Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Жеңіс дегеніміз не?» зерттеу сабағы Зерттеудің мақсаты: тарих мысалында «ерлік» ұғымын зерттеу. Зерттеудің міндеттері: «Ерлік» ұғымының анықтамасымен танысу. Ұлы Отан соғысы кезінде жасалған ерліктермен танысу, соның ішінде жанқиярлықпен ерлік көрсеткен ұлы тұлғалармен танысу. Белгілі бір тұлғаларды таңдап алып, солардың ерлік тарихын зерттеу. Қорытындылау (постер, альбом немесе слайд жасау). Зерттеу нысаны: ерлік Зерттеу тақырыбы: Біздің отандастарымыздың ерлік тарихы. Зерттеу әдістері: сауалнама, талдау және синтез, ұғымдарды анықтау, модельдеу. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Қолдан бояу жасау Зерттеудің мақсаты: Табиғи заттардан сурет салатын бояу жасау. Міндеттері: Түрлі дереккөздер арқылы бояудың шығу тарихы туралы зерделеу. Бояуды қалай, неден жасайтындығын білу. Түрлі-түсті бояйтын заттарды іріктеп алу. Қолдан бояу жасау. Саусақпен сурет салу, бояу. Қорытындылау. Бояу жасау үшін: 100 грамм қаражидекті 30 минут қайнатады. 15 грамм шиенің қабығын суға бір тәулік тұндырып қояды, содан кейін 1 сағат бойы қайнатып, тұндырып алады. Теңгежапырақтан, қы- зылшадан, сәбізден, қарақаттан, кофеден, шокаладтан т.б. осылай бояу жасауға болады. Табиғи заттардан бояуды қалай жасау керектігін ғаламтор желісінен қарап, түрлі-түсті бояу жа- сауға болады. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Оқу техникасын қалай арттыруға болады? (жылдам оқу техникасы) Зерттеу проблемасы: төмен оқу техникасы, кітап оқуды көп қаламау. Зерттеудің мақсаты: шектеулі уақыт аралығында оқу жылдамдығын 30-40 сөзге арттыру Зерттеу міндеттері: Оқушының жылдам оқуына ықпал ететін қолжетімді әдебиеттерді зерделеу. Оқу жылдамдығын анықтау үшін бастапқы және қорытынды диагностика жүргізу. Оқу жылдамдығын тиімді дамытатын жаттығуларды таңдау және сынақтан өткізу. Талдау жасау. Зерттеу нысаны: оқу Зерттеу пәні: оқу жылдамдығы Зерттеу болжамы: арнайы жаттығуларды кешенді әрі жүйелі түрде орындасақ, біз шамамен 3 апта ішінде оқу жылдамдығын 30-40 сөзге арттыра аламыз. Зерттеу әдістері: ақпарат жинау, бақылау, сұхбаттасу, эксперименттер жүргізу, салыстырмалы талдау, бастапқы және соңғы оқу жылдамдығы, жалпылау, құрастыру, жадынама әзірлеу. |