Главная страница
Навигация по странице:

  • Сорғыштар класының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

  • Скребнилер типі өкілдерінің құрылыстық ерекшеліктері мен негізгі тұқымдастарын талқылаңыз

  • Сецерненттердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз

  • Таспа құрттардың негізгі отрядтарын сипаттап, олардың тіршілік цикліне талдау жасаңыз

  • Таспа құрттар және олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ерекшеліктерін талқылаңыз

  • Таспа құрттардың қарусыз және қаруланған ауыз аппараттарының құрылысының мәнін ашыңыз

  • Трематодтардың адам ағзасына ену жолдарын қарастырыңыз

  • Трихинеллездің биологиялық ерекшеліктері, құрылысы, көбею жолдарын ашып көрсетіңіз

  • пр. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз


    Скачать 1.39 Mb.
    НазваниеАдам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз
    Дата16.01.2022
    Размер1.39 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГ-Я.docx
    ТипДокументы
    #332102
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Шошқа немесе қаруланған цепень (лат. Taenia solium)- тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі. Түпкілікті қожайыны адам, ал аралық қожайындары адам және шошқа. Ауру адам фекалиясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс, жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жұмыртқаларын жа жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады. Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады. Финналар түпкілікті қожайыны адам ішегінде ересек формаға айналады. Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады.
    Сорғыштар класының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
    Трематодалар (грек сөзі trетаtоdае - сорғышты, емізік) - жалпақ құрттар қатарына жатады, бұлар қоздыратын ауруларды трематодоздар деп атайды. Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, олар мал және адамның бауыры мен ұяшық безінде, қан тамырларында, құстың ащы ішегінде, аналық ұрық түтігінде, т.б. мүшелерінде мекендеп, өмір сүреді. Бұлардың көп тараған 3 мыңдай түрі бар. Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне қарай пішіні жапырақ сияқты, тіл тәрізді болады, ұзындығы әр қилы: 0,1 мл-ден 10-15 см-ге дейін жетеді. Ауыз сорғышы денесінің алдыңғы ұшына орналасқан, ал көбісінің құрсақ сорғышы денесінің орта шеніне жайғасқан, бірақ кейбіреулерінің (парамфистоматолар) құрсақ емізігі құрттың ең артқы шетінен орын тепкен. Сорғыштары арқылы олар иесінің ұлпасына жабысып тұрады. Бекіну органдарынан басқа трематодалардың асқорыту, зәршығару, жүйке (нерв) және жыныстық жүйелері бар. Қан айналу, тыныс алу ағзалары жоқ. Қоректенуі. Қоректік зат құрттың ауызы арқылы жұтқыншаққа барып, одан тармақталған, шеті тұйық, екі ішекке өтеді. Қорытылмаған ас қалдығын сол ауыз тесігі көмегімен сыртқа шығарып тастайды. Зәр шығару. Құрт денесіне тарамдалып орналасқан жіңішке түтікшелер зәр шығару қызметін артқарады. Түтікшілер арқылы зиянды сұйық құрт денесінің шетіне орналасқан қуықшаға жиналып, сол арқылы сыртқа несеп шығарылады. Жүйке жүйесі жұтқыншақтың шеттеріне жалғасқан жүйке түйінінен басталады да, талшықтары құрт денесінің барлық жеріне таралады. Жыныстық ағзалары. Сорғыштардың басым көпшілігі қосжыныстылар немесе (гермафродиттер), бірақ дара жыныстылары да кездеседі (шистосоматалар). Еркектік мүшелері екі еннен (аталық бездері) тұрады, әрқайсысы ен түтігімен жалғасып, тұқым жиналатын кең түтік боп түйісіп, еркектік жыныс тесігімен аяқталады.

    Сорғыш құрттар, аралық иелері болып саналатын, суда немесе құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысуымен өсіп, өнеді. Кейбіреулерінің даму кезеңі ұлулармен шектелмейді, олардан басқа сорғыштардың келесі сатысы даму үшін, қосымша иелері боп табылатын алтыаяқты жәндіктер, өрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т.б. қажет. Ақтық иелері ішқұрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бӛліп шығарады.
    Скребнилер типі өкілдерінің құрылыстық ерекшеліктері мен негізгі тұқымдастарын талқылаңыз
    Скребни мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Жануарларда акантоцефалез ауруын тудырады. Кейде адамның ішегінде де паразиттік тіршілік етеді. Скребни класы екі отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және Archіacanthocephala. Бірінші отрядының өкілібалықтардың, ал 2-ші түрі-құстар мен сүтқоректілердің паразиттері. Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен ұқсастығы бар деп оны зерттеп, кейіннен өз алдына жеке бір құрт түрі екенін білгеннен кейін жеке топқа жатқызылды. Кейбір түрлерінде даму циклі-екі аралық иесінің қатысуымен өтеді. Мысалы, тюлень мен шаянтәрізділер. Көптеген түрлері балықтардың паразиті, Қаяз балықтарының ішінде скребнилердің 300-ге жуық особьтары табылған. Polymorphic-туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhyncus-құстардың паразиттері. Алып скербний шошқаның паразиттері. Шығу тегі туралы болжамдар көп. Нематодтарға ұқсастығы: денесінің цилинд тәрізді болуы, гиподермасының құрылысы, бірінші дене қуысының болуы, дара жынысты болуы.
    Сецерненттердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз

    (Қайталанған сұрақ)
    Т
    Трихинеллез ауруының қоздырғыштарының биологиясы және оны жұқтыру жолдарын көрсетіңіз

    Трихинеллез - жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды ауру. Оны қоздыратын нематодалар Тrісһосерһаlаtа тек бұтағына, Тrісһіпіlldае тұқымдасына жатады. Қазіргі кезде ғылымға белгілі құрттың төрт түрі бар: Тrісһіпеllа spiralis (Оwen, 1835) шошқа трихиннелласы, Т.паtivа (Britov et Воеv, 1972) Евразия жыртқыш аңдарының трихиннелласы, Т.пеlsопі (Вritov еt Воеv, 1972) Африка жыртқыштарының құрттары және Т.рseudospiralis (Дағыстан жанатынан). Соңғы түрі алғашқы үшеуінен денесінің қысқалығымен өзгешеленеді және оның балаң құрттары бұлшық ет арасында дәнекер ұлпамен қапталмайды. Сонымен қатар, ол даму айналымын толығымен құс (тауық, үйрек, шіл, торғай т.б.) денесінде өткізе алады. Т.nativa және Т.nelsoni түрлерінің дербестігі әлі даулы, толық анықталмаған.

    Ересек трихиннеллалар жануарлар мен адамның ащы ішегінде тіршілік етеді, ал балаң құрттары олардың көлденең жолақ еттерін мекендейді, яғни адам немесе жануарлар бірдей ақтық та, аралық та иесі болып табылады. Бүгінгі таңда сүт қоректілердің 100 астам түрінен аталған гельминттер табылған. Олар шошқада, итте, қасқырда, мысықта, аюда, егеуқұйрықта өте жиі кездеседі. Паразитке бейімділер: жабайы шошқа, борсық, көгілдір түлкі, аққұс, қара күзен (норка), бұлғын, күзен, кірпі, жолбарыс т.б. Теңіз аңдары да (кит, морж, итбалық, тюлень) трихиннелла құрттарымен залалданады. Трихиннеллдердің келтіретін экономикалық, әлеуметтік зияны орасан зор. Трихинелласы бар жануардың ұшасы (еті), инвазияның азды-көптігіне қарамай жойылады. Бұл гельминтоз адамға өте қауіпті, себебі ауру өте қатты түрде өтеді, қолданылатын ем шипа бермейді, ақыры өліммен аяқталады.

    Трихиннеллез шошқа, қабан және жабайы андар арасында кең тараған ауру. Трихиннеллезды таратып, тасымалдауда шошқалардың маңызы зор. Олар трихинеллалармен залалданған егеуқұйрық, тағы аңдардың өлексесін немесе шикі еттерін, қасапхана қалдықтарын, үй тастандыларын жеп, инвазияны жұқтырады. Ит пен мысық кеміргіштерді, сойылған мал қалдықтарын жеп ауруға шалдығады. Фермада өсірілетін терісі бағалы аңдар қасапхана қалдықтарын, тағылардың ұшасын, теңіз сүтқоректілерінің етін жеп дертке ұшырайды. Ал адам болса, шошқа, аң немесе басқа да жануарлар еттері арқылы трихиннеллезге душар болады. Трихиннеллез жиі ұшырайтын жерлерде бұл кеселге көп ұрынатын хайуанат-тардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрық және тышқан қосылады.

    Тағы жыртқыш аңдар мен кемірушілер, әсіресе синантропты (тышқандар, егеуқұйрықтар) жануарлар трихинеллездің табиғи ошақтарын құрайдыү

    Сақтандыру. Адамды трихиннеллезден сақтандыру үшін шошқа, жабайы шошқа, аю, сазкүзен ұшаларын міндетті түрде осы гельминтозға тексереді. Ұшаларды біржола жойып немесе өтелдеуге жіберу үшін паразиттің бір данасы да жеткілікті. Бұлшық еті бар басқа ағза өнімдері (субпродукты) де өтелдеуге кетеді. Шошқаның сырт майын, ет-майын 100°С температурада 20 минут бойы шыжғырып ерітеді, ал ішкі майын жарамды деп санайды.
    Таспа құрттардың негізгі отрядтарын сипаттап, олардың тіршілік цикліне талдау жасаңыз
    Таспа құрттардың негізгі отрядтарын жалпаұ таспа құртпен нанофиет жатады. Жалпақ таспақұрт (Diphylobotrium latum) – алғаш рет Карл Линней сипаттаған (1778). Бұл ұзындығы 10 метрге немесе одан да кӛпке жететін ең ірі адам паразиті болып табылады. Бас не сколекс мӛлшері 3-5мм, ұзынша-сопақ формалы, жіңішкеріп келген жерінде таспақұрт ішек қабырғасына бекінетін 2 сорғыш ауыздары (ботридия) болады. Денесі (стробила) ені ұзындығынан әжептеуір ұзын болатын сегменттерден тұрады. Паразиттің атауы да соған байланысты болса керек. Ересек сегментінің орталығында қара дақ түріндегі жұмыртқаларға толы жатыры кӛрінеді. Жалпақ таспақұрт жұмыртқасы салыстырмалы түрде ірі 75мкм ұзындығына дейін, сұр немесе сары түсті, тегіс жіңішке қабықшасы бар жалпақ сопақша формалы болады. (5.2- сурет) Бір полюсінде қақпақшасы болады, ал қарама-қарсы полюсінде кішкентай тӛмпешігі болады. Жұмыртқасының іші кӛптеген ірі дәнді без клеткаларына толы. Бір таспалы құрт күн сайын бірнеше миллиондаған жұмыртқа бөледі. Айта кету керек жалпақ таспақұрт Қиыр Шығыста кездесетін нанофиет гельминті жұмыртқасына өте ұқсас, яғни лабораториялық практикада ажыратуда қателіктер алып келуі мүмкін. Мұқият микроскопия әдісі арқылы анықталған айырмашылықтары 5.1 кесте мен 5.3 суретте көрсетілген. Тіршілік циклі. Жалпақ таспақұрт адамның, иттің, мысықтың, шошқаның және балықпен қоректенетін кейбір жабайы жануарлардың аш ішегін паразиттейді.
    Нанофиет пен жалпақ таспақұрт жұмыртқасының ерекшелік белгілері (по Л.В.Филямоновой)

    Белгілері

    Нанофиет

    Жалпақ таспақұрт

    Қабықшасы

    Бұдырлы

    Тегіс

    Қақпақшасы

    Дөрекілеу

    Нәзіктеу

    Ұзындығының еніне қатынасы

    1.41-1.8

    1.22-1.54

    Жұмыртқасының формасы

    Кеңейтілгендеу

    Сопақшалау

    Қабықша қалыңдығы

    Қалың 2-3 мкм

    Жіңішке 1-2 мкм

    Полюстердегі түйін

    Дөрекілеу және қабықшасының астынан өте әлсіз көрінеді

    Топмақ және онда көптеген жұмыртқалары оның үстіңгі аймағына көтерілген

    Түйін ені, мкм

    5-10

    3,5-6


    Жұмыртқасы нәжіс арқылы бӛлінеді және ӛзінің ұзақ дамуында сулы ортаға түсуі қажет. Жұмыртқада кірпікшелермен қапталған дӛңгелек формалы личинка. Кокцидияны тұщы су шаяндары-циклоптар, содан соң ең соңында балықтар жұтады. Личинкалар балық денесінде (олар плероцеркоидалар деп аталады) бұлшық еттер мен ішкі органдарына, әсіресе уылдырықта болады. Плероцеркоидалар ақ сүт түсті , ұзындығы 1- ден 25 мм-ге дейін ботридиялы басы болады.
    Таспа құрттар және олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ерекшеліктерін талқылаңыз
    Сорғыштар сияқты, барлық таспа құрттар омыртқалы жануарлардың паразиттері. Класқа 3500 астам түр жатады. Бұл құрттардың дене пішіні таспа тәрізді.

    Таспа құрттардың паразитизмге ұзақ эволюция жағдайына байланысты ас қорыту жүйесі жоқ. Қоректенуі пинацитоз есебінен барлық денесімен жүзеге асады. Жүйке жүйесі және зәр шығару мүшесі барлық жалпақ құрттар типіне негізделген, жоспар бойынша құрылған. Жыныс жүйесі сорғыштардікіндей мүшелерден тұрады. Таспа құрттардың даму циклі сорғыштармен салыстырғанда паразитизмге терең бейімделгені бейнеленген. Көптеген таспа құрттар сыртқы ортаға тек жұмыртқа түрінде түседі, бірақ иесінің организмінде кӛбейе алады. Кейбр маманданған паразиттер иесінің бойына жұмыртқаның көмегімен антоинвазия туғызуға, сыртқы ортаға шықпаса да қабілетті. Тіршілік циклі сулы ортамен байланысты ежелгі таспа құрттар және оларға жақын түрлер ежелгі омыртқалылардың эктопаразиттері болып табылады - шеміршекті балықтардың тері жамылғысында және желбезегінде мекендейді, сонымен қатар олар жұтқыншаққа өте отырып, энтопаразитизмге ауысады. Қазіргі кезде таспа құрттардың даму циклінің екі стадиясы бар: жынысты ересек және личинкалы. Жынысты ересек стадиясы негізінен омыртқалылырдың ащы ішегінде паразиттейді. Личинкалық стадия, немесе финна - аралық иесінің организмінде ұлпалық паразит, негізінен омыртқалыларда, кейде буынаяқтыларда да кездеседі. Паразиттің жұмыртқасы соңғы иесінің нәжісімен сыртқы ортаға түседі. Олар аралық иесінің ас қорыту жүйесіне жұмыртқасы түскенде дамитын - онкосфера личинкасын құрайды. Бұнда онкосфера ілмектің көмегімен ішек жүйесі арқылы қан айналымына немесе лимфа тамырына өтеді және бауырға, өкпеге, бұлшық етке орталық жүйке жүйесіне және т.б организм бойынша миграциялайды. Өсіп, ол финнаға айналады.
    Таспа құрттардың қарусыз және қаруланған ауыз аппараттарының құрылысының мәнін ашыңыз
    Таспа құрттар класы – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) – адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бӛлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дӛңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды.
    Трематодтардың адам ағзасына ену жолдарын қарастырыңыз
    Трематодтар ерте дернәсілдік стадиясында кірпікшелері болады да, ересек кезінде жойылып кетеді. Тегументтің сыртында ұсақ тікендері мен иілген ілмектері бар. Дигенетикалық құрттарда екі бұлшық етті сорғыштары бар. Біреуі денесінің бас жағында орналасып, сорғышының ортасында ауыз тесігі болады - сол себепті оны ауыз сорғышы деп атайды. Ал екіншісі - құрсақ сорғышы деп аталады да ол ауыздан алысырақ орналасады. Бұл тек бекіну қызметін атқарады. Сол арқылы адамдардың ішегіне бекіне алады. Денесінің артқы жағында да паразитке қоректену кезінде иесіне жақсы бекінуге мүмкіндік беретін жабысқыш өскіндер түзетін белдеушелер, шұңқырлар және сорғыштар болады. Олар иесін ауыстырмай көбейеді және олардың ұрпақтарында алмасу болмайды. Осыған орай класс моногенетикалық деп аталған. Сорғыш құрттар, аралық иелері болып саналатын, суда немесе құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысуымен ӛсіп, ӛнеді. Кейбіреулерінің даму кезеңі ұлулармен шектелмейді, олардан басқа сорғыштардың келесі сатысы даму үшін, қосымша иелері боп табылатын алтыаяқты жәндіктер, ӛрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т.б. қажет. Ақтық иелері ішқұрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бӛліп шығарады. Жұмыртқа ішіндегі ең алғашқы балаң құртгы мирацидий деп атайды. Балаң құрттың ары қарай дамуы аралық иесі - ұлумен байланысты.
    Трихинеллездің биологиялық ерекшеліктері, құрылысы, көбею жолдарын ашып көрсетіңіз
    Трихинеллез - жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды ауру. Оны қоздыратын нематодалар Тrісһосерһаlаtа тек бұтағына, Тrісһіпіlldае тұқымдасына жатады. Қазіргі кезде ғылымға белгілі құрттың төрт түрі бар: Тrісһіпеllа spiralis (Оwen, 1835) шошқа трихиннелласы, Т.паtivа (Britov et Воеv, 1972) Евразия жыртқыш аңдарының трихиннелласы, Т.пеlsопі (Вritov еt Воеv, 1972) Африка жыртқыштарының құрттары және Т.рseudospiralis (Дағыстан жанатынан). Соңғы түрі алғашқы үшеуінен денесінің қысқалығымен өзгешеленеді және оның балаң құрттары бұлшық ет арасында дәнекер ұлпамен қапталмайды. Сонымен қатар, ол даму айналымын толығымен құс (тауық, үйрек, шіл, торғай т.б.) денесінде өткізе алады. Т.nativa және Т.nelsoni түрлерінің дербестігі әлі даулы, толық анықталмаған. Ересек трихиннеллалар жануарлар мен адамның ащы ішегінде тіршілік етеді, ал балаң құрттары олардың көлденең жолақ еттерін мекендейді, яғни адам немесе жануарлар бірдей ақтық та, аралық та иесі болып табылады. Бүгінгі таңда сүт қоректілердің 100 астам түрінен аталған гельминттер табылған. Олар шошқада, итте, қасқырда, мысықта, аюда, егеуқұйрықта өте жиі кездеседі. Паразитке бейімділер: жабайы шошқа, борсық, көгілдір түлкі, аққұс, қара күзен (норка), бұлғын, күзен, кірпі, жолбарыс т.б. Теңіз аңдары да (кит, морж, итбалық, тюлень) трихиннелла құрттарымен залалданады. Трихиннеллезды таратып, тасымалдауда шошқалардың маңызы зор. Олар трихинеллалармен залалданған егеуқұйрық, тағы аңдардың өлексесін немесе шикі еттерін, қасапхана қалдықтарын, үй тастандыларын жеп, инвазияны жұқтырады. Ит пен мысық кеміргіштерді, сойылған мал қалдықтарын жеп ауруға шалдығады. Фермада өсірілетін терісі бағалы аңдар қасапхана қалдықтарын, тағылардың ұшасын, теңіз сүтқоректілерінің етін жеп дертке ұшырайды. Ал адам болса, шошқа, аң немесе басқа да жануарлар еттері арқылы трихиннеллезге душар болады. Трихиннеллез жиі ұшырайтын жерлерде бұл кеселге көп ұрынатын хайуанат-тардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрық және тышқан қосылады.

    Тағы жыртқыш аңдар мен кемірушілер, әсіресе синантропты (тышқандар, егеуқұйрықтар) жануарлар трихинеллездің табиғи ошақтарын құрайды. Табиғи ошақтағы инвазия шошқасыз-ақ тіркеле береді, оны елді мекендерге оқтын-оқтын келетін, кезбе тышқандар мен егеуқұйрықтар таратады, себебі олар ит, шошқа, мысықтың азығы.

    Бұлшық еттегі трихиннелла құрттары қоршаған ортаның қолайсыз

    жағдайларына өте төзімді келеді: мысалы шіріген етте олар 4 айға дейін жұқпалы қабілетін сақтай алады. Минус -10°С суықта да көп уақыт сақтала береді, тұздалған және қақталған етте де тіршілігін ұзаққа дейін жоймайды. Олар шошқа ұшасында -ЗО°С 52-64, -50°С-та 15-18 сағат аралықтарында ғана түгелімен жойылады.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта