Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница103 из 367
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Алоэ өсімдігі» шағын жоба жұмысы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Алоэ өсімдігін зерттей отырып адам ағзасына тигізетін емдік қа- сиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • әдеби дерек көздерінен алоэ өсімдігі туралы деректерді жинап, сараптау;

  • сынып бөлмесінде және үйде алоэ өсімдігін өсіру;

  • өсірілген алоэ өсімдігіне бақылау жүргізіп, зерттеу нәтижелерін жинақтау.

Зерттеу жұмысының нысаны: Зерттейтін өсімдігіміз жөнінде кітапханадан, ғаламтордан мәлі- меттер жинақтау.

Зерттеудің болжамы: Егер, адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді;

  • алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

  • тәжірибелер жүргізу;

  • оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;

Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдала- нылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тәжірибе жұмыстары.

№ 1 жұмыс Қоспа дайындау.

  1. Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.

  2. Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдала-

нады.

  1. Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Қағаз туралы зерттеу

Күн сайын адамдар үйде, мектепте, кеңселерде, қоғамдық іс-шараларда көптеген қағаз өнімдерін

пайдаланады, олар тұтынылғаннан кейін лақтырылады. Бірақ бұл қайталама шикізат экологиялық пайда әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда, бұл бүкіл әлемдегі қалдықтардың 50% - ын құрайтын әртүрлі қағаз түрлері. Бұрын оны полигонға әкелңп тастайтын, ол жерде ұзақ уақыт шіріп, қоршаған ортаны ластайды.

100 килограмм макулатура ағаштарды кесуден сақтайды. Макулатураны жинау және тапсыру үш нәрсеге тиімді болмақ: табиғатты ластамау, ағаштарды сақтау және өндірісі арзанға түсетін жаңа өнімді алу.

Мақсаты: кем дегенде бір ағашты кесуден сақтау. Жұмыс барысы:

  1. Түрлі дереккөзден қағаз қалай жасалатындығы туралы мәлімет жинау.

  2. «Бір ағаш кессең, жүз ағаш ек» мақалының мағынасын талдау.

  3. Макулатура жинаудың пайдасы туралы әңгімелесу.

  4. Макулатураны қайта өңдеуге тапсыру.

  5. Түскен ақшаға (егер жеткілікті болса) көшет сатып алу немесе сыныпқа гүл алу.

  6. Қорытындылау.
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   367


написать администратору сайта