Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылықтарын дамытуға мүмкіндік тудыру; Оқу сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асыруды анықтау; Мәтінмен, көркем шығармамен жұмыс жасау барысында ұсынылған бөліктерден негізгі ойды анықтауға үйрету; Мәтін, ой бөліктерін ұсынылған идеяға сәйкес таба білуге дағдыландыру; Бағдарламаның міндеті:оқушылармен қосымша жұмыс жасау; бастауыш сынып бойынша білім беру үдерісінде оқу-әдістемелік жұмыстарды жанданды- руға үлес қосу; белсенді, шығармашыл тұлға қалыптастыру, шешім қабылдай алуға ықпал ету; оқушыларды халықаралық зерттеу жұмыстарына қатыстыру мақсатында оқу сауаттылығын дамыту; топта, жұпта жұмыс істеу арқылы оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту; оқу материалын түсіну, тәжірибеде қолдану және нәтижеге қол жеткізу; топтық жобалар, жазба жұмыстар және т.б. жүргізу арқылы оқушының жеке танымын қалып- тастыру; Бағдарламаның өзектілігі:Бағдарлама негізінде жеке тұлғаның шығармаларды, мәтінді, мәтін бөліктерін оқу қабілетін дамыта отырып, алған білімді күнделікті, шығармашылық жұмыстарда, өмірде қажетінше қолдана бі- луге дағдыландыруға мүмкіндік тудырады. Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге үйре- туді көздейді. жеке тұлғаның заман ағымына ілесе отырып, алған білімін өмірде қолдана алуы; оқу сауаттылығы ұғымына қатысты меңгерген білімін жетілдіріп отыруы; ойын жетік, нақты жеткізуі; ортада еркін сөйлеуге дағдыландыру ; сыни тұрғыдан ойлауын дамыту; Күтілетін нәтиже:қажетті мәтін бөліктерін таңдайды, оларды қорытынды жасауда еркін қолданады; мәтіннің ортақ идеясын анықтайды; мәтін құрылымынан қажетті элементтерді анықтайды; кейіпкерлер әрекетіне қарапайым қорытынды жасайды; кейіпкерлердің әрекеттерін салыстырады , түсіндіреді; мәтіннен үзінді келтіре отырып, негізгі кейіпкерлер мінездеме береді; мәтіннен ақпаратты ала отырып мәтіннің мағынасын немесе негізгі идеясын түсіндіреді. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімІ бөлім. Мәтіннің түрлері. Мәтінмен жұмыс. Барлығы 8 сағат. Кіріспе. Курстың мақсаты мен мазмұны – 1 сағат. Белсенді оқу түрлері негізінде курстың мақсат, міндетімен таныстыру Мәтінмен жұмыс. Мәтіналды жұмыс. Айтылым, оқылым, тыңдалым тапсырмалары – 2 сағат. Мәтінмен жұмыстың ерекшелігіне тоқталу. «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіналды жұмыс жүргізу. Ай- тылым, тыңдалым, оқылым тапсырмаларымен жұмыс жасау. Оқу сауаттылығына байланысты мәтінмен жұмыс– 1 сағат. Берілген мәтінді оқи отырып, мә- тін тақырыбын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын айтады. Функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында сөздік қорын дамытуға негізделген әңгіменің идеясына сүйене отырып, жазылым тапсыр- масын орындау. Мәтіннің түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндері – 1 сағат. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерінің ерекшеліктеріне тоқталу. Ашық, жабық сұрақтар арқылы оқушының мәтінмен жұмысын ұйымдастыру. Әңгімелеу мәтіні. Мәтінмен жұмыс – 1 сағат. Оқылымның мазмұнын түсіну, талдау. «Диа- логтік оқыту» негізінде ұсынылған мәтінді жұпта әңгімелеу. Жұптық жұмыс барысында оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру жұмыстарына көңіл бөлу. Сипаттау мәтіні. Мәтінмен жұмыс – 1 сағат. «Пазл» әдісімен берілген суреттер арқылы си- паттау мәтінін құрастыру. Мәтінге талдау жасау. Пайымдау мәтіні. Мәтінмен жұмыс – 1 сағат. Әңгіменің негізгі идеясын айтылым дағдысы арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру. |