ВОП экзамен. Анытамасы
Скачать 224.09 Kb.
|
ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ. Дәрі-дәрмексіз емдеу [2,3,4,5,6]: Бірінші тәулікте төсектік тәртіп, содан кейін палаталық, жалпы. Диета №7 (7а,7б): ас тұзын (ең басты натрийді) және сұйықтықты (ішілген сұйықтықты алдыңғы күннің диурезі +300 мл бойынша есептеледі) жеткілікті колоражда және құрамындағы дәрументерде. Ісінулер болып, олар көбейе бастағанда, тағамдағы ас тұзы тәулігіне 0,2-0,3г дейін, тәуліктік мәзірге ақуыз 0,5-0,8г/кг салмағына дейін шектеледі, соның ішінде жануар тектестер шектеледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу [2,3,4,5,6,7]: 1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар - дипиридамол 75мг/тәу, табл.; пентоксифииллин 100мг/тәу, ампула қолданылады; 2. Антигипертензивті және нефропротективті мақсатта ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары - фозиноприл 20мг/тәу, эналаприл - 20мг/тәу, рамиприл 10мг/тәу, кальций каналдарын тежеуші - амлодипин 10мг/тәу, нифедипин 40мг/тәу, табл. Бета-адренорецептор тежегіштері - бисопролол 10мг/тәу, альфа және бета адренорецептор тежегіштері - карведилол 25мг/тәу, табл; ангиотензин II рецепторларының антагонистері (лозартан 100мг/тәу; телмисартан 80мг/тәу, табл. және т.б.) қолданылады. 3. Ісінулер мен гипергидратациямен және осыларға қатысты асқынулармен күресу үшін диуретиктер - ілмекті (фуросемид 2-3мг/кг/тәу, амп); гидрохлортиазид (50-100 мг/тәу) таб, әсері болмаған жағдайда – ультрасүзу тағайындалады. 4. Антибактериальді емді инфекция ошағы немесе жедел инфекциялық ауру болған кезде ошақты жою үшін және қоздырғыш эрадикациясы үшін қолданылады. Стрептококты ЖГН кезінде (аңқадан сүртінді, стрептококқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы)- бензилпенициллин 0,5-1,0 млн ХБ, тәулігіне 6 рет 10 күн немесе цефалексин 50мг/кг/тәу 2 қабылдауға 10 күн) қолданылады. 5. Синусит, пневмония кезінде таңдау препараттары (маңыздысынан бастап көрсетілген) - амоксициллин+клавулон қышқылы 500-750 мг ішке, тәулігіне 2 рет 5-7 күн, цефаклор 40 мг/кг/тәу 2 қабылдауға 7 күн. 6. ß-лактамды антибиотиктерге аллергия кезінде антибиотиктердің макролидтер тобынан ДЗ тағайындалады: азитромицин 250-500 мг тәулігіне 1 рет 4 күн, спиромицин 150 мг тәулігіне 2 рет 7 күн. 7. Айқын азотемия және гипокалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі. Емнің басқа түрлері: жоқ. ПРОФИЛАКТИКА.Жедел гломерулонефриттің бірінші ретті профилактикасына денсаулықты шынықтыру мен нығайту, стрептококк инфекциясымен жанасуды болдырмау және стрептококк себепті аурулардың тиісті емін жасау жатады. Екінші ретті алдын алу шараларына ЖГН-ң қайталауын болдырмау және оның созылмалы гломерулонефритке ауысуының алдын алу жатады. Диспансерлеу. ЖГН-нен ауырған адамдар стационарлық емнен кейін 2 жыл бойы диспансерлік есепте болулары керек (учаскелік терапевт, немесе отбасы дәрігері бақылайды). Алғашқы 6 айда науқасты ай сайын 1 рет қарайды, қалған 1 1/2 жыл уақытта 3 айда 1 рет қарайды. 4.Өткізгіштіктің бұзылысы. Амбулаторлы жағдайда АВ-блокаданың І-ІІ дәрежесінің диагностикалық ізденісінің алгоритмі. Созылмалы аурулары бар адамдарда, жүкті әйелдерде, қарт және егде жастағы адамдарда ағымының ерекшеліктерін ескере отырып амбулаторлық жағдайда жүргізудің тактикасы. 5.Бейарнамалы жаралы колит. Анықтамасы. Жіктелісі. Бейарнамалы жаралы колит диагностикасы мен емі. Диспансеризациясы. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 6.Теміржетіспеушілік анемия (ТЖА). Этиопатогенезі. Теміржетіспеушілік анемияның клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы. 7.Тыныс жетіспеушілігі синдромы. Анықтамасы. Жіктелісі, клиникалық көріністері. Тыныс жетіспеушілігінің диагностикасы мен емі. Болжамы. Алдын алуы. 8.Жедел лейкоз. Жедел лейкоздың диагностикасы мен емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы. 9.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Анықтамасы. Жіктелісі. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 1, 2, 3 кезеңдерінің клиникалық белгілері. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы мен емі. 10.Қан айналым жетіспеушілігі. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Кезеңдері бойынша диагностикасы және емі. Алдын алуы. Болжамы. 11.Жүректің ишемиялық ауруларының (ЖИА) жұмыс жіктелісі. Жедел коронарлық синдром. Атеросклероз. Клиникасы. Атеросклероздың клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Болжамы. Алдын алуы. Тұрақты стенокардия, клиникасы, диагностикасы және емі. 12.Пневмококкты пневмония. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Клиникасы. Пневмонияның клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы, емі. Болжамы. Алдын алуы. 13.Созылмалы пиелонефрит. Этиопатогенезі. Клиникасы. Созылмалы пиелонефриттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы. 14.ЖИА-ның жіктелісі. Алғаш пайда болған және үдемелі стенокардия. Қауіп факторлары. Клиникалық көріністері. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы мен емі. Диспансеризация. Болжамы. Алдын алуы. 15.Хеликобактерпилоримен ассоциацияланған гастрит. Этиопатогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы және емі. Ауруханаға жатқызу көрсетілімі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын-алуы. 16.Созылмалы обструктивті бронхит және Тыныс демікпесі. Этиопатогенезі. Халықаралық бағдарламалардың негізгі ережелері (GOLD, GINA). Клиникасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 17.Бауыр циррозы. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Қауіп факторлары. Бауыр циррозының клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және ажырату диагностикасы, емі. Күндізгі стационарға, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Динамикалық бақылау. Скрининг. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 18.Қант диабеті. Қауіп факторлары. Жіктелісі. Клиникасы. Диагностика және емі. Қант диабетінің асқынуы. Күндізгі стационарға, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 19.Миокард инфарктісі. Қауіп факторлары. Жіктелісі. Клиникасы. Миокард инфарктісінің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы мен емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 20.Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Этиопатогенезі. Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі мен стенозы. Гемодинамика. Клиникалық көріністері. Диагностикасы және емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. Жүрек ақаулары бар жүкті әйелдерді жүргізу ерекшеліктері. 21.Гипертониялық ауру және симптоматикалық артериальды гипертензия. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Ажырату диагностикасы. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 22.Жүректің ишемиялық ауруы. Жіктелісі. Қауіп факторлары. Вазоспастикалық стенокардия. Клиникалық көріністері. Вазоспастикалық стенокардияның диагностикасы мен емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 23.Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Этиопатогенезі. Аортальды қақпақшаның жеткіліксіздігі мен стенозы. Гемодинамика. Клиникалық көріністері. Диагностикасы және емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 24.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Экстрасистолияның анықтамасы. Жіктелісі. Экстрасистолияның клиникалық көріністері. Жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолияның диагностикасы, емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 25.Ревматоидты артрит. Анықтамасы. Жіктелісі. Этиопатогенезі. Клиникасы. Ревматоидты артриттің диагностикасы мен емі. Остеоартрозбен, анкилозды спондилоартритпен, подагралық артритпен ажырату диагностикасы. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы. 26.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Іріңді-қабыну ауруы, құрсақішілік инфицирлену қаупі тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы. 27.Фондық патологиясы бар балаларды диспансеризациялау. Рахит. Қауіп топтары. Диагностикасы. Диспансеризация, алдын алу, вакцинация тактикасы. 28.Балалардағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Диагностикасы. Ажырату диагностикасы. Диспансерлік бақылау, амбулаторлы-емханалық кезеңде жүргізу. 29.Зәр шығару жолдарының инфекциясы (цистит, пиелонефрит, гломерулонефрит). Клинико-лабораторлық диагностикасы, емі, алдын алуы, диспансеризациясы, вакцинация тактикасы. 30.Балалардағы асқазан-ішек жолдарының функциональды бұзылыстары. Диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емі, диспансеризациясы, алдын алуы. 31.Белсенді иммунизация, профилактикалық екпеге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. ҚР профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі. Вакцинациядан кейінгі реакциялар, асқынулар. «Қауіп» тобындағы балалардың иммунизациясының ерекшеленген тактикасы. 32.Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Қауіп топтары, фондық патологияның қалыптасуы. Алдын алуы, диспансеризациясы, емі, есептен шығару мерзімдері, вакцинация тактикасы. 33.Ерте жастағы балаларды тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру. Қосымша тамақтарды қосудың негізгі принциптері. Аралас және жасанды тамақтандыруға көрсеткіштер. Бақылаулы тамақтандыру. 34.Нәрестелердің денсаулық деңгейін бағалаудың ерекшеліктері. Нәрестелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, физиологиялық рефлекстері, шекаралық жағдайлары. 35.Нәрестелердің денсаулық деңгейін бағалаудың ерекшеліктері. Петруссо бойынша нәрестенің жетілгендігін бағалау. Шала туылу, бақылау принциптері, сауықтыру. 36.ЖТД жұмысындағы балаларды диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары. 37.Денсаулық шектері. Балалардың денсаулық деңгейін жиынтықты бағалау, денсаулық топтарына бөлу. 38.Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы. Қосымша тамақтарды енгізу. 39.Пневмониясы бар балаларды амбулаторлы-емханалық деңгейде жүргізу. 40.Нәрестенің денсаулық жағдайы мен дамуын жиынтықты бағалау, негізгі шектері. Қауіп факторлары, қауіп бағыттары. Қауіп топтарындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы. 41.Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Теміржетіспеушілік анемия (ТЖА). АМСК деңгейінде ТЖА-сы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері. 42.Аралас тамақтандыруға көрсеткіштер. Бейімделген сүт қоспалары. Тиімділігін бағалау. Жасанды тамақтандыруды жүргізу техникасы. Тәуліктік сүт көлемін есептеу. 43.Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Созылмалы тамақтандыру бұзылыстары: гипотрофия, паратрофия. Қауіп топтары, диспансеризация, алдын алуы, вакцинация тактикасы. 44.Белсенді иммунизация. Алдын ала егу бөлмесі: жұмысының ұйымдастырылуы, алдын ала егуді жоспарлау, вакциналарды сақтау. 45.ҚР-да профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесі. Алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, жүргізу мерзімдері және баланы екпеге дайындау. 46.Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы. 47.Балалардағы профилактикалық екпеге болатын қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар. Бағалау әдістері. Қауіп тобы, жеке күнтізбемен егу. Вакцинацияның жеңілдетілген әдістері. 48.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы. 49.Патронаждық бақылауды ұйымдастыру, қауіп бағытын анықтау. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Шала туған балалардың патронаждық бақылауының ерекшеліктері. Нәресте перзентханадан шығарылғаннан соң телефон арқылы перзентханадан мәліметтер емханаға беріледі, күнделікті емхананың нәрестелерді тіркеу журналына: Анасының Т.А.Ә, мекен-жайы және баланың туған күні,айы,жылы жазылады. Қалыптасқан ережеге сәйкес, сәби перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 1-3-ші (дұрысы алғашқы 1-2-ші күндері) күндері жаңа туылған нәрестені үйіне қатынап дәрігер-мейірбикелік (1-ші қатынау – патронаж) қарайды,егер нәрестенің қауіп-факторлары, туа біткен қауіп ауытқулары болса, шала туылған немесе мерзімінен аса туылғандар, сонымен қатар тұңғыш бала болса, перзентханадан шыққан күні 1 тәулік ішінде патронаж жүргізген дұрыс. Балалардың денсаулық деңгейін бағалау, балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері негізінде жүргізіледі:анамнездегі ауытқулардың болуы немесе болмауы(биологиялық ,генеологиялық ,әлеуметтік), физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі,жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі, ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары,ағзаның реактивтілігі, туа біткен даму ақауларының дамуын анықтау. ЖТД-ң бірінші патронажда негізгі міндеті жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, ананың лактациялық мүмкіншілігі және нәрестенің тұратын орта жағдайы. Шала туылған балаларды стационардан шығарғаннан кейін күтім жасау патологияны дамытқан қауіпті анықтағаннан кейін жеке реабилитациялық бағдарламаларға сай жүргізіледі. Шала туылған барлық балалар жоғары қауіп тобына жатады, денсаулықтың ІІ тобында бақыланады. Олар аймақтық дәрігердің ерекше назарын талап етеді: алғашқы патронаж оларға өздерінің күшінің жақсы дамымауына байланысты ерекше күтімге мұқтаж болғандықтан босану үйінен немесе стационардан шыққан күннің ертесіне жүргізіледі. Реабилитациялық іс-шаралардың көлемін анықтау үшін анамнез жинау барысында мүмкіндігінше баланың шала туылуына алып келген этиологиялық факторларды анықтау керек. Дәрігерлік тағайындауларды қатаң түрде жүзеге асыру және отбасымен тығыз байланыс орнату керек. Әдетте шала туылғандарға ойлау тұрғысынан және тұлғалық деффектімен ерекшеленетін физикалық және жүйке-психикалық дамуынан қалыс қалу , мүгедектікке алып келетін неврологиялық аурулар (гидроцефалия, эпилепсия, саңыраулық, балалар сал ауруы) тән. Отбасының төмен әлуметтік – экономикалық статусында, балаға күтімнің жеткіліксіздігінен және тәрбиенің дұрыс болмауы ақырын жағымсыз етеді(мүгедектік пен өлім). Объективті тексеру кезінде шала туылғандардың функционалдық ерекшеліктерін есте сақтау керек. Жүйке жүйесі жағынан жабырқаулық синдромы, айқайының әлсіз болуы, бұлшық ет тонусының әлсіз болуы, физиологиялық рефлекстерінің әлсіздігі, терморегуляцияның дұрыс реттелмеуі тән. Тыныс алу жүйесін бағалау кезінде тыныс алу жиілігінің тұрақтылығы(35-80 рет минутына), тыныс тереңдігінің біркелкі еместігі, апноэ ұстамалары, аускультацияды ателектаз аймғында әлсіреген тыныс анықталады. Жүрек соғу жиілігі де ауытқымалы, минутына 140-180 рет аралығында ауытқып отырады. Қан тамырлық дистония анықталады. Тыныс алу мен қан айналым мүшелерінің дамымауы бала организмінің оттегімен қамтамасыз етілуінің жетіспеуіне одан кейін жағдайының одан әрі нашарлауына әкеледі. Шала туылған балаларды күту өте күрделі мәселе болып табылады. Олардың тіршілік әрекетін сақтап қалу үшін қолайлы шарттар мен тамақтандыру қажет.Бөлме температурасы 24-26 С градус аралығы болу қажет(себебі шала туылған балалар денесі тез салқындайды) , алдын-ала жылытылған киімдерді тез кигізу керек.Егер шала туылған бала ұзақ уақыт суланып қалған киіммен жататын болса, денесі салқындап қалады. Суға шомылдырған соң, нерестені жылытылған орамалға орайды. Мұрын саалқындауы денесі салқындауы белгісі. Терморегуляция толық жетілмегендіктен шала туылған бала тез қызып кетуі де мүмкін. Ол жағдайда маңдайда және мұрын ұшында тері тамшылары пайда болады. ОЖЖ толық жетілмегеніне байланысты, шала туылған балаға қауіпсіздік ережесін қалыптастыру керек, яғни сыртқы күшті қоздырғыштардан сақтау қажет: қатты әуен, айқай, жарық сәуле. Шала туылған баламен көп әңгімелесіп, қолға алу керек, бұл оның психикалық дамуына септік тигізеді. Неврологиялық және физикалық дамуында сенсорлық стимуляцияның алар орны зор. Бірақ, Шала туылған баланың тез шаршайтынын ұмытпау керекпіз. Нәрестені қолға асықпай алу керек, себебі нәресте дене қалпын өзгерткен кезде қан тамырлары дистония әсерінен тез арада мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуы мүмкін. Өмірінің бірінші айында барлық шала туылған балалар неврологпен, отолорингологпен, окулистпен қаралады. Егерде ЖЖЖ-і,қимыл-тірек аппараты,есту, көру жағынан бұзылыстар көрінетін болса, Шала туылған балалар сәйкесінше маман қаралуында болады. Шала туылған балаларды тамақтандыру аса қиындықты туғызады. Асқазан сиымдылығы кішкентай болғандықтан, мұндай балаларға аз-аздан жиі тамақтандыру кеңес беріледі. Шала туылған балаларды емізу өте маңызды, себебі, асқорыту ферменттері өздерінде жеткіліксіз. Емшекпен емізу шала туылғандарда төмен гуморальдық иммунитеттің орнын толтырады және бейспицификалық қорғаныш факторын қалыптастырады. Емшекпен емізу кезінде Шала туылғандарда анемияның даму қаупі төмендейді. Жасанды тамақтандыру ретінде бейімделген қоспалар қолданылады. Тыныс алу ағзаларының ауруларының алдын алу мақсатында, шала туылғандарды керуеттегі дене қалпын жиі алмастырып тұру қажет, себебі оларда тыныс жүйесіндегі іркілу көріністеріне бейім болып келеді. 50.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. ОЖЖ зақымдануына қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы. Біріншілік дәрігерлік патронаж бала босану үйінен шыққаннан кейін алғашқы үш күн ішінде жалпы тәжірибелік дәрігермен баланың денсаулық жағдайын амбулаторлы- емханалық кезеңде ережеге сәйкес бағалайды. Денсаулық- бұл физикалық, рухани, әлеуметтік тұрақтылық, ауыр жеке жарақаттардың болмауы. Қоршаған ортамен байланыста болуымен (бейімделу) сипатталатын табиғи жағдай. Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері. Анмнезінде ауытқулардың болуы (генеологиялық, биологиялық, әлеуметтік). Физикалық даму денгейі және оның үйлесімділік дәрежесі. Жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі Ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары Ағзаның реактивтілігі Туа біткен даму ақауларының болуы Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуының кешенді бағалау құрылымы: Балалар денсаулық жағдайы мен дамуының негізгі критерийлер бойынша зерттеу. Балалар денсаулық жағдайының деңгейін(тобын) анықтау қорытындысы. Медико-педагогикалық ұсыныстарды тағайындау Есепке алу медициналық құжатнамасын (документациясын) толтыру.(ф №112/y №26/y) Денсаулық топтары(деңгейлері) І-топ – абсолютті дені сау балалар (дамуы мен қызмет деңгейі қалыпты, яғни барлық 6 негізгі критерийі бойынша ауытқулардың болмауы). ІІ-топ – дені сау, бірақ функциональді және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіншілігі төмен балалар. ІІІ- топ – компенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, декомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі айтарлықтай төмендеген. Жаңа туған баланың денсаулық жағдайын толық және дұрыс бағалау үшін учаскелік ЖТД перзентханадан шыққандағы көшірме-парағымен толық танысып сараптайды, анамнез мәліметтері, жүктілік ағымы, босану сипаты, Апгар шкаласымен бағалау, өмірінің алғашқы күндеріндегі баланың жағдайы мен икемі, кіндік жарасының түсу мерзімі;максималды дене салмағын жоғалту, бұл жоғалту қай күннен бастап қалпына келе бастады; қандай шекаралық жағдай көріне бастады: гормональді криз, токсикалық эритема, физиологиялық эритема(дәрежесі, ұзақтығы), іріңді инфекциялық орналасу реті, нәрестені нешінші күннен бестап емізгенін, қалай емгенін; В гепатиті және туберкулез екпелері туралы мәліметтері; диагноз қою, денсаулық тобын және қауіп тобын анықтау, келесі медико- педагогикалық ұсыныстарды тағайындау. Жаңа туған балаларды диспансерлік бақылауға алу және және әрі қарай учаскіде екшеулеу, яғни ең басты қауіп факторларын белгілей отырып (үлкен ұрық..., жүкті әйелдің анемиясы..., анасының экстрагениатльді патологиясы..., анасының созылмалы генитальді аурулары, туысқандарының аллергиялық жағдайлары, отбасының тұрмыстық-үй жағдайының төмен болуы, жаңа туылған баланың ауруының туындауына немесе денсаулық жағдайында ауытқулардың дамуын тудыратын, яғни қауіпке бағыттау:ОЖЖ-ң патологиясы, анемия, дистрофия, жатырішілік инфицирлеу, аллергиялық аурулар, әлеуметтік қауіп топтары. Мидың зақымдануы мүгедектіктің ең жиі себебі болуына байланысты,ОЖЖ зақымдану қаупі бар баларды диспансеризациялау Қажеттілігін көрсетеді. Құрсақ ішілік, босану кезінде немесе өмірінің алғашқы күндері қандайда болсын ауру (күй) және перзентханадан шыққан соң денсаулығында әртүрлі ауытқулар болған болса, бұндай балалар қауіп топтарына жатқызылады. Мұндай балдарға асфиксияны бастан өткізген, ОЖЖ-ның босану кезіндегі жарақатын алған нәрестенің гемолитикалық ауруы, тума гипотрофия, шала туылғандар, егіз балдар жатқызылады. Жүйке жүйесі ауруларының дамуында жоғарғы қауіп топтарынан мынандай факторларды бөліп қарастыруға болады: -асфиксия, яғни тынс алу бұзылысы, өмірінің бірінші минутында немесе туылған соң бірінші минутта тыныс алудың тоқатауы. -өкпенің жасанды вентиляциясы өткізілген реанимация. -нерестелік , яғни өмірінің алғашқы 28 күніндегі ауыр жағдай. -ОЖЖ функциясының бұзылысы. -Өмірінің алғашқы аптасында құрысу синдромының дамуы. -бас миын зерттеу кезінде киста табылуы және оның бас миын ошақтық зақымдуы. ОЖЖ-нің зақымдану қаупі бар баларды диспансерлік бақылаудағы міндеттер: -ОЖЖ-нің зақымдануына алып келетін қауіп факторын дәл анықтау. -өмірінің алғашқы кезеңдерінде баланың дамуы мен өсуіндегі қалыс қалуларды ерте анықтау. -Ерте және үлкен жастағы балаларды нерв-психикалық дамуының адекватты және дұрыс дамуын қадағалау, неврологиялық аурулардығ дамуын алдын алу, нерв жүйесінің ауруына алып келетін күйді анықтау. -мүгедектікті алдын алу, аурушаңдықты азайту, қайта қалпына келу программасын невролог маманмен уақытылы қадағалап отыру. Диспансерлік бақылау схемасы ВОП учаскелік поликлиникаларда құрастырылып жүргізіледі. Егер ОЖЖ-де минимальды бұзылыстар анықталатын болса, оны балалар неврологына консультациясына жібереді. Біріншілік қарау кезінде жцне неврологиялық ауруға күмән болатын болса, маман қажетті зерттеулерді жүргізеді: УДЗ-лық нейросонография, Электроэнцефалография, Электромиография, реоэнцефалография, Эхоэнцефалоскопия. Неврологиялық патология кейін тағайындалған реабилитациялық іш-шаралармен активті емделеді, негізгі аурудың асқынуын алдын алу мақсатында. Көрсетіліммен бірге баланың психоневрологиялық птологиясы болса арнайы үй интернатына жіберу сұрақтары қарастырылады. Еске сақтау керек жағдай, дұрыс дамып келе жтқан бала организмінің өзіне кейбір физикалық немесе химиялық фактор әсерлері , бұл нәрестеге ерекше күтім қажет етеді, қосымша зерттеу әдістерін тағайындау және күнтізбеге сай алдын алу екпелерді алып отыру қажет. |