Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • 7-дәріс Тақырыбы

  • 7-дәріс сабақтың жоспары

  • 7-дәріс сабақтың тезисі

  • Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


    Скачать 1.32 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
    Дата23.11.2022
    Размер1.32 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
    ТипДокументы
    #809158
    страница7 из 16
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


    Күтілетін нәтиже


    • тақырыптық карталармен жұмыс істеуді,АКТлық номенклатураны; антропогендік әрекеттің қоршаған ортаға әсерін; АКТлық қабық компоненттерінің қасиеттері мен ерекшеттіктерін анықтауды; АКТлық деректерді графикалық түрде бейнелеуді біледі;

    • табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи АКТлық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; АКТлық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; АКТлық қабық пен АКТлық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; саяси картаның маңыздылығын түсіндіреді;

    • тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі АКТлық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында АКТның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің халықаралық жүйесін; АКТлық қабық пен АКТлық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін қолданады;

    • АКТлық деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; АКТлық қабық пен АКТлық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; АКТлық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми -жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның АКТлық және геосаяси жағдайын; жекелеген аймақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын талдайды;

    • кесте, сызбанұсқа, картасызба, хабарлама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;

    • АКТлық қабықтағы түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін АКТлық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін бағалайды.

    Оқу жетістіктерін критериалды бағалау əдісі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені, мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қайсыларымен əлі де жұмыстану қажет екендігін бағалауы тиіс. Осылайша, оқушының жеке оқу бағыты бағаланады, ал ол үшін алдын-ала бағалау критерийлерін дайындау қажет.

    Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау əдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты жəне валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді жəне олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді.

    ДББҰ-да қолданылатын критериалды бағалау жүйесінің моделі оның тəжірибелік маңызы мен артықшылығын көрсетеді:

    • оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады;

    • оқушының жұмысы оларға алдын-ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады;

    • баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері оқу мақсаттарын сипаттайды;

    • баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сəйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады;

    • оқушылардың өзін-өзі бағалауға жəне оқуға деген ынтасы жоғарылайды.

    Бағалау ағымдағы жəне қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау тəсілдері пəннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сəйкес өзгешеленуі мүмкін.

    Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнын білу, түсіну, дағдылары туралы дәлелдерді ұсынатын және тоқсандық оқудағы ілгерілеуді өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын, тоқсан соңында балл қою арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалау әртүрлі бақылау-тексеру жұмыстарын өткізуді қарастырады (жұмыс форматы шектеулі емес, пәндік ерекшеліктерге қарай және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары есепке алынып, анықталады). Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде талдау, жинақтау, бағалау сияқты жоғары деңгей дағдыларын тексеруді ескере отырып, түрлі ойлау дағдыларының деңгейлеріне жеткенін көрсететіндей, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды енгізуді есепке алу қажет. Аталған бағалау рәсімдерін жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде тапсырмалар үлгілерімен берілген тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы қолданылады.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


    1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

    2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

    3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

    4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.

    5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.



    7-дәріс

    Тақырыбы: Топтық жұмысты бағалау әдістемесі
    Аннотация. Дәрісте топтық жұмысты бағалау әдістемесі талданады.

    Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
    7-дәріс сабақтың жоспары

    1. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.

    2. Топтық жұмыстың бағалануы.

    3. Топтық жұмыс барысында оқушының өзін-өзі бағалауы.

    7-дәріс сабақтың тезисі

    Оқытудың белсенді әдістерінің бірі топпен жұмыс екені белгілі. Сабақ барысында осы әдісті жиі қолданғанмен, мұғалімдер мынадай сұрақтарды жиі қояды:

    - Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?

    - Топтық жұмыс әдісін бағалауда нені формативті бағалауға жатқызуға болады?

    Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандай да бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлігі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып кері байланыс жасайды. Осы арада мұғалімнің топтық жұмыс кезінде тапсырманы міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.

    Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:

    - мұғалімнің әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

    - мұғалімнің белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

    - өзін-өзі бағалау/ өзара бағалау, мұғалім мен оқушылардың топтық жұмысты бірлесе отырып бағалауы;

    Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында мұғалім төменде берілген шарттармен оқушыларды алдын-ала таныстырып өтуі керек:

    • Топтық жұмыстың мақсатын және оның өтілетін тақырыптың білімділік мақсатымен сәйкестілігін хабарлау;

    • Тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін анықтау;

    • Кім бағалайтынын хабарлау; (мұғалім; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек оқушылар ғана; арнайы сайланған әділқазылар)

    • Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;

    • Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау

    Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да мұғалімнің топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.

    Топтық жұмыстың бағалануы.

    Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.

    Топтық жұмысты бағалау


    Топ нөмірі

    Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

    Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

    Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

    Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

    Барлық ұпайы

    І

    +

    +

    +++

    +




    ІІ

    +

    +










    ІІІ

    +

    -

    ++

    +




    ІV

    -

    -

    +

    ++++




    V















    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


    написать администратору сайта