Главная страница
Навигация по странице:

  • Баға қою механизмі 1-сыныпта

  • 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау

  • СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Тақырыбы: Керi байланыс. Оқушыны ынталандыру (мотивация). Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы .

  • Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi.

  • Ауызша кері байланыс

  • Оқушыны ынталандыру (мотивация) Ынталандыру

  • «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім»

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница15 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Баға қою механизмі

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

    жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы

    керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі.

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

    жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері

    талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге

    мүмкіндік береді.

    Баға қою механизмі
    1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады.

    Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан

    тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.

    2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау бөлім/ортақ

    тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.

    Тоқсандық баға қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық

    бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген.

    Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

    жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес

    бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына

    байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқпулығында бөлім/ортақ

    тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау

    арақатынасы көрсетіледі.

    СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
    Қоғамның жəне оқушы тұлғасының сұранысымен дəлелденген бағалаудың мақсаты. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар (критериалды жəне дескриптивтік, қалыптастырушы жəне анықтаушы бағалаудың бірлігі, жете түсіну, критериальды бағалаудың диагностикалық негізі);

    Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік.. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі.
    Тақырыбы: Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар

    СӨЖ жоспары:

    1. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар (критериалды жəне дескриптивтік, қалыптастырушы жəне анықтаушы бағалаудың бірлігі, жете түсіну, критериальды бағалаудың диагностикалық негізі);

    2. Білім беру мекемесінің бағалау саясаты;

    3. Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері.


    Әдістемелік нұсқау: Студент берілген сұрақтарға жауап бере отырып баяндама жасайды. Баяндама шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар мазмұнында болады. Ол үшін студент төменде ұсынылған әдебиеттерді пайдалана алады.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

    4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.

    5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.


    Тақырыбы: Бағалау жүйесіндегі қазіргі бағыттардың артықшылықтары мен кемшіліктері

    СӨЖ жоспары:

    1. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ): қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ), сыртқы жиынтық бағалау;

    2. Қоғамның жəне оқушы тұлғасының сұранысымен дəлелденген бағалаудың мақсаты. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар;

    3. Бағалау жүйесіндегі қазіргі бағыттардың артықшылықтары мен кемшіліктері


    Әдістемелік нұсқау: студент өздік жұмысқа әзірлену барысында берілген жоспар бойынша пікірсайыс өткізуге дайындалады. Пікірсайыс жасау үшін ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар ұсынылады. Студенттер бағалау жүйесіндегі қазіргі бағыттарды қолданудың маңызын, ерекшеліктерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін де баса айту керек.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

    4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.

    5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.



    Тақырыбы: Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар

    СӨЖ жоспары:

    1. Фактологиялық білімді қалыптастыруға арналған тапсырмалармен жұмыс;

    2. Концептуалдық білімді меңгертуге арналған тапсырмалар;

    3. Процедуралық білімді қалыптастыру ерекшеліктері;

    4. Метатанымдық білімді қалыптастыруға арналған тапсырмалар.


    Әдістемелік нұсқау: Студент берілген сұрақтарға жауап бере отырып презентация жасайды. Презентация мазмұны ашық сұрақтар мен ашық тапсырмалар құрастыру сипатында болады. Ол үшін студент төменде ұсынылған әдебиеттерді пайдалана алады.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

    4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.


    Тақырыбы: PISA тестері: артықшылықтары мен кемшіліктері

    СӨЖ жоспары:

    1. PISA тест тапсырмаларының құрылымы;

    2. PISA-2018 цикілінің жаһандық құзыреттілік өлшемдері;

    3. Мәселені бірлесіп шешу тапсырмаларымен жұмыс жасау тиімділігі;

    4. PISA тестері: артықшылықтары мен кемшіліктері


    Әдістемелік нұсқау: студент өздік жұмысқа әзірлену барысында берілген жоспар бойынша пікірсайыс өткізуге дайындалады. Пікірсайыс жасау үшін ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар ұсынылады. Студенттер PISA тестерінің құрылымын, артықшылықтарын, кемшіліктерін баса айту керек.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

    4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.


    Тақырыбы: Салыстыру жəне сəйкестендіру тапсырмаларын құру ерекшеліктері

    СӨЖ жоспары:

    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үлгілері: дəстүрлі танымдық үлгі; нəтижеге бағдарланған үлгі;

    2. Салыстыру жəне сəйкестендіру тапсырмаларының артықшылықтары мен кемшіліктері;

    3. Салыстыру жəне сəйкестендіру тапсырмаларын құру ерекшеліктерін айқындау.


    Әдістемелік нұсқау: Студент берілген сұрақтарға жауап бере отырып презентация жасайды. Презентация мазмұны салыстыру жəне сəйкестендіру тапсырмаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін ашатын мазмұнында болады. Ол үшін студент төмендегі әдебиеттерді пайдалана алады және қосымша өз бетінше интернет сайттардан мәліметтер қарастыру ұсынылады.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

    2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.


    Тақырыбы: Блумның таным деңгейлері таксономиясын пайдалану барысында оқушылар меңгеруге тиісті білімнің түрлері мен меңгертудің тиімді жолдары

    СӨЖ жоспары:

    1. Блумның таным деңгейлері таксономиясының білім сатысында қарастырылатын негізгі мәселелер;

    2. Блумның таным деңгейлері таксономиясын пайдалану барысында оқушылар меңгеруге тиісті білімнің түрлері мен меңгертудің тиімді жолдары;

    3. Блумның таным деңгейлері таксономиясын түсіндіру деңгейінде оқушылар пайдаланатын талданатын білім көздерінің негізгі түрлері;

    4. Блумның таным деңгейлері таксономиясын пайдалану деңгейінің құрамдас бөліктері.


    Әдістемелік нұсқау: Студент берілген сұрақтарға жауап бере отырып реферат әзірлейді. Реферат мазмұны Блумның таным деңгейлері таксономиясының білім сатысында қарастырылатын негізгі мәселелер мен таным деңгейлері таксономиясын пайдалану барысында оқушылар меңгеруге тиісті білімнің түрлері мен меңгертудің тиімді жолдарын анықтау мазмұнында болады. Ол үшін студент төменде ұсынылған әдебиеттерді пайдалана алады.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

    2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.


    Тақырыбы: Керi байланыс. Оқушыны ынталандыру (мотивация).

    Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
    Керi байланыс.

    Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.

    Формативті бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «формативті бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды» деп өз жұмыстарында атап өттi.

    Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi. Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек. Сонымен қатар іс-әрекет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.

    Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi.

    Зерттеушiлер Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiнуі керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге, нені игеру керек екенін білуі керек ». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны жасауға көмектеседі.

    Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.

    • Ауызша

    • Жазбаша

    Кері байланыстың құралдары төмендегідей болуы мүмкін.

    • Жазбаша түсініктеме

    • «температура өлшемі»

    • Бақылау

    • Опрос-молнии?????

    • Күнделік (өзін-өзі бағалау) журналы

    Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар:

    а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді

    б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.

    Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды: «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с.

    Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.

    Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:

    • Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: «иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «Сәуленің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы», «Жарайсың!»

    • Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық».

    • Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.

    Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дәтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. «Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.

    Оқушыны ынталандыру (мотивация)

    Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.

    Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет болған кезде үнемі туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.

    Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?

    Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады. Егер ол оқушыда жоқ болса, не істеу керек? Көптеген ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы оқу мәселелерін біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім» деген. Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.

    Ынталандырушы әдістер:

    • Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;

    • Оқушымен бірге мақсат қоя білу керек;

    • Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беру керек;

    • Ішкі ынталандыруды дамыту үшін «міндеттісің», «талап етемін» деген сөздердің орнына «қызық, тырысып көр», «істеп көр» т.с.с. сөздерді қолдану керек;

    • Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болу керек;

    • Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтуыңыз қажет;

    • «Жетістік ахуалын» қалыптастыру керек.

    Сабақтың құрылымы:

    • Әрқашан оқушының мықты және қызығушылық жағынан табыла білу керек;

    • Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түскен жөн;

    • Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану қажет;

    • Оқушының көңілін тек бағалауға ғана емес, жаңа дағдылар мен білімге назарын аударта алу қажет;

    • Оқушыны ешқашан нашар бағамен қорқытуға болмайды;

    • Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.

    Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:

    • Кері байланыс дер кезінде болуы керек.

    • Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң құрылымдық (конструктивті) түсініктермен де жеткізу қажет.

    • Бір-бірінің жұмыстарын оқытып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалау.

    • Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алып, сонан соң сынға алу керек. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.

    • Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетуге тиым салынады.

    • Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріп, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпау қажет.

    Оқыту үрдісінде ғылыми түрде негізделген бір қатар ынталандыру әдістері бар. Солардың көмегімен жоғарыда айтылған қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.

    1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.

    2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.

    3. Оқу мақсатында «жоғары дағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.

    4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.

    5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.

    6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.

    7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.

    Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.

    PISA - Халықаралық зерттеуде 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. PISA зерттеуінің кезекті 2015 жылы зерттеудің «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді. PISA зерттеуі аясында 15-жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу маңызды.

    Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасын (Programme for International Student Assessment) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD – Organisationfor Economic Cooperation and Development) үйлестіреді.

    PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.

    Бүгінгі таңда білім беретін мектептерде PISA халықаралық зерттеулерге сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалау қалыптастырылуда. 

    PISA халықаралық зерттеулерге сәйкес мәтінді түсіну мен оқу, жаратылыстану бағыты бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалау, яғни адами құндылық түсінігі қазақ халқының өмір тәжірибесінде ешқашан өзектілігін жоймаған. Еліміздің PISA - 2015 зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта