Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница107 из 367
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Көзге көрінбейтін сия» зерттеу сабағы

Шифрланған хаттар немесе құпия жазу ежелден бері қолданылып келеді. Ұзақ уақыт бойы ға- лымдар көзге көрінбейтін сия ойлап тапты. Бұл сия қағазда айқын із қалдырмайтын сұйықтық болып табылады. Оларды маңызды ақпаратты көзден жасыру үшін қолданған. Осылайша жазылған мәтінді тек оны қалай көрсетуді білетін адам оқи алады.

Көзге көрінбейтін «сиқырлы» сияны қалай және неден жасауға болады? Мақсаты: Көзге көрінбейтін сия жасап үйрену

Міндеттері:

  1. Көрінбейтін сияның тарихын зерттеу.

  2. Көрінбейтін сия түрлері және оларды алу жолдары туралы білу.

  3. Көрінбейтін сияны өздігінен жасау мүмкіндігін тексеріп көру.

  4. Қолдан көзге көрінбейтін сия жасап көру.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен интернет-ресурстарды зерттеу және талдау; көрінбей- тін сия жасау бойынша тәжірибе жасау.

№1 тәжірибе. Лимон қышқылынан көрінбейтін сия жасау.

Егер лимон болмаса, кез-келген қышқыл жидектен, жемістен немесе пияздың шырынын қолда- нуға болады. 10-15 мл шырынды сығып, бірнеше тамшы су қосып, араластыру. Щетканы батырып, сөз жазып, оны құрғату керек.

Лимон шырынынан сияны екі нұсқада жасауға болады.

  1. Парақты ыстық үтікпен басса көрінбейтін жазба күңгірттеніп, қоңыр түсті жазуға айналады.

  2. Мақта тампонын йод ерітіндісі қосылған суға батырып, жазуы бар параққа мұқият жағу. Қа- ғазда крахмал болғандықтан, йодпен байланысқа түсіп, ашық-күлгін түсті болады.

2 тәжірибе. Ас содасынан көрінбейтін сия жасау.

Кәдімгі ас содасын тең мөлшерде сумен араластырып, сұйықтық жасайды. Қылқаламды сұйық- тыққа батырып, жазу жазып, қағазды толық кептіру керек. Оқушылар жазудың жоқ болып кеткенін көреді. Содан кейін оны ыстық үтікпен басса, ол көзге көрінеді.
    1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Зымыран қалай ұшады?

Мақсаты: зымаранның құрылысын зерделей отырып, оның қалай ұшатынын зерттеу.

Зерттеу әдістері: ақпарат көздерін зерделеу, тәжірибе жасау.
    1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Жарық көзі» ғылыми-зерттеу сабағы

Мақсаты: адам қолданатын жарық көздерін зерттеу және ең жақсы және тиімдісін анықтау.
Міндеттері:

  1. Адам қолданатын алғашқы жарық көздері туралы білу.

  2. Жарық көздерінің түрлерін анықтау.

  3. Электрлік қыздыру шамы мен жарық диодының өнертабысының тарихын қарастыру.

  4. Қыздыру шамы мен жарық диодты шамды пайдаланып эксперимент жүргізу.

  5. Қыздыру шамы мен жарық диодты шамның экономикалық пайдасын есептеу.

  6. Қыздыру шамы мен жарық диодты шамға салыстырмалы талдау жасау. Зерттеу әдістері: ақпарат іздеу, бақылау, эксперимент, салыстыру, сауалнама.

Эксперимент арқылы қыздыру шамы немесе жарық диодты шамның қайсысы көп қуат тұтына- тынын анықтау. Электр тізбегін жинау: батарея, қыздыру шамы, жарық диоды, қосқыш, электр қуатын тұтыну көрсеткіші.

Эксперименттің мақсаты: жарық диодты шамның электр қуатын аз тұтынатындығын нақты көр-

сету.

Салыстыру үшін біз төрт жарық диодынан жиналған қыздыру шамы мен жарық диодты шамды

қолданамыз. Электр қуатын тұтыну және жарық күшін қолдану үшін құрылғылардың көмегімен бақы- лау.

1 тәжірибе. Алдымен қыздыру шамын қосамыз, құрылғылардың көрсеткіштері: электр қуатын тұтыну - 100 бірлік, шығарылатын жарық мөлшері - 3 бірлік.

Содан кейін жарық диодты шамды қосамыз, құрылғылардың көрсеткіштері: электр қуатын тұ- тыну - 10 бірлік, шығарылатын жарық мөлшері - 3 бірлік.

Қорытынды: қыздыру шамы мен жарықдиодты шамның жарық күші бірдей болған кезде, қыз- дыру шамы 10 есе көп электр энергиясын тұтынады. Егер сіз жарықдиодты шамды фонарикке қол- данса, ол он есе ұзақ жұмыс істейді.

Қорытынды: жарықдиодты шам аз қуат тұтынады. Оның қызмет ету мерзімі қыздыру лампала- рына қарағанда ұзағырақ. Бірақ жарықдиодты шам қыздыру шамынан қымбатрақ.
    1. 1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   367


написать администратору сайта