Главная страница

Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


Скачать 1.32 Mb.
Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
Дата23.11.2022
Размер1.32 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
ТипДокументы
#809158
страница4 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар































11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20































+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10































+

+

+

+

+

3

Ықшам сабақ өткізу

30































+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау

30































+

+

+

+

+




Барлығы

100































100

100

100

100

100



Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар































11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20































+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,

Жеке таныстырылымы,

Топтық жоба, және басқа.

80































+

+

+

+

+




Барлығы

100































100

100

100

100

100


Ескерту!

  • 1,2 критерийлер мен баллдар барлық білім алушыларға жүреді.

  • Бағалау критерийлері мен соған сәйкес баллдарды оқылатын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытушы әзірлейді.

  • «Платонус»ААЖ-нде апта сайын, сабақ кестесіне сәйкес көрсетіліп отырады.


VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.

Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.

Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



Кафедра меңгерушісі





С.Ш.Тілеубай

Пән оқытушысы




Х.Қ.Бекмұратова

Пән бойынша глоссарий

Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.

Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.

Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.

Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.

Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.

Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.

Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.

Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды

Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.

Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам

Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.

Талдау(ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.

туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп

түсіндіреді.

Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.

Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.

Дәрістердің қысқаша мазмұны
1-дәріс

Тақырыбы: Білім беру сапасы туралы түсінік. Оқыту сапасын бақылауды ұйымдастырудың әдіснамасы
Аннотация. Дәрісте білім беру сапасы туралы түсінік беріле отырып, оқыту сапасын бақылауды ұйымдастырудың әдіснамасы талданады.

Кілт сөздер: білім, сапа, бақылау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, т.б.
1-дәріс сабақтың жоспары

  1. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ): қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ), сыртқы жиынтық бағалау;

  2. Қоғамның жəне оқушы тұлғасының сұранысымен дəлелденген бағалаудың мақсаты. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар (критериалды жəне дескриптивтік, қалыптастырушы жəне анықтаушы бағалаудың бірлігі, жете түсіну, критериальды бағалаудың диагностикалық негізі);

  3. Білім беру мекемесінің бағалау саясаты


1-дәріс сабақтың тезисі

Бағалау жүйесі оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпараттарды алуға және қолдануға бағытталған саясаттың, түрлі құрылымдар мен құралдардың, тәжірибелердің байланысы болып саналады [Кларк, 2011]. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесінің қазақстандық әдістемесі педагогикалық өлшеулер аясындағы білім беру саясатын дамытудың толыққанды тәсілдерін көрсетіп, бағалаудың барлық элементтерін қамтиды (ережелер, түрлер, механизмдер, рәсімдер, құралдары, есеп беру және т.б.). Әдіснаманы жасау дәстүрлі бағалау жүйесін талдауды және сыртқы сарапшылардың ұсыныстарын есепке ала отырып (Дүниежүзілік банктің елдік есебі SABER, 2012; ЭЫДҰ Қазақстандағы орта білім беру саласындағы ұлттық білім беру саясаты, 2014), жетекші халықаралық тәжірибелерді, идеяларды шоғырландыру және дұрыс шешім қабылдау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде жүргізілді.

Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығының және оның нәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау жүйесі бар мемлекеттер көп емес [Кларк, 2011]. Бұл елдердің (Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктіктерін қамтамасыз ететін ортақ тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады: бағалау критерийлерге негізделеді; бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады; бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есеп беруге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Көптеген ірі көлемдегі жетістігі бар бағалау жүйелерінің (SAT, PISA, GRE, GMAT, TIMMS және т.б.) бірыңғай жалпы сипаттамасы бар – олар үкімет, ЖОО немесе жұмыс берушілер және т.б. үшін жасалған, тек емтихан тапсырушылар үшін емес [Pellegrino, 2004]. Бүгінде тек балды тіркейтін емес, оқушының қаншалықты ілгерілеуі бар екенін көрсететін, білім беруді қамтамасыз ететін бағалау жүйесі қажет. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, үнемі мониторинг жүргізуге және оқушылардың оқу үдерісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін жүйені құру мәселесі шешілмейінше, мемлекет өз дамуында білім беру әлеуетін тиімді қолдана алмайды.

Халықаралық және отандық аналитикалық зерттеулер (ААО, Назарбаев Университеті, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк) бағалау жүйесінің айқындығын, объективтілігін, валидтілігін және нақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді жүйені құрастырып, енгізу үшін алдымен, дифференциалды критерийлер мен стандарттардың қажеттілігін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанда жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға

мүмкіндік беретін критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, соған сәйкес мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыру, білім берудің әр кезеңінің аяғында ұлттық стандартталған тестілеуді өткізу және мәліметтерді тиімді әрі сенімді жинақтау жүйесін құру қажеттілігін атап өтті. Жаңа жүйені құрастыру кезінде біз төмендегідей негізгі басымдықтарды бағдарға алдық:

Біріншіден, оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қол жеткізетіндей, яғни, оқу сандық баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағыттауға жағдай жасалады.

Екіншіден, нашар бағалардың «салмағы» жойылады: оқушылардың бұрын алған нәтижелеріне қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндіктері болады. Олай болса, оқушы бір қанағаттанарлықсыз баға алғандықтан жақсы тоқсандық бағаға үміттене алмайтын жағдайлар туындамайды.

Үшіншіден, объективтілікке қол жеткізу – бұл бірыңғай талаптары, бағалау критерийлері және сапалы бағалау құралдары бар жүйе. Баға балаларға оқуды дамытуға және жоғары көрсеткіштерге жетуге көмектесуі қажет. Ол үшін оқушылар баға қалай және не үшін қойылатынын, қандай критерийлер қолданылатынын түсінуі керек. Сыныптағы тиімді бағалау

балаларға еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, жауапкершілік, өзін-өзі реттеу және т.б. сияқты дұрыс қасиеттерді дарытады.

Төртіншіден, баға мемлекеттік органдарды дер кезінде білім беру қызметі сапасының жағдайы туралы, білім беру бағдарламаларын қалай дамыту, педагогтерді кәсіби тұрғыда қалай және неге дайындау керектігі туралы ақпараттандырып отыруы қажет.

Осылайша, оқушыларды бағалау жүйесін реформалаудың негізгі элементтері – миссияның жаңартылуы және бағалау мақсаттарының анықтығы, бағалау критерийлері мен сапалы бағалау құралдарын құрастыруы, мұғалімдерге жүйелі қолдау көрсетілуі, стандартталған есеп беру механизмі және білім беру сапасының мониторингі болуы қажет.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта