Главная страница
Навигация по странице:

  • Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау

  • Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі

  • Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау

  • Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру

  • Жиынтық бағалауды өткізу

  • Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы

  • Практикалық жұмыс №10

  • Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница14 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды

    жоспарлау және ұйымдастыру

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау белгілі оқу бөлімінің соңында өткізіледі де, жаратылыстану-ғылыми пәндер мен тілдік пәндер бойынша бөлімді; әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша ортақ тақырыпты оқып, аяқтаған кезеңде өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімінің саны оқыту топтамаларының санына негізделе анықталады:

     жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша – бөлім санына қарай;

     әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша – ортақ тақырыптар санына

    қарай;


     тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай

    (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).

    Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін:

     оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді;

     ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау критерийлерін жасайды;

     тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;

     өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктерді түзету үдерісін анықтайды.
    Бағалау критерийлері ретінде мұғалім белгілі ойлау дағдыларының деңгейлеріне қатысты іс-әрекет етістіктерін қолдана алады (1 - кестені, 1– қосымшаны қараңыз).

    Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмалары бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға

    болады.


    Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынын ескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана өткізуі ұсынылады.


    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне

    мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды.

    Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта

    қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы қажет.

    Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде

    қойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта,

    төмен) анықтауға мүмкіндік береді.

    Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:

     пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;

     күрделі тапсырмалар мен есептерді орындап, оларды кең ауқымды

    жағдайларда қолдана біледі;

     түрлі дереккөздерден алынған ақпаратарды жүйелеп, толық негіздеме

    беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре

    отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;

     күрделі тапсырмаларды шешу үлгілерін анықтайды, оларды ерекше

    жолмен шешу баламаларын тауып, қолдана біледі;

     ауқымды есептер жиынтығын оқу бағдарламасының басқа

    салаларынан алған білім, білік және дағдыларды біріктіріп шеше біледі,

    әртүрлі стратегияларды қолданып, алынған нәтижелердің маңыздылығына

    негіздеме бере алады.

    Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

     пәндік терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде біледі;

     қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір

    бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;

     ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған

    нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;

     күнделікті қолданыстағы тапсырмалардың үлгілерін анықтап, оларды

    шешудің үйреншікті жолдарын анықтайды;

     мөлшерленіп берілген есептер жиынтығын шешуде оқу

    бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларын

    біріктіре отыра қолданады.

    Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

     пәндік терминдер мен ұғымдарды қарапайым деңгейде біледі;

     тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін

    орындайды;

     түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде

    қарапайым қорытындылар жасайды.

     Жеңіл тапсырмалардың үлгілерін анықтайды.

    Практикалық жұмыс №9 Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі. Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау. Оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тіркеу Баға қою механизмі
    Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі

    Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға

    қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін

    көрсетеді.

    Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын

    ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда

    оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының

    жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін

    анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін

    ескерген жөн.

    Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері

    әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау

    тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде

    жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы

    мүмкін.

    Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына

    арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. (Қараңыз: 4-бөлім. Бөлім/ортақ

    тақырып бойынша бағалау үдерісі).

    Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау

    Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу

    бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады.

    Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін анықтайды.

    Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының

    бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында

    хабардар етеді.

    Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін

    бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау

    (көшіріп жазу) рұқсат етілмейді.

    Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен

    қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы,

    конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан

    жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын

    мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда

    тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы

    қолданылады.

    Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру

    Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше

    сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл

    қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады.

    Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі ақпараттардан тұрады:

     тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

     бағалау критерийлеріне шолу;

     тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:

    - тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;

    - тапсырманың құрылымы;

    - әр жұмысқа қойылатын балл саны;

    - балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.

     тапсырмалар үлгілері;

     балл қою кестелерінің үлгілері;

     тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері

    Жиынтық бағалауды өткізу

    Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген,

    сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң

    құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре

    алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге

    ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады.

    Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар

    жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін.

    Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде

    мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және

    ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу

    кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде

    және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет

    жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс

    жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар

    шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.

    Жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала

    дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін

    кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. Бағалауға

    кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет:

     оқушылардың қалай отыратыны, олар жеке, шусыз жұмыс

    жасайтыны туралы ойлау қажет;

     оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың

    жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның

    арасы егер оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса, мұғалім мен

    бақылаушылар оңай өте алатындай болуы керек;

     негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе

    флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;

     оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген

    көмекші құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып

    тастау қажет.

    Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың

    тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз

    жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған

    заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым

    салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.

    Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық

    Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және тоқсандық жиынтық

    жұмысын орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді орындау керек:

     тапсырмалалар жазылған парақты төмен қаратып оқушылардың

    партасына қояды және оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды;

     оқушыларға тоқсандық бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін

    түсіндіреді;

     оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек

    сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады;

     басталғанға дейін оқушыларда тапсырма орындауға керекті

    құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар

    қажет болса, мысалы: сызғыш немесе калькулятор, олар сұрақ

    кітапшаларының алдында тұруы керек;

     оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты

    толтыруын өтініңіз: оқушының аты жөні және сыныбы (мектебі)

    толтырылады;

     бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға

    тапсырманы орындауға қаншалықты уақыт бөлінгенін айтады. Бағалау

    өткізуде оқушылардың бір-бірімен сөйлеспейтіндігі туралы естеріне салу

    керек. Мұғалім нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс басталарға дейін

    барлық сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізуі керек;

     барлық оқушылар ести алатындай, басталу және аяқталу уақытын

    тақтаға жазып және дауыстап айту керек;

     бағалау кезінде оқушылардың өздерінің жеке жұмыс орындағанына

    көз жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері және жұмысты бір-бірінен көшірмеулері

    керек;


     оқушылардың тапсырма орындауында оларға көмектесетіндей,

    қосымша тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз

    жеткізіңіз (егер де осы заттар тест спецификациясында қарастырылмаса);

     оқушыларға мүмкіндігінше барлық тапсырмаларды орындаудың

    міндетті екендігін түсіндіру қажет;

     оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргеннен гөрі сызып тастау

    керектігін түсіндіру керек. Графикті немесе диаграмманы өшіруге және дұрыс

    жауап боялып немесе асты сызылып берілсе өшіргішті қолданған дұрыс;

     «Ғылымға кіріспе» және «Математика» пәндері бойынша оқушыларға

    шешу жолдарын көрсетуді, содан кейін ғана жауап бағанында соңғы дұрыс

    жауапты жазу керектігін түсіндіру қажет;

     Бағалау кезінде, жұмыс орындау барысында мұғалім нұсқаулыққа

    қатысты сұрақтарға жауап беруіне болады. Мұғалім оқушыларға жұмыс

    орындауына көмектеспейді, сұрақтарды ауыстыруға немесе ақпарат алуға

    көмектеспеуі тиіс.

    Ішкі жиынтық бағалау кезінде мұғалім үнемі оқушыларды бақылап және

    осыған көп көңіл бөлуі қажет. Қай оқушының қатысқанын немесе

    қатыспағанынын белгілейді. Бағалаудың аяқталынуына 5 минут қалғаны

    туралы оқушыларды хабарландырып отыру керек.

    Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса,

    оған өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын немесе жауап бермеген

    сұрақтарын қайта қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Оқушылардан жұмысты

    орындау үшін берілген уақыт аяқталған соң жауап жазуын тоқтатып, партаға

    каламсап/қарындаштарын қоюларын өтіну керек. Оқушылардан сұрақтар

    бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын қарап шығуды сұраңыз.

    Барлық жұмыстарды жинап алғанға дейін оқушылардың тыныш отырып

    және бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды.

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау

    Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен

    сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою кестесін қолданып балл қояды.

    Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс

    жазылғанына көз жеткізеді.

    Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу

    жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін

    қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей болуы қажет.

    Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу

    бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай

    дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауында қолдана алады.

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
    Модерация оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже

    қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс.

    Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің

    қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды

    бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін

    қаматамасыз етеді.

    Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол

    оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады.

    Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау

    мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық

    бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде

    пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.

    Практикалық жұмыс №10 Критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін басқару

    Оқушы портфолиосы
    Оқушының оқу жылы бойындағы ілгерілеуін бақылау мақсатында

    мұғалім оқушының белгілі бір оқу кезеңдеріндегі орындаған жұмыстарын

    сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңінде,

    бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеуін, оқудағы нәтижені

    көрсететін жеке жетістіктерін мақсатты түрде жинақтау. Портфолио

    оқушылардың нәтижесін бағалауда әділдікті және шынайылықты қамтамасыз

    ету мақсатында жинақталады.

    Портфолио мұғалімге оқушылардың бағаланатын оқу мақсаттарына

    жетуін анықтауға көмектесетін және жұмыс дәптерінің, оқушылардың салған

    суреттерінің, практикалық жұмыс орындау барысындағы кестелерінің, зерттеу

    жұмыстарының нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған

    түсіндірмесінің дәлелінен тұрады. Оқушылардың бірнеше жұмыстары

    электрондық түрде сақталуы мүмкін.

    Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:

    • Титулдық парағы.

    • Пән бойынша бөлгіштер.

    • Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау

    бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық

    жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл

    қою кестелері.

    • Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің

    нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.

    • Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.

    • Оқушы рефлексиясы.
    Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы:

    АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін

    (кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта

    сақталады (дискте).

    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта