Главная страница

Жаратылыстану институты. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты


Скачать 1.32 Mb.
Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты
Дата23.11.2022
Размер1.32 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖаратылыстану институты.docx
ТипДокументы
#809158
страница6 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Критериалды бағалау шкаласы(рубрикаторлар).


Критерий

Тап-сыр-ма №

Дескрипторлары

Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай

Жетістік-тер деңгейі

А

1

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0



6

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін салыстыра алады

2

2

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты көлемде салыстыра алады

2

3

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты массада салыстыра алады

2


В

4

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0


6

Оқушы заттың тығыздығының молекуланың орналасуына тәуелділігі молекулярлық көзқарас бойынша жүйелі түсіндіріледі және дұрыс талдай алады.

2

5

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0

Оқушы зат массасының оның тығыздығына әсерін анықтай алады.

2

6

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.




Оқушы зат ұзындығының тығыздығына тәуелділігін анықтай алады.

2



С

7

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0

4

Есептің шарты дұрыс жазылған

1

Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне келтіре алады

1

Формуланы дұрыс түрлендірген

1

Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады

1

8

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0



4

Оқушы есеп шартын жаза алады

1

Бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады

1

Формулаларды дұрыс жазады

1

Дұрыс жауабын шығарады

1

6

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

0

6

Есеп шарты дұрыс жазылған

1

Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне дұрыс келтіріп, формулаларды жазған

2

Ізделетін шаманы дұрыс таба алады

2

Оқушы дұрыс жауабын ала алады.

1


Жауап парағы:





Оқушының

аты – жөні

Критерийлер бойынша ұпайлар

Ұпай жиыны

Бағасы

А

В

С







1




6

6

14

28







2






















немесе



Оқушының аты жөні

А Білім және түсінік

В Коммуникация

C Жағдаятты шешу

D

Рефлексия

ұпай

Жетістік деңгей (max 24)

Жетістік деңгей (max 24)

Жетістік деңгей (max 24)

Жетістік деңгей (max 24)







0

1

2

3

4

5

6

0

1

2

3

4

5

6

0

1

2

3

4

5

6

0

1

2

3

4

5

6




1



























































































2




























































































Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:


Жиналған ұпай саны

Бағасы

24-28 (85-100%)

«5»

20-23 (70-84%)

«4»

14-19 (50-69%)

«3»

13-0 (0-49%)

«2»


3.Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі —  алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы,  анық, айқындылығы,  бағаның әділдігі, баланың  өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.

Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий — осы  формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.

Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.

Критериалды бағалаудың функциялары:

  • бақылау;

  • дамытушылық;

  • оқытушылық;

  • мотивациялық;

  • тәрбиелік;

  • диагностикалық.

4.Критериалды бағалаудың тиімділігі

- Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  • Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

  • Білім беру сапасын арттыруға;

  • Оқытудың сапасын жақсартуға;

  • Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке

  • оқыту траекториясын құруға;

  • Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  • Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

- Оқушыға:

  • Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

  • Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  • Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  • Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.


- Ата-анаға:

  • Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  • Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  • Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  • Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  • Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Критериалды бағалау жүйесінің мақсат – міндеттері

  2. Аталған бағалау жүйесінің негізгі принциптері мен атқаратын функциялары

  3. Бағалаудағы критерий, дискриптор, рубрикатор ұғымдарына анықтама

  4. Критериалды бағалау жүйесін пайдаланудың тиімділігі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

  2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

  3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

  4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.



3-дәріс

Тақырыбы: Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалаудың маңыздылығы

Аннотация. Дәрісте Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік беріле отырып, формативті және суммативті бағалау жүйесі талданады.

Кілт сөздер: оқыту, оқу, формативті бағалау, суммативті бағалау және т.б.
3-дәріс сабақтың жоспары

  1. Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалау

  2. Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйесі

  3. Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі


1. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).

1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).

Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.

Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. 2.Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.

Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.

Формативті бағалау:

  • күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)

  • оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.

Формативті бағалаубілім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.

Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті (қалыптастырушы) бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.

Формативті (қалыптастырушы) бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.

Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады.

Мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:

  • мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;

  • нәтижегежетудеңгейінанықтау;

  • бағалаудыңмазмұнынжәнетехникасыніріктеу;

  • оқудыңсәйкесәдістерінтаңдаужәнежүзегеасыру;

  • бағалаудыжүргізужәнеоқунәтижелерініңөлшенетіндеңгейінежеткенінанықтау.

Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  1. Жоспарланғаноқунәтижелерінанықтау.

  2. Оқушыныңмаңыздыоқунәтижелерінжоспарлаужәнеоғанжетуәрекетінұйымдастыру.

