Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница97 из 367
    1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    ЖАС ЗЕРТТЕУШІ


    4-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    САТЫМБАЕВА ЛАЙЛА УМИРЗАКОВНА


    М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіржазғандар:Жумaбaевa A.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының жетекшіcі, п.ғ.д., пpoфеccop

    Абдрашова А.К., 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.

    Түсініктеме хат мазмұны


    Қазіргі уақытта балалардың зерттеу қызметі үлкен рөл атқарады. Оқушыларды «зерттеуші» по- зициясына қоятын мұндай әрекет дамушы оқыту жүйелерінде жетекші орын алады. Зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту үшін кез-келген басқа дағдылар сияқты, мақсатқа сәйкес келетін жағдайларды табу және жүзеге асыру қажет.

    Зерттеушілік – баланың өзін қоршаған ортасы туралы мағлұмат алудың бірден-бір маңызды көзі болып табылады. Педагогика мен психологияда «зерттеушілікке үйрету» – баланың қоршаған ор- таны өздігімен танып-білу негізінде құрылған. Зерттеу іс-әрекеті оқушылардың оқуға деген мотива- циялық мәселелерін шешуге қолайлы болып табылады. Оның негізгі қызметі оқушылардың өзін, әлемді тануға себепкер болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті – екі субъектінің (мұ- ғалім мен оқушы) белгісіз нәрсенің шешімін табудағы бірлескен іс-әрекетінің шығармашылық үдерісі, соның барысында олардың арасында мәдени құндылықтар көрініс табады, оның нәтижесінде белгілі бір көзқарас қалыптасады. Педагог, мұндай жағдайда зерттеу іс-әрекетінің формасы мен шартын ұйым- дастырушы ретінде болады, соның нәтижесінде оқушының өмірінде кездесетін кез-келген ғылыми не- месе өмірлік проблемаларды зерттеушілік, шығармашылық көзқараспен шешуге тырысады. Осыдан барып шешімін табатын маңызды мәселелердің бірі ішкі мотивацияны қалыптастыру тәсілі болып та- былады, яғни, сыртқы қажеттілікпен белгісізді іздестіруді ішкі қажеттілікке ауыстыру.

    Сонымен, «Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке үйрету үшін не істеу қажет?» деген сұраққа жауап беру үшін, зерттеу жүргізуді оқушылардың тереңірек білуі үшін және соған сәйкес ти- істі дағдыларын қалыптастыру үшін элективті курс тақырыбы «Жас зерттеуші» деп алынды.

    Бағдарламаның өзектілігі. Оқушы ғылыми жұмыспен айналысу үшін ғылымға деген қызығу- шылықты ояту керек. Пәндік біліктілікті дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықты қалыптасты- руға болады. Ал пәндік біліктілік - ғылым негіздерін зерттеу, талдау кезінде қалыптасады. Пәндік бі- ліктіліктің түрлеріне: Өз бетінше іздену біліктілігі – оқушының білімін толықтырып отырады. Мұнда оқушы өзіне қажетті оқулықтарды, материалдарды және т.б. өзі іздеп табады. Практикалық біліктілік– оқушының теориялық білімін практикада іске асырады. Әр салада қолданылатын аспаптардың, техни- калардың жұмыс істеу принципін, құрылысымен танысады, біледі. Ұйымдастыра білу біліктілігі – оқушы өз жұмысын жоспарлап, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, өзіне тапсырылған жұмысқа қа- жетті уақытты дұрыс пайдалана алады. Өзін-өзі бақылай білу біліктілігі оқушы жаттығу, есептеу жұ- мыстарын дер кезінде, уақытылы орындайды. Экономикалық-экологиялық біліктілік – ұқыптылыққа, қоршаған ортаға экологиялық көзқараспен қарауға баулиды. Осылайша оқушылардың зерттеушілік бі- ліктерге негізделген іс-әрекет тәсілдері - шығармашылық ізденістер мен жаңа проблемаларды шешуге әзірліктерін, өз шығармашылық ізденістеріне деген сезімдік-құндылық қарым-қатынастарын, қажетті- ліктерін, мотивтерін және көзқарастарын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру үшін аса өзекті болып саналады.

    Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке ізденіс кезінде қажетті арнайы білім, білік және дағдыларға және алынған материалды өңдеу әдісіне үйрету оңай шаруа емес. Ол үшін зерттеушілік міндеттерін шешуге қажетті білім, білік, дағдыларды білу қажет. Оларға мыналарды жатқызамыз: проблеманы көре алу; сұрақ қоя алу; болжам жасай алу; ұғымдарға түсінік бере алу; жіктей алу; байқай алу; эксперимент жүргізе алу; қорытынды шығара алу; материалды құрастыра алу; өз идеясын дәлел- дей және қорғай алу.

    Курстың мазмұны 4-сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі осы міндеттерге бағытталып, зерттеушілік процесін құру кезінде мыналарды баса назарға алу керек:

    • оқушыға қызықты және мұғалімнің қызығушылығы аясына сәйкес келетін зерттеу тақырыбын таңдау;

    • егер де зерттеу мұғалім тарапынан мүлтіксіз дұрыс орындалса да оқушы проблеманың өзегін

    жақсылап түсінбесе, оның мәнін шешу барысы маңызсыз болып қалады, сол үшін оның мәнін түсіну басты мәселе болып табылады;

    • зерттеу проблемасын ашу жұмысының барысын мұғалім мен оқушының өзара жауапкершілік- тері мен өзара көмегі арқылы ұйымдастыру;

    • проблеманың мәнінің ашылуы алдымен оқушыға жаңалық болуы керек, содан кейін ғана ба- рып ғылымға жаңалық алып келуі керек (онда да бұл міндетті емес, егер де жаңалық болып жатса, өте жақсы).

    Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш сынып oқушыларының әлемнің жаратылстану көрінісін танымдық, тұлғалық, кoммуникативтік әмбе- бап oқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

    Ұсынылған материалдар оқушылардың жас ерекшелігін, олардың қызығушылығын ескере оты- рып берілді.

    Бағдарламаның мақсаты бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетіне қажетті білім, білік, дағдыларын дамыту және қoршаған әлемнің құбылыстарын, маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгерту.
    1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   367


    написать администратору сайта