Главная страница
Навигация по странице:

  • 10-дәріс Тақырыбы

  • 10-дәріс сабақтың жоспары

  • 10-дәріс сабақтың тезисі

  • ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №1 Сабақтың тақырыбы

  • Жаттығулар: Тренердің кіріспе сөзі

  • Курста қарастырылатын мәселелер

  • «Ойлан – жұптас – бөліс» Тыңдаушылардан осы курстан не күтетіні және өзін толғандыратын проблемалар туралы ойлануды ұсыну Жеке жұмыс.

  • Тренер орта білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары туралы талқылау ұйымдастырады

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы

  • Рефлексия Тыңдаушылар сабақтан білген және түсінгендерін, сабақтан алған әсерлерімен әріптестерімен бөліседі.Сабақты қорытындылау

  • ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №2 Сабақтың тақырыбы

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

  • Талқылауға арналған сұрақ

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница10 из 16
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

    Бақылау сұрақтары:

    1.Портфолионы қолданудың маңыздылығы

    2.Портфолионы бағалау қалай жүзеге асырылады?

    3.Портфолионы толтыру кезеңдерi

    4. Портфолионың қандай түрлері бар?
    Әдебиеттер:

    Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.

    Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.

    Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.

    Касьяненко М.Д.Комплексныйконтрольучебнойдеятельности //Советская педагогика. – 1986. - №10. – С. 46-49.

    10-дәріс

    Тақырыбы: Бағалаудың рейтингілік жүйесі.
    Аннотация. Дәрісте рейтингтің анықтамасы,артықшылығы, ерекшеліктері талданады.

    Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
    10-дәріс сабақтың жоспары

    1. «Рейтинг» сөзіне анықтама

    2. Рейтингтік жүйенің оқушы қызметіне әсер ететін артықшылықтары

    3. Рейтингтік жүйенің мұғалім қызметіне әсер ететін ерекшеліктері

    4. 100 балдық бағалау жүйесін дәстүрлі 5 балдық өлшемге келтіру
    10-дәріс сабақтың тезисі

    Оқушы еңбегін бағалаудың рейтингтік жүйесі жайында ұғым. Еліміздегі жаңа мазмұнды мектептердің іс-тәжірибесі білім жүйесіне жаңаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы, оқушының іс-әрекетін жан-жақты бағалудың жаңа жүйесін енгізуді қажет етіп отыр. Ол рейтинтгтік жүйе. «Рейтинг» – жеке адамның сапалық жетістігін бағалаудың сандық көрсеткішін білдіретін, ағылшын сөзі. Педагогикаға спорт саласынан ауысып келген. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейімен білім қабілетін ертерек «бақылауға» мүмкіндік жасалады. Рейтингтік жүйенің артықшылықтары: Оқушы қызметтерінде:

    1. оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;

    2. пәндерді оқытуды ізгілендіруге жәрдемдеседі;

    3. оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы қалыптасады.

    4. Рейтингілік бақылау қызметі диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рольде атқара алады.

    5. Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ойы әрекетінің сипаттамаларын (тапсырманы) орындау теңдігі, түсіну тереңдігі әрекетінің сипаттамаларын тапсырманы орындау т.б көрсететін жүйелі байланыстың сапасы артады;

    6. жұмыс нәтижесі мен мінез-құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын қалыптастырады;

    7. ырықты зейінін тәрбиелеп жетілдіруге ықпал етеді;

    Мұғалім қызметтерінде:

    1. Оқушының орындауындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын-ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі бар.

    2. Бақылау үлгілерін бағалаудың қылыпты критерийлерін жасау;

    3. Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру меноған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;

    4. Оқушының білім деңгейін бағалау анықтауды компьютермен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;

    5. Сыныптағы әрбір оқушы үшін жаңа көңіл-күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыруы тағы басқа педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай жасау.

    Қазіргі жаңашыл педагогтардың алға қойған топтық және жекеше жұмыс әдісі біздің тәжірибемізде күнделікті орын алып отыр. Белгілі ғалым В.П.Беспальконың айтуынша, бұл әдістің мақсаты оқушыға сенім білдіруді, оның жауапкершілігін артуын іске асырады. Ең негізгісі өзімен өзін салыстырады.

    Оқушыларға сабақтан тыс кезде өздіктерінен тапсырмаларды орындауға жағдай жасау арқылы дамыту ұстамы іске асады, демек, өткен тақырып бойынша жоғары балдық мүмкіндік туады.

    Мемлекеттік білім стандартына сай келетін репродуктивті деңгейді оқушы пәнге берілген максимал балдың жартысынан аздап асады. (50-60). Қазіргі мықты оқушылардың білімінің сапасы 75 балға тең. Ал одан жоғары эврикалық және шығармашылық деңгейлерге жету үшін кітаптағы дайын білім аздық етеді. Оған оқушы өз бетінше қосымша білім алса ғана, қолы жетеді. Қаламызда қазақ-түрік лицейлерінде де бағалау әдістері кеңінен қолданылып жүр. Ол әсіресе 100 балл жүйесімен бағаланады.

    Дәстүрлі мектептердегі бағалауға қарағандағы бұл жүйенің ерекшелігі бір пән 3 сабақтан тұрады, яғни үш 45 минуттан тұрады. Дегенмен бір ғана пән оқушыны жалықтырмайтындай әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылады. Мысалы, ағылшын тілі сабағы. Бірінші сабағында әңгіме бағдарлама материалына байланысты оқылады. Екінші сабақта оқылған әңгіме сұрақ-жауап арқылы сұрап, оқушыларға баяндатады, сөздік жұмысы жүргізіледі. Сөзді тез тауып, аудармасын айтады. Үшінші сабақта ойын арқылы жүргізіледі. Алған білімді қолданады. Міне осылайшы оқу процесі ұйымдастырылып, пәндер бойынша 100 проценттік балл жүйесі қолданылады. Мұнда біздің балдық жүйемізге келтіргенде:

    75-100 балл – «5»;

    50-74 балл – «4»;

    25-49 балл – «3»;

    0-24 балл – «2»;

    Бақылау сұрақтары:

    1.«Рейтинг» сөзіне анықтама беріңіз

    2.Рейтингтік жүйенің оқушы қызметіне әсер ететін қандай артықшылықтары бар?

    3.Рейтингтік жүйенің мұғалім қызметіне әсер ететін қандай артықшылықтары бар?

    4. 100 балдық бағалау жүйесін дәстүрлі 5 балдық өлшемге келтіріңіз

    Әдебиеттер:

    Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.

    Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.

    Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.

    Касьяненко М.Д.Комплексныйконтрольучебнойдеятельности //Советская педагогика. – 1986. - №10. – С. 46-49.

    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №1

    Сабақтың тақырыбы: Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны.

    Сабақ мақсаты: Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнымен, пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының құрылымымен танысу.

    Жаттығулар:

    Тренердің кіріспе сөзі:

    Тренер тыңдаушыларға өзін таныстырады, біліктілікті арттыру курсы туралы кіріспе мәлімет береді (1-2-слайдтар). 10 күндік біліктілікті арттыру курсы барысында қарастырылатын мәселелерге шолу жасап, Бағдарламаның құрылымы және мақсат-міндеттерімен таныстырады:

    • Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында өңірлік және мектеп үйлестірушілерін өз міндетін атқаруға даярлау;

    • өңірлік және мектеп үйлестірушілерін критериалды бағалау жүйесінің құрылымымен және мазмұнымен таныстыру;

    • критериалды бағалау жүйесінің қағидаттарын түсінуді және қолдана білуді қамтамасыз ету.


    Курста қарастырылатын мәселелер:

    • жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгеріс енгізуші құрал ретіндегі критериалды бағалау жүйесінің мазмұнынмен танысу;




    • өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша қажетті дағдыларды меңгеруі;


    «Ойлан – жұптас – бөліс»

    • Тыңдаушылардан осы курстан не күтетіні және өзін толғандыратын проблемалар туралы ойлануды ұсыну


    Жеке жұмыс. Мен не білемін, не білгім келеді?



    • Тыңдаушылар танысу парағындағы сұрақтарға жауап береді (1.1-үлестірме материал). Курс тақырыбы бойынша не білетіні және курстан не білгісі келетіні туралы кестені толтырады.




    Жұптық жұмыс.Тыңдаушылар өз ойларын әріптестерімен талқылайды.Соңында барлық тыңдаушылар топта пікірлеседі. Топтар курсқа қатысты өздері күтетін нәтижелермен және басымдықтарымен бөліседі. Тренер бүкіл курс бойында пайдалануға арналған кесте немесе ортақ постер дайындайды (жазбаларды стикерлерге жазып жапсыруға болады).



    • Әрбір тыңдаушының курста оқудың мақсаттары мен нәтижелерін айқын түсінетініне көз жеткізу үшін, олардың көзқарастарына назар аудару керек.



    • Тренер тренерлерге оқу жоспарымен танысуына мүмкіндік беріп, курс барысында түсінбеген мәселелер бойынша сұрақтарын стикерлерге жазып, кері байланыс тақтасына (флипчарт қағазына) жапсыруға болатынын хабарлайды.


    Тренер орта білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары туралы талқылау ұйымдастырады: Қазақстан мектептерінде орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға және енгізуге не себеп болды? (3-слайд)
    Тренер ойды қорытындылайды:

    Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
    Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізуаталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
    Қазақстандағы білім беру реформаларының басты мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, республикамыздың әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдету.
    Қазіргі кезеңде білім беру ісіне жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне кедергі келтіріп отырған проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:


    • білім мазмұны бойынша: мұғалімнің ақпаратты оқушыға дайын (өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пәндерді оқуда білімді жай ғана «қағып алуға» бағдарлануы;




    • оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас бойынша: мұғалім мен оқушы арасында қатынасқа субъект-объект сипатының тән болуы, оқушының мұғалімді және оқулықты дайын оқу апаратынының көзі ретінде қабылдауынан енжар келуі;




    • оқыту нәтижелері бойынша: оқушы іс-әрекетінің репродуктивті деңгейі, оқушы игерген пәндік білім-біліктің сандық мөлшерін бағалануы.


    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны қолданыстағы жүйенің осындай кемшіліктерін еңсеруге бағытталған.
    Білім беру мазмұнын жаңарту жалпыға міндетті орта білім стандарттары мен бағалау жүйесін, педагогикалық кадрларды дайындау ісін, тәрбие жұмысындағы көзқарасты, басқару мен көшбасшылықты, оқулықтар, ОӘК-лер мен оқу-материалдық базаны жаңалауды білдіреді.
    Тренер критериалды бағалау жүйесін енгізу жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының түйінді идеяларының бірі болып табылатынын айта келе, жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы аясында қолданылатын Негізгі құжаттар таныстырады (4- 7-слайдтар):


    • Оқу бағдарламасы

    • Оқу жоспары




    • Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық



    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы:

    • Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар

    • Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру


    ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

    Спиральді білім беру бағдарламасы идеясын түсіндіреді (8-10-слайдтар):


    • Оқушылар пәнді әртүрлі деңгейлерде қайталап оқиды, алға ілгерілеген сайын, әрбір деңгей алдыңғыға қарағанда анағұрлым күрделене әрі тереңдетіле түседі;




    • тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып отырады, кейде бір тоқсан аясында, кейде бірнеше тоқсанда қайталанады;




    • кейбір мақсаттар бір тоқсанда бірнеше рет қайталанады.


    Пәндердің оқу бағдарламаларында пәнаралық байланысқа мән берілгенін түсіндіреді. Бұл оқушылардың алдыңғы алынған білімдеріне сүйенеотырып, анағұрлым күрделі тақырыптар туралы түсінік қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
    Топтық жұмыс
    Тыңдаушыларды жаңартылған оқу бағдарламасының/жоспарының жалпы құрылымымен таныстыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің оқу бағдарламаларымен/жоспарларымен танысып, талқылайды (11-слайд).
    Тренер талқылау барысында тыңдаушылардың бағдарламалардың құрылымын, оқу бағдарламаларындағы ортақ ерекшеліктердің маңызы туралы түсінуін бақылайды.
    Тренер жұмысты қорытындылайды: Оқу бағдарламасында оқушыларданбелгілі бір пән аясында күтілетін білімді көрсететін оқу мақсаттарының жүйесі және ұзақ мерзімді жоспар қамтылған. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының маңызды құрылымдық ерекшелігі бұл бағдарламалардың құрамында мерзімді жоспарлардың қамтылуы болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар.
    Жаттығу

    Қолданыстағы білім беру бағдарламалары мен жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін салыстыру (Венн диаграммасы, Т-кестесі, Ин/Янь, т.б. қолдануға болады).

    Тыңдаушылар шағын топтың жауабын дайындап, таныстырылым жасау арқылы бүкіл топпен талқылайды және түйінді ерекшеліктерді ортақ флипчартқа жазады.

    Тренер оқу мақсаттарының спиральдік қағидатқа негізделгені және бағалау жүйесіндегі өзгерістердің қамтылуына көңіл бөледі.
    Топтық талқылау

    Тыңдаушылар бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістермен танысып, талқылайды.

    Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламалар: Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, (2-4 сыныптар), Математика, Дүниетану, Жаратылыстану, Көркем еңбек (1-4 сыныптар), т.б.
    Тыңдаушылар оқу бағдарламаларының құрылымын зерделейді: пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер, оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері, пәнінің мазмұнын ұйымдастыру, оқу мақсаттарының жүйесі (сыныптар бойынша, бөлімдер бойынша), Ұзақ мерзімді жоспарлар.

    Тренер тыңдаушылардың шағын топта талқылау барысын бақылайды және дұрыс түсінулері үшін бағыт-бағдар береді; бұл тапсырманы орындау критериалды бағалау жүйесін енгізудің мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретінін хабарлайды. Топтық жұмысты бастауыш мектеп оқу бағдарламалары бойынша дайындалған таныстырылым слайдтары (Т2) арқылы қорытындылайды.
    Рефлексия

    Тыңдаушылар сабақтан білген және түсінгендерін, сабақтан алған әсерлерімен әріптестерімен бөліседі.
    Сабақты қорытындылау

    Тренер сабақта қарастырылған тақырыптар бойынша қосымша талқылауды қажет ететін сұрақтарды анықтайды және сұрақтарға жауап береді.

    Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну.

    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №2

    Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесіне кіріспе. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.

    Сабақ мақсаты: Педагогикалық өлшеулер саласындағы білім беру бағыттарын білу және олардың мектептер деңгейінде, облыс және өңірлерде іске асылуының негізгі тәсілдері мен қағидаттарын түсіну

    Жаттығулар:

    Алдыңғы сабақтарға шолу.

    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыну.

    Тыңдаушылар жоспарлауға негізделген тапсырмаларды бағамдау критерийлерімен таныс болып, сабақтың топтағы тыңдаушылар үшін ағымдағы деңгейлерді тексеруге мүмкіндік беретінін білуі тиіс. Сабақтың соңында тренер әрбір тыңдаушы үшін бағалау парақтарын толтырады. Ол тыңдаушылар топтық немесе жеке жұмыстарды орындау барысында тыңдаушылардың айналасында жүріп, олардың жаңа дағдылары мен түсінігін дамыту мақсатында тыңдауы және қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ олардың түсіну деңгейін және мазмұндалған критерийлерге қатысты бар тәжірибені анықтауы тиіс.

    Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

    Тренер тыңдаушыларға 1.2-үлестірме материалын «Оқу нәтижелерін және оқыту сапасын бағалау» талдауды ұсынады: тренерлер критерийлер негізінде бағалау әділ болып, Қазақстан мектептерінде білім сапасының жоғарылауына қажетті жағдай жасайтыны туралы айтылған ЭЫДҰ ұсыныстарына өздерінің көзқарастарын білдіреді.

    Талқылауға арналған сұрақ
    Бағалау не үшін қажет? Критериалды бағалау дегеніміз не? (12-13-слайдтар)

    Тыңдаушылардың пікірлерін тыңдап, теренер таныстырылым слайдтарымен талқылауды қорытындылайды (14-15-слайдтар):
    Орыс психологы Б.Г.Ананьев: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші, өзінің нақты білімі көрініс тапқан шынайы баға негізінде өзіндік бағалауды құрудың орнына адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».
    «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
    Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

    Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
    Тренер оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттарын таныстырады (16-слайд):
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


    написать администратору сайта