Диктант. ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы оо бойынша педагогикалы ызметкерлерді біліктілігін арттыру институты диктант мтіндеріні жинаЫ
Скачать 303.15 Kb.
|
Күзгі салым Құнанбай Жидебайда отырған көп ауылдарға күзге салым соңында шұбыра ерген жүз қаралы нөкері бар, адуан айбары күндік жерден шашырап, күміс ер-тұрманы омырауына дейін төгіліп жарқ-жұрқ еткен ақ боз арғымақпен оралды. Басында алтын шілтерлі бекзадалар киетін шошақ төбелі ақ шұға қалпақ, үстіне нақ осындай түстес оюмен айқыш-ұйқыш етіп зерленген ақ түбіт шекпен, мойнына соның бәрінің сыртынан салбырата асырып дөңгелек күміс ақ табақша тағынып алыпты.Бұлар Қарқаралыдан сап түзеп шыққанда жаңа сайланған аға сұлтанға «қайырлы болсын» айтып тұс-тұстан ағылып кеп қосылып, тағы да ел шетінен еріксіз қиястап, көп қонақтап «құрмалдық, тасаттық» беріп жүріп алысқан саны мол қошеметшілер еді. Әлгі екі арада бауырдағы мал тұяғы шиырлай қоймаған тырбақ жоңышқалы,бетегелі көк жазыққа қатар-қатар бірнеше ақ шаңқан үйлер әп-сәтте тігіліп үлгеріпті. Алыстан қарағанда көкжиек бойы көмкерген жаңа бір орда, қауым қалашығы орнай қалған іспетті. Келген қонақтар топ-тобымен бөлініп, сыртта көп кідірмей, қаншасы болсын солардың ішіне лезде сүңгіп, жұтылып кетіп жатыр. Әр үйдің алдында иіріп әкеп, бата тілетіп сойылып жатқан малдан төңірек қан сасып кетті. (167сөз) 10 - СЫНЫП Көне Отырар Көне Отырар–екі мың жыл өмір сүрген,Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып,отырықшылықпен танысып,басқахалықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Бидай өсіру жақсы суландырылды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған,сондықтан,өзіне басқалардың назары көп түскен. Оны жаулап алу-Таразбен,Баласағұнмен,Қытаймен, Кавказбен,Волга өзені және Қара теңіз жағалауымен,Бетпақ дала арқылы Сібірмен жалғастырар еді. Отырар туралы араб, парсы саяхатшыларының жазбаларында көп айтылады. ХІ ғасырдың ортасында Сырдария бойындағы жерлерді қыпшақ тайпалары жеңіп алған. Қыпшақтар қаланы кеңейтіп,су жүйесін жөндейді. Мықты қорғанысы бар Отырар 1229 жылы монғол басқыншыларына берілмей қаланы алты ай қорғаған кезде қолды басқарған батыр –хан Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты ай мерзімнен кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған,қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді. Бірақ ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды. ( 172 сөз) Ұрпақ – өмір жалғасы Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы – сұлулық пен арпалысқа,қым-қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың,халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала-құлалық болғанымен,бәріне ортақ бір түпқазықертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені, перзент – жеке адамның ғана емес,ұлыс пен ұлттың ертеңі,келер тарихқа барар аманат. Бұл – табиғат-ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ– саналы өмірдің ең басты кепілдігі. Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай боларығасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген,не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты,әрбір ру мен аталықтың,әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі –ұл тілеген. Ұл– берісі өз үйінің отын өшірмесе,әрісі елге қамқор,жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала-ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы,қала берді,қарт ата-ананың сүйеніші. Дүниеге қыздың келуі–отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата-анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп,жүріс-тұрыс, іс-қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді,қызға қамқор болады. (173 сөз) Ұлпан Есенейдің бүгінгі көрген бойжеткен қызы сол- Ұлпан. Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен еді. Енді, міне, батылдығымен, бала кезіндегі еркелігімен, мақпал қара меңімен көз алдында тұрды да қалды. Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау. Зерделі зейінді боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойған.Ұтқызбай кетті ғой!... Әлдекім әлдеқашан айттырып, құда түсіп қойған болар-ау! Оған сөз жоқ қой. Ит-ай, не деген маңдайы жарылып туған ит еді. Қазақ бесігінде жатқан баланы да айттыра береді. Кедейленіп қалған батыр әлдеқашан қалың малын алып, жеп те қойған болар. Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой. Мінезі шешесіне тартса, ақжарқын, ашық, ақкөңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Өзіне сәукеле қалай жарасар еді! Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жастай кіші Ұлпанға ғашық болады. Есеней Ұлпанды айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтқарады. Елін ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алады. (175сөз) Қысқы түн Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы – қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр. Ысқырып,бұлқынып,жынданып, келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршақтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр. Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйытқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр. Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай,бас жағы бұлтқа араласып,мұнарланып,түнеріп тұр. Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай: аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ.Айнала аппақ болып тұтасып алған. Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді. (177 сөз) Падишах қайтыс болғанда берерсіз Жүрегі жұмсақ, ақ көңілді бір уәзір қайыр яки көмек сұрап алдына келген әр адамға мемлекет қазынасынан қарызға ақша беретін. Қарызды қашан қайтару керек деп сұрағандарға «Падишах қайтыс болғанда берерсің» дейді екен. Осы жағдайды көрген біреу Падишахтың алдына барып, «Падишахым, сіздің уәзіріңіз мемлекет қазынасынан ақша алып, қайыршыларға таратып жүр. Қарызды қашан қайтарамыз дегендерге сіз дүниеден өткенде деп айтады. Оның ниеті жаман, сіздің өліміңізді тілеп жүрген көрінеді. Сіз өмірден өте салысымен бар қарыздарды өзі жинап алмақшы» деп шағымданады. Менің сенімді уәзірім мұндай алаяқтық істей қоймас, деп оның айтқандарына падишах сене қоймайды. Істің анық-қанығына көз жеткізбек болып, уәзірін шақыртып сұрайды. Уәзір падишахқа былай жауап берген екен: - Падишахым, айтылғандар өтірік емес. Мен расында да, қазынадан ақша алып, қатты қиналғандарға қарызға беріп жүрмін. Қарызды қашан қайтарайын дегендерге сіздің өліміңізден кейін деймін. Бұл сізге өлім тілегендік емес, керісінше, ұзақ өмір сүруіңізді қалағаным. Білесіз ғой, қарыз алған адам қарызды кері қайтару уақытының еш келмеуін қалайды. Олар үнемі сіздің өлмеуіңізді тілеп, ұзақ ғұмыр қалап жүрсін дегенім. Қиналып жүргендердің тілектері қабыл болатынын білесіз ғой. Мақсатым - өміріңіздің ұзақ, денсаулығыңыздың жақсы болуы ғана. (179 сөз) Қазақ халқының салт дәстүрлері Салт- дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптары отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіруі, қыз ұзатуы жатады. Қауымдық ғұрыптарға наурыз тойы,құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Шашу– бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні – жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.Сүйінші – қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі.Көрімдік – қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде алатын сый-кәдесі.Отбасылық салт-дәстүрлерге: шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену жатады. Шілдехана – сәби туғанша жасалатын той.Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Тұсау кесуге негізінен үлкендер жиналады.Беташар – домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады.Құрбан айт. Ораза бітісімен 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Құрбан айтта адамдар құран оқып, дәм татысады. (181 сөз) Өн бойы тола өлең-жыр Біз оның бала кезінен қанша бейхабар болсақ, балаң ақын кезінен де сонша керқұлақпыз. Ол бізге алғашқы беттерін алыс жылдардың құтырынған құйындары жыртып, ортасынан ауа кеткен көне кітаптай көрінуші еді. Дәлдеңкірей түссек, ол әлі парақтары сарғыш тартқан жалба-жұлба кітаптың өзінен гөрі, соған жазылған ескі қиссаның тоқпақтай тұлдыр, тобадай жалғыз кейіпкері ежелгі ерлерге көбірек келіңкірейтін еді. Тау тұйғында оқта-текте бір есетін кезбе желдей үзік-үзік, келте мәліметтердің айтуынша, бабаларының арасында батыр көп болыпты. Ал өзі әке батасын аттап,жағын сатып күн көрген жалба тонды ақындықты қалады. Аталары ақбас Алатаудың көк майса сай –салаларынан өрбісе, өзі тұлдыр даладағы Жамбыл тауының етегінде жерге түсіпті. Анасы оған Қоқан ханы Құдиярдың құрығынан қашып жүрген ұлы сүргін тұсында тосыннан толғатыпты. Сөз реті қаза кетпесін, Құдияр оның бабаларына көрсеткен қоқан-лоққысын менің бабаларыма да жасапты. (Кер тағдырлы ата-баба сүрлеуі талай-талай ойқастап, көнтерілі уақыттың қай-қай белеңінен тоғысады десеңізші!) Қайталап айтайық, кейуана қарияның сақал-мұрт басқан салғырт жүзіне қарай отырып, тал бесікте уілдеп жатқан жас иіс сәбидің бейнесін көзге елестету қандай қиын болса, дүлдүл ақынның кезі, балауса шағы шамамен мынадай болған шығар деп бал ашу да сондай қиын. Бар білетініміз: ел Екей ақындық жағынан ерекше салымды бопты. (183 сөз) Атам айтқан әңгіме Бұрынырақта мүлдем сауатсыз ел болыпты.Ел сауатсыз болуы себепті айналасындағылардан көп қорлық көрсе де, ешкім өз баласынбасқа елге оқуға жіберуді қаламайды екен.Бір ана ар-намысқа шыдамай өзінің жалғыз ұлын оқуға жіберуді қалайды. Баласы ынжықтау екен, кеткісі келмейді. Анасы кетуге мәжбүр етеді. Содан баласы: «Сен мені жек көріп, ауылдан қуып жатырсың» деп анасына өкпелеп, артына бұрылмастан кетеді. Анасы жіберерін жіберсе де көзі қимай, бір биікке шығып, баласы көзден ғайып болғаншасоңынан қарап тұрып қалады. Баласы сол кеткеннен ұзақ жылдар бойы оқып, білімпаз болып еліне қайтады. Ол ел шетіне жақындап, ауылда нендей өзгеріс бар екен, соны аңдайын деп төңірегіне көз тіксе, бір төмпешік құм үстінде тік тұрған адам сүлбесін көреді. Ол қайран қалады: себебі өзі кеткенде мұндай көрініс жоқ болатын, қасына жақындап барып қараса – өз анасы. «Апа!» деп құшағын жая ұмтылады. Ол құшақтай бергенде ана құлайды. Аң-таң болып қараса, анасы әлдеқашан жан тәсілім етіп, үлбіреген кеудесі ғана тұр екен.Бұл ауыл адамдарын жиып,мән-жайды сұрастырса, анасы оны оқуға жіберіп тұрып, соңынан қарау үшін сол төбеге шыққаннан қайтып түспеген екен.... – Өз анаң жұдырығын құлаштап сілтесе де, қатты ұрмайды,-дейді әкем. «Арыстан алған бағытынан, ер ниетінен шегінбеуі керек» деп өсиет айтатын еді Көше биі. (184 сөз) Талшыбық Айжанның үйі ауылдың шетінде орналасқан, үйлерінің айналасында қалың тал бар. Қыста қатты боран соққанда осы талдар үйге әжептеуір пана болады. Бұл талдарды кезінде Айжанның атасыөз қолымен отырғызған көрінеді.Осы ағаштардың ішінде әдемі бір қайың болушы еді.Айжан оны атасының көзіндей ерекше жақсы көретін. Өткен жылы қыс қатты болды. Ақпанның аязды күндерінің бірінде қайың суыққа шыдай алмай, қарс айрылыпты. Мұны көрген Айжан қатты қапаланды, тіпті жылап та алды. Жылайтындайы да бар, өйткені бүкіл балалық шағын осы қайыңның саясында өткізген еді ғой. Неге басқа ағаштар сияқты суыққа шыдай алмайды екен. Енді не істеу керек? Оны ойланып-толғанып, Айжан көктем шыққан соң тура сол қайыңның орнына басқа тал шыбық отырғызуға бекінді. Көп ұзамай көктем шықты. Қырат, белдеулерде дала тіршілігі жандана бастады. Міне, осы кезде Айжан өзінің ойлаған ісін орындауға кірісті. Алдымен ол ауыл сыртындағы баққа барып, бір шыбығын топырағымен қазып әкелді. Содан соң кішкене шұңқыр қазып, қайың шыбығын соған қондырды. Күн сайын су құйып, түбін қопарыстырып босатты. Күн де жас шыбыққа сәулесін аямай төкті. Ерекше күтілген жас шыбық өсе бастады. Мұны көрген Айжан бейне бір атасының өсиетін орындағандай күйде еді. Ол өзін бір түрлі есейіп кеткендей сезінді. (184 сөз) Жүрегім бір қалыпты Ислам ғұламасы –имам Әбу Ағзам өз заманының белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен айналысыпты. Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп кеп: - Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемеңіз батты, -депті. Имам Ағзам біраз кідірістен кейін: - Аллаһқа шүкірлер болсын!, -деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп: - Уа, имам, біз жаңылған екенбіз, батқан кеме сіздікі емес екен, -деп хабар беріпті. Имам Ағзам болса бұл хабарды естіген кезде де, «Аллаһқа шүкірлер болсын! -деп қана қойыпты. Хабаршы аң таң болып: - Уа, имам, кемеңіз суға батты деп хабар әкелгенде «шүкірлік» дедіңіз, батқан кеме сіздікі емес дедік, оған да «шүкірлік» дедіңіз – мұның мәнісін түсіндіріп беріңізші, -депті. Сонда Имам Ағзам былай деген екен: Сен «кемең суға батты», -деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Жүрегім бір қалыпты соғып, ешқандай налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Аллаһқа шүкір айттым. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де жүрегім бір қалыпты соғып, алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан Иеме шүкірлік айттым. (186 сөз) Нағыз сүйіспеншілік Бір күні көпті көрген көреген кісіден: - Жақсы көремін деген құрғақ сөз бен шын мәнісінде, жақсы көрудің арасында қандай айырмашылық бар? – деп сұрағанда, ол екеуінің арасын былай ажыратып берген екен: Алдымен жақсы көремін деген сөзді тек құрғақ сөзбен шұбатып жүрген адамдарға арнайы дастархан жайдырады да орындарына жайғастырады. Сосын олардың алдыларына бір-бір кесе табақпен сорпа алдырып, қолдарына ұзындығы бір метр қасық ұстатады. Оларға бір шарт қояды: «Осы қасықтармен алдыларыңдағы тамақты жейсіңдер». Жарайды дейді де ішуге кірісіп кетеді. Бірақ қасық ұзын болғандықтан, іше алмай үстілеріне төгіп-шашып, қатты әбігерге түседі. Ақыры қолдарынан келмей, дастарханнан аш болып тұрады. Ал енді бір-бірлерін шын ниеттерімен жақсы көретіндерді дастархан басына шақырайық дейді. Олардың жүздерінен бір-біріне нұр төгіліп, қараған сайын көз тоймайтын адамдар болады. Оларға да «қане асқа қараңдар» делінгенде қасықты сорпаға батырып, қарсы алдындағы адамға ұсынады. Осылайша бір-бірлерінің қарындарын тойдырып, Аллаһқа шүкірлерін айтып жөндеріне кете барады. Міне осы кезде әлгі кісі: «Кімде-кім дастархан басына отырғанда тек өзі ғана отырғандай сезініп, өзін тойдыруды ойлайтын болса, ол адам аш қалады. Ал кімде-кім қасындағы бауырын ойлап, сол тойсын десе оны да бауыры тойдырады. Сонымен қатар нағыз базарда алушы емес, берген адам табысты болатынын ешқашан ұмытпаңдар», - деген екен. (188сөз) 11-СЫНЫП Қонақ күту Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі.Бұл дәстүр имандылықты айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Отбасы үшін жолаушыны күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық қалып. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақта «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қонақтарды «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «қылғыма қонақ» деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған. (191 сөз) Дүниеқоңыздықтың кесірі Емен аймағында тұратын жомарт бір адамның сана қаласына жақын маңда жүзім, құрма және тағы басқа да жемістер егетін бақшасы болыпты. ол кісі өнім жинайтын кезінде кедей-кепшіктерге, жанашыры жоқтарға, шамасы жоқ әлсіздерге зекет беру үшін, өнімнің басым бөлігін арнайы бөліп алып, таратып шығатын. Қартайып бойынан қуаты кетіп, дүниеден өткенде, балалары дүниеге салынып: - Жанұямызда аз адам емеспіз. Асып бара жатқан дүниеміз де жоқ. Бұдан былай кедейлерге ештеңе бермейміз. Олар келмей тұрып, өнімімізді жинап алайық!.. деп өзара келіседі. Аллаһ Тағала олардың жаман ниеттеріне қарай бақшаларының астаң-кестеңін шығарып, жермен-жексен етеді. Орасан жерді алып жатқан бақша адам танымастай халге келеді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғанын білмей абыржып: - Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды. Олар әкелерінің жомарттық танытып, мұқтаждардың көңілін аулап, кедейлердің қайырлы дұғасын алуы бақшасының өнімін одан сайын берекеттендіретінінен мақрұм еді. Ол жердегі бақша кедейлер мен жоқ-жітіктер бақшадан өз нәсіптерін алып жүретін-ді. Бірақ балалары әкелерінің таратқан зекеті орасан зор болып көрініп, оны бергілері келмейтін. Олар Аллаһтың бақша мен егіндікке берген берекетінің қайдан келетінінен мақрұм болатын. Өйткені ғапылдық пен дүниеге салынуы олардың жүректерін қарайтып көрсоқырлыққа итермеледі. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ғапылдардан болма». (191 сөз) |