Главная страница
Навигация по странице:

  • Дүниежүзілік банк: SABER, Білім беру нәтижелерін жақсартудағы жүйелі тәсілдеме Ел бойынша есеп – Қазақстан, 2013

  • Ақпараттық аналитикалық орталық: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы ұлттық баяндама (2014 жылдың нәтижесі бойынша)

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

  • Талқылауға арналған сұрақ

  • Қазақстан Республикасындағы 2015-2020 жж. білім беруді жаңартудың стратегиялық бағыттары

  • Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі жүйесіне талдау

  • ЭЫДҰ қорытындылары (2014)

  • Мұғалім оқушының пән бойынша тоқсан барысында алған барлық бағаларын орташа арифметикалық негізде қабылдайды: ЭЫДҰ қорытындылары (2014)

  • Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар және бағалау шәкілі: ЭЫДҰ қорытындылары (2014)

  • Мұғалімдердің субъективті шешім қабылдауы негізінде 3-ке («қанағаттанарлық») бағаланған оқушылардың жоғары үлесінің болуы: ЭЫДҰ қорытындылары (2014)

  • Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты

  • Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері

  • Сабақты қорытындылау Сабақта қарастырылған тақырыптар бойынша қосымша талқылауды қажет ететін мәселелерді анықтау.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №3 Сабақтың тақырыбы

  • Жаттығулар

  • Топтық талқылау: «Кері дизайн»

  • Рефлексия . Тренер тыңдаушыларға

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница11 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    ЭЫДҰ: Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру, 2014
    «Критерийлерге негізделген бағалау жүйесін енгізу өте маңызды … . Ол өз кезегінде …. Мұғалімдердің бағаны көтеріп қоюларына тосқауыл болады»
    Дүниежүзілік банк:
    SABER, Білім беру нәтижелерін жақсартудағы жүйелі тәсілдеме Ел бойынша есеп – Қазақстан, 2013: «...Педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін қолданатын саясат қызметістемейді»;

    SABER, Оқушыларды бағалау. Ел бойынша есеп – Қазақстан, 2013:

    «… оқу жетістіктерінің деңгейі әлі де болса белгісіз … ағымдағы

    бағалаудың сапасына мониторинг жасайтын қолданыстағы механизмдерді шектеулер бар»;
    «… бағалау критерийлерінің, күтілетін нәтижелердің, бағалау тәсілдерін қолданудың толық сипаттамасы жоқ».
    Ақпараттық аналитикалық орталық: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы ұлттық баяндама (2014 жылдың нәтижесі бойынша): «Мектепте алған бағамен сыртқы бағалау нәтижелері арасында корреляциялық байланыс жоқтығы ескертіледі… Қазақстанда оқу үлгерімі нашар оқушыларды жүйелі қолдау қарастырылмаған …»

    Алдыңғы сабақтарға шолу.

    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыну.

    Тыңдаушылар жоспарлауға негізделген тапсырмаларды бағамдау критерийлерімен таныс болып, сабақтың топтағы тыңдаушылар үшін ағымдағы деңгейлерді тексеруге мүмкіндік беретінін білуі тиіс. Сабақтың соңында тренер әрбір тыңдаушы үшін бағалау парақтарын толтырады. Ол тыңдаушылар топтық немесе жеке жұмыстарды орындау барысында тыңдаушылардың айналасында жүріп, олардың жаңа дағдылары мен түсінігін дамыту мақсатында тыңдауы және қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ олардың түсіну деңгейін және мазмұндалған критерийлерге қатысты бар тәжірибені анықтауы тиіс.

    Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

    Тренер тыңдаушыларға 1.2-үлестірме материалын «Оқу нәтижелерін және оқыту сапасын бағалау» талдауды ұсынады: тренерлер критерийлер негізінде бағалау әділ болып, Қазақстан мектептерінде білім сапасының жоғарылауына қажетті жағдай жасайтыны туралы айтылған ЭЫДҰ ұсыныстарына өздерінің көзқарастарын білдіреді.
    Талқылауға арналған сұрақ

    Бағалау не үшін қажет? Критериалды бағалау дегеніміз не? (12-13-слайдтар)


    9-сынып оқушыларының оқу нәтижелері мен сыртқы бағалау нәтижелерінің талдауы – ОЖСБ-2015: «ОЖСБ-дың орташа балы бойынша көрсеткіштердің төрт жыл ішінде төмендегені байқалады: 2012ж. – 51,6; 2013 ж. – 35,81; 2014 ж. – 39,58; 2015 ж. – 37,36»
    «… ОЖСБ жоғары балл алған оқушылардың тоқсандық бағалары төмен немесе керісінше»
    Қазақстан Республикасындағы 2015-2020 жж. білім беруді жаңартудың стратегиялық бағыттары: «Баға қою үшін анық критерийлер жоқ болғандықтан … әдетте, бағалар мұғалімнің еркімен қойылады. … Қолданыстағы білімді бағалау жүйесіне міндетті түрде радикалды өзгертулер енгізу аса қажет»
    Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі жүйесіне талдау (17-слайд):
    Бағалаудағы «Нормативті бағытталған» тәсілге негізделген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты:
    ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «Сыныптағы үлгерімді бағалау бойынша берілген «нормативті бағытталған» тәсілде кемшіліктер кездеседі. Сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналарына түсіндіруге болатын әр түрлі пәндер бойынша нәтижелерді бағалау мен салыстырудың дифференциалданған критерийлері жоқ».
    ЭЫДҰ ұсыныстары: «Қазақстанның барлық бастауыш және орта мектептеріне (сонымен қоса жоғары сыныптарға) критерийлер негізіндегі бағалау жүйесін енгізу қажет. Бұл бағаларды жоғарылатуға жол бермейді және ата-аналар үшін оқушылардың үлгерімі жайында есептерді барынша түсінікті етуге ықпал етеді».
    Мұғалім оқушының пән бойынша тоқсан барысында алған барлық бағаларын орташа арифметикалық негізде қабылдайды:
    ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «Әдеттегідей, мұғалімдер бағаларды сыныптағы оқушылардың орташа, жоғары және төмен деңгейлерін салыстыру негізінде қояды …».
    ЭЫДҰ ұсыныстары: «Бағалардың әртүрлі типтері жайында мақсаттардың айқындылығын орнату мен оларды дұрыс пайдалану сыныптар, мектептер және білім беру жүйесі деңгейінде бағалау құрылымын жетілдіруге оңтайлы үлес қосуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болып есептеледі».

    Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар және бағалау шәкілі:
    ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «Мұғалімдер оқушылардың білімін 1-ден 5-ке дейінгі шәкіл негізінде бағалайды, сонымен бірге алғашқы КСРО кезінде жасалған жалпы дидактикалық критерийлердің кешені сыныптағы үлгерімді бағалау бойынша пәндік тәуелсіз нұсқаулықпен қамтамасыз ету үшін өнделген».
    ЭЫДҰ ұсыныстары: «…мұғалімдерді тиісті түрде «критерийлерге негізделген бағалаудың» арнайы әдістерін тиімді пайдалану үшін дайындық барысында кемшіліктерді бұл әдістер көмегімен еңсеруге болады. Қазіргі таңда критерийлерге негізделген әдістер Қазақстан территориясында және жетекші жеке мектептерде, соның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданылады (НЗМ, 2012)».
    Мұғалімдердің субъективті шешім қабылдауы негізінде 3-ке («қанағаттанарлық») бағаланған оқушылардың жоғары үлесінің болуы:
    ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «.. әр сыныптағы үлгерімі орташа және төмен оқушылар бірге 3 (үш) деген баға алады.»

    ЭЫДҰ ұсыныстары: «Критерийлерге негізделген бағалау моделі оқушылар үшін әділ болып табылады , … . Берілген модель шеңберінде субъективті стандарттарға негізделудің орнына шынайы және алдын ала мәлімденген мақсаттарға бағытталған объективті стандарттар бойынша оқушылардың үлгерімі салыстырылады, … . …, бұл мұғалімдерге өздерінің жоғары немесе төмен баға қоюды таңдауын негіздеуге көмектеседі».

    Жеке жұмыс. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: «Критериалды бағалаужүйесінің мақсаты мен міндеттері» тақырыбымен танысады..

    Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну (18-слайд).

    Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:


    1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;




    1. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.




    1. Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.




    1. Қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпараттар ұсыну:

      • Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы;

      • Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы;




      • Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы;




      • Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы.

    Жұптық жұмыс (19-слайд)
    Тыңдаушылар критериалды бағалауда қолданатын анықтамалар мен терминдермен танысады, талдайды (1.3-үлестірме материал «Терминдер мен анықтамалар»).
    Тренер тыңдаушыларға критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарында қолданылатын оқытудың каскадты моделін түсіндіреді, тыңдаушыларды үйлеструші ретіндегі қызметіне бағыттайды.
    Мектеп үйлестірушілері мектепте критериалды бағалауды енгізу және қолдану, мектепте қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерін, үдерістерін үйлестіру, ұйымдастыруға жауапты болса, өңірлік үйлестірушілердің қызметі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға қатысты жүргізілетін рәсімдер мен үдерістерді жүзеге асыру, сондай-ақ, бағалау үдерісін жүзеге асыруға мектепке әдістемелік қолдау көрсету болып табылатынын түсіну маңызды.
    Кері байланыс
    Таныстырылым және үлестірме материалдары бойынша сұрақтар мен түсініктемелер. Тренерлер сұрақтарын стикерлерге жазып, ортақ флипчартқа жапсырады.

    Келесі кезеңде тренер тыңдаушыларға мектеп оқушылардың бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды мақсат ететін педагогтер үшін маңызды тақырып – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бойынша ой бөлісуді ұсынады (1.4-үлестірме материалы).
    Тренер тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды қамтитын «Мәңгілік Ел» идеясы туралы баяндап, оның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталады («Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары» таныстырылым слайдтары).

    «Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын жеті негізгі жалпыұлттық құндылықтарға тоқталып, олардың әрқайсысының басымдықтарын қарастырады:


    • Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

    • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

    • Зайырлы қоғам және жоғары руханият




    • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу




    • Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

    • Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы




    • Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.


    Тренер «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне тоқталып, елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынғанына тоқталады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.
    Тренер тыңдаушыларға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыру міндеті тұрғанын түсіндіріп, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқушыларға білім мен тәрбие беруде қалай тиімді іске асыра алатындары туралы пікір алмасуға шақырады.

    Тыңдаушылар жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары басшылыққа алынатынын ескеруі тиіс.
    Тыңдаушыларға оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын қалай жүзеге асыруға болатыны туралы өз пікірлерін айтып, сұрақ қоюына мүмкіндік беріледі.

    Сабақты қорытындылау
    Сабақта қарастырылған тақырыптар бойынша қосымша талқылауды қажет ететін мәселелерді анықтау.

    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №3

    Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

    Сабақтың мақсаты: Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негізін түсіну. Бағалау стандарттарын, критериалды бағалау құралдарын қолдану және оқу мақсаттары мен нәтижелерді сәйкестендіре білу.

    Жаттығулар: Алдыңғы күнгі тақырыптарға шолу жасау

    Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

    Шағын топтарға біріктіру

    Топтың құрамын анықтау оқу үдерісінде маңызды болып саналады. Әртүрлі топтардың құрамында жұмыс істеу арқылы оқу тыңдаушыларға тиімді тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Топтың құрамын оқу мақсаттарына, орындалатын тапсырмаларға байланысты анықтауға болады. Құрамына байланысты топтың түрі:

    • гомогенді топ – топ мүшелерінің зияткерлік деңгейлері шамалас, қызығушылық танытатын салалары ортақ;

    • гетерогенді топ – топ мүшелерінің танымдық деңгейлері бойыншабарлығы күшті, немесе төмен;

    • аралас топ.

    «Ойлан-жұптас-бөліс»

    PEST талдау — үдеріске сыртқы ортаның әсерін сараптаудың қарапайым және ыңғайлы құралы болып табылады (1-2-слайдтар):

    P(Political) – саяси, E(Economic) – экономикалық, S(Social) – әлеуметтік, T(Technological) – технологиялық факторлар

    Әрбір тыңдаушы 2.1-үлестірме материалды пайдаланып, жаңартылған білімберу бағдарламасын жүзеге асыруда критериалды бағалау жүйесін енгізуүдерісіне PEST-талдау жасайды; әрбір санат бойынша 3-5 сөйлем жазады.

    Олар өз жазбаларымен жұпта бөлісіп, шағын топта талқылайды, соңындатоптың талдауын флипчарт қағазына шығарады. Әрбір топ өз жұмысынбүкіл топқа таныстырады, талқылайды.

    Тренер тыңдаушыларға 3-слайд бойынша критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымына назар аударуды ұсынады; критериалды бағалау жүйесіндегі «Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме»:


    1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.




    1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.


    Когнитивті, конструктивистік және әлеуметтік-мәдени даму теорияларына (толық меңгеру теориясы, скаффолдинг теориясы, оқу мақсаттарының таксономиясы, жақын арадағы даму аймағы, қалыптастырушы бағалау теориясы, сөйлеу әрекетінің теориясы) негізделген әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы.

    Тренер негізгі материалдар мен әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясын (3-слайд) талқылау үшін шағын топтарға тапсырма береді: Жақын арадағы даму аймағы, Скаффолдинг теориясы, Білімді толық меңгеру теориясы, Оқу мақсаттарының таксономиясы, Сөйлеу әрекетінің теориясы. 2.2-үлестірме материал («Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)») қоса беріледі.
    Әрбір шағын топ бір тақырыпты қарастырады. Топтар өз тобының атын белгілейді.
    Джигсо тәсілі. Топтарға берілген тақырыпты толық түсініп игеруіне уақыт беріледі.

    • Топ мүшелерін (бірінші, екінші, т.с.с.) белгілеп, олардың өз тапсырмалары бойынша эксперт екені жарияланады.




    • Келесі кезекте әр топтағы эксперттерден топтағы тыңдаушылардың санына байланысты 5 немесе 6 топ анықталады. Әрбір эксперт кезекпен өз тақырыбын әріптестеріне түсіндіреді. Тыңдаушылардың бірін-бірі үйретуіне уақыт беріледі.




    • Эксперттер өз тобына (бастапқы тобына) қайта оралып, кім нені білгені және өздері басқаларға қалай түсіндіргені туралы ойларымен бөліседі. Тыңдаушыларға рефлексия жасауға уақыт беріледі.




    • Рефлексия: Тренердің тыңдаушылармен диалогы:


    Қалай ойлайсыздар, осы тәсілмен топтық жұмыс жасаған тиімді ме? Неліктен? Топтық талқылаулар қандай түрде болды? Сабақтарда Джигсо тәсілін қолданудың қандай ерекшелігі бар?
    Сұрақтар:

    XXI ғасыр құзыреттілігін қалай түсінесіз?
    Қазіргі білім беру жүйесінде құзыреттілікке негізделген тәсілдеме нені білдіреді?
    Тренер XXI ғасырдағы әлемдік құзіреттіліктерді қарастырады:

    1. Аустралия

    2. Европа

    3. АҚШ

    4. Канада

    5. Жаңа Зеландия

    6. Ресей


    Қазіргі білім беру жүйесінің тәжірибеге бағытталғандығына байланысты оқудың негізгі нәтижесі тек білім, білік және дағдылардың жиынтығы емес, негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы болуы тиіс.

    Шағын топта XXI ғасырдағы әлемдік құзыреттіліктерді талқылап (4-6 слайдтар), Қазақстандағы құзыреттіліктер, дағдылар тізімін жасау. Тренер топтық жұмысты қорытындылайды; критериалды бағалау жүйесінің негізгі идеясы мұғалімдерге оқушыларды оқытуға қалай қолдау көрсететінін тұжырымдайды.
    Топтық талқылау: «Кері дизайн» әдісі
    Кері дизайн – бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, негізгі критерийі мазмұн емес (контент), оқытудың жоспарланған нәтижелері болып табылады (7-слайд). 2.3-2.4 үлестірме материалдарымен танысу.

    «Аквариум» тәсілі. Топтың шешімін тұжырымдау үшін топ мүшелері ақпарат көздерінен қажетті мәліметтерді іздеп тауып, шағын топта талқылауға ұсынады. Бір немесе екі адамды сарапшы ретінде сайлап, ақпаратты сараптауды ұйымдастыруға болады. Олар топтың көзқарасын білдіретін маңызды мәліметтерді логикалық құрылымдап, дәлелді тұжырымды қорытындылайды. Топтың уақытты бақылайтын таймкипер-хатшысы барлық айтылған пікірлердің жазбасын жүргізеді және тапсырманың берілген уақытта орындалуын қадағалайды. Топтық талқылау аяқталған соң топтың шешімін таныстыратын өкіл – скипер тағайындалады (жеке өзінің қалауы немесе топтың таңдауы бойынша болуы мүмкін). Ортаға жиналған скиперлер берілген сұрақты талқылау барысында топтың тұжырымын таныстырады. Оларды айнала қоршап тұрған барлық тыңдаушылар оларға туындаған сұрақтарын қоюы немесе соңында қарастыру үшін стикерлерге жазып алулары мүмкін.
    Мұнда әрбір топтың оқытудың келесі кезеңде қолдануға пайдалы болатын мазмұнды таныстырылым ұсынуы маңызды.
    Тренер топтық жұмысты 8-10-слайдтар арқылы қорытындылайды.

    Рефлексия. Тренер тыңдаушыларға критериалды бағалау жүйесінің түйінді идеяларын тұжырымдауды ұсынады(12-слайд).

    Жеке жұмыс

    Келесі кезекте тыңдаушылар тобы тұжырымдамалық құрылымның «Бағалаудағы критерийалды тәсілдер» бөлімін талқылайды(3-слайд).
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта