Главная страница
Навигация по странице:

  • Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем

  • «тыңдаңдар»

  • 1.7 Қатемен жұмыс жүргізу

  • 5-СЫНЫП Аққулы көл

  • Мен бақытты көрсем деуші едім

  • Кішкентай денедегі үлкен рух

  • Атасы мен немересінің әңгімесі

  • 6-СЫНЫП

  • Мұстафа Шоқай Мұстафа Шоқай

  • Диктант. ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы оо бойынша педагогикалы ызметкерлерді біліктілігін арттыру институты диктант мтіндеріні жинаЫ


    Скачать 303.15 Kb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы оо бойынша педагогикалы ызметкерлерді біліктілігін арттыру институты диктант мтіндеріні жинаЫ
    АнкорДиктант
    Дата20.09.2022
    Размер303.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ.docx
    ТипДокументы
    #686475
    страница3 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    1.3 Диктантты жаздыру техникасы


    Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда«жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн. 
    Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі. 


    1.4 Диктант нормалары

    2-кесте

    Сыныбы

    Диктант саны

    Сөздер саны

    Орфограмма саны

    Тыныс белгілері

    5

    8

    90-100 сөз

    12

    2-3

    6

    6

    100-110 сөз

    16

    3-4

    7

    5

    110-120 сөз

    20

    4-5

    8

    5

    120-150 сөз

    24

    10

    9

    4

    150-170 сөз

    24

    15

    10

    4

    170-190 сөз

    26

    18

    11

    4

    190-200 сөз

    26

    18



    1.5 Бағалау нормалары
    3-кесте

    Баға

    Қателер саны

    «5»

    1/0 1/0 0/1

    «4»

    3/3 2/4 1/5

    «3»

    6/5 5/6 3/8

    «2»

    9/5 8/9


    Оқушы білімін бағалағанда ескерілетіні: Егер оқушы бір әріптің орнына екінші әріпті жазып қойса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталаса, оларды ауыстырып қолданса, олардың әрқайсысы бір-бір қатеге саналады. Бір сөзді бірнеше жерде қате жазса, ол бір қатеге есептеледі.Диктант мәтіні ұқыпсыз жазылса, түзетулері көп болса, каллиграфиялық талапқа сай болмаса, диктант бағасы төмендетіледі.

    Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жұмыстың соңында орфографиялық(емле қатесі), пунктуациялық( тыныс белгі қатесі) қате саны көрсетіледі. Шартты белгілерді оқушы «оқи» білуі керек:
    I - Емле қатесі белгіленеді.
    V - Тыныс белгісінен кеткен қате.
    Z - Абзац керек деген белгі.
    Z - Артық қойылған абзац.

    ┴ - Стильдік қате белгісі.
    ? - Күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.

    1.6 Диктанттағы қателерді талдау жүйесі
    Алдымен, дауыссыз әріптер мен әріптер тіркесінің емлесіне байланысты алынған бақылау диктантындағы қателер тақырып бойынша түр-түрге бөлінеді.(3-кесте) Диктантты талдағаннан кейін жіберілген қателерге байланысты кішігірім диктант жаздырылады, оның көлемі отыз-қырық шақты сөзден құралады. Сөйтіп, алғашқы жіберілген қателерді болдырмауға шаралар белгіленеді.

    1.7 Қатемен жұмыс жүргізу
    Бағдарламада қатемен жұмыс көрсетілмесе, тақырыптық қайталау сабақтарын пайдалануға болады. Қатемен жұмыс сабақтарын дұрыс ұйымдастыру болашақта қатені жібермеудің кепілі болып табылады.Оқушылармен қатемен жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылса, оқушы жіберген қате негізінде дұрыс қорытынды жасай білсе, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде сауатты пайдалана білсе, жазба жұмыстарында жіберген қателері азаяр еді.Қатемен жұмыс тек арнайы сабақта ғана емес күнделікті сабақта да орын алуы керек. Сауатты жазу үшін сөздерді бір-бірімен сауатты байланыстырып жаза білу керек. Оқушы ойының дәл,анық түсінікті болуы оның сөздік қорының молдығына да байланысты. Дыбыстардың айтылуы мен жазылуын дұрыс ажырата білу, сөзді дұрыс айту, екпінді дұрыс түсіру, мәнерлеп оқи білу,грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білу әр сабаққа қойылатын талаптар. Көрсетілген талаптарды жүзеге асыру үшін әр сабақ жоспарлы, мақсатты болуы керек. Сабақта мұғалім әрбір сөздің мағынасын дәл, дұрыс түсіндіруі керек.Жазба жұмыстарында жіберілген қателерге міндетті түрде талдау жасау мұғалімнің міндеті. Әр оқушыға жазба жұмыстары бойынша маниторинг жасалса, соның нәтижесінде жоспарлы түрде жұмыстар жасалса, оң нәтиже берері сөзсіз. Мысалы, төмендегі қарапайым сызба арқылы мұғалім салыстырмалы түрде оқушы білімін сараптай алады.(4-кесте)

    4-кесте


    Сынып

    Оқушының аты-жөні

    Жазба жұмысының түрі

    Жіберілген қателер

    Қателер саны

    7 «А»

    Куаныш Мансұр



    диктант

    -н,ң әріптерін ажырата алмау

    2

    -шылаудың жазылу ережесін білмеу

    2

    -тасымал

    1



    5-СЫНЫП
    Аққулы көл
    Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы көлдің жағасында тізеле қонып алты ауыл отыр.

    Жаздың алтын нұры ойнаған шуақ күні еді. Көкпенбек, мөлдір сулы Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кезі еді.

    Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы - айнадай жалтылдаған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шаңқиған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады.

    (90 сөз)
    Мұхтар Әуезов
    Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ халқының ұлы ойшылы. М.Әуезов – XX ғасырдағы ұлы жазушы, друматург, педагог. Мұхтардың атасы Әуез, әкесі Омархан Абаймен ауылдары қатар болған сыйлас адамдар. Ақын Абаймен қатар тіршілік кешкен Әуез қарт ақынды қатты сыйлаған. Бұл Мұхтардың бүкіл талантына әсер еткен еді. М.Әуезовтің сауаты Абай өлеңдерінің қолжазбасынан басталған. Оны Мұхтарға атасы Әуез үйреткен екен.

    Алғашқы шығармаларын Семейде оқып жүргенде жаза бастады.Ол қысқа, шағын әңгімелер, өлеңдер жазды. Оқуда өте ынталы, еңбекқор шәкірт болды.

    М.Әуезов шығармалары дүние жүзі халықтарына белгілі. Халқы оны мақтаныш етіп, мәңгі есіне сақтайды.

    (91 сөз)
    Ыбырай Алтынсарин
    Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі Ыбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсаринның қадір есімі кемеңгер Абаймен қатар аталады. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ыбырай Алтынсарин ат салысты. Ы. Алтынсаринның шығармалары алғаш рет 1879 жылыОрынбор қаласында «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды, басылды.

    (91 сөз)
    Мен бақытты көрсем деуші едім
    Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е, азаматтар, бақытты болыңдар, дейтін еді. Мен бақытты көргім келді.

    Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағындамын.

    Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

    Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім.

    ( 92 cөз)
    Кішкентай денедегі үлкен рух
    Өмірде көп нәрсеге үлкен және кіші деп қараймыз. Бірақ оның құндылығы үлкен мен кішілігінде емес:

    - кішкентай дененің ішінде көбіне үлкен рух болады;

    - кішкентай балықтар өте дәмді болады;

    - майда отын отты күшейтсе, үлкен отын сөндіреді;

    - әр майда нәрсе міндетті түрде бір іске жарайды;

    - үлкен заттар майда бөлшектерден құралады;

    - нөсер майда тамшылардан басталады;

    - кішкентай сабан желдің бағытын көрсетеді;

    - үлкен кеменің батуына кішкентай тесік себеп бола алады;

    - кішігірім әрекетпен бастама жасамай үлкен нәтижеге жету мүмкін емес;

    - кішкентай бір сөзден шыққан ғайбат үлкен сауаптарды жоқ қылады.

    (92 сөз)
    Бөгенбай батыр
    Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыры. 1709 жылы Бөгенбай батыр ерекше көзге түседі. Сұлтан Әбілқайыр тұсында Бөгенбай батыр қолбасы болып тағайындалды. Ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. 1723 жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды.

    Одан кейін он үш жылдай уақыт өтеді.Жоңғарлар тыныш жатқан қазан еліне тағы шабуыл жасайды.Олар Жетісу, Талас, Шу өңірлерін басып алады.Халықтан жасақ құрған Бөгенбай батыр қолдан түрлі қару-жарақ соқтырады.

    1728 жылы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Бұланты өзені бойында жауға қатты соққы беріледі. Бөгенбай батыр бастаған қазақтар жеңіске ие болады.

    Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Бөгенбай батыр 98 жасында қайтыс болады.

    (95 сөз)
    Оқымысты бала
    Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Айнала көкорай шалғын.

    Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті бәрін де жаттап алған. Әлкей – зерек бала.Бір айтылған әңгімені ұғып алады. Ертегіні жақсы көреді. Ұйып тыңдайды.

    Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Әлкейді де ертіп алды. Өзенннің арғы жағына өткенде Әлкей кейіндеп қалды. Жалғыз өзі судың жиегінде отыр. Оңаша отыр, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен болды.Қайталап оқып, ұмытқан жерін есіне түсірді. Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.

    (95 сөз)

    Атасы мен немересінің әңгімесі
    Бір күні данышпан қария өзінің кіші немересімен әңгілесіп отырды.

    -Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.

    - Жаман адамдар болмайды-деді көсем.

    Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?

    -Түсінемін,- деді, атасының сөзі жандүниесін дір еткізген бала.
    Бала кішкене ойланып қалды да атасынан:

    -Соңында қай қасқыр жеңеді- деп сұрады.

    Данышпан сәл жымиып:

    - Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді - деді.

    ( 96 сөз)
    Су - тіршілік көзі
    Жердің үштен екі бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адамның, өсімдіктердің жануарлардың денесінің белгілі бір бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.

    Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері өзгермейді. Су буға айналады. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге қайта жауады. Яғни, қайтадан суға айналады.Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен-күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су – тіршілік көзі.

    (96 сөз)
    Күзекте
    Бүгін де күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт болатын. Абай мен Әйгерімнің бұл кезде тіккен үйлері «қоңыр үй» деп аталады. Үй іші күзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған. Биік төсек, жүкаяқтар жоқ.Мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, тұскиіс, кілемдер бар. Төр жақта сырмақ үстіне салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр. Іргеден жел соқпастай етіп қымталап шымқанған жылы жайдың қонақ отыратын орындары да сыз өткізбес қалың. Маздап жанған қидың оты қызуын үлкен үйге кең жайып, даланың салқынын бұл кіргізбей тұр.

    (96 сөз)
    6-СЫНЫП
    Газет тарихынан
    «Егемен Қазақстан» — мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді жариялайды. Газет 1919 жылдың  желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

    Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден қазақ зиялыларының мықты шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар ӘуезовІлияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.

    «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда, Орынбор, Қызылорда,  Алматы, ал қазір – Астанада орналасқан.

    (101 сөз)
    Бай мен кедей
    Бай мен кедей ұғымы ұзын-қысқа, биік-аласа, жоғары-төмен, жуан-жіңішке деген теңеулерге теліне береді. Екеуі де бір аспанның астында ортақ ауамен тыныстап, бір жердің үстінде жүр. Бай да адам, кедей де адам. Өзімсіне ыңғайласақ, екеуі де қазақ. Бай – Асан, кедей – Үсен. Кедей «бәленше атам бай, түгенше атам батыр, анау нағашым би, мынау туысым шешен болған екен» деп ентігеді. Ал бай ол сияқты ата-тегін түгендемек түгіл, тілін де білмейді. Ұлықбек ақынша айтсақ, «тілін жұтқан тұнжыр!». Сөйте тұра, қарадан шықса да, бай!

    Жазғытұрым екеуі де судың ортасында тірлік кешеді. Бірінің суы – тұп-тұнық, екіншісінікі – лай-батпақ. Өйткені, бай тамаша табиғат аясындағы көл-теңіздің қақ ортасында немесе жағасында орналасқан виллада болады.

    (102 сөз)
    Мамандық таңдау
    ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 

    Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

    Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау -  ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.Қызықтырған мамандықтарыңның
    тізімін жаса. Ал егер "Алтын белгі" иегері болсаң, онда қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі жоғары. Себебі алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында байқауға түседі.

    (102 сөз)
    Мұстафа Шоқай
    Мұстафа Шоқай  көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып, Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

    Ақпан төңкерісіне дейін Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдарыТүркия арқылы алғашГерманияға, сонан Францияғабарып

    орнығады. «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

    (102 сөз)
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта