пр. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз
Скачать 1.39 Mb.
|
К Картоп сабақ нематодасының сыртқы құрылысы мен тіршілік сипатын дәлелдеңіз Картоп сабақ нематодасы – картоп түйнегінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде жүретін құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін. Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты отрғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқанда тамырына, кейіннен түйнектеріне өтеді. Бұлармен күресудің басты шарты-картопты қоймаға сақтау алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұраптап, 4-5 градус –тан аспайтын температурада сақтау керек. Нематода дамуы үшін қолайлы температура-20-25 градус. Картопты отырғызғанда да зақымдалған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу қажет. Қ Қаруланбаған және қаруланған немертиндердің айырмашылығын салыстырыңыз Немертиндер теңіз жағалауларында еркін тіршілік ететін паразит. 1 класы, 1000-ға жуық түрі белгілі. Немертиндердің ерекше мүшесі – тұмсығы. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы-ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып тұрады. Тұмсығымен қорегін ұстайды. Немертиндер класы 2 класс тармағына бөлінеді. Қаруланбаған және қаруланған. Тұмсығында ине тәрізді стилеттері жоқ, өзінің қорегін эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздандырады. Ауыз тесігі құрсақ жағында церебральды ганглияның артында орналасқан. Нерв жұйелері ұқсас, тері-бұлшықет қапгығында, кейде тері эпителийінде орналасады. Тері-бұлшықет қапшығында сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы бұлшықеттер будасы болады. Тыныс алу мүшелері жоқ. Олар бүкіл Еуропаның Атлантикалық жағалауларында, оның Солтүстік шекарасынан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта кездеседі. Арктикалық және қоңыр салқын суларда тіршілік етеді. Ұзындықтары кейде 10 метр, кейде 30 метрге дейін, ені 1 см-ден аспайды, ширатылған денесін тастың астына жасырып өзінің қорегін аңдумен болады. Тұмысығы стилеттермен қарулануына байланысты бірнеше топқа бөлінген. Негізінен бірнеше стилеттермен қаруланған. Ауыз тесігі денесінің алдыңғы жағында терминальды орналасқан. Қаруланбаған немертиндерде болатын бұлшықеттер бұларда да бар, бірақ олардан тағы бір ұзына-бойы орналасқан дорзо-ветральды бқлшықет будасы болады. Бұлар ұсақ келеді. Жыртқыш болады. Ең алғашқы түрі Жапонияда 50 метр ұзындыөта табылған. Тұщы суларда, одан бөлек тропикалық, субтропикалық аймақтардың топырақтарында тіршілік етеді. Елімізде Арал теңізі мен Түркістан аймағынан табылды деп Рейзингер өз еңбегінде жазған. Қолайсыз жағдайда цистаға оранған күйде қалады. Қаруланған немертиндер класының өзара байланысын талдап қорытыңыз. Немертиндер класы екі класс тармағына бӛлінеді: қаруланбаған - Апоріа және қаруланған - Епоріа. Тұмсығында ине тәрізді стилеттері жоқ, ӛзінің қорегін эпителий бездерінен бӛлінетін улы сӛлдерімен жансыздандырады. Ауыз тесігі құрсақ жағында церебральды ганглияның артында орналасқан. Нерв жүйесі тері-бұлшықет қапшығында, кейде тері эпителиінде орналасады. Тері-бұлшықет қапшығында сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы бұлшықеттер будасы болады.Негізгі туыстары: құмда ін қазатын Cerebratulus-тар, Олар бүкіл Еуропаның Атлантикалық жағалауларында, оның солтүстік шекарасынан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта кездеседі. Turbulatus және Cephalothrix-тер бүкіл дүние жүзілік мұхиттарда кең тараған. Lineus-тер Арктикалық және қоңыр салқын суларда тіршілік етеді. Алып немертинаның ұзындығы 10 м, кейде 30 м дейін, ені 1 см-ден аспайды, ширатылған денесін тастың астына жасырып өорегін аңдумен болады. Тұмсығы бір немесе бірнеше стилеттерімен қаруланған. Ауыз тесігі денесінің алдыңғы ұшында терминальды орналасқан, церебральды ганглияның алдында. Нерв жүйесі паренхима аралығында жатады. Қаруланбаған немертиндерде болатын бұлшықеттер бұларда да бар, бірақ олардан ерекше тағы бір үзына бойы орналасқан және дорзо - вентральды (арқа -құрсақ) бүлшыкеттер будасы болады. Бұл класс тармағының өкілдері ұсақ келеді және теңіздің жағалауларынан бастап оның ең терең түбіне дейін мекендейді. Теңіздің түбінде тіршілік ететін Zygonemertes, Amphiporus туыстарының ӛкілдері тастардың астында, жағалаулық аймақта кездеседі, ұзындығы 10-12 см. Жерорта теңізінде Polystylifera, Арктика суларында кездесетін Uniporus-тың ӛкілдері жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхитында, Жерорта және тағы басқа теңіздерде пелагиалық формаларының кездесетіні мәлім. Бұл құрттардың денесі жалпақтау, қысқа, әйнек тәрізді мӛлдір болып келеді, денесінің артқы бөлігінде немесе бүйірінде орналасқан қанаттары арқылы жүзеді. Негізгі туыстары: Pelagonemertes, Nectonemertes, Planktonemertes, Protopelagonemertes, Dinonemertes, Phallonemertes. Pelagonemertes-тер 1800метрден аса тереңдіктерде кездеседі. Солтүстік теңіздерінде мекен ететін Malacobdella туысының ӛкілдері паразиттік тіршілік етуге бейім. Бұлардың денесінің артқы ұшында ӛте күшті дамыған сорғышы болады. Моллюскалар мен шаянтәрізділердің (крабтардың) паразиттері . Қызылша нематодасының құрылысы, табиғатта таралуы мен даму жолдарын тұжырымдаңыз Көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит. Қызылша нематодасы галла нематодасы секілді жыныстық диморфизммен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм. Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді. Зақымдалған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр-жемісінің құрамындағы қанттық процентті азайтып, өнімділігін төмендетеді. Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең таралған. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану керек. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар-қант қызылшасының жіпшеқұрты-свекловичная нематода-шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Қан сорғыштар қоздыратын аурулар және олармен күресудің жолдарына байланысты мәлімет жинақтаңыз. Қан арнасында тіршілік ететін бір аралық иесі болатын сорғыштар. Бұл топқа қан сорғыштар болатын – шистосома деп аталатын түрлер жатады. Дара жынысты болып келеді. Цекарилер ағзаға енгенде терінің зақымдануын тудырады – церкариоз деп аталады. Ол қызарумен, бӛртпемен, т.б. аллергиялық реакйиялармен сипатталады. Церкарийлер кӛп мӛлшерде ӛкпеге түссе, пневмонияны шақырады. Церкароздар шимтосомалармен ғана емес, басқа да су құстарында кездесетін қан сорғыш паразиттермен шақырылады. Мұндай церкарий түрі адам ағзасында теріде не болмаса ӛкпеде ӛледі. Адам ағзасында шистосомалардың үш түрі кездеседі, олар Азия тропиктерінде, Африка және Америкада кездеседі. Schistosoma haematobium – қансорғыш құрт Schistosoma mansoni – Мансона қансорғышы Schistosoma japonicum – Жапон қансорғышы Парзит жұмыртқасы қан арнасы арқылы кӛптеген мүшелерге, соның ішінде бас миына таралады. Патогенді әсері иесіндегі токсико- аллергиялық реакциялармен сипатталады және жергілікті реакциялар тундайды: зақымдалған мүшенің қансырауы, ойық жаралардың, полиптердің түзілуі, олар қатерлі түрге айналуға қабілетті. Алдын-алуы: осы паразиттері бар су кӛздерінде кӛп болмау. Церкарийлер шырышты қабат арқылы енуге қабілетті болғандықтан, зарарсызданға суды қолдану керек. Жалпы профилактика ретінде су кӛздерін қорғау. Аралық иелерімен күрес. Диагностикасы шистосомалардың зәрде және нәжісте анықталуына негізделген. Сонымен қоса аллергиялық теріасты реакйяларын, иммунобиологиялық реакцияларды жүргізеді. Л Ланцеттәрізді сорғышы, өкпе сорғышы, қытай сорғышы, қан қосезуінің қоздыратын ауруларына және оларды жою шараларына ортақ байланысты талдап қорытыңыз. Сорғыш құрттар - омыртқалы жануарлардың эндопаразиттері (ішкі мүшелер паразиттері). Сорғыштар класына 5 000-нан астам түрлер топтастырылады. Сорғыш құрттардан пайда болатын ауру терматодоз деп аталады. Адам ағзасында бауыр паразиттері (сібірлік немесе мысық сорғышы, қытайлық сорғыш, кейде қандауыр тәрізді сорғыш); өкпе паразиті (өкпе сорғышы); қантарату жүйесінің паразиті (қан сорғышы — экзотикалық форма) орнығады. Қандауыр тәрізді сорғыш - Dicrocoelium lanceatum ұзындығы 0,5-1,2 см, адамның, ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, үй қояндарының бауырында, өт жолдарында паразитгік тіршілік етеді. Олар дикроцелиоз деген ауруды тудырады. Алғашқы аралық иесі құрлықта тіршілік ететін моллюскалар, екінші аралық иесі құмырсқалар. Өкпе сорғышы табиғи-ошақтық парагонимоз ауруын тудырады. Шығыс Азияда және Қиыр Шығыста кездеседі. Жұмыртқалары қан арқылы негізгі иесінің әр түрлі органдарына таралады, тіпті бас миына да. Зақымданған мүшелерде қабынуды жүзеге асырады. Адам ағзасынан қақырықпен бірге сыртқа шығады. Егер қақырықты жұтып жіберсе, онда адамның үлкен дәреті арқылы сыртқа шығады. Қан сорғыш-зәр шығару шистосоматозонының қоздырушысы. Аталығы 1,5, аналығы 2 см-ге дейін жетеді. Сыртқы дене жабыны тегіс емес. Жұмыртқалары ірі, 0,16 мм-ге дейін жетеді, төменгі бөлігінде ұзынша келген қылқаны бар болады. Аралық иесі – моллюска, ал ақырғы иесі – адам және маймылдар, оларда паразит тамыр ағысы арқылы зәр шығару мүшелеріне – қуыққа және жыныс мүшелеріне миграцияланады. Паразиттер Африка, Оңтүстік-Батыс Үндістанда кездеседі. Зәр шығару шистосоматозына гематурия (зәрде қан), қасаға үстінде ауырсыну, зәр шығару каналында тастардың пайда болуы тән. Осы ауру тараған аймақтарда зәр шығару жүйелерінің қатерлі ісктері 10 пайызға артады. Диагностикасында зәрде жұмыртқалар анықталады, сонымен қатар қуық және қынаптағы өзгерістер: іріңдеу, ойық жаралар, полипті өсінділер және жергілікті қабыну анықталады. Диагнозы. Нәжісті тексеріп, құрттың жұмыртқаларын іздеп табады. Зақымданған балықтың өтін микроскоп арқылы тексеріп, клонорхистың метацеркарийлерін табу әдісі, ауруға қарсы жүргізілетін алдын-ала сақтандыру шаралары және берілуге тиісті санитарлық баға описторхоз ауруындағымен бірдей. Ауырған ет қоректі хайуандардың әр килограмм салмағына 0,3грамм есебімен гексахлорпараксилол дәрісін береді. М Мониезия және ми құртының ағзаға тигізетін патогенді әсерін салыстырыңыз Эпизоотологиясы. Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы құрттың аралық иесінің тіршілігіне, малдың төлдеу, отардың жаппай өріске шығу мерзіміне, ауа райы жағдайларына тікелей байланысты. Мал бұл дертті қора төңірегіндегі қи, тезек шашылған жерлерден жұқтырады, өйткені өте ұсақ, жай көзге жөнді байқалмайтын сауытгы кенелер-орибатидтер шіріген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмір сүреді. Топырақ кенелері жер бетінде біркелкі тарамаған. Олар далалы, таулы алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиірек, ал шөбі шүйгін, ылғалы мол жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседі. Мониезиоз құрты малға өріске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгілері 15-20 күн өткеннен кейін байқалады. Қазақстанда бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуір дәрежеде шығынға ұшырататын індет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседі. Ішқұрт ауруы қоздырғыштарының өздеріне тән айырмашылығы бар. Мысалы, жаз ортасына дейін негізінен алғанда М. ехраnsа, ал күзге қарай М.bепеdепі кездеседі. Құрттың бірінші түрі көбінесе жас қозыларды зақымдаса, ал екіншісі - сақа малды зарарлайды. Қой мониезиозы Қазақстанның барлық территориясына тараған. Аурудың шығу мезгілі, қозыларды жайылымға шығару уақытымен тығыз байланысты. Оңтүстікте әдетте бұл мерзім сәуірдің бас кезіне тура келеді, ал орталық және солтүстік аймақтарында індеттің жұғу уақыты бұдан гөрі кейінірек. Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік-шығысында мониезиоз жыл бойы кездеседі, бірақ аурудың үдемелі кезеңі жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда көктем мен күз айларында өршиді. Лақтар қозыларға қарағанда бұл ауруға сирек шалдығады. Бұзаулар өріске шығысымен мониезиоз қоздырғыштарын жұқтыра бастайды. Тамыз айында инвазия өзінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеріліп, қыста күрт төмендейді. Тұйенің мониезиозға шалдыққанын З.В. Шумилина (1955) Орал аймағынан байқаған. Аурудың өрбуі. Зақымданған мал ішегінде таспа құрттың жалпы саны жүзге дейін баруы ықтимал. Құрт созылмалы денесі арқылы малдың қоректік затарын сорып, сколекске орналасқан төрт сорғышымен ішекке жабысып, кілегейлі қабығын жаралайды. Кейде паразиттер ішек ішіне толып, азық жүргізбей қояды. Осының нәтижесінде ішек созылып, ішкі қабаты қабынады, бара-бара ішектің түйілуіне немесе ыдырап, үзіліп кетуіне ұшыратады. Гельминттерден бөлініп шыққан уыты қан арқылы дене мүшелеріне жайылады, жүйке жүйесінің қызметін бұзады, бүкіл мал денесін уландырады. Соның салдарынан төлдің, кейде ересек малдың іші кеуіп өтеді, нәжіс, зәр шығару кезінде мал қиналады, бұлшық еті дірілдейді, қан азаюы байқалады. Сонымен бірге басқа инфекциялық індеттерге қарсы малдың төзімділігі төмендейді. Ауру малдың тәбеті нашарлап, тез жүдейді, көбінесе жата береді, ақырында өлім-жітімге ұшырайды. Сырт белгілері. Клиникалық белгілердің пайда болуы мал организмінің шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы ішегіне енген ондаған немесе жүздеген таспа құрт, ауруды тым үдетіп жібереді. Малдың жем-шөпке зауқы бәсеңдейді, шөліркеп іші өтеді, сұйық нәжісіне шырыш және қан араласады Мониезия және ми құртының морфологиялық құрылысы, оның жалпы ерекшеліктерін салыстырыңыз Мал мониезиоздары - Мопіеzіатуыстығына Апоріосерһаlidае тұқымдастығына жататын құрттардың ересек сатысы қоздыратын гельминтоз. Мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиірек төлдер ауырады (қозылар, лақтар, бұзаулар). Монезия құрты ащы ішекті мекендейді. Олардың аралық иелері топырақта тіршілік ететін сауытты орибатид кенелері. Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған және жыл сайын пайда болатын зілді дерт. Құрттың өсіп, өнуіне қолайлы жағдай-да немесе емдеу-сақтық шаралары жеткіліксіз жұргізілген шаруашылықтарда, өлім жітімге қозы-лақ көптеп ұшырауы мүмкін. Қой шаруашылықтарында қозының 40-80%-ы монезиозға шалдығып, оның 30-80%-ы шығынға ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл ұзақ ауырады, өсуі тежеледі. Кейбір деректерге жүгінсек ауру қозы салмағын 10% кемітеді және одан 200 г жүн кем қырқылады. Қоздырғышы. Мониезия - тұрқы 2,5 м-ден 10 м-ге дейін жететін таспа құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі қатар орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс мүшелерінің (еркек пен ұрғашы) тесіктері ашылады. Мониезиоз дертін іш құрттың екі түрі тудырады: бірін Мопіеzіа ехрапsе (Rud.,1810) ал екіншісін М.bепеdепі (Мопіеz,1879) деп атайды Ми ценурозы (айналма) – иттердің ащы ішегін жайлаған Multiceps multiceps құртының күйістілерге жұққандағы туыдырған балаңқұрт сатысының - Coenurus cerebralis ауруы. Жиі жағдайда қой, ешкі, ірі қара мал, қодас, сиректеу түйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, муфлон және адам ауырады. Қоздырушысы. Multiceps multiceps ұзындығы ересегінің 1м, денесі 200-300 бунақтардан құралған, ені 5мм, сколексі 22-32 хитинді ілмектермен қаруланған. Ценуроз қоздырушысы Coenurus cerebralis – домалақ немесе сәл созылыңқы, сыртқы қабығы мөлдір, іші сұйыққа толы (150-200мл) көпіршік. Ішкі қабығында көптеген сколекстері (700 экз.) шоғырланып орналасқан. Даму биологиясы. Аралық иесі жайылымда жұмыртқаны жұтып, ішке түскен онкосфера қан айналымымен миға (кейде жұлынға) жетеді де, 2-3 айдан соң ценур көпіршігіне айналады. Дефинитивтік иесі айналмамен ауырған қойдың миын жегенде шалдығып, ішегінде 40-73 тәулік өткенде ересек құрт пайда болады. Н Немертиндердің морфологиялық және физиологиялық құрылысының өзара байланысын реттеңіз Немертиндер (Nemertіnі) – омыртқасыздардың бір типі. Көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік етеді, тек кейбір түрлері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Немертиндердің 1 класы, 1000-ға жуық түрі белгілі. Денесі құрт тәрізді созылыңқы, ұзындығы 2 – 20 см-ден 30 м-ге (Lіneus longіssіmus) жететін түрі де кездеседі. Денесін бір қабатты кірпікшелі эпителий (оның астында көп қабатты бұлшық еттер орналасқан) жауып тұрады. Мұнда көптеген кілегейлі бездері болады. Ішкі мүшелер арасын паренхима толтырып тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ауыз тесігінен басталып, аналь тесігіне дейін созылған. Немертиндердің ерекше мүшесі – тұмсығы. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы – ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Тұмсығымен қорегін ұстайды және ол қорғаныш қызметін атқарады. Немертиндер – жыртқыштар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Жүйке жүйесі бас түйіндерінен және денесінің ұзына бойына созылған бағаналардан (бүйірлік және арқалық) тұрады. Бұдан бір жұп күшті бүйір жүйке бағаналары басталады. Сезім органдарына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Қан айналу жүйесі негізінен үш қан тамырынан (арқа және екі бүйірлі) тұрады, олар қоректік заттарды тасымалдайды. Тыныс алу органы жоқ. Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар қос зәр шығару түтігі орналасқан. Немертиндер дара жыныстылар. Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды дернәсіл (тұтас кірпікшелі эпителиймен қапталған) шығады. Пилидий эпителиясы уақытша ғана қызмет атқарып, дернәсіл ересек құртқа айналғанда түсіп қалады. Дернәсілден пайда болған жас құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етеді. Нематодтардың тіршілік ету тәсілі және таралуына баға беріңіз Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады. Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мұшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларымен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы жіп немесе ұршық тәрізді, ұштары сүйірлеу, көлденең кесіндісі дөңгелек келеді. Нематодалардың ұзындығы 1 мм-ден бірнеше метрге дейін жетеді. Денесі сыртынан жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған, түсі ақ, ақшыл сары немесе ақсұр. Кутикула қабатының астында субкутикулярлық өсінді қабыршығы бар. Одан кейінгісі ет қабаты. Осылардың барлығы паразиттің - терілі ет қапшығын құрайды. құрттардың көпшілігі геогельминттер яғни ешқандай аралық иесіз өсіп көбейеді, ал кейбіреулері биогельминттерге жатады. Нематодалар жұмыртқа салу арқылы дамып жетіледі, бірақ олар-4 дың арасында тірі туатындары да бар. Мал гельминттің жұқпалы инвазиялық сатысына жеткен жұмыртқаларын немесе балаң құрттарын жем-шөппен, сумен бірге жұтып дертке шалдығады. Тірітуғыш нематодалардың балаң құрттары, мекендеген ағзаларына байланысты, сыртқы ортаға ішек қарын жолдары немесе көз жасы арқылы шығады, ал кейбіреулері қанға өтіп, одан аралық иелері арқылы таралады. Мұндай даму зандылығына жатпайтын тек трихинеллалар. Бионематодалар аралық иелері (буын аяқтылардың, шаян тәрізділердің, ұлулардың кейбір түрлері) арқылы дамып жетіледі, бірақ олардың арасында өздеріне тән циклмен өсіп, өнетіндері де бар. Жұмыр құрттар тобы 8 тек тармақтарынан құралған: Аscaridata, Strongylata, Охyurta, Spiruratа, Тrichocephalatа, Ғilariatа және Rhabditataа, Dioctophymatа. Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Нематодтардың эволюциялық дамуының экологиялық бағыттары жөнінде мәлімет жинақтаңыз Нематолардың көбісі дара жыныстылар. Олардың ұрғашылары аталықтарымен шағылысқан соң, жұмыртқа салады немесе балаң құрттарын туады. Осы қасиеттеріне қарап оларды жұмыртқа салғыштар және тірі туғыштар деп жіктейді. Тірітуғыш нематодалардың балаң құрттары, мекендеген ағзаларына байланысты, сыртқы ортаға ішек қарын жолдары немесе көз жасы арқылы шығады, ал кейбіреулері қанға өтіп, одан аралық иелері арқылы таралады. Мұндай даму зандылығына жатпайтын тек трихинеллалар. Трихинелалардың бірінші сатыдағы балаң құрттары ішектің кілегей қабатына еніп, бүкіл денеге тарайды. Ет талшықтарының арасына еніп, қалташа түзеді, соған оранып көптеген жылдар сақталынады. Мұндай жағдайда трихинелалармен зақымданған мал әрі аралық, әрі ақтық иесі болып саналады. Одан әрі бұл гельминт ересек сатысына басқа бір мал организмінде өсіп, жетіледі. Әдетте нематодтардың балаң құрттары өзінің инвазиялық сатысына екі рет тұлеп, жетіледі. Геогельминттердің балаң құрттары сыртқы ортада түлейді, ал биогельминттердің балаң құрттары аралық ие организімінде жетіледі. Инвазиялық сатысына дейінгі нематод балаң құрттары сыртқы ортада өз бетінше тіршілік етеді. Нематодтардың аралық иесі омыртқасыз және омыртқалы жануарлар болуы мүмкін. Биогельминттерге филяриата, спирурата, диоктофимата тек тармағындағы жұмыр құрттар жатады. Трихо-цефалята, стронгилята және оксиурата тек тармағындағы гельминттердің тек кейбіреулері ғана аралық ие арқылы дамиды. Нематодтардың балаң құрттары, аралық иесінен ақтық ие денесіне енгеннен соң, күрделі миграциялық қозғалыстарға дұшар болады. Ақтық иелері, яғни үй жануарлары, құрттың инвазиялық сатыдағы жұмыртқалары мен балаңқұрттарын жем-шөп, су арқылы жұқтырады. Бионематодалар аралық иелері (буын аяқтылардың, шаян тәрізділердің, ұлулардың кейбір түрлері) арқылы дамып жетіледі, бірақ олардың арасында өздеріне тән циклмен өсіп, өнетіндері де бар. Жұмыр құрттар тобы 8 тек тармақтарынан құралған: Аscaridata, Strongylata, Охyurta, Spiruratа, Тrichocephalatа, Ғilariatа және Rhabditataа, Dioctophymatа. Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Аскаридаталардың ауыз тесігі үш ерінмен көмкерілген. Екі тең спикуласы бар, ұрғашысының бәтегі денесінің алдыңғы жағында орналасқан. Жұмыртқаларының қабықтары тығыз келеді, сырты тегіс не бұжыр болады. Геогельминттер. Стронгиляталардың еріндері жоқ, ауыз қуысы не саяз, не ауқымды терең болады, кейде түбінде тістері кездеседі. Еркектерінің артқы бөлігінде қоңырау тәрізді шағылысу немесе құйрық бұлтығы (бурсасы) болады. Екі тең спикуласының ұзындығы мен құрылымы алуан түрлі болып келеді. Бәтек дененің орта не алдыңғы, жағында орналасқан. Жұмыртқалары жұқа қабықпен қапталған. Гео- және биогельминттер. I Спирураталардың екі ерні бар. Ауыз қуысына жұтқыншақ (фаринкс) жалғасады; өңеші екі бөлімнен тұрады, алдыңғысын етті, соңғысын безді деп атайды. Екі спикуласы не тең, не тең емес. Бәтегі орта тұсынан ашылады. Уақ жұмыртқаларының қабығы қалың, сыртқы ортаға шыққанда олардың ішінде дайын балаң құрты бұғып жатады. Бионематодалар. Трихоцефаляталардың алдыңғы жағы ұзын, жіптей жіңішке ал артқы жағы жуан келеді. Өңеші өте жіңішке түтікшеге ұқсас және оның бездері айқындалып тұрады. Егер спикуласы бар болса, ол біреу ғана және инедей сүйір болады. Бәтек дененің не алдыңғы не артқы жағының соңында орналасқан. Ұрғашылары не жұыртқа салады, не тірі туады. Жұмыртқасы құбыр тәрізді, екі шетінде қақпақшалары бар. Гео- немесе биогельминттер. Рабдитабалардың өңеші екі жағынан шар секілді кеңейген бульбустардан тұрады. Ұсақ тым жіңішке жұмыр құрттар. Олардың арасынан жануар денесінен тыс, сыртқы ортада өз еркімен өмір сүретіндері кездеседі. Жұмыртқалары майда, олардың ішінде қоршаған ортаға шығысымен бірнеше сағаттан соң, балаңқұрттар дами бастайды. Геогельминттер. Оксиураталардың ауыз қуысы 3 немесе 6 ерінмен көмкерілген. Өңешінің соңында шайнағыш пластинкалы шар тәріздесі қуысы бар. Бәтегі денесінің алдынғы жағынан ашылады. Еркегінің бір немесе екі спикуласы бар. Олардың тұрқы, көлемі әртұрлі.Гео- немесе биогельминттер. Филяриаталардың бас жағы өте қарапайым, көбінесе ерінсіз. Өңеші цилиндр тәріздес, етті және безді бөліктен тұрады. Тең емес екі спикуласы бар. Бәтегі денесінің алдыңғы жағында орналасқан. Ұрғашылары жұмыртқа немесе балаң құрт туады. Немертиндер типі өкілдерінің құрылысы және ішкі мүшелер жүйесінің ерекшеліктерін талқылаңыз Немертиндердің дамуының бір ерекшелігі - пилидия эпителиясы ересек немертиннің эпителиясына айналмай, уақытша ғана қызмет атқарып, личинка ересек құртқа айналғанда түсіп қалады, яғни түлейді. Ең алдымен личинка эпителиінен эктодерма және энтодерма арасына немесе алғашқы дамуындағы денесінің қуыс аралығына жеке клеткалар бӛлініп шығады да ортаңғы (мезодерма) ұрық жапырақшасының бастамасын түзейді, олардан дәнекер тканьдері мен кейбір ішкі мүшелері дамиды. Осындай іріктелген немесе диффузияланған мезодерма - мезенхима деп аталады. Немертиннің дене эпителий жамылғысы және ішкі мүшелері мынадай жолмен пайда болады: біріншіден, пилидияның эктодермасынан ішке карай 7 төмпешік (диск) түзіледі: біреуі личинка денесінің алдынғы үстінде, қалған үш жұбы екі бүйірінде және ауызының артында. Кейіннен осы тӛмпешіктер дене ішіне ене ӛсіп, бір-бірімен тұтасып, әлі жетілмеген ішек пен мезенхиманы жан-жағынан қоршап, пилидия жамылғысының астында эктодермальды екі қабатты қапшықты түзейді. Сонымен қатар, үстіңгі төмпешіктен алдыңғы бӛлімінің эпителий жамылғысы, тұмсығы және нерв жүйесі, екі бүйір төмпешігінен - церебральды мүшелер, соңғысынан - дене эпителия жамылғысы құралады. Құрттың бұлшықеттері мезенхима клеткаларынан қалыптасады. Осылай пайда болған құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етуге көшеді. Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Тыныс алу мүшесі жоқ. Қан айналу жүйесі немертиндерде бірінші рет дамыған, осы белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры болады: арқа және екі бүйірлі. Нерв жүйесі жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп церебральды ганглиялар құрайды. Немертиндер типі өкілдерінің құрылысы мен физиологиясының ерекшеліктерін айқындаңыз Сезім мүшелері құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды мүшелері басының бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен қапталған, тек церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, жіңішке түтікшелер арқылы церебральды ганглияларымен тығыз жанасып жатады. Осы екі мүшенің көмегімен жануар судың химиялық құрамының өзгерісін және қорегін сезеді. Церебральды мүшелер эндокриндік жүйенің қызметін атқарады деген болжам бар. Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы турбелляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді. Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері де жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде шашырап орналасқан. Немертиндер дара жыныстылар. Жыныс жүйесі қарапайым құрылысты. Көптеген жұп аналық немесе аталық бездері дененің бүйірінде ішектің бүйір қалташа тәрізді өсінділерінің арасында жатады. Жұмыртқа клеткалары немесе сперматозоидтары қысқа тұқым жолы арқылы сыртқа шығарылады. Ұрықтануы сырттай. Дамуы. Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық, буылтық құрттардың спиральды детерминативті (мүшелердің алғашқы белгілері ерте пайда болуы) бөлшектенуіне ұқсас. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды личинка шығады. Пилидий қалыптаса бастаған кезде бластопораның екі жағынан жалпақ қалақша тәрізді өсінділер дамиды. Сондықтан личинканың дене пішіні бүйірлі құлақшалары бар қалпақ тәрізді. |