Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Тест тапсырмалары. (1 сағат.) Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін бекіту.II бөлім. Мәтінмен жұмыс тәсілдері және тапсырмалар . Барлығы 8 сағат. Мәтінмен жұмыс тәсілдері және тапсырмалар – 1 сағат. Берілген мәтіндерді «Венн диаг- рамма» арқылы салыстыру. Оқу сауаттылығы тапсырмаларымен жұмыс: ақпарат іздеу – 1 сағат. Оқылым мәтінінің не- гізінде ақпараттарды қарастыру. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқылым мәтіні бойынша нақты ақпарат- тарды алу, оңай және тез жауап беру. Мәтінді кеңінен түсіну бағытындағы жұмыстар – 1 сағат. Ашық сұрақтар толық жауап бе- руге мүмкіндік береді. «Қар лақтыру» әдісі арқылы жұпта ашық сұрақтар дайындау. Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету-1 сағат. «Ашық әңгіме» әдісі негізінде мәтінді бөліктерге бөліп, келесі бөліктерінде болатын оқиғаларды болжай отырып, сұрақтар құрастыру, талдау. Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру – 1 сағат. Сұрақ білімді қолдануда жетекші рөль атқарады. Сондықтан сұрақпен айқын, нақты жұмыс жасау. Мәтіннен негізгі идеяны таба білу – 1 сағат. Оқылым стратегияларын қолдану : жалпы маз- мұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқиды; Мәтінмен шығармашылық жұмыс жасайды; Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру – 1 сағат. Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне жауап беру, өз ойларын білдіру; Тест тапсырмалары (1сағат.) Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін бекіту.ІІІ бөлім. Мәтін мазмұнын түсіну, талдау. Барлығы 18 сағат. Мәтіннен түсінгенін айта отырып, қорытынды шығара білуге дағдыландыру – 1 сағат. Мә- тінді оқи отырып, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау. Мәтіндегі берілген ойды өмірмен байланыстыру – 1 сағат. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқыған мәтінін өмірлік жағдаяттармен салыстыру. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін түсіне алу – 1 сағат. «Оқы-қара-жап-айт-жаз-тексер» тех- никасын тиімді қолдану арқылы оқушының білім-білік дағдысын дамыту. Мәтін бөліктерін түсіну ба- ғытындағы жұмыстар жүргізу. Мәтіннен оқып-түйгендерін нақты жеткізуге үйрету – 1 сағат. Мәтінді оқи отырып, жұптық жұмыс негізінде «Қосжазба күнделігін» толтыру. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау – 1 сағат. Мәтінмен жасауда сыни ойлауға бағытталған әдістерді түрлендіріп беру – 1 сағат. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асыру. Мәтінмен жұмыс барысында сұрақтар құрастырту арқылы оқушының танымын дамыту – 1 сағат. Ашық, жабық сұрақтармен жұмыс жасау. Мәтінмен жұмыс барысында «Кластер» интербелсенді әдістері арқылы мәтіндегі негізгі ақ- параттарды жіктеу – 1 сағат. Мәтінді «Топтық жоба қорғау» тәсілі арқылы талдау – 1 сағат. Топтық жұмыс барысында оқушының бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына ықпал ету. Мәтіндегі ойды негізгі ақпараттарды пайдалана отырып қорыту – 1 сағат. «Фишбоун» әдісі- мен топтық жұмыс жүргізу. Мәтіннен автордың идеясын танытатын сөйлемдерді табу – 1 сағат. Мәтіннің маңызды тұс- тарын анықтап сурет, сызба түрінде беру. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу – 1 сағат. Өз көзқарастарын жеткізуге дағдыландыру. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу. Мәтіннен үзінді тыңдату, оқыту арқылы мәтінді толық оқуға ынтасын ояту. Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу жұмысын жүргізу – 1 сағат. Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқи оты- рып талдау. Диалог. Монолог – 2 сағат. Мәтінді оқу барысында сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар арасында диалог ұйымдастыру. Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап дайындап диалогты жетілдіру. Проблемалық сұрақтармен жұмыс – 1 сағат. Мәтінді оқуда түсініп оқу стратегиясы негізінде мәтіннің мазмұнын, автордың ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін ақпаратты ұғынып оқу. |