тест. A бронхоспазм
Скачать 444.57 Kb.
|
Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысында қандай дәрі тиімді болып табылады? A) плазма B) диуретиктер C) антибиотиктер D) тұзды ерітінділер (солевые растворы) E) плазма алмастыратын препараттар (плазмозамещяющие препараты) ANSWER: B Жедел бүйрек шамасыздығына тән емес симптом: A) жедел басталуы B) олигурия C) гиперкалиемия D) бүйрек көлемінің кішіреюі E) дизурия ANSWER: D Жедел гломерулонефрит кезінде симптомдар триадасы: A) гематурия, ісіну, гипертония B) пиурия, бактериурия, гипертония C) гематурия, , ісіну D) лейкоцитурия, цилиндрурия, ісіну E) цилиндрурия, ісіну, бактериурия ANSWER: A Жедел лейкоздың емінде қолданылады: A) винкристин B) интерферон C) спазмалгон D) дицинон E) азитромицин ANSWER: A Жедел лейкоздың ремиссия кезеңіндегі диагностикалық критерииі: A) гемограммада бластты жасушалардың болмауы B) миелограммада бластты жасушалардың 5%- ға дейін болуы C) гемоглобин деңгейінің 110 г/л аз болмауы D) тромбоциттер деңгейінің 100х109/л аз болмауы E) клиникалық симптомдардың нормализациясы ANSWER: B Жедел лимфобластты емес лейкозға келесі бластты жасушалардағы цитохимиялық реакциялар тән: A) Суданмен теріс реакция B) миелопероксидазамен оң реакция C) миелопероксидазамен теріс реакция D) метилен көгімен оң реакция E) йодпен оң реакция ANSWER: B Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз: A) амиодарон B) лидокаин C) хинидин D) верапамил E) дилтиазем ANSWER: B Жедел миокард инфарктымен ауырған 73 жастағы Ж.атты науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз? A) зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы B) идиопатиялық перикардит C) инфаркттан кейінгі синдром D) миокард жарылуы E) инфаркт алды синдром ANSWER: C Жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай диуретикке жоғары баға бересіз: A) диакарб B) маннитол C) фуросемид D) верошпирон E) гигротон ANSWER: B Жергілікті дәрігерге 28 жастағы науқас қаралды. Шағымдары тамағының ауырсынуы, жөтел, тәбетінің төмендеуі. Қарағанда -миндалиндаердің гиперплазиясы, мойын лимфотүйіндері ұлғайған. Қанда: Нв-104 г/л, эр-4,2∙109/л, лейк-15∙109/л, тр-120∙109/л, ЭТЖ – 27 мм/сағ, формула: эоз-1%, п/я-3%, с/я-60%, лимф-24%, моноциттер- 8%, бластты жасушалар- 4%. Дұрыс тактиканы таңдаңыз: A) антибактериалды ем жүргізу жіне қайтадан тексеру B) оториноларингологтың консультациясы C) лимфотүйіндерінен биопсия алу D) гематологқа жіберу E) қан анализін қайтадан алу ANSWER: D ЖИА диагнозымен бақыланатын науқас Ф. 70 жаста отбасылық дәрігерге өзінің ахуалының нашарлауына байланысты шағымданды. Инфарктанкейінгі кардисклероз. Артериялық гипертензия II, IV қаупі. НКIIБ. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, ішінің оқтын-оқтын ауыруына, көз алдында екеуленуіне шағымданады. Дәріні жүйелі қабылдайды. АҚ 150/90 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин 50 рет. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформирленген, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен жылжууы, қарынша экстрасистолиясы бигемия типі бойынша. Науқастың жағдайын нашарлатқан себебі: A) гипертониялық криз B) жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы C) гликозидті интоксикация D) қайталмалы миокард инфарктісі E) мидың қан айналымы ауыспалы бұзылысы ANSWER: C Жүкті әйелдердің диффузды токсикалық жемсауында төмендегі препараттардың қайсысы қолданылады: A) Мерказолил B) Пропилтиоурацил C) Тирозол D) Левотироксин E) Калий йодиді ANSWER: B Жүрек және бүйрек ісінулері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз: A) Бүйрек перфузиясын жақсарту B) Жүрек лақтырысын төмендету C) Осмотикалық диуретиктерді өолдану D) Бауыр перфузиясын жақсарту E) Қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату ANSWER: A Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахикардияны жоюға арналған таңдау препараты: A) верапамил B) допутамил C) дигоксин D) пропранолол E) дилтиазем ANSWER: C Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны мына төмендегі түрлерге бөледі: A) нормосистолиялық, тахисистолиялық, брадисистолиялық B) нормосистолиялық, пароксизмдік, брадисистолиялық C) нормосистолиялық, тахисистолиялық., пароксизмдік D) пароксизмдік, тахисистолиялық., брадисистолиялық E) өтпелі, пароксизмдік, брадисистолиялық ANSWER: A Жүрекшелер жыбырының ЭКГ-белгілері: A) Р-тісшесінің жоқтығы, Р-тісшенің қос өркештенуі, РQ аралығының ұзаруы B) Q -тісшесінің пайда болуы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі C) Р-тісшесінің жоқтығы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі D) QRS комплексінің деформациясы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі E) Р-тісшесінің жоқтығы, РQ аралығының ұзаруы, R-R аралықтарының әртүрлілігі ANSWER: C Жүре пайда болған жүрек ақауының функциональдық түріне қарай жіктелуі: A) компенсацияланған,бір қақпақшалы, жай B) комбинирленге, субкомпенсацияланған, біріккен C) үш қақпақшалы, комбинирленген, декомпенсацияланған D) комбинирленген, біріккен, жай E) үш қақпақшалы,жай, компенсацияланған ANSWER: D З. атты 46 жастағы науқас шап және сан аймағына берілетін бел тұсындағы ауырсынуға және зәр шығарғанда пайда болатын ауру сезіміне, лоқсу мен құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: науқас ыңқылдап жатыр. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,6 мың., ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина - 9,2 ммоль/л, креатинин - 0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1018, лейкоциттер - 5-6 к/а, эритроциттер - 20-25 к/а, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Қандай топтың препараттарын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ? A) уросептиктерді B) антибиотиктерді C) цитостатиктерді D) спазмолитиктерді E) кортикостероидтарды ANSWER: D Инсулинтерапияның асқынулары: A) глюкозурия B) гипергликемия C) липодистрофия D) тромбоцитопения E) трансаминазалардың жоғарылауы ANSWER: C ІІ дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың ІІ типіндегі (Мобитц ІІ тип) ЭКГ көрінісі: A) PQ аралығының 0,20с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі B) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің деформацияланып, бірқатарының түсіп қалуы C) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің пішінінің бұзылмауы D) RS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі E) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі ANSWER: B Ірі тәждік артериялардың жергілікті стенозында стенокардияның еміндегі оптимальді әдіс болып табылады: A) консервативті ем нитраттармен B) консервативті ем β-адреноблокаторлармен C) транслюминальді ангиопластика D) аорта коронарлық шунттау E) консервативті ем кальций антогонистерімен ANSWER: C Қабылдау бөліміне қант диабетімен учетта тұрған 63 жастағы айел ессіз жеткізілді. Соңғы екі күн құсып, көп реттік сұйық нәжіс, тырысулар. Қарағанда: науқас ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді. Қарашықтары ұлғайған. Терісі құрғақ, тургоры төмен. Көз алмалары жұмсақ. ТЖ 24 мин, АҚҚ 65/45мм с/б, ЖЖЖ - 112 мин. Тексергенде: қанда - эритр-6,7 млн., лейк-12,6 мың., СОЭ-10 мм/сағ., қандағы глюкоза-45 ммоль/л. Бұл коматозды жағдай дамуына әсер ететін фактор: A) гипоксия; B) бүйрек функциясының жетіспеушілігі; C) көмірсулар қабылдау жетіспеушілігі; D) ағза сусыздануы; E) интоксикация. ANSWER: D Қабылдауға 40 жастағы науқас келді. Гипохромды микроцитарлы анемия диагнозымен Д-тіркеуде тұрады. Анамнезінде 7 жыл бойы созылмалы энтерит. Ранферон қабылдағаннан кейін жүрек айнуға, құсуға, эпигастрии аймағындағы қолайсыз сезімге шағымданады. Науқасты емдеу тактикасын таңда: A) Емге церукал қосу B) Эритроцитарлы масса құю C) Ранферон мөлшерін төмендету D) Темір препараттарын парентеральды E) басқа темір препараттарын тағайындау per os ANSWER: D Қабылдауда 48 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 5-6 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз: A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі B) Крон ауруы, жіңішке ішектің зақымдануымен C) Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің зақымдануымен D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі ANSWER: C Қабылдауда 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке және жүрек соғуының жиілеуіне шағымданады.Созылмалы маскүнемділікпен наркодиспансерде Д-есепте тұрады. Қараған кезде тәбеті төмендеген, қол басының дірілі байқалады. АҚҚ 145/95 мм.с.б.б. ЖСЖ 96 рет минутына. ЖҚА: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз: A) Темір жетіспеушілігі B) глютена жетіспеушілігі C) эритропоэтин жетіспеушілігі D) фоли қышқылының жетіспеушілігі E) гастромукопротеин жетіспеушілігі ANSWER: D Қабылдауда 58 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады? A) Ілмекті диуретиктер B) жүрек гликозидтері C) альдостерон антагонистері D) селективті бета-блокаторлар E) гликозидті емес инотропты дәрілер ANSWER: D Қабылдауда 60 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Міндетті түрде қандай ем тағайындау керек? A) Хеферол 350 мг 2 р/д B) Эр-масса құю 250 мл C) Фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к D) Цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к E) Аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к ANSWER: D Қабылдауда науқас 30 жаста,дене қызуының 38,6°C дейін көтерілуіне, іш ауруына,тәулігіне 6─8 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін A) Жедел дизентерия B) Спецификалық емес жаралы энтерит C) Спецификалық жаралы колит D) Крон ауруы E) Спецификалық емес жаралы колит ANSWER: E Қақырықта Шарко-Лейден және Куршман спиральдары табылса бұл қай ауруға тән A) эмфизема B) бронх демікпесі C) өкпетекті жүрек D) крупозды пневмония E) бронхит ANSWER: B Қалқанша безі гормондарының әсерлері: A) белок синтезін күшейтеді B) ағзаның өсуіне және дамуына, жасушалардың пролиферациясына әсер етеді C) белок синтезін тежейді D) көмірсу синтезін күшейтеді E) жүрекке теріс мәнді инотроптық және хронотроптық әсер етеді ANSWER: B Қалыпты жағдайда аорта қақпақшасының аумағы неше см2 құрайды? A) 6-8см2 B) 4-6см2 C) 0,5-1см2 D) 2-4см2 E) 3-4см2 ANSWER: E Қандағы қандай заттың жоғарылауы бүйрек жетіспеушілігінің белгісі болып табылады: A) натрий B) кальций C) мочевина D) креатинин E) қалдық азот ANSWER: D Қандай ауруда нефротикалық синдроммен науқастарға глюкокортикостероидтарды тағайындау нәтижелі болады: A) гломерулонефритпен B) дәрілік аурумен C) туберкулезбен D) бүйрек ісігімен E) қантты диабетпен ANSWER: A Қандай дәрі холекинетиктер тобына жатады? A) холензим B) фестал C) папаверин D) метопролол E) урсофальк ANSWER: E Қандай синдром жедел бүйрек жеткіліксіздігі алды (предпочечной) кезеңге алып келеді? A) анемиялық B) гемолитикалық C) лейкопениялық D) тромбоцитопениялық E) қабынулы - мезенхимальды ANSWER: B Қант диабетінің клиникалық синдромдары: A) гипогликемия және гипокалиемия B) гипертензия және гипонатриемия C) гипотензия және гипогликемия D) гипергликемия және глюкозурия E) гипернатриемия және гиперкалиемия ANSWER: D Қант түсіруші сульфаниламидтік препараттардың әсер ету механизмі: A) ұйқы безінің инсулинді секрециялауын күшейтеді B) β-клеткалардың глюкозаға сезімталдығын қалпына келтіреді C) НЭЖК және глицерин түзілуін азайтады. D) бауыр мен бұлшық еттерде глюкозаның утилизациясын жоғарылатады E) глюконеогенезді тежейді ANSWER: A Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі,асцит байқалған. Болжам диагноз A) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі B) Созылмалы гепатит C) Созылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі D) Нефротикалық синдром E) Бауыр цирозы ANSWER: E Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән: A) плевритке B) пневмонияға C) пневмотораксқа D) миокард инфарктысына E) қабырғааралық невралгияға ANSWER: C Клетки юкстагломерулярлы аппарат жасушалары қандай гормон бөле алады? A) ренин B) инсулин C) гистамин D) альдостерон E) аминоқышқылдар ANSWER: A Клиникалық көрінісіне байланысты жедел алкогольды гепатиттің қандай формаларын анықтаймыз? A) латентті форма,сарғыштану формасы,фульминантты форма,айқын форма B) латентті форма,сарғыштану формасы, холестаздық форма,латентті форма, жасырын форма,активті форма C) активті форма,айқын форма,латентті форма,сарғыштану формасы D) латентті форма,сарғыштану формасы,холестаздық форма,фульминантты форма E) латентті форма,сарғыштану формасы,активті форма, фульминантты форма, айқын форма ANSWER: D Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән: A) фиброзирлеуші альвеолитке B) екі жақты пневмонияға C) милиарлық туберкулезге D) өкпе амилоидозына E) фиброзирлеуші саркоидоз ANSWER: A Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 72-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да қандай өзгеріс анықталуы мүмкін: A) оң қарынша гипотрофиясы B) сол қарынша гипертрофиясы C) сол жүрекше гипертрофиясы D) оң қарынша гипертрофиясы E) оң қарынша дистрофиясы ANSWER: D Коронар артериясы атеросклерозының диагностикасында қолданылатын ең тиімді әдіс: A) ЭКГ B) эхокардиография C) стресс - эхокардиография D) коронарлық ангиография E) велоэргометрия ANSWER: D Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді: A) бейтарап майлардың B) май қышқылдарының C) бұлшық ет талшықтарының D) стеркобилиннің E) крахмалдың ANSWER: C Креаторея тән: A) созылмалы панкреатитке B) Крон ауруына C) ишемиялық колитке D) ішек тітіркендіргіш синдромына E) өт қабының дискинезиясына ANSWER: A Крон ауру кезіндегі патологиялық үрдістің орналасу түрі: A) перианальды аймақ B) көлденен доғалы ішек C) өңеш D) асқазан E) мықын ішегінің терминальды бөлігі ANSWER: E Крон ауруы кезіндегі эндоскопиялық шкаладағы негізгі критериилер? A) жара өлшемі (см), жаралы зақымданудың ауқымдылығы,қабыну,стеноздалу B) стеноздалу,жара өлшемі (см),қызару C) қабыну,қызару,қанталау D) жара өлшемі (см), жаралы зақымданудың ауқымдылығы, қызару, қанталау E) жара өлшемі (см), жаралы зақымданудың ауқымдылығы,стеноздалу,қабыну,қызару ANSWER: A |