Главная страница
Навигация по странице:

  • Критериалды бағалау қағидаттары Критериалды бағалау қағидаттарын және оларды қолдану жолдарын түсіну.Жаттығулар: Тренер алдыңғы сабақтарға шолу жасайды

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру «Ауа райы» ширату жаттығуы

  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.

  • Шынайылық, анықтық және валидтілік.

  • Ашықтық және қолжетімділік.

  • Дамытуға бағытталғандық.

  • ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №4 Сабақтың тақырыбы

  • Алдыңғы сабаққа шолу жасау, сұрақтарға жауап беру Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру Жұптық жұмыс «

  • Практикалық жұмыс №5

  • Практикалық жұмыс №6

  • ӘУЕ ШАРЫ

  • Сыныпты жоспарлау Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.Жұмыс алгоритмі

  • Әуе шарында кім болуы керек

  • Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек

  • Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады

  • Шарды бағытынан не шатастыра алады

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница12 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Жаттығулар:

    Алдыңғы сабаққа шолу жасау.

    Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

    Тренер тыңдаушыларға тренерлерге «Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны» 13-слайдын көрсетіп, әрбір тармағын түсіндіреді:

    1. Бағалау стандарттары (ҚР МЖМБС бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім). Пән бойынша оқу бағдарламасы және оқу жоспарлары (оқу мақсаттары, бөлімдер, ортақ тақырыптар, бөлімшелер)




    1. Бағалау құралдары (ойлау дағдыларының деңгейлері, сөйлеу әрекетінің түрлері, бағалау критерийлері, деңгейлік тапсырмалар)




    1. Бағалау үдерісі (қалыптастырушы және жиынтық бағалау)




    1. Бағалау нәтижелері (кері байланыс, балл, оқу жетістігінің деңгейлері, баға).


    Жұптық жұмыс
    Тыңдаушылар бағдарлама аясында пайдаланатын және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын айқындайтын құжаттармен танысып, топта талқылайды (14-слайд):


    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)

    2. Оқу бағдарламасы (пән бойынша)

    3. Оқу жоспары (пән бойынша)

    4. Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру);

    5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық




    1. Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

    2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық




    1. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

    2. Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық.


    Рефлексия.
    Тыңдаушылар келесі сұрақтар туралы ойланады және әріптестерімен пікірлеседі: Бүгін мен сабақтан не білдім? Білгендерімді өз тәжірибемде қалай пайдаланамын? Маған не түсініксіз? Тағы не білгім келеді?

    Критериалды бағалау қағидаттары

    Критериалды бағалау қағидаттарын және оларды қолдану жолдарын түсіну.

    Жаттығулар:

    Тренер алдыңғы сабақтарға шолу жасайды

    Тыңдаушылардың қажеттіліктерін анықтау үшін кері байланыс ұсыну:

    - Сіз не үйрендіңіз?

    - Сізде қандай қиындықтар болды? Неліктен?

    - Тағы не білгіңіз келеді?

    Тыңдаушылар сұрақтарын стикерге жазып, ортақ флипчартқа жапсыруларына болады. Бұл сұрақтарға тренердің сабақ барысында немесе соңында жауап беруге мүмкіндігі болады.

    Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

    «Ауа райы» ширату жаттығуы (5 мин)

    Қатысушылар жұпқа бірігеді. Біріншісі арқасымен әріптесіне «жазу қағазы» рөлін алады, екіншісі – «суретші». Тренер «суретшілерге» алдындағы «қағазға» кезекпен самал желді, күшейе бастаған суық желді, сіркірей бастаған жаңбырды, қатты нөсерді, тарсылдап жауған бұршақты, қайтадан жаңбырды, қатты жел мен жылы самалды, соңында жарқырап шыққан күнді суреттеуді ұсынады.Келесі кезекте қатысушылар «суретші» мен «қағаз» орындарымен алмасады. Ойын аяқталған соң тыңдаушылар ойын барысындағы сезімдерімен, көңіл күйлерімен бөліседі. Бұл ойын қатысушылардың жаңа ақпаратты қабылдау және меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Тыңдаушылар үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша атқарылатын жұмыстар үйлестірушілер үшін де, мұғалімдер мен оқушылар үшін де өзіндік ерекшеліктерімен маңызды болып табылатынын түсіну маңызды. Оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізудің логикалық үйлесімділігі мен мазмұндылығын түсіну бұл үдерістің мәнін ашуға мүмкіндік береді.

    Талқылау

    Тренер тыңдаушылардан «Бағалау дегеніміз не? Оқушылардың оқужетістіктерін бағалау деген не? Бағалау қағидаттары қандай? Критериалды бағалауды қалай түсінемін?» деген сұрақтарға өз бетінше жауап жазуды ұсынады (2.5-үлестірме материал «Талқылау сұрақтары») Тыңдаушылар өз жауабын топтағы әріптестерімен талқылайды. Тренер талқылауды 15-16-слайдтар арқылы қорытындылайды:

    Оқу жетістіктерін бағалау дегеніміз кері байланыс беру арқылы оқу үдерісін түзету және басқару үшін оқушының қол жеткізген нәтижелері мен жоспарланған оқу мақсаттарын арасындағы байланысты анықтау үдерісі.

    Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

    Тренер тыңдаушыларға келесі сұрақтар бойынша пікір алмасуды ұсынады (17-слайд):

    - Оқу мен бағалаудың арасында қандай байланыс бар?

    - Дұрыс бағалау дегеніміз не?

    • Дұрыс бағалау неден құралады?

    • Оған қандай сипаттар тән?

    • Бағалауды табысты болуына не ықпал етеді?

    • Критериалды бағалау оқу үдерісіне қалай әсер етеді?


    Жеке жұмыс
    Тыңдаушылар 2.6-үлестірме материалымен («Критериалды бағалау қағидаттары (үлгі)») танысады. Олар әрбір бөлім бойынша кестеге қосымша жазбалар енгізеді; әрбір қағидатты қалай түсінетінін жазып (анықтамалар, сызбалар, мысалдар, т.б.), үлгіні толтырады және шағын топта талқылайды:
    Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы қалай жүзеге асады,бағалаудыңоқушылардың оқу жетістіктерін жетілдіруге әсері қандай?
    «Дұрыс бағалауды» қалай түсінеміз, шынайылық, анықтық және валидтілік қағадаттарына көбірек мысалдар келтіру.
    Бағалаудың ашықтығы мен қолжетімділігі оқушыларды ынталандырудың жақсы құралы болып табылатынын қалай түсіндіруге болады? Критериалды бағалау оқушылардың даму бағыттарын белгілеуге қалай көмектеседі?

    Жұмысты қорытындылау үшін тыңдаушылар нұсқаулықта берілген материалмен танысады: Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады (18-слайд):


    • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.




    • Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.




    • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.




    • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.




    • Дамытуға бағытталғандық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын


    анықтайды және ынталандырады.
    Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.

    Рефлексия
    Критериалды бағалау қағидаттары өзара тығыз байланысты екенін түсіну маңызды. Тыңдаушылар осы мәселелерді талқылағанда өздеріне сенімді болып, теориялық түсініктерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі тиіс.
    Тренер критериалды бағалау жүйесі тыңдаушыларға түсінікті болуы туралы ойланып, қосымша түсініктемелер жасауды ойластырады.

    Сабақты қорытындылау
    Қарастырылған тақырып оқу және оқыту үдерістеріне қалай ықпал етеді? Тыңдаушылар сұрақтарын стикерлерге жазып, тренердің талдауына ұсынуына болады.

    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №4

    Сабақтың тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау теориясы

    Сабақтың мақсаты: Қалыптастырушы бағалау теориясымен танысу

    Жаттығулар:

    Алдыңғы сабаққа шолу жасау, сұрақтарға жауап беру

    Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

    Жұптық жұмыс

    «Қалыптастырушы бағалау теориясы». Тыңдаушылар қалыптастырушы

    бағалау теорияларымен танысып, негізгі идеяларды жұпта талқылайды

    (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау

    бойынша нұсқаулық, 18-19-б.).

    Тыңдаушылар негізгі түсініктерін топта

    талқылап, өз тәжірибесінде қолдану туралы ойларымен бөліседі.

    Жеке жұмыс

    Тыңдаушылар 3.1-үлестірме материалымен танысады («Бағалауды

    реформалау тобының есебі»).

    Олар негізгі ойды тұжырымдап, жұппен талқылайды.

    Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау

    бойынша нұсқаулықпен жұмыс:критериалды бағалаудың құрылымын

    талдау (23-24 беттер).

    Критериалды бағалау: Қалыптастырушы бағалау; Жиынтық бағалау

    Топтық жұмыс

    Тренерлер келесі сұрақтарға жауап беру арқылы құрылымдағы

    Қалыптастырушы бағалау тармағын толықтырады. (1-2-слайдтар)

    1. Қалыптастырушы бағалау деген не?

    2. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты мен қағидаттары қандай?

    3. Қалыптастырушы бағалау қашан жүргізіледі?

    4. Қалыптастырушы бағалау кімге ақпарат береді?

    5. Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлі қандай?

    6. Қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқушының рөлі қандай?

    7. Қалыптастырушы бағалау жүргізудің түрлері қандай?

    Топтар дайындаған таныстырылымдарын таныстырып, бір-біріне

    ауызша және стикерге жазу

    арқылы жазбаша кері байланыс береді:

    «келісемін, қосымша ұсынысым ...», «... бойынша тағы да ойланып,

    талқылауды ұсынамын», т.с.с.

    Тренер келесі сұрақтарды қояды:


    Практикалық жұмыс №5 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
    Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

    Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы

    барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.

    Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

     оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

     тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және

    дескрипторларын анықтау;

     оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.

    Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана

    бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының

    деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды

    көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына

    сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

    Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп,

    оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және

    оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы

    орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.

    Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға

    тапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы

    толық мәлімет бере алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына

    жеткендігі/жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай

    мүмкіндіктер береді.

    Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген. Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады.Және де мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетіншедайындаса да болады. Жоспарлау кезеңінде мұғалім оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысып оқу мақсаттарына талдау жасау керек. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастырып тапсырма құрастыру кезінде саралау тәсілінқамтамасыз ету керек. Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.

    Практикалық жұмыс №6 Оқу үдерісіндегі кері байланыс

    Кері байланыс
    Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай

    жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.

    Оқушыларға кері байланыс беру барысында мұғалімге төмендегілер

    ұсынылады:

    • ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігі

    туралы ақпарат бермей тұрып, «дұрыс емес», «қате» сөздерін қолданбау қажет;


    • ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;

    • қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын көрсету

    қажет;

    • жіберілген қателік туралы төменгі ақпарат беру:

    - қателіктің орны

    - қателік түрі

    - оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет;

    • оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы, «мисыздың жауабы», «бұған қалай ғана ақылың жетті?» деген анайы сөздерді қолданбау керек.

    Осындай сөздер оқушылардың жеке тұлғасына кері әсер етеді. Тиімді түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай

    нәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, ал оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді:

     Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?

     Нәтижелерге қалай жетемін?

     Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?
    Кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы. Күнделікті тәжірибеде оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейінөлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады:«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалау күнделікті бағалау. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен  білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

    «Бестік» кері байланыс

    ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР.

    Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.

    Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

    Сұқ саусақ – маған қиын болды

    Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады

    Төртінші саусақ – менің көңіл күйім

    Бесінші саусақ – менің ұсынысым





    5 мин



    ӘУЕ ШАРЫ

    Қалыптастырылатын дағдылар:

     басқалармен жұмыс;

     ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

     ақпаратты басқару.

    Жалпы сипаттама

    Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда

    проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Сыныпты жоспарлау

    Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.

    Жұмыс алгоритмі

    1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.

    2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:

    Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің

    есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

    Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты

    болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

    Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі

    жасайтын факторларды жазады.

    Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

    Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

    3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.
    ӘУЕ ШАРЫ

    Қалыптастырылатын дағдылар:

     басқалармен жұмыс;

     ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

     ақпаратты басқару.

    Жалпы сипаттама

    Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Сыныпты жоспарлау

    Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта