Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница54 из 367
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   367

БАҒДАРЛАМА


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

4- сынып оқушыларына арналған элективті курстың бағдарламасы (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

ТАҒЫБАЕВА АҚБОТА ӘДІЛХАНҚЫЗЫ


№146 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пікіржазғандар:Сәдуақас Г.Т., Абай атындағы қазақ педагогикалық университетінің қауымдастырылған про- фессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Қарсыбаева Р. К., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педа- гогика ғылымдарының кандидаты

Каканова Б. А., «№201 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог - шебер

Түсініктеме хат


Оқу сауаттылығы негізінен оқушының мәтінмен жұмыс істеу қабілетін ашуға мүмкіндік туды- рады. Мәтінді оқи отырып, түсіну оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда мүмкіндік туды- рады.

Оқу сауаттылығы арқылы мәтінмен жұмысты жан-жақты жасауға мүмкіндік туады. Яғни, оқу- шылар шығармадан қажетті ақпарат алады, мәтіннен қорытынды шығарады, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін талдайды.

PISA, PIAAC халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша қазақстандықтардың оқу сауат- тылығын дамыту қажеттілігі белгілі. Соған байланысты бастауыш сыныптан бастап, оқушылардың оқылым дағдысын дамыту маңызды болып саналады.

Оқыған шағын мәтінінің мазмұнын түсініп, оны жеткізіп айта алуға оқушыларды дағдыланды- рудың маңызы зор. Ойын толық жеткізе алмайтын оқушылардың бар екендігі белгілі. Мәтінді оқи оты- рып, оқығаны бойынша талдау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруда «Бастауыш сынып оқу- шыларының оқу сауаттылығын арттыру» курсы маңызды болып табылады.

Бүгінде білім саласына етене енген жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім беру- дің тиімділігі – бүгінгі күннің басты талабы. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім шиыршықталған қағидатпен беріледі. Оқушы сабақты меңгеру үшін жеңіл тапсырмадан бастап күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы қажет. Оқушының оқуға деген қызығушылығының артуына мүмкіндік тудыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерін ашу қажет. Өзіндік ойын жеткізе отырып, тұжырым жасай білуі бүгінгі күннің қажеттіліктерінің бірі. Өзінің ойын жеткізе алатындар бар да, ойын жинақ- тап, тұжырымдап жеткізе алмайтындар болатыны белгілі. Осы бағыттағы жұмыстар үшін оқылым дағ- дыларын жетілдіру маңызды болып табылады. Оқу тапсырмалары негізінде оқылым дағдысын дамыта отырып, оқу сауаттылығын жетілдіру мақсат етіледі.

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру» курсының бағдарламасы Қазақ- стан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің нормативтік және әдістемелік құжаттарының та- лаптарына сай, оқу бағдарламасы негізінде ұсынылып отыр. Курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, кітап оқуға деген қабілеттерін дамытуға бағытталады. Әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, қызығушылығын арттыруға, сөйлеу мәде- ниетін қалыптастыруға, оқу сауаттылығы бойынша жан-жақты жұмыс жасауға дағдыландыруды мақ- сат етеді.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   367


написать администратору сайта