Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница105 из 367
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Қолдан ермексаз жасау» тәжірибелік сабақ

Оқушылар «көркем еңбек» сабағында ермексаздан түрлі мүсіндер жасайды. Сондықтан оларда мынандай сұрақтар туындауы мүмкін:

  1. Ермексаз бала денсаулығы үшін қауіпсіз бе?

  2. Ермексаз неден жасалынады?

  3. Ермексаз сатып алғанда оны қалай таңдау керек?

  4. Үй жағдайында ермексаз жасауға бола ма?

Сұрақтарға жауап беру үшін келесі тапсырмалар орындалады:

  1. Ермексаз қашан және қалай пайда болды? (түрлі декеккөздер арқылы ақпарат іздеу).

  2. Ермексаздың құрамын зерттеу.

  3. Сапалы ермексазды қалай білуге болады? (ол үшін ермексаздың құрамын мұғалім алдын ала зерттеп, бір сапалы ермексаз дайындап қояды).

  4. Қолдан ермексаз жасау.

  5. Қорытындылау.

Қолдан ермексаз жасау.

Түрлі дереккөздерді қарап, зерделеп ермексазды қолдан жасауға болады. Соның ішінде бір үл- гісін ұсынуға болады:

Керекті заттар: ұн 1 стакан, тұз ½ стакан, суық су 1 стакан, өсімдік майы 1 ас қасық, лимон согы немесе лимон қышқылы 1 ас қасық, әртүрлі түсте тағамдық бояуыштар.

Жасалуы: Үлкен ыдысқа барлық заттарды (ұннан басқасын) араластырып саламыз. Ыдысты отқа қойып, жылытамыз. Оттан алып, ұнды қосып, тұтас масса болғанға дейін араластырамыз. Ермек- саз дайын.

Сонымен қатар, қолдан ермексаз жасау үшін оны отқа қоймай-ақ жасайтын рецептісі де бар. Мысалы, кәдімгі тұзды қамыр. Ол үшін: 250 мл су, 1 стакан тұз, 2 стакан ұн, өсімдік майы керек. Осы заттармен кәдімгі нан иленеді.

Қорытынды: Қолдан жасалған ермексаз бала денсаулығына қауіпсіз әрі зияны жоқ. Қымбат емес. Құрамындағы заттардың барлығын табуға болады. Сонымен қатар көп уақытты алмайды.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Сыныптағы бордың құпиясы» зерттеу сабағы

Сыныпта тақтаға жазатын бор туралы зерттеу оқушыларға қызықты болады. Неліктен онымен сурет салуға және жазуға ыңғайлы? Ол қалай пайда болған? Құрамы қандай? сұрақтарына жауап іздеу. Мақсаты: мектеп борының құрамын зерттеп, оның құрамында адамның тұрмысына қажетті пай-

далы әрі ерекше қасиеті бар екендігін дәлеледеу.
Міндеттері:

-бордың шығу тарихымен танысу;

  • бордың құрамын зерделеу;

  • бордың адам денсаулығына әсерін анықтау;

  • зерттеу қорытындысын шығару.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерді қарау, тәжірибе жасау, бақылау, сауалнама, алған нәтижеге талдау жасау.

Тәжірибе. Бордың құрамы мен қасиетін зерттеу.

Егер мектептегі борды қолмен ұстап көрсең, ол қатты әрі кедір-бұдыр болып келеді. Ал тақтаға жасзсаң, ол үгіледі, уатылады, яғни ол нәзік. Егер бормен қолымызға сызсақ, ізі қалады, яғни ол был- ғайды. Егер борды суға салсақ, су лайланады, яғни бор суда ерімейді. Сонда ол неден тұрады?

№ 1 тәжірибе. Борды микроскоппен қарау. Ол үшін борды алып, оны үгітіп үгітіндіні сумен араластырып, қоймалжыңды әйнектің үстіне қойып, микроскоппен қарау. Қорытындысын шығару.

№ 2 тәжірибе. 6 түсті борды алып, оларға йод ерітіндісін тамызу. Крахмал йодтың түсін өзгер- теді. Яғни, борлардың құрамына қарай өзгереді. Кейбір бордың құрамында крахмал болса, кейбіре- уінде клей болуы мүмкін.
  1. 1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   367


написать администратору сайта