болады.
Бронхоадентің негізгі клиникалық белгілері:
➢ улану белгілері айқын: тершеғдік, әлсәздәк, шаршағыштық,ыңғайсыздық, көңіл-күйінің нашарлауы, тәбетінің бузылуы, жоғары субфебрилитет;
➢ тыныс жолдарының қысылу белгілері анықталады, тыныс алу өиындайды, ұлғайған лимфобездермен бронхтардың қысылуына байланысты болатын ұстама тәріздес «биотонды» жөтел: төменгі тодағы жөтелмен қоса жоғарғы тонды жөтел естіледі;

➢ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінде І-ІІ қабырғалар аралығында көк тамырлар торының кеңеюі анықталады;
➢ өкпеде рентгендік өзгерістер анықталады : шеттері шығыңқы немесе айқын білінбейтін өкпе түбірінің ұлғаюы, өкпе тінінің түбірі маңы аймағындағы инфильтрация;
➢ бронхоскопия: брохиальді жылын көздің болуы, жылын көз маңының грануляциясы, бронхтардыі таралуы;
➢ асқазанның шайынды суында микробактериялар анықталады ;
➢ перифериялық қан көрсеткіштері өзгереді: моноцитоз, лимфопения, эозинофилия, ЭТЖ артады.

Болжамы:
1. Арнайы тиімді ем жүргізілсе- толық сауығу.
2. Ағымы тиімсіз болғанда – казеозды бронхоаденит дамиды, оның ағғымы толық тәріздес , созылмалы болады.

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің кавернозды туберкулезі-өкпе туберкулезінің ауыр турі,өкпе Кавернозды туберкулез бүр жакты және екі жакты,бүр ғана немесе бірнеше каверналар болуы мүмкін.
Кавернозды туберкулездің негізгі клиникалық белгилер:

-улану белгілері айқын:әлсіздік,жоғары қызба,ұйқысының және тәбетінің бұзылуы:

-өкпе жағынан болатын өзгерістер:қақырык бөлінентін жөтел,ентігу,кеуде қуысының ауырсынуы ,зақымданған бөлік үстіндегі тықылдату дыбысты көп мөлшерде ұсақ және орта көпіршікті сырылдар ,тыныс тапшылығы қослуы мүмкін

- өкпедегі ренгендік өзгерістер:өкпе тінінің ыдырау бөліктері анықталады

-көп молшерде бактерияныбөліп шыгару байкалады(қақырықта асқазан мен бронхтардың шайынды суында )

-перифериялық қан көрсеткіштері өзгереді:гемоглобин және эритроциттер саны төмендейді,ЭТЖ 50эритроцит мм.сағ дейін артады.

Болжамы:тиімді емес.Біртіндеп өкпеде пневмомклерроз,Эмфизема,бронхоэктаздар дамиды.

Шеткердегі лимфабездерінің туберкулезі

Шеткердегі лимфабездерінің туберкулезі(туберкулезді лимфаденит)-мойын,жақ асты немесе қолтық асты лимфабездерінің зақымдануымен сипатталады.

Тубекулезді лимфадениттің инфильтративті,продуктивті және казеозды түрлері бар.

Шеткердегі лимфабездерінің туберкулезінің негізгі клиникалық белгілері:

-туберкулезді улану аса айқын емес;

-мойын,жақ асты немесе қолтық асты лимфабездерінің аздап ұлғаюы;

- зақымданған лимфабездерінде біртіндеп жылан көздер дамиды(30-32%)

Клиникалық белгілердің айқын болмауы ауру анықталуының кеш болуына әкеледі.

Туа біткен туберкулез

Туа біткен туберкулез-аурудың ұрыққа құрсақішілік жұғуында дамиды.

Даму механизмі

Анасының шашыраңқы туберкулезінде әдетте плацента зақымданады.Ұрыққа берілу гематогенді жолмен өтеді.Туберкулездің микобактериясы кіндік көк тамыры арқылы ұрыққа өтеді,көбінесе бауырға барып тұрақтайды.

Туа біткен туберкулезге тән болады

-біріншілік ошақтың бауырда пайда болуы

-регионарлы бауыр лимфа тамырларының зақымдануы

-кейінен – басқа ағзалардың зақымдануымен болатын процестің жайылуы,соның ішінде өкпенің де.

Диагностикасы

Туберкулез ауруына күдік болғанда пациентті тексеру әдістері:
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта