Главная страница
Навигация по странице:

  • Әуе шарында кім болуы керек

  • Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек

  • Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады

  • Шарды бағытынан не шатастыра алады

  • Оқу материалының мазмұны бойынша кері байланыс

  • Практикалық жұмыс №7

  • Қалыптастырушы бағалау үдерісі

  • Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері

  • Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау

  • Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау

  • Практикалық жұмыс №8

  • Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты

    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница13 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Жұмыс алгоритмі

    1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.

    2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:

    Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

    Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

    Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.

    Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

    Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

    3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.

    SWOT талдау

    STRENGTHS

    Күшті жақтары

    WEAKNESSES

    Әлсіз тұстары

    OPPORTUNITIES

    Мүмкіндіктер

    THREATS

    Қауіптер

    Оқу материалының мазмұны бойынша кері байланыс

    1. Бүгін мен .................................................................................................................................білдім

    2. .......................................................................................................................................қызық болды

    3. .........................................................................................................................................қиын болды

    4. Мен ..........................................................................................................тапсырмалар орындадым

    5. Мен .......................................................................................................................................түсіндім

    6. Енді мен .....................................................................................................................жасай аламын

    7. Мен .....................................................................................................................................үйрендім

    8. Сабақтағы ............................................................................................маған өмірде қажет болады

    9. Мені ............................................................................................................................таң қалдырды

    10. Мен .............................................................................................................қолданып көргім келеді

    Практикалық жұмыс №7 Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі кері байланыстың маңызы Өзін – өзі бағалау.

    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
    Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері

    мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды

    анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта

    қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға

    арналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарына

    сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері анықталады.

    Қалыптастырушы бағалау үдерісі

    Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.

    Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.

    Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс.

    Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:

     Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау

    критерийлерімен таныстыру.

     Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

     Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.

     Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай ынтымақтастандыру.

     Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.

    Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері

    Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.

    Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.

    Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

    Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау

    Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды бағалау критерийлерімен алдын ала таныстыру керек. Мұғалім топтық жұмыста әр

    топтың оқушыларын тыңдайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім мұндай

    оқушылардың аттарын жазып алуы керек.

    Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет:

    Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?

    Сіз маған өз тобыңызда нені талқылағандарыңызды түсіндіре аласыз
    ба?

    Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар

    сол тапсырмаға қатысы бар болуы керек:
    - Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?
    - Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?
    - Сіз осы тапсырмада ерекше нәрсені байқадыңыз ба?

    Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға қатысуды қатар атқаруға болады. Жауаптарды бағалағаннан кейін мұғалім әлі де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда оқушыларға келесілерді ұсынуға болады:

     жаңа идеяны құрастыру;

     екі (немесе одан көбірек) идеяны салыстыру;

     идеяны бағалау;

     топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;

     сұрақтарға жауап беру.

    Аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере

    алады.

    Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау

    Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың маңызды кезеңі оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талдау болып табылады. Ол оқушының алдында тұрған өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу жолында қандай іс-әрекет қажет екендігін көрсетеді. Мұғалімге бағалау нәтижелеріне/оқыту барысындағы байқауларына талдау жасап отыруы ұсынылады. Тексерілген жұмысты талдау төмендегілерді қамтиды:

     тапсырма қиындық тудыратын оқушылар тобын анықтау;

     бөлім, тақырыпты оқуда қиындық тындаған оқушыларды анықтау;

     оқушылар үшін ең ауыр және мәселелелер тудыратын сұрақтарды анықтау.

    Сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстарына талдау жүргізуі арқылы мұғалім бөлім мен бөлімше, тақырыпты оқу барысында оқушылардың жақсы көрсете білген тақырыптары мен оларды ары қарай жақсарту үшін неге басым назар аудару қажет екендігін анықтайды.

    Мысалы, оқушылар үш сұрақ негізінде құрастырылған тапсырманы орындау барысында, барлық оқушылардың біркелкі екінші сұраққа жауап бере алмағанын байқаса, мұғалім екінші сұрақты қайтадан қарап, түзетуі қажет.

    Талдау нәтижелерін қоладана отыра, мұғалім оқушымен кері байланыс әрекетін ұйымдастырады.
    Практикалық жұмыс №8 Жиынтық бағалау құрылымы. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

    Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
    Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу

    бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқауында төмендегілер ұсынылады:

     пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ

    тақырыптар атаулары;
     бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;

     бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға

    арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;

     бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілері мен дескрипторлары;

     тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест спецификациясы;

     жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қою кестелері.

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау – оқу

    бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі.

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық құрылымы келесіде көрсетілген:

    1. Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.

    2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау.

    3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған

    тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында

    беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерін айқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын дайындауы қажет.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    написать администратору сайта