Главная страница
Навигация по странице:

  • 8-дәріс Тақырыбы

  • 8-дәріс сабақтың жоспары 1. Диагностикалық бағалау жүйесі2. Өзін – өзі бағалау3. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы8-дәріс сабақтың тезисі

  • Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау

  • Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

  • 9-дәріс Тақырыбы

  • 9-дәріс сабақтың жоспары

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница8 из 16
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


    Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде мұғалім қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.

    • Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?

    • Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды?

    • Оларды қалай жеңуге болады?

    Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.

    Ал екінші және үшінші сұрақтар оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.

    Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.

    • Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;

    • Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
    Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiм талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының даму деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.

    Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:

    1) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;

    2) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.
    Бақылау сұрақтары

    1. Топтық жұмысты бағалаудың ерекшеліктері

    2. Топтық жұмысты бағалаудың қандай бағыттары бар?

    3. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда мұғалім оқушыларды қандай шарттармен таныстыруы керек?

    4. Топтық жұмысты бағалаған кезде жұмыс нәтижесінен басқа тағы не ескеріледі?


    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

    2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

    3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

    4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.


    8-дәріс

    Тақырыбы: Бағалаудың басқа түрлері
    Аннотация. Дәрісте бағалаудың басқа түрлері талданады.

    Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
    8-дәріс сабақтың жоспары

    1. Диагностикалық бағалау жүйесі

    2. Өзін – өзі бағалау

    3. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
    8-дәріс сабақтың тезисі

    Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.

    Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:

    а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;

    б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;

    в)оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу қажеттілігі.

    Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.

    Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.

    Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:

    • алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;

    • алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;

    • алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;

    • оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;

    • оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;

    • оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;

    • оқытылатын тақырыпты оқушылардың күтуін туындату.

    Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.

    Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.

    Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау – бұл оқушының өзінің күшті мен әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы ақпараттарды жинап және талдауға бағытталған процесс.

    Формативті бағалау оқушылардың өзін-өзі және сыныптастардың бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды дұрыс меңгергенде ғана бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалауда эмоцияға берілмей, сыни тұрғыдан қарауға машықтандыру керек. Өзін-өзі мен бірін-бірі бағалаудың мәні: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты және түсінікті бағалау критерийлері болғанда ғана өздерін бағалай алады.

    Оқушылар үшін өздерінің жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:

    • Алға қойған мақсаты.

    • Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).

    • Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.

    • Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.

    Өзін-өзі бағалау тиімді іске асу үшін:

    • Оқушылар өз жұмыстары мен қабілетінің қалай бағаланатыны түсінікті болуы;

    • Сыни тұрғыдан ойлау дағдысының дамуы;

    • Дәлділікті дамыту; (Обьективті тұрғыдан қарауға үйрету)

    • Оқушылардың назарын алға қойған мақсаттарына аудару қажет.

    Оқушының өзін-өзі бағалауы мұғалімнің бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу мынадай екі бағалауды салыстыру арқылы жүзеге асады: олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.

    • Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.

    • Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.

    • Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекті етіп баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

    Төменде топтық жұмыста өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№1 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.
    №1 кесте

    Аты __________________________ Уақыты_____________________________

    Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________
    Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)

    1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Мен өз пікірімді білдірдім.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқылауға қатыстыруға тарттым.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Мен мұғалім немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.

    • Ешқашан

    • Кейде

    • Жиі

    1. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________

    2. Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________

    __________________________________________________________________

    1. Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________


    Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды.

    №1 кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. №2 кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз «Болжаулы ұпайлар» бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен мұғалімнің «Қорытынды» жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін мұғалім қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.

    Кесте №2

    Қатысушылар

    _______________________

    Болжаулы ұпайлар

    Алынған ұпайлар

    Мен өзім

    Мұғалім




    Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым










    Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым










    Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.










    Басқаларды мұқият тыңдадым










    Дәлелді ойлар ұсындым










    Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)










    Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім










    Қорытынды:











    Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша оны пайдалану арқылы біртіндеп мұғалімнің қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.

    Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген №3 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы мәселелерін анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

    Кесте №3

    «Идея жазбасы»

    Аты_________________________ Мерзімі_________________________________

    Мәселенің белгіленуі




    Мен нені білемін?

    Менің нені міндетті түрде түсінуім (білуім) керек




    Шешім және ескерту




    Түсініктеме және нақтылау


    Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.

    Оқушылардың бірін-бірі бағалауы. Сыныптастардың бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.

    Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.

    Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.

    • Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.

    • Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.

    • Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.

    • Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.

    • Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін мұғалім барынша сақ, абай болуы керек. Ол оқушыларға өздері немесе тобы емес, олардың жұмыстары тексеріліп бағаланатыны жайлы айтып кетуі тиіс.

    • Бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беруге болмайды.

    Бақылау сұрақтары

    1. Бағалаудың қандай түрлерін білесіз?

    2. Диагностикалық бағалаудың мақсаты неде?

    3. Өзін-өзі бағалау тиімді іске асу үшін қандай жағдайлар жасалу керек?

    4. Оқушылардың бірін-бірі бағалаудың артықшылығы неде?

    Ұсынылатын әдебиеттер

    Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.

    Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.

    Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.

    Касьяненко М.Д.Комплексный контроль учебной деятельности //Советская педагогика. – 1986. - №10. – С. 46-49.

    9-дәріс

    Тақырыбы: Талдау. Оқу үрдісін талдау
    Аннотация. Дәрісте талдау бақылау түрлері талданады.

    Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
    9-дәріс сабақтың жоспары

    1. Талдаудың анықтамасы

    2. Тексеру (бақылау) жұмысын талдау

    3. Тексеру (бақылау) жұмысы кезінде мүмкін болатын қиындық түрлері

    4. Талдау жұмысының қарастыратын мәселелері
    9-дәріс сабақтың тезисі

    Талдау (жіктеу) – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.

    Талдау – бұл танысудың логикалық қабылдануы, заттың (құбылыстың, процесстің) санамен бөліктерге, элементтерге немесе қасиеттерге жіктелуін, яғни олардың қажетті және нақтылы сапалары мен қасиеттерін салыстыру және біртіндеп зерттеу арқылы маңызын анықтау мақсатында жасалады.

    Оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай мәселелерге тоқтағаны туралы мәлімет алады және қандай қадамдарға әрекет ету керек екенін болжап, қорытындылап, мәселелердің шешу жолын қарастырады. Демек, мұғалiм алынған мәлiметтерді

    а) жеке алынған оқушыны деңгейінде

    б) сынып деңгейінде

    талдауға мүмкіндігі болуы керек.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


    написать администратору сайта