Главная страница
Навигация по странице:

  • Ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері – фитонематодтарға сипаттама жасаңыз

  • Аскариданың құрылысы, тудыратын ауруы және жұғу жолдарын сипаттап жазыңыз

  • Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың басты өкілдерін белгілеңіз

  • Альвеококктың көбеюі, дамуы мен жетілуі жолдарын рөлін бағалаңыз

  • Аденофореа класс тармағының ерекшеліктерінің өзара байланысын тұжырымдаңыз

  • Адамдарда болатын гельминтоздық аурулардың ортақ байланысын бағалаңыз

  • пр. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз


    Скачать 1.39 Mb.
    НазваниеАдам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз
    Дата16.01.2022
    Размер1.39 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГ-Я.docx
    ТипДокументы
    #332102
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    А

    Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодалардың басты өкілдеріне сипаттама беріп, олардың өзара байланысына талдау жасаңыз

    Нематодалар бас, құйрық жақтарының, өңешінің және дамуындағы ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Олардың келесі тек тармақтарының ветеринариялық-санитариялық маңызы бар.

    Ascaridata. Ауыз кіреберісі үш ерінмен көмкерілген, өңеші цилиндр тәрізді. Аталықтарының 2 тең спикуласы бар. Жұмыртқалары қалың тегіс немесе кедір-бұдырлы қабықты болып келеді.

    Oxyurata. Ауыз кіреберісі 3 немесе 6 ерінмен көмкерілген, өңеші түп жағында торсиған (бульбус), аналығының вульвасы денесінің алдыңғы жағында ашылады. Аналығының құйрық жағы жіңішке, ұзынша келген. 1 не 2 спикулалы. Жұмыртқалары ассиметриялы. Strongylata. Еріндері жоқ, ауызға кіреберісі көптеген кірпікшелермен көмкерілген. Кейбірінде ауыз қуысының түбінде тісшелер жайғасады. Аталықтарының құйрық жағы жыныс бурсасымен және 2 спикуламен аяқталады. Жұмыртқаларының ішінде дамыған ұрығы болады. Пішіні сопақшалау.

    Spirurata. Ауыз тесігі көбінесе қалақша тәрізді екі бөлінген ерінмен көмкерілген, кейде еріндері болмайды. Ауыз қуысынан жұтқыншақ (фаринкс) жалғасады, өңеші екі бөлімнен тұрады, алдыңғысын - етті, соңғысын - безді деп атайды. Екі спикуласы тең емес еркектерінің құйрық ұшының латералды жағында кутикулярлы кеңейген қанат тәріздес және отырғызылған бұтаққа ұқсас бүртіктер кездеседі.

    Trichocephalata. Алдыңғы жағы ұзын, жіптей жіңішке, ал артқы жағы қысқа және жуан келеді, не алдыңғы жағымен бірдей. Өңеш өте жіңішке түтікшеге ұқсас және оның бездері айқындалып тұрады. Егер спикуласы бар болса, ол біреу ғана және инедей сүйір болады. Жұмыртқасы күбі тәрізді, екі ұшы тығынмен бекітілген. Filariata. Бас жағы ерінсіз. Өңешінің алдыңғы бөлігі етті, артқысы – безді. Екі тең емес спикулалары бар. Бионематодтар.

    Rhabaitata. Ұсақ, жіңішке нематодалар. Өңешінде екі кеңейген бульбусы болады.

    Dioctophymata. Кутикуласы көлденең сызылған немесе бүкіл дене бетін ұсақ тікенектер алып жатады. Аталықтарында жыныс бурсасы қоңыраутәрізді. Ұзын 1 спикуласы бар. Жұмыртқасы қалың, күрделі өрнектермен көмкерілген суреттермен сипатталады.

    Ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері – фитонематодтарға сипаттама жасаңыз

    Фитонематоды, или нематоды, паразитирующие на растениях (в англоязычной литературе plant-parasitic nematodes, или PPN) хотя и представляют собой микроскопических (0,25–3 мм) червей, являются одними из наиболее разрушительных сельскохозяйственных вредителей во всем мире: снижение продукции от наносимых ими повреждений в среднем составляет 10–20%, а общие потери превышают порядка 125 млрд долларов США ежегодно. Наибольший ущерб паразиты наносят растениеводству и лесоводству, поражая широкий спектр коммерчески важных ценных пищевых и кормовых сельскохозяйственных культур, таких как томат, картофель, перец, соя, хлопок, сахарная свекла, рис, пшеница, кукуруза и др.

    Tylenchidae тұқымдасының өкілдері насекомдардың паразиті (түкті араның) және ӛсімдіктердің паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы, қызылша , бидай, картоп сабақ нематодасы.

    Бұзғынша (галла) нематодасы - көп қоректі зиянкестер, олар бақша және кӛкӛніс, сонымен қатар жеміс-жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары алмұрт немссс кұмыра тәрізді, ұзындығы 0,8-1,0 мм

    Галла нематоды – жұмыр құрттар класына жататын жәндік. Ӛсімдік тамырында масылдық тіршілік етеді, онда ұзындығы 1 мм-дей галла (зақымдалған ӛсімдік бойында пайда болатын ӛсінді) түзеді. Галла ішіндегі ұрғашысы 2 мыңға жуық жұмыртқа салады. Бұдан дамыған дернәсілдер (ұзындығы 37 – 50 мк, ені 15 мк) ӛсімдік тамырларын зақымдайды. Ондай ӛсімдіктер кӛп ұзамай шіриді. Бұл құрттар жер шарында кӛп тараған, жиі кездесетін түрлері оңтүстік, солтүстік, мақта, арахис Г. н-лары. Ол 1500-ден аса ӛсімдіктер түрін, оның ішінде бау-бақша, жеміс-жидек, кӛкӛніс және тех. дақылдарды қатты зақымдайды

    Күрес шаралары: ауыспалы егіс тәртібін сақтау. Алғы дақылдар ретінде астық тұқымдас өсімдіктерді себу; топыраққа және зақымданған өсімдіктерге Г. н-на қарсы хим. препараттар – базамид, нематицидтерді (карбатион, онетион, немагон, тиазон, ДД, т.б.) беру

    Қызылша нематодасы – Hetereodtra schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит. Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді. Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр - жемісінің қүрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі тӛмендейді.

    Бидай нематодасы – Аnguina trica бидай және басқа да астық тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп, бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас масақ тарта бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан бұзғыншалар (галла) түзіледі. Бұзғыншаның ішінде личинкалар өсімдік шырынымен қоректеніп, ӛсіп ересек түріне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның ішінде бұлардың тіршілік уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін өлмей өмір сүре алады.

    Картоп сабақ нематодасы - картоп түйнегінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, жіңішке, үзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін. Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейіннен түйнектеріне өтеді. Бұлармен күресудің басты шарты - картопты қоймаға сақтау алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5°С-дан аспайтын температурада сақтау керек (нематоданың дамуының ең қолайлы температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да зақымдалмаған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу қажет.


    Аскариданың құрылысы, тудыратын ауруы және жұғу жолдарын сипаттап жазыңыз
    Адам Аскаридасы паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 – 40 см, еркегінің ұзындығы 15 – 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 – 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 – 15 күнде дернәсіл пайда болады. Біршама жетілгеннен кейін дернәсілдер қолқаға, трахеяға жылжып, жөтелгенде ауыз қуысына түседі. Сілекеймен қайта жұтылып, екінші рет ас қорыту жолына түскен соң, ас ішекте тұрақтап, 1,5 – 2,5 айда ересек Аскаридаға айналады. Әлбетте Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп, адам организмінде 7 – 10 айдай өмір сүреді. Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін, өкпе альвеоларын теседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсір деп атайды.





    Жылқы аскаридасының (аналығының) ұзындығы 37 см-ге дейін жетеді, дене тұрқы ӛте созылыңқы болып, ұштарына қарай біртіндеп сүйірлене түседі, кӛлденеңінен қиып қарағанда жұмыр болады, денесінің сырты кутикуламен қапталған, кутикуланың астында гиподерма және бұлшық еттер қабаты орналасқан. Осы аталған компоненттер тері-ет қапшығын түзеді. Еттері ұзын бойында тӛрт таспа түрінде болады: екі арқа және екі құрсақ. Ал олардың арасында төрт гиподерма білігі орналасқан. Гиподерманің бүйір біліктерінен арқа және құрсақ жүйке тізбектері кетеді.

    Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасының сыртында бірнеше қабаттан тұратын, күшті жетілген қабығы болады. Ондай қабық сыртқы ортада ұзақ уақыт болғанда даму қабілетін жоймай жата беруіне мүмкіндік береді. Қолайлы жағдай туғанда ұрықтанған жұмыртқаның ішінде дернәсіл дамиды.

    Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың басты өкілдерін белгілеңіз

    Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады. Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мұшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларымен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Жұмыр құрттар тобы 8 тек тармақтарынан құралған: Аscaridata, Strongylata, Охyurta, Spiruratа, Тrichocephalatа, Ғilariatа және Rhabditataа, Dioctophymatа. Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар.

    Нематодалар бас, құйрық жақтарының, өңешінің және дамуындағы ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Олардың келесі тек тармақтарының ветеринариялық-санитариялық маңызы бар.

    Ascaridata. Ауыз кіреберісі үш ерінмен көмкерілген, өңеші цилиндр тәрізді. Аталықтарының 2 тең спикуласы бар. Жұмыртқалары қалың тегіс немесе кедір-бұдырлы қабықты болып келеді.

    Oxyurata. Ауыз кіреберісі 3 немесе 6 ерінмен көмкерілген, өңеші түп жағында торсиған (бульбус), аналығының вульвасы денесінің алдыңғы жағында ашылады. Аналығының құйрық жағы жіңішке, ұзынша келген. 1 не 2 спикулалы. Жұмыртқалары ассиметриялы. Strongylata. Еріндері жоқ, ауызға кіреберісі көптеген кірпікшелермен көмкерілген. Кейбірінде ауыз қуысының түбінде тісшелер жайғасады. Аталықтарының құйрық жағы жыныс бурсасымен және 2 спикуламен аяқталады. Жұмыртқаларының ішінде дамыған ұрығы болады. Пішіні сопақшалау.

    Spirurata. Ауыз тесігі көбінесе қалақша тәрізді екі бөлінген ерінмен көмкерілген, кейде еріндері болмайды. Ауыз қуысынан жұтқыншақ (фаринкс) жалғасады, өңеші екі бөлімнен тұрады, алдыңғысын - етті, соңғысын - безді деп атайды. Екі спикуласы тең емес еркектерінің құйрық ұшының латералды жағында кутикулярлы кеңейген қанат тәріздес және отырғызылған бұтаққа ұқсас бүртіктер кездеседі.

    Trichocephalata. Алдыңғы жағы ұзын, жіптей жіңішке, ал артқы жағы қысқа және жуан келеді, не алдыңғы жағымен бірдей. Өңеш өте жіңішке түтікшеге ұқсас және оның бездері айқындалып тұрады. Егер спикуласы бар болса, ол біреу ғана және инедей сүйір болады. Жұмыртқасы күбі тәрізді, екі ұшы тығынмен бекітілген. Filariata. Бас жағы ерінсіз. Өңешінің алдыңғы бөлігі етті, артқысы – безді. Екі тең емес спикулалары бар. Бионематодтар.

    Rhabaitata. Ұсақ, жіңішке нематодалар. Өңешінде екі кеңейген бульбусы болады.

    Dioctophymata. Кутикуласы көлденең сызылған немесе бүкіл дене бетін ұсақ тікенектер алып жатады. Аталықтарында жыныс бурсасы қоңыраутәрізді. Ұзын 1 спикуласы бар. Жұмыртқасы қалың, күрделі өрнектермен көмкерілген суреттермен сипатталады.
    Альвеококктың көбеюі, дамуы мен жетілуі жолдарын рөлін бағалаңыз

    Альвеококкоз ауруын тудырушы паразит. Адам денесінде таралуы эхинококкозға ұқсас, бірақ алғаш бауырды зақымдайды. Альвеококк (аlvесоссus) көптеген майда камералардан құралған кӛпіршік. Эхинококкпен салыстырғанда оның көлемі кішірек, сұйығы аз, іші «құрғақ», араның ұясына ұқсас. Ішкі қабығы өте ұсақ протосколекстерге «нүктелерге» толы. Альвеококктың аралық иелері адам мен кеміргіштер. Өсіп, өнуі. Ет қоректілердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға іші жұмыртқаға толы құрт бунақтары бөлініп шығады. Жұмыртқалары сыртқы ортаға өте төзімді, ұзақ уақыт тіршілігін сақтай алады. Кеміргіштер бұларды жем-шөппен, сумен бірге жұтып ауру жұқтырады. Олардың асқорыту ағзаларында жұмыртқа қабығы еріп, босап шыққан онкосфера ішектің кілегей қабаты арқылы қан тамырларына еніп, қанмен бірге бауырға және басқа мүшелерге тарайды. Олардың орналасқан жерінде көптеген көпіршіктер пайда болады. Ит т.б. жыртқыштар альвеококкозға шалдыққан кеміргіштерді жеп зақымданады. Бұлардың ішегінде гельминттер 1-1,5 ай шамасында жынысы жетілген сатысына жетеді. Ол Алакөл мен Балқаш көлдерінің маңында көп тараған. В.И. Бондарева (1986) Қазақстандағы альвеококкоздың табиғи ордаларын шартты түрде екі топқа бөледі: біріншісі - ірі бөгендер мен өзен-көлдері бар дала алқаптар, ал екіншісі-тау қойнаулары. Қоздырғышты таратушылар негізінен тағы аңдар. Кезінде қой мен ірі қараны кемірушілер сияқты альвеококктың аралық иелері қатарына қосқан. Бірақ, үй тұяқтыларының бұл гельминтоздың эпизоотологиясына ешқандай қатысы жоқ. Аңшы иттер аң аулау кезінде альвеококк көпіршіктер бар кемірушілердің ішкі мүшелерінен зақымданады. Адам бұл дертке аңшылық - құсбегіліктің (түлкінің т.б. аң терілерінде гельминт жұмыртқалары болады) салдарынан, сондай-ақ орман-далада өсетін жеміс-жидектерді жумай жеудің әсерінен шалдығады.

    Аурудың өрбуі. Альвеококкозбен көбінесе бауыр зақымданады, ал дерт асқынған шақта басқа ішкі мүшелерге де кеселі тиеді, олар көптеген өзгеріске ұшырайды. Көпіршіктер өсіп, үлкейіп, саны көбейіп, бауырды қысады, қызметін бұзады. Ағзаның аумағы кішірейіп, ұлпасы жансызданып, кеміргіштердің өлімін туғызады.
    Аденофореа класс тармағының ерекшеліктерінің өзара байланысын тұжырымдаңыз

    Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар. Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразиттері. Тері сезу мүшелері – қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папиллалар нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында орналасқан. Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір түрлерінде жарық сезгіш пигментті дақтары (көзшелері) болады. Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрттың субстратқа бекінуіне мүмкіндік жасайды. Көпшілігі бүкіл денесімен тыныс алады, кутикуласы жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар. Аденофореа класс тармағы екі отрядқа бөлінеді: хромадорида – Сhromadorida және эноплида – Enoplida. Хромадоридалар өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта шіріген заттардың арасында жиі кездеседі. Эноплидалар – жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең тараған. Аздаған түрлері (Mermitidae,Dioctophymidae, Trichocephalidae тұқымдасынан) насекомдардың, сүтқоректілердің, адамның паразиттері. Маңызды өкілдері: Dioctophyme renale – алып свайнигі, Trichocephalus trichiurus – түкбасты құрт, Trichinella spiralis – спиральды трихинелла. Dioctophyme renale – алып свайнигі – иттің, қасқырдың, түлкінің бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін жұмыртқалар жауын құрттың (Lumbriculus variegatus) ішегіне түсуі қажет. Құрттың ішегінде жұмыртқадан шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан жүйесіне түседі де, бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар жауын құртты жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін алмастыру жолымен дамиды. Гельминттердің дамуы – дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде ӛтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады.

    Адамдарда болатын гельминтоздық аурулардың ортақ байланысын бағалаңыз

    У человека могут паразитировать более 250 видов гельминтов. Пути проникновения (инвазирования) гельминтов в организм человека чрезвычайно разнообразны. Они могут попадать с пище­выми продуктами, питьевой водой, с загрязненных рук, через кожу, укусы насекомых. Гельминты паразитируют в основном в кишечнике, но некоторые из них развиваются в различных орга­нах и тканях: печени, мозге, кровеносной системе, коже и др.

    Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез), (трихинеллез), (эхинококкоз) түрлері белгілі. Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілерантгельминттер қолданылады. Адамдардың мүшелерінде және ұлпаларында гельминттер табылған кезде ауруға нақты балау қою негізі болып саналмайды. Өйткені паразиттердің әртүрлерімен зақымдалмаған «абсолютты таза» тірі организмдер табиғатта болмайды. Басқа жағынан, жануарлардың ауру және өлім болған жағдайларында гельминттер табылмайды, неге десеніз олар өз – өзімен организмнен шығады да немесе иенің мүшелерінде және ұлпаларында өліп қалады. Сондықтан, гельминттерді анықтау үшін клиникалық, паразитологиялық, патоморфологиялық және Эпизоотологиялық – критерийдің толық кешенің назарға алу керек. Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде, клиникалық белгілері мінессіз өтеді. Өте жиі тыныс алу және асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп–өну тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады. Бірақта, кейбір гельминтоздар, осындай:шистосома, аскарида, острица, бауып церрозы, альвеококк, эхинококк клиникалық белгілері жақсы білінеді. Сондықтан гельминтоздарға соңғы балау лабораторлық зерттеулеріне негізделінеді және ашып сою нәтиже арқылы қойылады. Паразитологиялық деректер адамдардың организмінде гельминттерін, немесе олардын бөліктерін, жұмыртқаларын және бөліндіде (нәжісте, қанда, кілегейде) дернәсілдерін табуына негізделінеді. Паразитологиялық деректерін алу үшін әртүрлі әртүрлі әдістерді қолданады: тірі және өлген, ларвоскопиялық және овоскопиялық (сандық және сапалық). Гельминтозға балау қою кезінде паразитологиялық деректерінің маңызы өте зор.
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта