Главная страница
Навигация по странице:

  • Қол басы флегмонасы

  • 88.Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.

  • 89.Атерома, тырнақтың ене өсуі, гигромалар кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары. Атерома

  • Онихокриптоз (ене өскен тырнақ

  • 90.Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар.

  • 91.Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері.

  • 92.Жарақат себептері. Емханада жағдайында көмек көрсету. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жасына және сипатына байланысты жарақаттардың нәтижесінің болжамы.

  • ВОП экзамен. Анытамасы


    Скачать 224.09 Kb.
    НазваниеАнытамасы
    Дата29.12.2022
    Размер224.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаВОП экзамен.docx
    ТипДокументы
    #869025
    страница8 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    87.Қолдың іріңді қабыну аурулары кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы: панариций, қол басы флегмонасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары. Сырқаттың ерекшеліктері және хирургиялық емдеу. Жансыздандыру әдістері.

    Панариции – қол саусақтары тінінің және сирек аяқ башпайлары тінінің жедел іріңді қабынуы. Саусақтардың сыртқы бетінде пайда болатын іріңдік(тырнақ аймағынан басқа) күбірткеге жатпайды. Күбірткенің бірнеше түрін ажыратады: тері күбірткесі, тырнақ күбірткесі, сіңір күбірткесі, сүйек күбірткесі,буын күбірткесі, пандактилит. Клиника. Жалпы симптомдар: ауырсыну(өте әлсізден өте күшті ауырсынуға дейін, солқылдаған ауырсыну), ісіну(жиі зақымданған ошақта), қызару, бас ауруы, қызудың жоғарылауы, қалтырау. Асқынуы. Көптеген асқынулар болуы мүмкін: лимфа түйіндерінің және тамырларының қабынуы(лимфангит, лимфаденит), миозит, тромбофлебит, сепсис, қол басы флегмонасы(терең тіндер қабынуы), остеомиелит, қанның жалпы зақымдалуы және т.б. Диагностика. Науқастың шағымдары және клиникалық сиптомдарына қарап диагноз қойылады. Күбірткенің формасын және іріңдіктің локализациясын анықтау үшін басы түйіршікті зондпен пальпация жүргізеді. Сүйек және буын күбірткесін ажырату үшін рентгенография жасайды. Буын күбірткесінде өзгерістер бірден анықталмайды және әлсіз көрінеді. Сондықтан диагнозды нақтылау үшін екінші қолдың аттас сау саусағын салыстырмалы рентгенографияға түсіреді. Тактика. Консервативті терапия: дарсонваль, УЖЖ, жылу процедуралары. Хирургиялық жүргізу тактикасы.

    Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы. Қол басы флегмонасы – қол басы клеткалық кеңістігінің диффузды іріңді зақымдалуы. Клиникасы. Флегмона симптомдары жұмсақ тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты. Адамда үнемі айқын ауырсыну сезімі, әсіресе қолды бүгіп жазғанда күшейеді. Беткей флегмоналар беткей симптомдармен көрінеді, жалпы жағдайының нашарлауы болмайды. Сондай ақ қол басы ісінуі тән. Барлық саусақтар мөлшері ұлғаяды. Егер алақандық терең флегмона болса, қол басы сыртқы бетінің реактивті ісінуі болады, бұны қол басы сыртқы флегмонасымен шатастырады. Бірақ реактивті ісінуде ауырсыну симптомы айқын емес, бұл аймақты басып қарағанда тін қатты қамыр тәрізді. Алақан ісінген және жазық, көтеріңкісіз және ойықтарсыз. Саусақтар жұмсақ тіндер ісінуінен алшақтаған. Қозғалыс ауырсынумен, сондықтан олар аздап бүгілген. Алақан ашық-қызыл түсті. Бұдан басқа, организмнің жалпы интоксикация белгілері дамиды. . Диагностикасы. Қабынудың басты белгілері – температураның жоғарылауы, ісіну, қызару және ауырсыну. Лабораториялық зерттеулер. Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. . Рентгенограммада сүйектің зақымдалу белгілері 2-апта соңы мен 3-апта басында анықталады.
    Асқынуы. Қабыну жоғары бөлікке тарап, білек флегмонасы дамиды. Қол басының білекке өтетін аймақта алақандық бетінде жиі ісінулер мен іріңді қабынулар таралатын ерекше клеткалық кеңістік орналасқан . Кез келген іріңді процесстің ауыр асқынуы сепсис болып табылады. Сондай ақ асқынуларға қабыну процесінен кейінгі тыртықтану нәтижесінде дамыған сіңір, бұлшықет функциясының бұзылуы жатады. Емдеу тактикасы: тек оперативті ем. Ауырсынуды басу жалпы және жергілікті. Медикаментозды емес терапия: трипсин, химотрипсин элетрофорезі, антибиотикотерапия, бұл жағдайдаантибиотиктерді көктамыр ішіне енгізеді, УЖЖ-терапия. Медикаментозды ем: операциядан кейінгі кезеңде микрофлора сезімталдығын есепке ала отырып, антибиотикотерапия, антисептиктер, сульфаниламидтер, протеолитикалық ферменттер, физио- және рентгенотерапия.

    Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы.

    88.Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.

    Фурункул-шаш фолликулы,май бездері және тері асты май клечаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы.

    Клиникасы:көлемі үлкен емес фурункулдардың алғашқы пайда болуы кезінде ауырсыну,қызару,қышыну,ісіну байқалады.Шаш түбінде инфильтрат,ортасында болар болмас іріңдік,айналасында гиперемия

    Асқынуы:лимфаденит,лимфангенит,буындардың қабынуы,менингит,энцефалит,фурункулдың бөгде дене мүшелеріне таралуы

    Ақыры:біріншілік фурункул кезінде қолайлы,созылмалы фурункул кезінде,әсіресе егде жастағы адамдарда,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары

    Карбункул-тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және тері асты май клечаткасының некрозымен,ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді некротикалық қабынуы

    Клиникасы:науқастың жалпы жағдайы ауыр,әлсіздік,дене темперетурасының көтерілуі,тәбетінің төмендеуі,жүрек қағу,қалтырау.Қабынған ошақта ауқымды қызарған,ісінген,тығыз инфильтрат анықталады.

    Асқынуы:лимфангенит,лимфаденит,тромбофлебит,іріңді менингит,сепсис

    Ақыры:емді уақытында қабылдаған жағдайда көбіне қолайлы,бет карбункулы кезінде,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары

    Гидраденит-тері бездерінің іріңді қабынуы.Негізінен қолтық ойығы және кейде шап аймағында кездеседі.

    Клиникасы:қолтық ойығында әр жерден түйін пайда болады,оны қолмен басқанда ауырсынып білінеді.Біраз уақыт өткен соң түйіннің ортасы босап,сол жерге ірің жиналады.кей жағдайда осы ірің өздігінен жарылып,қабынған жерден қанды-іріңді сұйықтық шығып,науқас біраз жеңілденіп қалады.Бұл бірақ уақытша құбылыс,одан әрі түйіннің көлемі ұлғайып,тері қызарып,адамны, дене температурасы көтеріледі,қалтырайдв.Бұл организімнің улануына әкелуі мүмкін.

    Асқынуы:абсцесс,лимфаденит,сепсис,флегмона

    Ақыры:Уақытылы емделген жағдайда науқас 10-15 күнде жазылады.Аурудың қайталануы мүмкін.

    Абсцесс-жіті және созылмалы ошақты иефекцияларда пайда болатын және сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына әкелетін,қапшықпен шектелген іріңдік.

    Клиникасы:жергілікті және жалпы симптомдармен көрініс береді.Жергілікті симптомдар:ауырсыну,тері аймағының қызарып,ісінуі.Жалпы симптомдар:әлсіздік,бас ауыруы,ұйқысының бұзылуы

    Асқынуы:сепсис,флегмонаневрит,остеомиелит

    Ақыры:қолайлы,қолайсыз

    Флегмона-айқын шекаралары жоқ май клечаткасының жедел іріңді түрде қабынуы. Клиникасы:қабыну аймағының қызаруы,тығыздалуы,ісінуііауырсыну.Басқа тіндерге тез таралады.Дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы.

    Асқынуы:тромбофлебит,лимфанегеит,лимфаденит,іріңді артрит,іріңді плеврит

    Диагностика

    • Анамнез жинау

    • Жалпы қарау

    • Жалпы Қан анализі

    • Антибиотикке сезімталдығын тексеру

    • Бактерологиялық тексеру

    Емі:*Консервативті

    * Оперативті


    89.Атерома, тырнақтың ене өсуі, гигромалар кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.

    Атерома шығу өзегінің бітелу салдарынан дамитын терідегі май безінің ісік тәрізді түзілісі.

    Клиникалық көрінісі: тері астында дөңгелек формалы түзіліс, беткейі тегіс, қозғалмалы, айқын шектері бар, түзіліс тығыз және сипағанда ауырсынусыз, орталығында шығарушы тармағы ұлғайған және ісінген, ішіндегісі ақ, ботқа тәрізді, эпителий мен без сөлінен тұрады.

    Атероманың ұзақ уақыт болуы оның қабынуына және іріңдеуіне әкеледі, сол кезде атерома қуысында абсцесс пайда болады. Мына белгілермен көрінеді: атерома аймағында ауырсыну, терінің қызаруы, ісіну, температураның жоғарылауы.

    Негізгі диагностика – атерома аймағын және іргелес теріні визуальды қарау.

    ЖТД – дің тактикасы: консервативті , оперативті

    Асқынуы болмаса: радиотолқынды алып тастау, сәулелі алып тастау, хирургиялық ем.

    Атерома асқынуы: іріңдеу, флегмона

    Онихокриптоз (ене өскен тырнақ) – бұл тырнақ пластинасының тырнақтың бүйір бөлігіне немесе айналасына өсіп шығуы. Айқын қабынумен,кейде іріңдеумен сипатталады

    Клиникалық белгілері – қатты ауырсынумен, ісінумен, экссудациямен және грануляциялық тіннің жайылып өсуімен білінеді, көбіне аяқтың үлкен бармағына шығады, клиникалық белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.

    Емі:

    • Емі науқастың жасы мен ауырлық дәрежесіне қарай жүргізіледі

    • Аздаған ауырсыну мен айқын емес эритема кезінде консервативті ем көрсетіледі: жылы ваннада 20 минуттан күніне 3 рет ұстау.

    • Консервативті емге көнбесе – хирургиялық ем( ауырсыну, айқын эритема, іріңдеу) көрсетіледі. Тырнақ пластинкасын толық немесе бір бөлігін алып тастайды.

    Асқынуы:Қант диабеті, атеросклероз,лимфангит,остеомиелит, өкше гангренасы

    Гигрома – пайда болған синавиальды қалада немесе буын маңындағы қуыста орналасатын ісік тәрізді түзіліс. Көбіне созылмалы бурситтің нәтижесінде буын жаны қалтасында сарысулы-кілегейлі немесе кілегейлі-фибринозды сұйықтықтың жиналуы

    Клиникалық көрінісі гигроманың көлеміне байланысты.Үлкен емес гигромалар кезінде науқастар шағым айтпайды.Көлемі өскен сайын сәйкес синовиальды қалтада ауырсыну пайда болады.Ауырсыну физикалық күш түскенде байқалады.Ауырсынуға гиперестезия мен парастезия қосылады.

    Диагностика :диагнозы анамнезінен және клиникалық көріністер арқылы қойылады.Күманды жағдайларда: УЗИ, МРТ және пункция жасалады.

    Емі: Консервативті емі: Физикалық күш түсірмеу керек, парафинмен,ультракүлгін сәулемен, батпақпен емдеу арқылы жүргізіледі.Көбіне консервативті ем нәтижиесіз болады. Ең эффективті емі – бурсэктомия болып табылады

    Асқынуы: өздігінен немесе травманың әсерінен капсуланың жарылып, құрамындағы сұйықтықтың айналадағы тіндерге жайылып қабындыру немесе іріңдеуі.
    90.Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар.

    Алғашқы хирургиялық өңдеу- асқынулардың алдын алуға және жарақаттың жазылуы үшін қолайлы жағдай жасауға, тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып тастауға бағытталған операциялық ем түрі.

    Алғашқы хирургиялық өндеу ота мерзіміне байланысты ерте , мезгілі өткен және кеш деп бөлінеді.

    1. Ертехирургиялық өндеу деп жарақат алғаннан бастап алғашқы тәулік (24cағ) ішінде, инфицирленген жарақат процессі дамымас бұрын орындалатын, алғашқы тігіс салумен аяқталатын отаны айтамыз. Тері асты шел май қабатының көлемді жарақаттануында капилярлы кан кетуді толықтай тақтата алмаған кезде жарақатқа 1-2 тәулікке дренаж қалдырылады. Әрі қарай таза операциялық жарақатты емдеу жүргізгендей жүргізіледі.

    2. Екінші тәулік ( 24сағаттан 48 сағатқа дейін ) ішінде орындалған хирургиялық өңдеу мезілі өткеналғашқы хирургиялық өңдеу деп аталады. Бұл кезеңде қабыну белгілері дамиды, ісіну және экссудат пайда болады. Мұнда антибиотик енгізумен қатар жарақатты біріншілік мезгілі өткен өңдеу жүргізуге жарақат бетін ашық қалдырып кетеді.

    3. Кеш алғашқы хирургиялық өңдеу 48 сағаттан кейін жүргізіледі. Бұл кезде қабыну инфицирленуге етене жақын болады. Мұндай жағдайда жарақатты ашық қалдырып, антибиотикотерапия жүргіземіз.

    Жарақатты АХӨ көрсеткішіне жарақатты 48 72 сағат ішіндегі алған кез келген кездейсоқ-жарақат болып табылады.

    АХӨ келесі жарақат түрі кезінде орындалмайды

    - беттей жарақаттар, сызаттар, сырылулар

    - шеттері 1см-дан кем алшақтаған кішігірім жарақат

    - терең тіндерді жарақаттамаған көптеген ұсақ жарақаттар ( .бытыралы жарақат);

    -ішкі мүшелерді, тамырларды, нервтерді зақымдамаған тесілген жарақаттар;

    -кейбір жағдайлардағы жұмсақ тіндердің оқпен өтпелі жарақаттануы;

    Қарсы көрсеткіштер

    -жарақатта іріңді процесс дамыған кезде

    -науқас ауыр жағдайда болса (терминалды жағдай, шоктың 3дәрежесі).

    АХӨ этаптары:

    -жарақатты тегістеу;

    -жара өзегін тексеру;

    -жараның шектерін, қабырғаларын, түбін кесу;

    -гемостаз;

    -зақымданған мүшелер мен құрылымдардың тұтастығын қалпына келтіру.

    -дренаж қалдырып, жарақатқа тігіс салу.
    91.Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері.

    Жарақат-кез келген сыртқы орта факторларымен шақырылатын адамның дене мүшелері мен тіндерінің анатомиялық бүтіндігінің және физиологиялық қызметінің бұзылысы.

    Оқшауланған жарақат-бір мүшенің немесе тірек-қимыл жүйесінің бір сегментінің зақымдануы(мысалы,бауыр жыртылуы,жамбас сүйектерінің сынуы,иық сүйектерінің сынуы).

    Көптеген жарақат-бастың,дененің,аяқ-қолдардың біртипті жарақаттануы.(бір уақытта тірек-қимыл жүйесінің екі не одан да көп сегментінің немесе бөлімінің сынығы.Аралас және көптеген жарақаттар ішінде айқын жарақат ерекшеленеді,бұл жедел жағдайда дәрігер тактикасын анықтауда маңызды рөл атқарады.

    Аралас жарақат-тірек-қимыл жүйесінің және бір немесе бірнеше ішкі мүшелердің бас миының зақымдалуы(жамбас сүйегінің сынығы және бауыр жыртылуы,жамбас сынығы және бас миының соғылуы)

    Комбинирленген жарақат-механикалық және бірнеше механикалық емес факторлардың(термиялық,химиялық,радиациялық)әсерінен дамитын зақымданулар(сүйек сынығы күюмен бірге,жарақаттар,күйіктер және радиоактивті зақымданулар)

    Берілген терминологияға байланысты сүйек сынуымен қатар сол сегменттің қан тамырларының,нервтерінің зақымдалуын оқшаулаған жарақаттарға жатқызамыз.(мысалы,иық сүйектерінің сынуы,иық артериясының асқынған зақымдалуымен)Табанның,білезіктің бірнеше сүйектерінің сынуы,бір сүйектің бірнеше деңгейде сынуын көптеген жарақат ретінде қарастырылмайды,оны оқшауланған жарақаттың бірнеше түрінде қарастырады.

    Механикалық факторлардың әсерінен пайда болатын жарақаттарды ашық және жабық деп бөлеміз.

    Сонымен қатар жарақаттар термиялық,химиялық,электрожарақат,психикалық жарақат,барожарақат,жарылыстан кейінгі жарақат. Жарақаттар тұрмыстық және өндірістік болып бөлінеді.Өндірістік жарақаттарға өз жұмысын орындау кезінде әртүрлі химиялық,механикалық, радиациялық, термиялық зақымдалуларды жатқызамыз.

    Емхана деңгейінде көмек көрсету

    Көмек көрсету көлемі медициналық сақтандырудың міндетті аймақтық бағдарламасымен реттеледі. Бұл жұмысты атқару үшін медициналық мекеменің травматологиялық көмек көрсетуге лицензиясы болуы қажет. Амбулаторлы травматологияның бөлінуі көмек көрсетілген науқастар тобына,емдік-диагностикалық көмек көлеміне, мекеменің емдік-профилактикалық,материалдық базасына байланысты екінші,бірінші немесе жоғары категорияларға біріктірілген.

    Көмекті аурухананың қабылдау бөлімінде,басқа емхананың травмпунктінде алған науқастарға,стационардан шыққан немесе жарақаттанушының емге дейінгі күтіміне көрсетеді.Жедел(алғашқы) көмекті жеңіл жарақаттанған науқастарға,жұмсақ тіндердің соғылуы,байламдардың тартылуы,үлкен емес жарақаттарға,күйіктің I-дәрежесіне көрсетеді.Хирургиялық көмек көлемі жараларды бірінші хирургиялық өңдеу,жеңіл алынатын бөгде денелерді алып тастау,гипстік таңуларды салу немесе ауыстыру,таңғыш салумен шектеледі.Травматологиялық кабинеттің дәрігерлері уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын береді және созады,жарақат алған науқастар диспансеризациясын және сіреспеге қарсы профилактика жүргізеді.Біліктілік міндеттемесі:травматологиядан біріншілік маманданудан өткен дәрігерлер жұмыс жасай алады.Жұмысты қамтамасыз ету үшін емханада рентген кабинеті,физиотерапиялық және функционалды ем жүргізетін кабинеттер болуы қажет.Міндетті бөлмелер:дәрігер бөлмесі,байлам таңу бөлмесі(операциялық),гипстік бөлмелер.Ауру тарихы жалпы тіркеу бөлімінде сақталады.

    Бірінші категориялы травматологиялық кабинет 2ауысымда,травмпункті тәулік бойы,әрбір ауысымда қосарлама екі немесе одан да көп дәрігерлер қарауы болады.Жедел көмекті науқастардың барлығына ұсынады,стационардан шыққан және көмек сұраған науқастарға ем жүргізу,уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,сіреспеге және құтыруға қарсы профилактика,жарақаттарды сот-медициналық зерттеу жүргізу және науқастардың диспансеризация жүргізуімен айналысады.
    92.Жарақат себептері. Емханада жағдайында көмек көрсету. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жасына және сипатына байланысты жарақаттардың нәтижесінің болжамы.

    Госпитализацияға көрсеткіштер:

    а)Ашық зақымданулар: тізе немесе шынтақ буындарына жақын орналасқан.

    б)Жабық зақымданулар:кеуде клеткасының шытынаған сынығы-алдыңғы құрсақ қуысы қабырғасының бұлшық етінің кернеуі-жамбас сүйектерінің сынығы-салдану-ұзын сүйектердің көптеген сынықтары.

    в)Травматикалық жұлыну:білезік,табан-тілерсек буындары аймағында.

    г)Жедел көмек көрсету инструкциясы бойынша ауыр күйік кезінде басқа жарақаттарға қарағанда тыныс жүйесінің патологиясы және өміріне қауіп жоғары болғандықтан жақын жердегі мамандандырылған бөлімшеге жеткізіледі.

    д)ілеспе жабық және тау-кен жарылыс зақымданулар.

    Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация-қалып қойған жарақат немесе ауруларда,сонымен қатар қолданылған емнен кейін жүзеге асырылады.Бұл оңай көрінгенмен ауыр жұмыс болып табылады,себебі науқастарға реабилитацияның маңыздылығын түсіндіру,міндетті дайындықтар және дәрігерлердің арнайы тәжірибесі,біліктілігі талап етіледі.

    Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация курстарын өту көрсеткіштері көп,соның ішінде ең жақсы танылғандары:

    *бұлшықет атрофиясының регенерациясы және тонусы мен күшін қайта қалпына келтіру.

    *буындардың қимыл белсенділігін қалпына келтіру.

    *тіндердің регенерациясын күшейту,соның ішінде сіңірлік тіндерді

    *мүше тіндерінің және сүйек тіндерінің тіршілігін жақсарту.

    *ісінулер мен ауырсынулардан құтылу.

    *зақымданған аяқ-қолдармен буындарда қан айналымын жақсарту.

    Сонымен қатар,реабилитация науқастың жалпы тонусына,психологиялық және эмоциялық күйіне жақсы әсер етеді.Науқастар уақытында реабилитация курсынан өтпесе аурудың асқынулары,қайталануы немесе бұлшықет күшінің қайта қалпына келмеуі мүмкін.Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация өзіне толық комплексті шараларды қамтиды және науқастың толық жазылуына,басынан өткерген ауруды есіне түсірмеуге бірден бір мүмкіндік болып табылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта