Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Оқытуды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар: бағдарлама-бөлімді -бөлімшелерді -оқу мақсатын -сағат сандарын -білім нәтижесін қамтиды оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері сипаттамадан, сабақ өткізу фор- масынан дидактикалық материалдардан тұрады Әр бөлім бірнеше тақырыпты қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары айқын анық- талған. Білім нәтижесінде «оқушы тапсырмалардан қандай нәтиже күтеді»?, «қандай жетістікке же- теді»?, міне, осындай проблемалық сұрақтармен, нақты кері байланыспен тапсырмалар оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді. «Қызықты матемтика» курсының мазмұны оқушылардың зерттеушілік, ойлау дағдыларын, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған: - сұраққа өз бетімен жауап іздеуге, дербес жаңалықтар ашуға, мәселелі жағдайларды шешуге үйрету; оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттарды қабылдау, іріктеу және жүйелей білу дағдысын қалыптастыру; дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгерте отырып, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту; проблеманы анықтау, сұрақтар құрастыру, зерттеу жоспарын құру, бақылау, эксперимент жа- сау, зерттеу нәтижесін сипаттау және бағалау, пікірлесу, ортақ шешімге келу; түрлі ақпарат және дереккөздермен жұмыс істеу; табылған ақпаратты, материалдарды сүзгіден өткізіп, тиістісін іріктеп алу қабілеттерін да- мыту; қарапайым тәжірибе (эксперимент), бақылау жасау; өздері жасаған зерттеулерінің нәтижесін түрлі формаларда ұсыну. Сабақтарды ұйымдастыру түрлері: ойын элементтерін, дидактикалық және тарату материалдарын қолдана отырып практикалық сабақтар; дәрістер, әңгімелер, тренингтер; кітапханаға саяхат; ойындар-конкурстар, викториналар; өзіндік жұмыс (жеке және топтық.) Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:-стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттері ашылады және дамытылады; -оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушы қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастырады; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындықты жүргізуге білім, білік, дағдыны игереді; -оқуға деген ынтасы, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығы, танымдық қызығушы- лығы, өздігінен жұмыс атқару дағдысы қалыптасады, өзара қарым-қатынасты нығайтуда топтық жұ- мысты ұйымдастырады, бірлескен оқуды дағдыландырады. Әдебиеттер: «Қазақстан Республикасының Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат Математика оқулықтары, «Алматыкітап «баспасы Л.Г.Петерсон, Математика, Издательтсво «Ювента», 2006-2017 әл-Фараби, «Алматы» баспасы,1970 жыл Ә.Доспамбетов. Қырық қазына. АЛМАТЫ. МЕКТЕП. 1987 Интернет көздерінен және мерзімді басылымдар Сатпаева Н.К. Математика пәнінен бақылау мен олимпиада жұмыстары (1-2 сынып) Алматы, 2016, «Үш Қиян» баспа |