  3. Оқушылардыңжоспарланғаноқунәтижелерінекерібайланысмеханизмікөмегіменжетуінжүргізу.

3. Суммативті (қорытынды) бағалаубелгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.

Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.

Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.

Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:

Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары:

  • оқушыныңоқунәтижелерін ой операцияларыныңкүрделілігіне

қарайтізбектепқоюға (ранжирование) мүмкіндікберетінталаптар;

  • оқушыныңтүйіндіқұзіреттіліктердіқалыптастыруғаберілетін

еркінмазмұндыжүзегеасыруғақойылатынталаптар.
Бақылау сұрақтары:

  1. "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Кембридж тәсілі бойынша бағалау қаншалықты маңызды?

  3. Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан айырмашылығы

  4. Баға қоюдың синтездік түрін қалай түсінесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.

Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.

Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.

Касьяненко М.Д.Комплексныйконтрольучебнойдеятельности //Советская педагогика. – 1986. - №10. – С. 46-49.

3-дәріс жалғасы

Тақырыбы: Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралы
Аннотация. Дәрісте бағалаудың мақсат-міндеттері, критериалды бағалаудың қағидаттары, критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі талданады.

Кілт сөздер: білім, сапа, бақылау, критериалды бағалау, т.б.
3-дәріс сабақтың жоспары

  1. Бағалаудың мақсат-міндеттері;

  2. Критериалды бағалаудың қағидаттары;

  3. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі.

3-дәріс сабақтың тезисі

Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне бағытталған. Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:

  • Оқушы оқудың қай сатысында?

  • Ол өзі оқуда неге талпынады?

  • Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну болып табылады.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі.

2. Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай, сапалы бағалау механизмдерін құру.

3. Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.

4. Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру және оларды өз бетінше оқу дағдыларына дағдыландыру үшін жағдай жасау.

5. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру.

6. Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) автоматтандыруға және дербестендіруге мүмкіндік беретін тапсырма үлгілері қорын құру.

7. Объективті, үздіксіз, анық ақпараттарды ұсыну: оқушыларға олардың оқу сапасы туралы, мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы, ата-аналарға оқу нәтижесіне жету деңгейі туралы, басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы.

8. Жинақтау үдерісін белсендіру және ақпараттар ұсыну үшін электрондық журналды қолдану.

9. Мемлекет, облыс, аудандық барлық мектептер, жеке мектептер, әр оқушы деңгейінде бөлімдер мен тақырыптар аясындағы оқу бағдарламаларын меңгеруге қатысты мониторингті қолдану.

10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру және басқарушылық тиімді шешім қабылдау үшін зерттеу және талдау жүргізу.

Басқарудың ұйымдық құрылымын анықтайтын және бағалау жүйесін енгізу мен үйлестіру кезінде есеп жүргізетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Аталған жағдайды жүзеге асыру аясында бағалау үдерісінің мониторингісін жүйелі өткізу (жиынтық бағалау мәліметтері негізінде өткізіледі және қосымша іс-шараларды талап етпейді), бағалау жүйесінің тиімділігін зерттеу және бағалау үдерісінің қатысушыларының пікірін танып білу мәселелерін қарастыру қажет. Көптеген ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметті жүзеге асыруды критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілері жүргізеді. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім басқармасы әдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектеп директор орынбасарлары арасынан анықталады. Бағалау бойынша үйлестірушілердің міндеттерінің бірі озық іс-тәжірибені зерделеу, талдау, енгізуге бағытталған педагогтердің кәсіби қоғамдастығын дамыту болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.


4-дәріс

Тақырыбы: Пән бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Аннотация. Дәрісте бағалаудың теориялық аспектілері, тапсырмалар, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау талданады.

Кілт сөздер: білім, сапа, рубрикатор, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
4-дәріс сабақтың жоспары

  1. Бағалаудың теориялық аспектілері. Жабық тапсырмалар. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау;

  2. Критериалды бағалау жүйесінің қағидалары: білім беру мен тəрбиелеу үрдісінің байланысы, маңыздылық, объективтілік жəне əділдік, адекваттылық, валидтілік, жүйелілік жəне бірізділік, жан-жақтылық;

  3. Бағалау кезеңдері жəне инструменттері. Критериалды кестелер (рубрикаторлар). Рубрикатор туралы түсінік. Рубриканың маңызы;

  4. Дескриптор туралы түсінік. Дескриптор – меңгерудің негізгі белгісі (нəтиже жетістігінің көрсеткіші).


4-дәріс сабақтың тезисі

Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Зерттеулер мұғалімдер оқушыларды бағалауда басшылыққа алатын нақты, ғылыми дəлелденген ережелердің жоқтығын көрсетеді. Осылайша оқушыларға баға қоюдың жүйсіздігі байқалады. Бұл оқушылардың қорғансыздығын қалыптастырып, оқушының МЕН-тұжырымының төмендеуіне немесе өзіндік бағасын жоғарылатуына жол берді. Адамның тіршілік əрекеті көптеген факторларға тəуелді: білімділік (қабылдаутын, өңделетін материал көлемі), психологиялық (уəж, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері), педагогикалық (əдіс-тəсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), адамгершілік (бірмəнді, нақты, анық, қатаң, икемді тəсілдер), т.б. Бағалау үдерісінде барлық факторлар бір-бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Білімділік немесе педагогикалық факторларды ғана жеке бағалауға болмайды, себебі басқа факторлар да оқу нəтижелеріне немесе бағалауға əсер ете алады. Баға оқушылардың білім, білік-дағдыларын əртүрлі критерийлер бойынша бағалау нəтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну жəне қолдану, материалды пəннің талабына сəйкес рəсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б.

Мұғалімдердің тəжірибесі бағалауға арналған тапсырмаларды саралау, бағалаудың

тиімді құралдары мен əдіс-тəсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, өзінің даму бағытын анықтауына оң əсер ететінін көрсетеді.

Пəн бойынша тест спецификациялары белгіленген құрылым бойынша тест сұрақтарын əзірлеуден бастап, ұсынылатын жауаптарды (кілт жəне дистракторлар) құрастыруға дейін барлық талаптарға сəйкес жасалады. Тест спецификациялары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты деректерді көрсетеді жəне оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады. Бағалауға арналған тапсырманы əзірлегенде құрылым мен өлшеуге арналған компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сəйкес болмау себептерінің бірі оның толық анықталмағандығында/құрастырылмағандығында болады. Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілгендігінің мысалы ретінде əрқайсысы жеке немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс байланыстырушы ортақ тақырыптардың болмауын айтуға болады.

Бағалауға арналған тапсырманың күрделілік деңгейі тапсырманы əзірлеушінің өзіндік тəжірибесіне байланысты. Санаттарға жіктеу дəлдігін үлгілік тапсырмаларды пайдалау арқылы арттыруға болады. Əрбір деңгейдегі тапсырма үлгісі əзірленген бағалау тапсырмасының деңгейін анықтауға негіз болады.

Бағалауға арналған тапсырманың жарамдылығын тест спецификациясының талаптарына сəйкестігін тексеру арқылы сыртқы сарапшы бағамдайды. Бағамдау барысында ол 80 пайыз көлемінде тапсырманы түзетуге қатысты ұсыныстар бере алады, мысалы: тапсырмада өте қиын сұрақтардың кездесуі; бағалау критерийлеріне сəйкес келмейтін сұрақтардың болуы; тапсырманың оқу мақсаты мен күтілетін нəтижелерге сəйкес келмеуі.

Танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі (Блум таксономиясы) бағалауға арналған тапсырмаларды əзірлеу жəне сараптау үдерісінде кеңінен қолданылады. Бастапқы жəне түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Əрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді.

Тапсырма əзірлеу барысында неге назар аудару керек? Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана техникалық жүзеге асыру емес, ол түсіну мəселесі, себебі олар алған білімін тəжірибеде қолданатын болады. Оқу мақсаттарын дəл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді жəне мəнді практикалық тапсырма əзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың əр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті жəне өзекті болып саналады. Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Руководство по критериальному оцениванию для региональных и школьных координаторов: Учебно-метод. пособие /АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» /Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. - Астана, 2016. - 46 с.

  5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.

  6. Асубаев Б.Қ., Тоқпанов Е.А. Қазақстанның физикалық АКТсы пәні бойынша Блум таксономиясына сәйкес жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жинағы: Әдістемелік нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 126 б.



5-дәріс

Тақырыбы: Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу
Аннотация. Дәрісте бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу талданады.

Кілт сөздер: білім, сапа, рубрикатор, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
5-дәріс сабақтың жоспары

  1. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің құрылымы;

  2. Пән бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау;

  3. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.


5-дәріс сабақтың тезисі

Бағалауға арналған тапсырма əзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар. Құрастырылған тапсырманың анықтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаларын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі. Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нəтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы қолдану ұсынылады. Рубрика – бағалау критерийлеріне сəйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тəсілі. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Дескрипторларды құрастыру. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі əрекетті көрсететін сипаттама. Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын əр дескриптор 1 балмен бағаланады. Дескрипторлар əрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады жəне тапсырманы орындау кезіндегі əр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша сенімді жəне жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.

Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек? Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» жəне т.б. сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады жəне тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты əрекеттерді сипаттамайды. Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға жəне кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі тиіс. Ашық тапсырмалар үшін дескрипторларды құрастыру таңдалған орындау тəсілдерін (егер талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант формуласын қолданады». Бұдан əрі алынған жауап пен аралық əрекеттер сипатталады, мысалы, «дискриминанттың мəнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», «теңдеудің түбірін табады». Мұғалім өз тəжірибесіне жəне кəсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.

Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек жəне бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды (Негізгі жəне жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, 2016). Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады жəне жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық жəне нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады. Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пəндер мен тапсырмалар түрлеріне қатысты ерекшеленуі мүмкін. Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, əр кезеңнің балдары жəне балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар. Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі. Ашық типті тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың үш аспектісі сипатталады: таңдалған орындау тəсілі; орындалатын аралық əрекеттер; алынған жауап. Бұдан əрі тапсырмаларды орындаудың əр кезеңінің балдары көрсетіледі. Барлық альтернативті жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс, мұндай жағдайда олар «/» қисық сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады. Балл қою кезінде жауабы үшін екі жəне/немесе одан көп жауап көрсетілген жағдайда, олардың арасына «,» жəне/немесе «жəне» шылауын қойған дұрыс. Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек? «Қосымша ақпарат» бағанында мұғалімге көмек ретінде төмендегілер нақтыланған:

  • балл нақты не үшін қойылады;

  • жұмысты тексеру кезінде қандай жауап нұсқалары есепке алынуы мүмкін;

  • оқушы жауабында қандай шектеулер болуы мүмкін;

  • оқушының орындаған жұмысын модерациялау кезінде қандай шешімдер қабылданады;

  • жұмысты тексеру кезінде пайдалы болатын кез келген басқа ақпарат.

Балл қою кестесінде берілген қосымша ақпарат төмендегілерді қамтиды:

  • бірнеше балл алуға болатын тапсырмалар. Қандай жағдайда нақты ұсыныстар беріледі, əр балл не үшін қойылады;

  • оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар;

  • есептеуге болмайтын жауаптар;

  • дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық шешімнің альтернативті тəсілдері;

  • қателерді ауыстыру.

Ашық және жабық түрдегі тапсырмалардың жаңа форматы сабақта оқушылардың жас ерекшелігіне, оқу мақсаттарына қарай қарапайымнан күрделілігіне қарай күрделендіріп қолдануға мүмкіндік береді. Критерийлерді үш ойлау дағдылары тобына бөлу (оқу материалын білу және түсіну; оқушылардың білік пен дағдыларды оқуда қолдануы; оқушылардың талдау, жинақтау дағдылары, өз білімдері мен тәжірибелері негізінде бағалауды өткізу) сыныпта оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін басқару, тиімді мониторингілеу, дифференциалды оқудың негіздемесі ретінде қызмет етеді. Мысалы, егер оқушылар жоғары деңгей дағдыларымен берілген тапсырмаларды 20%-дан төмен, ал қолдану дағдысындағы тапсырмаларды 80%-дан төмен орындаса мұғалім бұл жағдайға көңіл аударып, оның шығу жолдарын анықтауы қажет. Бөлім бойынша жиынтық бағалау кезінде барлық тапсырмалар дескрипторларға сәйкес (тапсырманы орындауы барысында қадамдарын сипаттау) немесе тоқсандық жиынтық бағалау кезінде балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі. Сонымен қатар, дескрипторлар немесе балл қою кестесі мұғалімнің әр оқушыға қатысты объективті шешім қабылдауына көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалау кезінде де әрі қарай жоспарлау, қателіктердің алдын алу, сындарлы кері байланыс беру үшін қолданылуы мүмкін. Пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлеріне бақылау тапсырмаларын, әдістерін, оқу жылындағы өткізілу кезеңдерін қамтып, жиынтық бағалауды жоспарлау ұсынылады. Бұл оқушылардың жүктемесін рационалды бөлуге және графикті анықтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

  5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.



6-дәріс

Тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу
Аннотация. Дәрісте тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу талданады.

Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
6-дәріс сабақтың жоспары

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты.

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат. Күтілетін нәтиже. Ойлау дағдыларының деңгейі. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.

  3. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері. Модерация және балл қою.


6-дәріс сабақтың тезисі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, оқушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Оқушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Оқушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген оқушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін оқушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта