Диктант. ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы оо бойынша педагогикалы ызметкерлерді біліктілігін арттыру институты диктант мтіндеріні жинаЫ
Скачать 303.15 Kb.
|
Модельдеу диктанты. Диктантты жүргізу әдістемесі: диктант төрт кезеңнен тұрады. Модульдеу диктантыәдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.
Модульдеудиктантының тіл дамытудағы, оқушылардыңсауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады; Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді; Үшіншіден, өздерін-өздері,бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады; Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді; Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды; Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктанта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады.Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпалетеді.Олоқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді.Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түріде шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді. «Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; Сөздік қорының баюына ықпал етеді; Пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды. [1] Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді. Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады. Бүгінге дейін біздің қолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады. Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері көптеген ұстаздарды қызықтырды, сондықтан терме, көру, ескерту диктанттарының орнына қазіргі кезде жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын көп жүргізіліп келеді. Бұл диктанттар айқайлау,сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады.Белсенді іс-әрекет болғандықтан оқушылардың қызығушылығы жоғары болады. Ысқыру диктанты (Whispering dictation) Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек. Мысалы:
Жүгіргіш диктанты (Running dictation) Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір- біріне кедергі жасамайтындай) іліп қояды.Шатастырмас үшін мәтіндерге А,Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады.Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.
Сүйеніпотырудиктанты (Back-to-back dictation) Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі.Мәтінде не бас әріп, не тыныс белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп отырады. Алдымен оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі. Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктанты жазады.Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Өмір тәжірбиесінде дәстүрлі диктанттың өздік, шығармашылық, бақылау түрімен қатар, қазіргі өлшемдегі диктанттарды да қолданып отырған өте тиімді. Дәстүрлі диктант оқушылардың жазылым дағдысын дамытса, ал қазіргі өлшемдегі диктанттар оқушылардың оқылым дағдысын дамытады Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар. Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі – түсіндірмелі диктанттар. Бұл диктанттар дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат есімнің,сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің, шылау сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі. Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді: 1. Есту диктанты. 2. Көру диктанты. 1.Есту диктанты Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі:мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады. 2. Көру диктанты Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.Диктант мәтіндері үзіліс кезіндетақтаға немесе алдын-алааумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс.Оны оқушылардың 2-3 ретоқып шығуына, естерінде сақтауына1-2 минут уақыт беріледі.Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады. Өздік диктанты Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, қанатты сөздер жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады. Шығармашылық диктант Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді. Сөздік диктанты Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде. Терме диктанты Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Ескерту диктанты Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет. Графикалық диктант Мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады. Конкурстық диктант Бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді.Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта түседі Бақылау диктанты Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Диктант үшін V сыныпта 90 -100 сөзден, VІ сыныпта 100-110 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі: а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды; ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді; б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.Оқушылар диктантты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап отыру керек. Ескерту. Диктанттардың қай түрін жазғанда да оқушылар көркем жазу мен грамматикалық талдауға жаттыққандық, төселгендік көрсетуі керек. Бұл – шәкірттер білімін бағалаудағы бірінші шарт. Сондықтан көркем жазу – сабақтың көркі де, грамматикалық талдау – сабақты барлық жағынан жандандыратын күш. Үйрету диктанттарының маңызы Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады. Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді. |