пр. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодаларды басты кілдеріне сипаттама беріп, оларды зара байланысына талдау жасаыз
Скачать 1.39 Mb.
|
Ф Фюллеборн әдісінің зерттеу нысаны мен жұмыс жүргізу тәртібінің шешімін табыңыз Фюллеборн әдісі - гельминттердің жұмыртқаларын зерттеу үшін жиі колданылатын әдіс болып табылады. Қажетті заттар: 400г NaС1 қанық ерітіндісі, зат шынысы, сыйымдылығы 50-100мл ауызы кең банка немесе стакан, спиртовка, күкірт, ағаш таяқша, пипетка, қағаз, кайшы, қалам, сымнан жасалынған ілмек (препараттың бетіндегі қаймақты алу үшін), глицериннің 30 пайыз сулы ерітіндісі, микроскоп. Фюллеборн әдісі қарапайым және өте қолайлы, кең тараған. Бұл әдісті дала жағдайында да қолдануға болады. Оны жүзеге асыру үшін қаныққан ас тұзы ерітіндісі (меншікті салмағы 1,18), кішкентай шыныаяқтар, таяқшалар, сондай-ақ мақта, дәке, дөңгелетіп бір ұшы иірілген жіңішке сым ілмектер-тұзақшалар қажет. Ерітінді әзірлеу түшін 1 л суға 450 г ас тұзын салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны мақтадан немесе дәкеден өткізіп сүзеді. Бұл ерітіндіні суытып қолданады. Өлшеп алған нәжісті стаканға (құмалақтарды келішеге) салады да, оған аздап ерітінді қосады, осыдан соң оны таяқшамен (құмалақтарды келісаппен) әбден езеді. Осылай дайындалған нәжіс т қойыртпағына ерітінді қосып (флотациялық сұйық пен нәжістің қатынасы 20:1 шамасындай болуы шарт), сұйылтады да таяқшамен тағы араластырады, сонан соң торкӛзді сүзгішпен (дәке немесе темір елек) сүзіп, таза шыны ыдысқа қотарады да (ауызы тар, мойыны жіңішке шыны құмыралар-колбалар пайдалануға тиісті) 30-40 минут бойы тұндырып қояды. Осы мерзім ішінде құрт жұмыртқалары сұйықтың бетіне қалқып шығады, оларды сым ілмешектермен (2-3 тамшы) іліп алып, төсеніш шыныға еппен сілкіп салып, бетін жапқыш шынымен бастырып микроскоппен тексереді Фасциоланың тіршілік циклінің рөлін бағалаңыз Қой, ешкi, iрi қара мал, үй жануарлары мен жабайы жануарлар ауыратын трематозды ауру. КСРО-да бұл ауруды трематоданың 2 түрi шақырады: Fasciola hepatica мен F.gigantica. Онымен адамда ауырады..Тіршілік циклі. : Фасциола – биогельминт, бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етедi, көп жұмыртқалар шығарады. Олар өт жолы арқылы 12 елі iшекке түседi, одан кейiн клиникалыққы ортаға шығады. Жұмыртқа одан әрi даму үшiн өттегi, қолайлы температура мен ылғалдылық керек. 20-30°С температурада жұмыртқа тез дамиды. 10-12°С олар баяу дамиды, 40°С-тан жоғары болса жұмыртқалар өледi. Қаранғыда жұмыртқалар тез дамиды, бiрақ ұрық қабыршағын жарып шықпайды. 40 2 сурет. F. hepatica Қолайлы жағдайда екi жетiден кейiн мирацидий дамиды, бұл дернәсіл ұзындығы 0,15 мм, ұзынша пiшiндi. Дененiң алдынғы шетiнде қозғалмалы бұлшықеттi iлмек, өт торшалары орналасқан, олардың секретi аралық иеге мирацидийдiң кiруiне көмектеседi. Мирацидий денесi кiрпiкшелермен қапталған, сол арқылы олар суда еркiн жүзедi. Мирацидийдiң өмiр сүру уақыты бiрнеше сағаттан 2-3 күнге дейiн. Аралық ие денесiне кiргенде мирацидий кiрпiкшелерiн тастап, iшкi мүшелерге, бауырға енедi. Онда ол ұршық тәрiздi болады, бiрнеше сағаттан кейiн аналық спороцистаға айналады. Спороцистада ұрықтық торшалар болғандықтан жыныссыз жолмен ұрпақтын келесi сатысы редия, одан церкарий шығады. Церкариларда ауыз және құрсақ сорғыштары, жұтқыншақ, iшектерi жақсы дамыған. Бүйiрлерiнде цистогендi, терiлi бездер орналасқан. Дернәсіл денесiнiң алдыңғы жағынан екi есе ұзын құйрықтары бар. Дене ұзындығы құйрықсыз 0,3 мм. Моллюска денесiнен церкарий клиникалыққы ортаға шығады. Негiзiнен бiр моллюскадан бiрнеше жүз церкарий шығады. Мирацидий моллюскаға кiргеннен церкарий қалыптасқанға дейiн 2-3 ай өтедi. Церкарий моллюскадан шыққаннан кейiн бiрнеше уақыт еркiн жүзiп жүреді. Қатты затқа жабысады немесе жүзiп жүредi, цистогендi бездер ерекше секрет бөледi де қабыршақтанады. Цистамен оралған церкарийді адолескарий деп атайды. Жануалар шөп, өсiмдiк және соны жеу арқылы, фасциолез дернәсілдері бар су қоймаларынан су iшкеңде жұғады. Дефинитивтiк ие iшегiнде адолескарий қабыршағын түсiрiп, құрсақ құысына енедi, бауыр капсуласы мен паренхимасын бұзады, жас фасциолалар өт жолдарына кiредi. Кейде адолескарий iшек кiлегей қабатын бұзады гематогендi жолмен iшек венасы арқылы бауырдың өт жолына өтедi. Адолескаридiң бауырға түскеңнен толық дамыған сатысына дейiн 2,5-4 ай өтедi. Бауырда фасциола бiрнеше жыл өмiр сүредi. Фитогельминттер мен биогельминттердің айырмашылығын салыстырып, мысалдар келтіріңіз
Фитогельминттердің морфологиясы, табиғатта таралуы мен даму жолдарының байланысын көрсетіңіз Фитогельминты – настоящие вредители растений. Характерно постоянное пребывание в органах растений и мощное развитие пищеводных желез, секрет которых воздействует на ткани растения – хозяина, и происходят изменения не только в поврежденном органе, но и в растении в целом. Они делятся на специфические патогенные эффекты, и неспецифические патогенные эффекты. По способам паразитирования фитогельминты делят на две группы: мигрирующие и седентарные (сидячие, оседлые). У мигрирующих самцы и самки сохраняют типичную стройную форму тела и могут передвигаться в растении и почве. Среди них различают экто и эндопаразиты. Эктопаразиты питаются на поверхности органов растений и в процессе жизненного цикла передвигаются от одного места питания к другому. В надземных органах они вызывают гибель почек, пятна и раны на листьях и стеблях. Они вызывают некроз поверхности корней, образование грубых корней их укорочение и утолщение. Эндопаразиты или внутренние в пораженном органе вызывают некрозы и язвы. У седентарных фитогельминтов выработались совершенно особые трофические связи с растительным хозяином. Фитогельминты стимулируют образование гигантских клеток в тканях растений, сами питаются их содержимым. Самки приобретают вздутую форму, и теряет возможность к активной смене места и они становятся седентарными. Фитогельминты неспецифического патогенного эффекта, встречающееся в тканях растений, пораженных другими заболеваниями. Они не вызывают характерных признаков фтогельминтоза. Парамонов считает, представители этой группы питаются не только клетками пораженных растений, но и мицелием сопутствующих грибов. Фиогельминты специфического патогенного эффекта, вызывающие специфичные фитогельминтозы и паразитирующие только в тканях здорового растения. Симптомы, наблюдающиеся у растений при поражении нематодами, зависят от видовой принадлежности паразита, возраста и вида растения хозяина, а также от места поражения наиболее характерные: корневые галлы, язвы в различных слоях тканей, сухая гниль, ненормальное образование боковых и ветвящихся корней, угнетения роста, утолщение и искревление стеблей и листьев, изменение окраски – некрозы, стеблевые, листовые, цветковые и смешанные галлы. По данным Метлицкого, 1996 г. на II Международном нематодологическом конгрессе, в работе которого участие принимали более 400 ученых из 54 стран, было отмечено свыше 3000 видов фитогельминтов, порожая все виды культурных растений, уничтожают ежегодно около 10% мировой растительной продукции. Общие потери оценены 100 млрд. долларов. Снижение урожая полевых, овощных, технических, кормовых, плодово-ягодных культур, обусловленное фитогельминтами составляет в среднем от 6-25%. В отдельных случаях потери урожая составляют 70-90%. Фитогельминттердің түрлеріне сипаттама бере отырып, күресу жолдарын көрсетіңіз.
Ш Шошқа, өгіз солитерлерінің құрылысы мен морфологиялық ерекшеліктерінің өзара салыстырыңыз Өгіз солитері (Teanіa sagіnatа) - тениаринхоз қоздырғышы, ұзындығы 4-10 м. Басында 4 сорғышы бар. Гермофрадитті мүшелері квадрат пішінді, жұмыртқасы екі бөліктен тұрады. Ересек мүшелері жақсы созылған.Жұмыртқасы онкосфераны құрайды, тез бұзылатын, жіңішке жұқа қабықта орналасқан. Онкосферада 3 жұп ілмегі бар. Онкосфераның диаметрі 10мкм астам. Тениаринхоз тұрғындар тамаққа шикі немесе жеткілікті өңделмеген сиыр етін қолданғанда таралады. Өгіз цепеніне тән тіршілік циклі. Негізгі иесі тек қана адам,аралық иесі- ірі қара мал. Бұл түрдің ерекшелігі, адамның нәжісімен бунақтардың 5-6 топпен шығуы. Сиыр бұндай бунақтарды жұтқанда, паразиттің аралық иесі болады. Оның бұлшық етінде цистицерка деп аталатын финна түзіледі. Финнада сколекс орналасқан, сұйықтықпен толтырылған, көпіршік бар. Бұлшық етте финна ұзақ жылдар бойы өмір сүруін сақтауы мүмкін. Бұндай сиыр етін жегенде ас қазан сөлінің қышқыл ортасының әсерінен асқазанда басы алынып, ішектің қабырғасына бекиді және жаңа цепень дамиды. Шошқа немесе қаруланған цепень- Taenia solium. Бұл тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ересек формаларынық ұзындығы 2-Зм. Басы (сколекс) өте кішкентай (2 - Змм), онда көптеген қармақшалар және 4 сорғыштары орналасқан. Гермофродит буылтықтары квадрат тәрізді болады. Жатыр буылтықтың ортасына орналасып 2 үлкен және бір кішкентай бөлімдерге бөлінген. Көптеген аталық бездері проглаттиданың бүйір бөлімінде орналасқан. Жетілген буылтықтарда жатыр 7-12 тармақтарға тармақталған. Тіршілік циклі. Түпкілікті қожайыны- адам, ал аралық қожайындары шошқа және адам. Ауру адам фекалиясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі қажет. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жүмыртқаларын да жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Алдын- алу шаралары- жеке шаралар- піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу; қоғамдық шаралар - санитариялық - ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру. Шистосомалардың түрлері мен айырмашылықтарын салыстырыңыз Адам ағзасында шистосомалардың үш түрі кездеседі, олар Азия тропиктерінде, Африка және Америкада кездеседі. Schistosoma haematobium – қансорғыш құрт Schistosoma mansoni – Мансона қансорғышы Schistosoma japonicum – Жапон қансорғышы Shistosoma Haematobium – зәр шығару шистосоматозонының қоздырушысы. Аталығы 1,5, аналығы 2 см-ге дейін жетеді. Сыртқы дене жабыны тегіс емес. Жұмыртқалары ірі, 0,16 мм-ге дейін жетеді, төменгі бөлігінде ұзынша келген қылқаны бар болады. Аралық иесі – моллюска, ал ақырғы иесі – адам және маймылдар, оларда паразит тамыр ағысы арқылы зәр шығару мүшелеріне – қуыққа және жыныс мүшелеріне миграцияланады. Паразиттер Африка, Оңтүстік-Батыс Үндістанда кездеседі. Зәр шығару шистосоматозына гематурия (зәрде қан), қасаға үстінде ауырсыну, зәр шығару каналында тастардың пайда болуы тән. Осы ауру тараған аймақтарда зәр шығару жүйелерінің қатерлі ісктері 10 пайызға артады. Диагностикасында зәрде жұмыртқалар анықталады, сонымен қатар қуық және қынаптағы өзгерістер: іріңдеу, ойық жаралар, полипті өсінділер және жергілікті қабыну анықталады. Shistosoma Mansoni – ішек шистосоматозының қоздырғышы. Алдыңғы түрге қарағанда көлемі кішілеу (1,6 мм), денесі тегіс емес. Жұмыртқасы зәр шығару шистосоматозының жұмыртқасындай, тек қылқаны бүйірінде орналасқан. Аралық иесі – моллюск, негізгі иесі – адам мен маймылдар, иттер және кемірушілер. Таралу ареалы да кең: Солтүстік, Экваториалды және Оңтүстік-Шығыс Африканы, Оңтүстік-Батыс Азияны қамтып, паразит Батыс жартышарға – Бразилия, Венесуэла, Гайана және Антиль аралдарына да таралған. Адамда ол шажырқай және бауырдағы қақпа венасында мекендейді, сондықтан алғашқы зақымдану тоқ ішекте (колит, қан аралас іш өту, тоқ ішектің полипозы) және бауырда (веналық тоқырау және церроз) анықталады. Диагностика кезінде нәжісте жұмыртқалар анықталады. Shistosoma japonicum - жапон шистосоматозының қоздырушысы. Көлемі алдыңғы түрлердегідей, дене жабыны теп-тегіс. Жұмыртқалары домалақ, қылтаны кішкентай. Аралық иесі – моллюск, негізгісі – адам, жабайы және үй сүтқоректілері (кемірушілер, иттер, тұяқтылар). Ареалы – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияны қамтиды. Паразит ішек веналарында орнығады, сондықтан диагностикасы мен клиникасы ішек шистосоматозындай. Парзит жұмыртқасы қан арнасы арқылы көптеген мүшелерге, соның ішінде бас миына таралады Э Эхинококктың морфофизиологиялық ерекшеліктерін талқылаңыз Эхинококк (Echіnococcus granulosus). Эхинококк бауырдың өкпенің және т.б мүшелердің зақымдануымен өтетін ең ауыр паразитарлы аурудың қоздырғышы дене ұзындығы -5мм 3-4 бунақтан тұрады. Жұмыртқасының пішіні мен мөлшері шошқа және өгіз цепенікіндей. Адамның эхинококкозы барлық географиялық және климаттық аймақтарда таралған. Эхинококкоздың ӛмір сүру циклі аралық иесі болып табылатын жыртқыш жануарлармен(шакалдар, иттер) байланысты. Ересек бунақтары белсенді қозғалуға негізделген, жұмыртқасы иесінің жүні арқылы сыртқы ортаға таралады. Оларды - шӛп қоректі жануарлар жұтуы мүмкін - сиыр, қой, немесе адам, содан кейін аралық иесі болады. Эхинококктың финнасының диаметрі 20 см. Соңғы иесі аралық иесінің зақымданған мүшелерін жегенде жарақаттанады. Морфологиясы Дене тұқы 2-6 мм-ден аспайды, 4-6 буыннан тұрады. Басында 4 сорғыш органы болады, екі қатар болып жататын 30 шақты ораққа ұқсаған ілгектері болады. Осы мүшелері арқылы құрт иттің ащы ішегінің ішкі қабатына мықтап бекінеді. Екінші буында еркек және ұрғашы жыныс мүшелері болады. Соңғы буыны алдыңғыларына қарағанда ұзынырақ келеді. Бұл буында тек қана жұмыртқаға толып тұрған жатын орналасады. Жұмыртқаның ішінде «онкосфера» (негізгі ұрық) болады. Ол дөп-дөңгелек сақина секілденіп келеді. Ішінде 6 ілгегі бар. Ал жұмыртқаның қабығы өте қалың. Сондықтан, жұмыртқа далаға түскенде ауа райының қолайсыз жағдайларына өте шыдамды, төзімді келеді. Есһіnососсus granulosus сколекс; 2-мойын; 3- цызтеке бунақ;4 — пісіп жетілген бунақ; 2 — эхинококк көпіршігі: 1 - кутикула; 9,10,11 – ішкі ұрпақтық көпіршік; 15 – сыртқы ұрпақтық көпіршік Проглоттидтің әрқайсысында зәршығару және гермафродитті жыныс жүйесі бар. Бұлар сорғыштардың зәршығару және жыныс жүйесі тәрізді болып келеді. Бекіну мүшесіне байланысты таспа құрттар екі топқа ажыратылады. Бекінекітін мүшесі сорғыш және ілмекше болса таспақұрт, ал ботрий (сорма жүлге) болса - қияққұрт деп ажыратылады. Энтеробиоз қоздырғышының морфологиясы және онымен күресу шараларын тұжырымдаңыз Балалар острицасы – Еnterobius vermisculfris адамның, көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы үшы спираль тәрізді оратылған, аналығының — 9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жүмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жүмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады. Қоздырғыштары -үшкірқұрттар. Ащы ішектің төменгі бөлігі мен тоқ ішектің жоғарғы бөлігінде паразиттеледі. Ұрғашысының мөлшері 1 см-ге дейін, ерінікі- 0,2 см. ұрғашысы тік ішек тесігінің айналасына жұмыртқалайды да өледі. Ауада жұмыртқалар 6 сағатта жетіледі. Ластанған өнімдер лас қол аркылы жұғады, өзінен өзіне жұғу жиі анықталады. Балалар көбіне мазасызданады, тік ішек тесігінің айналасы мен шап маңы кышиды. Ұйкы бұзылып, тәбет жоғалады. Іш өтуі мүмкін. Жалпы мазасыздану симптомы тән. Шап арасына 2-3 минут жабыстырылған жабысқақ лента микроскопиясы не перинальдық соскоб зерттеулері аркылы олардың жұмыртқаларын табады. |