Главная страница
Навигация по странице:

  • Кері байланыс

  • Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанамын: Позитивті болу.

  • Бағалаушы болмау.

  • Ынталандыруға ұмтылу.

  • Сыпайы болу.

  • Сәттілікке бағыттау.

  • Ризашылық білдіру.

  • Мадақтай білу.

  • Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер

  • Сабақтағы іс — әрекетке кері байланыс.

  • Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)

  • Сабақ соңындағы кері — байланыс.

  • Топтық кері байланыс сұрақтары

  • Байкенова А.Б. Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница16 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
    САБАҚТА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
    «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» (1,208  бет).
    Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:1)Аялдама жасау (тоқтау); 2)Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу;

    4)Болашақты жоспарлау.

    Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, рефлексия – адам миындағы метанымдық (метакогнитивтік, «танымды тану») процестермен байланысты. Рефлексияда адам өзінің ойлау, зерделеу процестерінің қалай өтетіндігі туралы ойланады, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы адам өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды.

    Кері байланыс

    Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс – келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі  (2,21 бет).
    Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі

    «Мен»  — нің қалыптасуына көмектеседі.
    Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып  табылады.Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер  енгізсе, не  болар           еді?»
    Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.
    Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады (4,98 бет).

    Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанамын:

    Позитивті болу.
    Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.

    Бағалаушы болмау.

    «Адамның басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет.
    Кеңес бермеу, үйретпеу,  тек         ұсыныс      жасау.
    Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек шығар?»

    Ынталандыруға        ұмтылу.
    Кері байланыстың бір мақсаты – адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.

    Сыпайы    болу.
    Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екі талай. Көмектесу жәрдем беру.

    Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымызды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.

    Теңұстау.
    Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.

    Сәттілікке бағыттау.
    Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс – игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.

    Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:

    Ризашылық білдіру.

    Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.

    Тыңдай білу

    Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.

    Мадақтай білу.
    Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.

    Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз (5,11 бет).
    Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі — түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл — күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с (3,122 бет).
    Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
    Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
    Немесе «Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
    *Төзімсіздік, *Ашу, *Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
    *Зерігу,*Алаңдау, *Тыныштық, *Сенімділік, *Сенімсіздік, *Рахаттану.
    Сабақтағы іс — әрекетке кері байланыс.
    (Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

    *1 — ші баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН

    *, 2 — ші баспалдағы *мен……………… ТҮСІНЕМІН

    *, 3 — ші баспалдағы *Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН
    «Таңдау» әдісі.
    1. Мен сабақ
    қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
    2. Мен сабақта: үйрендім
    көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
    3. Мен басқаларды
    мұқият ______________ зейінсіз
    тыңдадым.
    4. Мен пікірсайыстарға
    жиі ______________ сирек
    қатыстым
    5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
    ризамын ____________ риза емеспін.
    Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына

    « +» белгісін қою тапсырылады.

     Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
    — Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
    — “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой — пікірлеріңді білдіру.
    — “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс — әрекетін
    анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы:

    “Аяқталмаған сөйлемдер”
    * Бүгін мен…………………. білдім

    *…………….. қызықты болды.

    *…………………….. қиын болды.
    *………………… тапсырманы мен орындадым.

    *……………………. екенін түсіндім.
    * Мен енді………………….. білемін.

    * Мен…………………………. сезіндім
    *Мен………………………………. білім алдым.

    * Мен………………………………….. үйрендім.
    *…………………………… менің қолымнан келді.

    * Мен……………………………….. жасай алдым
    * Мен……………………………… жасап көруге талпынамын.

    *……………… мені таң қалдырды.

    * Сабақ менің өміріме….. берді.

    * Менің…………. жасағым келді
    «Плюс, минус, қызықты»
    «Плюс» — оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
    «Минус» — “ қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
    «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
     Сабақ соңындағы кері — байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
    Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
    Чемодан (суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (суреті)
    — Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)Осылайша оқушылардың не білім алғандарын көрсетеді.
    Топтық кері байланыс сұрақтары:
    1. Жұмыс барысында топтағы қарым — қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
    — жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
    — жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
    — біздің қарым — қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым — қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
    2. Топтағы қарым — қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
    — ақпарат алмасуда;
    — өзара қарым-қатынаста;
    — өзара түсіністікте;
    — осы дәрежелердің бәрінде іске асты.
    3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
    — ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі;
    — коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау);
    — тілдік, сөйлесу қарым — қатынасындағы қиыншылық;
    4. Жұмыс барысында қарым — қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
    — бір адамға бағытталған стиль;
    — тапсырманы орындауға бағытталған стиль;
    5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
    — топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым — қатынас сақталды;
    — топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
    6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
    — топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі;
    — топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым — қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы;
    — бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу;
    — берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы.
    Әдебиет

    Байкенова А.Б. Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің

    бастауыш сынып мұғалімі.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта