Главная страница
Навигация по странице:

  • 66.Атрофиялық кольпит . Этиологиясы . Диагностикасы , емі .

  • 67.Ювенильді қан кету . Этиологиясы , диагностикасы . ЖТД тактикасы.

  • 68.Климактериялық қан кету. Этиологиясы, диагностикасы. ЖТД тактикасы.

  • 69.Етеккір циклінің бұзылысы. Этиологиясы, жіктелісі.

  • 70.Отбасын жоспарлау бойынша кеңес берудің негізгі принциптері.

  • 71.Контрацепция әдістері. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

  • ВОП экзамен. Анытамасы


    Скачать 224.09 Kb.
    НазваниеАнытамасы
    Дата29.12.2022
    Размер224.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаВОП экзамен.docx
    ТипДокументы
    #869025
    страница5 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    65.Кандидоз. Этиологиясы. Клиникасы, диагностикасы. Емі.

    Кандидоз — ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы.

    Этиологиясы. Науқастарда кең тараған түрлері — Candida albicans және Candida tropicalis. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтың түрі Candida albicans — бір клеткалы микроорганизм, сопақша немесе домалақ формалы. Псевдомицелийлері бар (жіпшелері). Candida тобы саңырауқұлақтарының басқа шынайы ашытқылардан айырмашылығы:

    • псевдомицелия бар

    • аскоспор (клетка ішінде қаллталы спора) болмауы

    • культуральды ерекшеліктері

    Клиникасы. Алғашқы белгілері — үдемелі және басылмайтын аралықтың және қынаптың қышынуы. Кейде қышыну қиындық әкеліп,тітіркену шақырады және ұйқы бұзылады. Қынапта күйдіру сезімі болуы мүмкін. Жыныс мүшелерінің кілегей қабығында ақ, ірімшікті бөліністер болады. Қынаптың және сыртқы жыныс органдарының қызаруы болады. Ер адамдарда анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты кандидоз симптомдары әйелдерге қарағанда аз мазалайды

    Әйелдердегі симптомдары :

    • сыртқы жыныс мүшелері аймағында күйдіру және қышыну сезімі;

    • қынаптан ақ ірімшікті бөлініс;

    • жыныстық қатынас кезінде ауырсыну;

    • зәр шығарудағы ауырсыну.

    Диагностикасы

    Культуральды тексеру саңырауқұлаққа қарсы препараттар штаммдар сезімталдылығын анықтайды. Жағынды алу мына схемамен жүргізіледі: стандартты әдіс бойынша тампонмен материалды «CANDICHROM II» хромогенді ортасы бар әйнекке жағады,жағынды қорытындысын қарағанда міндетті түрде әр түрлі саңырауқұлақ сандарын қарайды. (сандық анализ).

    «CANDICHROM II хромогенді ортасын қолдану біріншілік жағынды үшін негізгі қоздырғыш Candida albicans тікелей идентификация өткізуге және басқа ашытқы саңырауқұлақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
    Емі. Аурудың жеңіл ағымында жергілікті ем препараттары тағайындалады: Ломексин (фентиконазол) капс. 1000 мг біррет интравагинальды. Мысалы, кандидозды вульвовагиниттің жеңіл ағымында (қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдалуы) кейде жергілікті ем де жеткілікті. Ауыр жағдайларда , вагинальды кандидоз рецидивінде, жүйелі және жергілікті антимикотиктердің комбинирленген терапиясы қажет: флуконазола, 150 мг ішке, және Ломексин (фентиконазол) 1000 мг бірретті интравагинальды. Кандида саңырауқұлақтарының активациясы кезінде қынапта анаэробты бактериялардың өсуі күшейеді, сондықтан құрамында саңырауқұлаққа қарсы нитроимидазол және басқа антимикробты (Неотризол)кең спектрлі жергілікті препараттар тағайындалады.

    Рецидивті кандидоз емі:

    Вагинальды таблетка Неотризол немесе Полижинакс 1 табл. 1рет тәул. түнде 8-16 күн

    Вагинальды капсула фентиконазолмен («Ломексин») 600 мг —1 және 4 күн (екі капсула).

    Флуконазол (Дифлюкан, Микосист, Флюкостат)- 150 мг ішке 1, 4, 7 күн, кейін 6 ай бойы аптасына 1 капсуладан.
    66.Атрофиялық кольпит. Этиологиясы. Диагностикасы, емі.

    Вагинит (кольпит)– бұл қынаптың қабынулы ауруы. Этиологиясына байланысты: спецификалық(инфекциямен шақырылған, жыныс жолдарымен бөлінетін);• спецификалық емес (спецификалық емес инфекция, механикалық,• термиялық, химиялық, эндокринді факторлар).

    Клиникасы. Сыртқы жыныс органдары мен қынап аймағында ауырсыну, қышыну,күйдіру сезімдері • зәр шығару кезіндег күшейетін көп мөлшерде қынаптық бөліністер;• жалпы әлсіздік.• Анамнез: медикамент, гигиеналық заттар қолдану;• бірнеше сексуальды партнерларының болуы;• қорғанусыз жыныстық қатынас;• қантты диабет, күйіктер және т.б.•

    Диагностикасы:

    Вульвовагинит: қынаптан және беткейінен бөліндіні бактериоскопиялық тексеру. ПЦР – диагностика ИППП ға тексеру

    Инструментальды тексеру : вагиноскопия қыздарда – қабынудың рецидивті түрінде

    Емі

    Медикаментозды емес емі – жоқ.

    Медикаментозды ем: metronidazole: 250 mg пероральды күніне 3 рет 7 күн немесе 500 мг 2 рет күніне 7 күн. Клиндамицин 2% крем бірретті интравагинальды 5 г (1 аппликатор) түнде 7 күн немесе вагинальды свечи 100 мг 1 рет күніне 3күн немесе клиндамицин 300 мг 2 рет күніне 7 күн per os.

    Тинидазол – 2 г күніне 3 күн немесе 1 г күніне 5 күн per os.

    Рецидивті формасында: Метронидазол 500 мг 2 рет күніне 4күн; Метронидазол гель 1% 5 гр нан (1 аппликатор) интравагинальды 1 рет күніне түнде 10 күн,кейін 3-6 айда аптасына 2 рет. Трихомонадный вагинит Метронидазол 2 г немесе тинидазол 2г (альтернативті терапия) per os бірретті және бірден. Жыныстық партнерін емдеу емнің эффективтілігін жақсартады.

    Кандидозды вагинит: жергілікті терапия тағайындалады. Клотримазол Clotrimazole: 100 mg интравагинальды 1 рет күніне түнде 7 күн. Ем пероральды немесе жергілікті болуы мүмкін. Ем қысқа курспен (1-3 күн). Жыныстық партнерін емдеу қажеті жоқ.

    Аллергиялық вагинит гормональды емес қынаптық крем және гелдер, қынап рН қалыптастыру үшін және қынаптағы тітркендіруді және қынаптық ылғалды көп мөлшерін басуға . Негізгі емдік препараттар: Метронидазол 500 мг, гель 1%• Клиндамицин 2%, таблетка 300 мг, вагинальды свечи 100 мг• Тинидазол 500 мг, таблетка• Вutoconazole 2% крем,• Сlotrimazole 1%, 100 мг, вагинальды таблетка• Miconazole 2%, вагинальды свечи 100 мг.• Tioconazole 6,5% крем• Fluconazole 150 мг• Nystatin 100,000, вагинальды свечи• Қосымша емдік препараттар: Супрастин, күшті қышыну кезінде антигистаминді препараттар

    Зақымдалған эпителий регенерациясын стимулдейтін препараттар: Витамин С,• Витамин А пероральды немесе интравагинальды қолдану.
    67.Ювенильді қан кету. Этиологиясы, диагностикасы. ЖТД тактикасы.

    Жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі(12-18 жас) дисфункционалды жатырдан қан кетуді ювенильді жатырдан қан кету деп атайды.

    Этиологиясы:жүйкелі- психикалық стресс, жарақаттар, шаршағандық, қолайсыз тұрмыс жағдайлар, жедел және созылмалы түрдегі жұқпалы аурулар, улану және гипо- авитаминоздар, эндокринді бұзылыстар.

    Бұл қан кету негізінде – гипоталамус- гипофизарлы –аналық без жүйесінің функциональды бұзылысына байланысты.Ақырында релизинг гормондар ФГС және ЛГ секрециясының өзгерістерінен болады,фолликулогенез және менструальды жүйе бұзылады.

    Клиникалық көрінісі: Менструальды цикл 14-16 күннен 1,5-6 ай болмаған сон, жыныс жолдарынан қанды бөліністер болуымен сипатталады.Бұл менструальды циклдың бұзылысы кейде менархеден соң, кейде бастапқы 2 жылда болады.Қан кету көп мөлшерде болуы мүмкін, бұл анемияға алып келеді,сонымен қатар әлсіздік,бас айналу байқалады.

    Диагностика:Диагностика негізінде анамнез жинау, (менструальды циклдың кешігуі) және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы.Лабораториялық зерттеулер:анемия және қан ұю жүйесін анықтау қажет.ЖҚА,коагулограмма,сонымен қоса тромбоциттер санын, қан кету уақытын, қан ұю уақытын,бқа анықтау қажет.Сонымен қатар гормон деңгейін анықтау : (ФСГ,ЛГ,пролактин, эстроген, прогестерон, кортизол, ТТГ,Т3,Т4) .Аналық без жағдайын бағалау үшін: УДЗ.

    ВОП дәрігерінің іс-әрекеті:

    Емі этапта жүргізіледі.1-этапта:гемостазды жүзеге асыру,2-этапта:қан қайта кетудің алдын алу шаралары және тұрақты менструальды циклды қалпына келтіру.

    Бастапқы емде науқастың қан жоғалту мөлшері маңызды.Гемоглабин 100 г/л, гематокрит 30% және УЗИ- де эндометрийдің гиперплазиясы болмаса, науқасқа симптоматикалық гемостатикалық терапия жүргізіледі.Окситацин 5ЕД вена ішілік 5 % глюкозамен бірге тамшылатып.Дицинон,викасол 2 мл бұлшықетке.Сонымен қатар аминокапрон кышқылы 1 таблеткаден 3 рет күніне ішу.
    68.Климактериялық қан кету. Этиологиясы, диагностикасы. ЖТД тактикасы.

    Климактериялық қан кету – 45-55 жастағы әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық патология. Сонымен қатар бұл науқастарда қосымша аурулары зат алмасу, эндокринді жүйе бұзылысы (гипертония ауруы,семіздік,гипергликемия) болады.Дисфункционалды жатырдан қан кету бұл жастағы әйелдерде ауыр өтеді.

    Этиологиясы:Аналық без функциясының реттейтін гипоталамустың құрылымының функциональды өзгерісі.Бұл менопауза уақытында байқалады.Жатырдан қан кетудің себептерінің бірі аналық безінің ісіктері.Бұл қан кету гонадотропты гормондардың циклдың бөлінуінің бұзылысы. Сонымен қатар, эндометрийдің гиперплазиясы кезінде байқалады.

    Клиникасы:Ациклды, интервалмен 1,5-6 ай, 110 күндей жалғасады.Науқастың жағдайы дисфункциональды жатырдан қан кету кезіндегідей болады.Гиповолемия және анемия анықталады.

    Диагностикасы: Гипоталамус- гипофизарлы – аналық без жүйесінің бұзылыс деңгейін анықтау қажет.

    Физикалық зерттеу әдістері:Ең бірінщі науқасты сұрастыру,қан кету қанша уақытқа жалғасқанын анықтау қажет.Жалпы қарау – пальпация.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.Бимануальды гинекологиялық тексеру – ішкі жыныс мүшелеріне баға беру.

    Лабораториялық зерттеу әдістері: Қан тобы және резус – фактор анықтау, ЖКА,ЖЗА, Қандағы қант деңгейі, БХА: билирубин.Қан ұю жылдамдығын анықтау,коагулограмма, гормональды кольпоцитология.Сонымен қатар:ФСГ,ЛГ пролактин,эстраген,прогестерон,кортизол гормондарының деңгеійн анықтау.

    Инструменталььд ы зерттеу әдістері:трансабдоминальды УЗС, трансвагинальді, допплеррометрия, кольпоскопия,гистероскопия, кіші жамбас қуыс ағзаларының допплерометриясы,кіші жамбас қуысының МРТ,эндомерий биопсиясы.

    ЖТД іс-әрекеті:Емді бастамас бұрын, науқастың органикалық ауруларын және науқас жасын, аурудың ауырлық деңгейін, постгеморрагиялық анемия деңгейін анықтау қажет.Емі хирургиялық жолмен емдік – диагностикалық тазалау және гистероскопия көмегімен жүргізіледі.Кей жағдайларда жатыр ампутациясы жүргізіледі.

    69.Етеккір циклінің бұзылысы. Этиологиясы, жіктелісі.

    Етеккір циклы – репродуктивті жүйе қызметінің циклдық өзгерістерімен сипатталатын әйел организмінде өтетін күрделі биологиялық процесс.

    Этиологиясы:етеккір бұзылысының себептері:

    1.Психикалық қатты сілкіністер.Психикалық және жүйкелік аурулар.

    2.Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз.

    3.Тұқым қуалаушылық және климаттық факторлар.

    4.Профессионалды зияндылық, жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс атқару.

    5.Індетті аурулар:нейроинфекциялар (тұмау,паротит,туберкулез, ревматизм).

    6.Соматикалық аурулар (жүрек-қан тамыр аурулары, қан түзілу жүйесінің аурулар, бауыр аурулары).

    7.Қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің қызметтерінің бұзылысы.

    8.Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары.

    Классификациясы:

    1.Аменорея – етеккірдің 6 ай бойы жоқ болуы.Аменорея түрлері:

    -физиологиялық (жыныстық жетілуге дейінгі кезең,жүктілік кезінде,лактация кезінде және менопауза кезіндегі аменорея) және патологиялық (әртүрлі функционалды және органикалық аурулардан пайда болған аменорея)

    - біріншілік- (етеккірдің 15-16 жасқа дейін бірде бір рет келмеуі) және екіншілік- (егер етеккір бір рет келіп, сосын келмесе)

    - нағыз – (фегулярлы жүйеде циклдық өзгерістердің жоқ болуы) және жалған (гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатырда және бүкіл организмде циклдық өзгерістер өтеді,бірақ механикалық тосқауылға байланысты етеккір болмайды ).

    2.Гипоменструальды синдром – етеккір циклы бар,бірақ олар бұзылған.

    А)етеккір кезіндегі қан мөлшерінің өзгеруі:

    - гиперменорея (меноррагия) – қан мөлшерінің ұлғаюы;

    -гипоменорея- қан мөлшерінің азаюы;

    Б)етеккір ұзақтығының өзгеруі:

    - полименорея – етеккірдің ұзақтығы 6-7 күннен асатын болса;

    - спаниоменорея – ұзақтығының 1-2 күннен аспауы.

    В)етеккір циклының ұзақтығының өзгеруі:

    - проименорея- етеккір циклының ұзақтығы 21 күннен қысқаруы;

    - олигоменорея – етеккір циклының 35 күннен асып 3- 5 ай келмеуі;

    3.Дисфункциональды жатырдан қан кету- жүктілікке, жыныс мүшелерінің органикалық немесе қабыну ауруларына, жалпы организмнің жүйкелік,гемостаз немесе бауыр ауруларына байланысты емес, гипоталамо- гипофизарлы – аналық без жүйесіндегі функциональды өзгерістерге байланысты жыныстық гормондардың ретті секрециясының өзгеруімен сипатталатын қан кету.

    4.Дисменорея- етеккірдің ауырып келуі, жалпы жағдайының өзгерулері байқалады.
    70.Отбасын жоспарлау бойынша кеңес берудің негізгі принциптері.

    Отбасын жоспарлау дегеніміз-ДДҰ анықтамасына сәйкес біруақытта бірнеше мәселелерді шешуге арналған шаралар жиынтығы болып табылады.Олар:

    Қаламаған жүктіліктің алдын алу,тек қалаған баланы дүниеге әкелу,жүктіліктің интервалын бақылау,баланың дүниеге келу уақытын жоспарлау ата-анасының жасына сәйкес ,отбасыдағы бала санын анықтау.

    Осы мәселелерді шешу үшін отбасын және некені жоспарлауға арналған медико-генетикалық консультацияға бару керек.

    Маңызды болып контрацепция болып табылады,яғни ол қаламаған жүктіліктің алдын алуға көмектеседі және жасанды түсік жасататын әйелдер өлімінінің алдын алады.Жасанды түсік жасау әйел ағзасына өте ауыр асқынуларға алып келеді:қабыну аурулары,жатырдан тыс жүктілік,менструалды циклдың бұзылысы .Сонымен қатар бала көтере алмауға да алып келеді және жүктілік кезіндегі ,босану кезіндегі акушерлік асқынуларға алып келеді.Ал контрацепцияны қолдану қаламаған жүктіліктің алдын алады,сонымен қатар жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алады.

    Контрацептивтік заттар төмендегі талаптарға сәйкес болуы керек:

    -жоғары контрацептивтік эффективтілігі

    -әйел ағзасына және ер адамға патологиялық әсері болмау керек;

    -келесі ұрпаққа тератогенді әсері болмауы керек;

    -қолданғанда қарапайым болуы қажет;

    -бағасы қымбат емес,сонымен қатар конфиденциалды болу керек.
    71.Контрацепция әдістері. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

    Контрацепция (лат. «contraceptio» -шектеу) жүктілікті механикалық(презерватив,мойындық қалпақтар),химиялық(қынаптық шариктер,грамицидинді паста), және басқа әдістер арқылы алдын алу.Кейбір әдістер (жиі презерватив )ВИЧ және басқа венерологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

    Контрацепция әдістері:контрацепция әдісінің эффективтілігін бағалау үшін Перля индексі қолданылады. Бұл индекс 1жыл ішінде контрацепция қолдана отырып ,100 әйелдің ішінен қаншасы жүкті болғанын көрсетеді.

    Табиғи контрацепция әдістері:

    1.Температуралық әдіс. Базальды температураны өлшеу және графикке енгізу.

    2.Цервикальды әдіс.(Биллинг әдісі) Қынаптық бөліндінің өзгерісін бақылау.

    3.Күнтізбелік әдіс. Әйелдің фертильді кезеңін анықтау және бұл кезеңде жыныстық қатынаста болмауы.

    4.Арнайы тест көмегімен гормондар дейгейін өлшеу. Таңғы зәрде ЛГ және ФСГ концентрациясын өлшеу.

    5. Үзілген жыныстық акт. Ер адамның эякуляция басталмас бұрын жыныс мүшесінің басын қынаптан алып тастайды.

    6. Лактационды аменоррея әдісі. Бала туылғаннан 6 айға дейін емшекпен қоректендіру кезінде эффективті.

    Барьерлік әдіс:

    Барьерлік(механикалық)әдістің мақсаты аналық клетканың сперматозоидпен кездесуін болдырмаудың алдын алу.

    Ер адам үшін:

    Презерватив . Жіңішке резинадан тұратын қап( жиі латекс)Жыныс мүшесіне киіледі,эякуляциядан кейн сперма соның ішінде қалады.

    Әйел адам үшін :

    Әйел презервативі ( Фемидом) Қынапқа салынатын полиуретаннан немесе латекстен тұратын түтік.

    Диафрагма. Сперматозоидтың жатырға енуінен қорғайды.

    Жатырлық қақпақша . Латекстен немесе силиконнан жасалған қалпақша жатыр мойнын жауып тұрады.

    Гормоналдық контрацепция.

    Гормоналдық препараттар құрамына байланысты әртүрлі әсер етеді. Комбинирленген оральді контрацептивтер (КОК) овуляцины төмендетеді,цервикальды кілегейді қоюлатады,нәтижесінде жатыр мойны сперматозоидтарды өткізбейді,сонымен қатар жатырдың кілегей қабатын өзгертеді нәтижесінде ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жабыса алмайды.

    Мини –пили әсер етуі(құрамында аз мөлшерде тек прогестин бар) овуляцияны төмендетпейді тек цервикальды кілегейге әсер етеді және ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатырға бекуіне кедергі келтіреді.

    1. Комбинирленген оральді контрацептивтер. Құрамында эстроген және прогестин бар.

    2. Мини-пили. Құрамында тек прогестин бар.

    3. Гормональды инъекция. Бұлшықетішілік инъекция әрбір 3 ай сайын жүргізіледі.Құрамында прогестин бар.

    4. Норплант. Теріге имплантат қойылады,құрамында левоноргестрел

    5. Гормональды сақина.НоваРинг .Майысқыш контрацептикалық сақина;Құрамында аз мөлшерде эстроген және прогестерон бар.

    6. Гормональды пластырь Евра.Жіңішке пластырь;гормондарды ағзаға қан арқылы береді.

    7. Гормональды жатырішілік спираль (Мирена) Құрамында левоногестрел.

    8. Посткоитальды контрацепция. Контрацептикалық шара қорғалмаған жыныстық қатынастан соң жүргізіледі.

    Гормональды контрацепция кемшіліктері:

    1.Венерологиялық аурулардан қорғамайды.

    2.Контрацептивті ұзақ қолдану кандидоз,веналардың тромбозын,инфаркт,инсульт , сонымен қатар онкологиялық аурулар (сүт безі рагі,жатыр мойнының аденокарциномасын ,бауыр рагін) тудыру мүмкін.

    3.Таблетканы қабылдау ұзақ және міндетті түрде өз уақытында болуы қажет,сондықтан аса мұқияттылықты қажет етеді.

    4.Әрбір ұмытылған таблетка жүктілік қаупін тұғызады.

    5.Кейбір жағдайда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін: жүрек айну,бас айналу,құсу,бас ауруы,сүт бездерінің ұлғаюы,салмақ қосу.

    КОК қабылдаудың салыстырмалы қарсы көрсеткіштері:

    1. Орта дәрежелі АГ. Веналардың варикозды кеңеюі.Психикалық аурулар,эпилепсия

    2. Сүт безінің рагі.(5жыл бойыеш белгісіз)

    3. Жоспарлы хирургиялық араласу (операциядан 4 апта бұрын)

    4. Серповидті жасушалық анемия.

    5. Жедел мононуклеоз

    6. Жасы 35 тен асқан тәулігіне 15 артық шылым шексе

    КОК қабылдаудың абсолютті қарсы көрсеткіштері:

    1.жүрек –қантамыр жүйесінің ауыр аурулары

    2.тромбофлебит

    3. АГ ауыр дәрежесі

    4. Бауырдың ауыр аурулары

    5.сүт безінің қатерлі ісігі

    6.вагинальді қан кету

    7.айқын гиперлипопротеинемия

    8.қант диабеті ретинопатиямен

    9.жүктілік

    10.емізу кезінде
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта