Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ІРІҢДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

  • Лимфаденит, аденофлегмона ауруы

  • Тiлме қабынуы (рожа).

  • Сыздауық, сыздауықтар және сом аурулары.

  • Жалған сыздауық (псевдофурункул)

  • Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы).

  • Қалың еттiң егуден кейiнгi шоғырланған iрiңдiгi (инъекциядан кейiнгi абсцесс).

  • Панарициялар

  • Қыз балалардың жыныс ағзаларындағы қабыну аурулары

  • 1 балалар хирургиясы кітап. Балалар хирургиясы


    Скачать 7.1 Mb.
    НазваниеБалалар хирургиясы
    Дата25.02.2022
    Размер7.1 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 балалар хирургиясы кітап.docx
    ТипДокументы
    #372906
    страница30 из 50
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

    Э, абс.саны. = Л х Э,%


    100%

    Л – лейкоциттер; Э – эозинофилдер.

    Қалыпты жағдайда уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші бала өмірінің 4 тәулігінде және ары қарай-0,6-1,2.

    Стафилококктық инфекцияда уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші (индексі) 1,0-ден аз (токсикозсыз ошақты инфекция кезінде – 0,42-ден төмен, токсикозбен ошақты инфекция кезінде -0,42-0,64; сепсис кезінде – 0,65-тен жоғары). Граммтеріс және стрептококктық инфекция кезіндегі уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші - 1,2-ден жоғары.

    Қабыну үрдісінің болуын және оның анық көрінуін С-реактивті белоктың болуынан анықтауға болады. Иммунологиялық жағдайды, иммунитет дәрежесін зерттеу, ауыр жағдайлы балаларда созылмалы және аурудың қайталамалы түрінде міндетті болып табылады. Зақымдану ошағының бөлінділерін тек микробиологиялық зерттеулермен қатар, организмнің жалпы биоценозын да бағалау керек. Осындай сырқатты балаларда, 3 жасқа дейінгі балаларда, анамнезінде антибиотиктерді бірнеше рет қабылдағаны белгілі болса, ұзақ және жиі ауыратын балаларды тексеру кезінде біріншілік және екіншілік ошақтарының флорасы бір бірімен сәйкес келмеуі екенін есте ұстау керек. Басты қоздырғыштардың көрінуіне міндетті түрде организмнің биоценозын, перифериялық қан реакциясын, қандағы арнайы (спецификалық) антиденелердің титрін анықтау керек.

    Ауыр науқастарда көпағзалық (полиоргандық) жетіспеушілік синдромы кезінде, міндетті түрде қанның, зәрдің биохимиялық құрамын және электрофизиологиялық әдістерді қолдану қажет.

    ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ІРІҢДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
    Нәрестелердiң некрозды флегмонасы

    Некрозды флегмона - терi астындағы майдың некроз түрiндегi шiрiген қабынуы. Ол көбiнесе құйымшақ тұсында, арқада, мойында жиi кездеседi. Ауру баланың терiсiнiң кiшкене iсiнiп, қызғылт түстес (бiрақ шекарасы айқын емес) түске боялып көрiнуiмен басталады. Алғашында кiшкене инфильтрат, бара-бара (5-6 сағаттың iшiнде) екi-үш есе ұлғаяды. Терiнiң түсi оның ортасында қою қызыл болғанымен, шет жағында қатты iсiнiп, бiлiнбейдi. Терiнi саусақпен басып қысып-жиыруға мүмкiндiк сақталады. Бала мазасызданып, қызуы көтерiліп, емшек емуден бас тартады. Қанда анемия үрдісi байқалады.

    Емдеу, тек ауруханаға жатқызылып жүргiзiлуi тиiс. Аурудың алғашқы фазасында - жылдамдатып операция жасалуы керек. Ол үшiн 1/4% новокаин дәрiсiмен қабынған ауданның шетiнен, қатты инфильтрат жасамай, терiні жансыздандырады (А.В.Вишневскийдiң қысқа блокада тәсiлi). Негізі операцияны жалпы наркоз қолданып жүргізген жөн.

    Егер қабыну ауданы тым үлкен болса, жалпы наркоз берiлуi керек. Қабынған ауданның терiсiне шахмат клеткасы сияқты тiлу жарасы салынады. Жараның ұзындығы 1,5-2,0 см, тереңдiгi терi қабаттарын түгелдей қамтиды, бiр-бiрiнен ара қашықтығы 1,5-2,0 см аралығында болады. Тiлу жарасы, қабынған ауданнан ары сау терiні де қамтуы керек. Жараларды кеңейтiп, оған резинадан дренаж қоюдың қажетi жоқ, ол терi некрозын одан әрi үдетуi мүмкiн. Жараға гипертониялық сұйықтар қойылып (10% натрий хлоридi, 25% күкiрт қышқыл магнезия) 6-8 сағатқа байланады. 6-8 сағаттан кейiн жараны қайта ашып, үрдіс барысын (жайылып бара ма жоқ па) анықтайды. Қажет болса терiнi тағы тiледi де, гипертониялық ерiтiндiлер қойып, қайта байлайды. Алғашқы күндерi жараны 3-4 рет қайта таңу қажет. Тiлу операциясынан кейiн балаға қан, плазма құйылады, антибиотиктер егiледi, витаминдер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер берiледi. Магистральдық веналарға түтiкшелер қойылып, қанға уыттануға (интоксикацияға) қарсы сұйықтар енгiзiлiп, қарқынды түрде ем жүргiзiледi. Баланың емшек емуге шамасы келмесе, 3-4 күн зондпен тамақтандырады. Қанға ақуызды заттарды, глюкоза ерiтiндiсiн құяды. Гамма-глобулиндер, стафилококке қарсы анатоксиндер пайдаланылады. Жараға, таңу кезiнде 2-ші күннен бастап УФО және ванна (бұлау) жасалынады. Жарадағы экссудация үрдісi тоқтаған кезде оны анилин бояуларымен немесе марганцовкамен бояп тастайды.

    Егер науқас терiсiнде некроз болғаннан кейiн ауруханаға жеткізілсе, жараны некроздан тазалап, плацентамен немесе өзiнен бөлiнiп алынған терiмен жамайды.

    Омфалит

    Омфалит ауруы -кiндiк жарасының iрiңдеуi.Нәрестелерде жиi кездеседi. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасы суланып, одан қан араласқан сарысу шығады. Жара қызарып, фибрин тәрiздес (пленкамен) қабыршықпен жабылады. Айналасындағы терiсi өзгермейдi, кiндiктен шығатын қан тамырлары iсiнбейдi. Баланың жалпы жағдайында да өзгерiс байқалмайды.

    Кiндiк жараның шел түрiнде (флегмонозды) қабыну байқалып, жарадан қою iрiң шығады, оның айналасындағы терiсi бiлеуленiп, қан тамырларының тұсы iсiнедi. Қан тамырларының осы тұсын басқанда, қан аралас iрiң шығады. Баланың жалпы жағдайы өзгередi: қызуы көтерiледi, емшек емуi нашарлайды.

    Егер кiндiк жара iрiп-шiрiген некрозды iрiңдiкке шалдықса, жара қарақошқыл түстенедi, оның айналасы қатты iсiнiп, қан та-мырлары адырайып кетедi. Кiндiктен жоғары кететiн қан тамырла-рының тұсы қызыл түстенедi, кiндiктен қатты iрiң шығады. Қанның талдамасында лейкоцитоз, анемия байқалады, СОЭ жоғарылайды.

    Емдеу. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасын 3% сутегi тотығымен, марганцовка ерiтiндiсiмен жараны тазалап жуып, сульфаниламидтiң ұнтағын себедi. Немесе кiндiк жарасын спирт араласқан бриллиант жасылымен, немесе метилен көгiмен жуып тазалап, кебiңкi мата салып байлайды.

    Шел түрiнде қабынған омфалитті емдеудi антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер, витаминдер беруімен, гаммаглобулиндер егуден бастау қажет. Жараның айналасына 1/4% новокаинға антибиотик араластырып блокада жасайды - антибиотиктiң көлемi баланың бiр күнгi алатын дозасының көлемiне сәйкестенедi.

    Егер кiндiктен кететiн қан тамырларында iрiң болса, оның тұсы тiлiнiп ашылып, антисептиктермен жуылып тазартылады. Ал кiндiк жарасына фурациллин, гипертониялық ерiтiндiлермен мата қойылып таңылады. Жарадан iрiң азайса, УВЧ жасалып, Вишневский майы таңылады.

    Некрозды түрде пайда болған омфалитте, жоғарыда айтылған-дай антибиотиктермен кiндiктi айналдыра блокада жасалады, содан соң терiнi терең бойлай, бiрнеше жерден тiлiп жара салады. Тiлу, құрсақ қуысының сыртқы терiсiнiң қабынбаған қабатына дейiн жасалынады. Қанға көп көлемде қарқынды түрде түрде улануға қарсы ерiтiндi дәрiлер құйылады. Некрозды түрде қабынған омфалит дер мезгiлiнде емделiнбесе перитонитке әкелiп соғады.

    Лимфаденит, аденофлегмона ауруы

    Лимфаденит, аденофлегмона ауруы - бездiң және бездiң маңындағы тіннің қабынатын аурулары.Лимфаденит - ол лимфа бездерiнiң қабынуы, ал аденофлегмона - бездiң iрiңдеп қабынуының без деңгейiнен шығып кеткендегі үрдісті айтады. Ауру, бездердiң iсiнiп, науқас адамның жалпы жағдайының нашарлап, әлсiзденiп, дене қызуының 39-40 С дейiн көтерiлiп, қан тамырлары жиi соғып, тамаққа тәбетi нашарлап, басы ауырып, ұйқысы қашуымен байқалады. Сырқаттанған балалардың 1/3-де дене қызуы көтерiл-меуi де мүмкiн. Бездердiң қабынған ауданында алғашында терiнiң түсi өзгермейдi, кейiннен ол бiлеуленiп iсiнiп, қызара бастайды, қолмен ұстағанда қызуы бiлiнедi, ауырсыну сезiмi қаттырақ қозады.

    Бездiң көлемi үлкейiп, iрiң оның шеңберiнен аса шықса, үрдістің аденофлегмонаға ауысқаны. Ол кезде қызарумен қатар флюктуацияны да айқындауға болады.

    Лимфадениттiң диагнозын қоюға қандағы лейкоцитоз, солға қарай жылжыған лейкоформула, көбейген эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы көмегiн тигiзедi.

    Алғашқы инфильтратты стадиясында консервативтiк тәсiлдер-мен емдеу жүргiзiледi. Ол үшiн жылу процедуралары, антибиотик араластырылған 1/4% новокаинмен блокада жасау, УВЧ, УФО қолданылады.

    Егер айтылған емдеу өз көмегiн бермесе, бездiң үстi кесiлiп, iшiндегi iрiң шығарылады. Iрiң шыққан соң жараға резинадан дренаж қойылып, гипертониялық ерiтiндiлермен таңылады. Ертеңiнде УВЧ, УФО тәсiлдерi қайта жасалынады. Iрiң азайғанда майлы дәрiлермен таңуға көшуге болады.

    Тiлме қабынуы (рожа).

    Терiнiң тiлме түрiнде қабынуы сирек байқалатын аурулардың қатарына жатады. Қабынуды стрептококк микробы қоздырады. Терiнiң барлық қабаты қан аралас сарысумен жалқақтанады. Өте жұқпалы ауру болғандықтан басқа аурулардан жеке жатуын қамтамасыз ету қажет.

    Аурудың клиникасы: эритематоздық стадиясында - терiнiң қызарып iсiнуiмен, буллездiк стадиясында - торсықтанып су жиналуымен, шел түрiнде iрiп-шiруiмен басталады. Тiлме ауруын бұлай үш түрге бөлу - шартты түрде келiсiлген ұғым. Бұл үрдістердi бiрiнен кейiн бiрi пайда болатын фазалы саты деп түсiну қажет. Ауру өте жылдам дамиды. Шат арасы, бетi, бас терiсi және аяқ-қол терiлерi ауданында жиi кездеседi. Нәресте балаларда кiндiк жарасының маңында, көтенiшек айналасында байқалады.

    Тiлме кенеттен басталып, баланың ыстығы өте жоғары деңгейге көтерiлiп, лоқсу, құсу, бас ауру белгiлерiмен бiлiнедi. Эритематозды түрiнде қабынған терi ауданы қатты шоғырланып қызарады. Ол кейде географиялық карта секiлденiп көрiнедi. қабынған аудан қатты қызынып, ауру сезiмi күшейедi.

    Аурудың буллездiк түрiнде терiнiң шоғырланып қызарған ауданында iшiнде жалқақ жиналған торсықшалар пайда болады. Олар өздiгiнен жарылады, егер торсылдақшалар өздiгiнен жарыла қоймаса, терiнiң қабынған ауданы, терiнi некрозға шалдықтырады. Терi бiрнеше күннiң iшiнде шiрiп, орнында жара пайда болады.

    Емдеу консервативтiк тәсiлдермен басталады. Уыттануды азайту үшiн уыттануға қарсы қолданылатын ерiтiндiлердi қанға құяды, антибиотиктер де көптеп енгiзiледi. Бұл ретте жоғары дозадағы пенициллиннiң көмегi өте зор. Қабынған аудан кварц сәулесiмен қыздырылады, эритематоздық түрiнде - құрғақ, буллездiк түрiнде - антибиотикті майларымен таңылады. Шелденiп немесе шiрiген кезде тіні тездетiп кесiлiп алынып, жараны хирургиялық жалпы заңдалыққа сәйкестендiрiп емдейдi.

    Мастит

    Мастит - нәрестенiң емшек безiнiң қабынуы. Нәрестенiң емшек безi туғанынан 8-10 күннiң iшiнде үлкейiп кетедi. Бұл физиологиялық қалыпты үрдіс. Емшек безiнiң осылайша үлкейiп iсiнуiне емген кезiнде анасының сүтiмен бiрге берiлетiн әйелдердiң эстерогендiк гормондары әсер етедi деп есептелiнедi. Iсiнiп тұрған емшек безiн сығуға болмайды, ол өздiгiнен кiшiрейiп 28-30 күнде өзiнiң қалыпты деңгейiне келедi. Сыққан жағдайда одан сүт секiлдi секрет шығады, емшек арналары арқылы емшек безiне микробтар түсiп қабынады.

    Аурудың клиникасы - баланың дене қызуының жоғарылауымен, емшек емуден тартынуымен, емшек тұсының қызарып iсiнуiмен, кейде қызарған ауданда флюктуацияның пайда болуымен байқалады.

    Қан талдамасында лейкоцитоздың көбейiп, формуланың солға қарай ауысқаны көрiнедi, ЭТЖ жоғарылайды.

    Емдеу емшек тұсындағы жараға негiзделген. Егер инфильтрат үлкен болса, онда iрiңдiктi жару үшiн жалпы наркоз пайдаланылады, ал инфильтрат шамалы болған жағдайда антибиотик араластырылған 1/4% новокаин дәрiсiмен жансыздандырылып барып жарылады. Тiлу жарасы емшек тұсындағы пигменттi ауданнан (розеоладан) шеткері жасалынады, емшек безiнiң бөлiкшелерiнiң орналасуын еске алып, инфильтрат радиальды түрде бiрнеше жерден тiлiнедi. Әр жараның үлкендiгi 1,5-2,0 см аспайды. Iрiңдi микробтық құрамы анықталу үшін, көректік ортаға алғаннан соң, 3% сутегi тотығымен жуып, жараға резинадан дренаж қойып, гипертониялық ерiтiндiмен байлап тастайды. Ертеңiне резина дренажды алып тастап, антисептиктермен таңуды жалғастырады. УВЧ, электрофорезбен антибиотик енгiзу қажет болғанда iске асырылады.

    Сыздауық, сыздауықтар және сом аурулары.

    Сыздауық ауруы көбiне жеке гигиена сақталмаған жағдайда бiлiнедi. Оның пайда болуына шаш, немесе түк түбiрiнiң iрiңдеп қабынуы әсер етедi. Сыздауықтар қант ауруының әсерiнен де өрбуi мүмкiн. Карбункул (сом) ауруы бiрнеше сыздауықтың бiр жерде қосылуынан пайда болады.

    Сыздауық мойында, желкеде, бетте, майқұйрықта жиi кездеседi. Алғашында шашы бар терiде, ұшында қара дағы бар кiшкене қышыма бөртпе пайда болады. Бөртпенiң формасы қалқан тәрiздi өсiп, айналасы қызарады. Осы конустың ортасында жан-жағына қатты жабысып қалған некроздан соқта пайда болып, сыздауықтың тұсы солқылдап ауырады. Баланың қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азайып, мазасыздана бастайды.

    Сом пайда болған кезде баланың жағдайы қатты ауырлап, оның өмiрiне үлкен қауіп тууы мүмкiн. Ағзаның уыттануына сәйкес келетiн белгiлер байқалады.

    Сыздауықтың айналасындағы терiсiн спиртпен жуып, тазалайды да, оның өзiне спиртке ерiтiлген анилиндi бояулар жағады (бриллиант жасылын, метилен көгiн). Субэритемалық дозада УФО (кварц)-мен күйдiредi. Алғашқы күндерi антибиотик-терге новокаин қосып блокада жасайды (антибиотиктердiң тәулiктiк дозасы 1/4 новокаин). Блокада кезiнде сыздауықтың ұшындағы қара дақ немесе соқтасы скальпельмен алынып тасталады.

    Егер сыздауық асқынып абсцеске айналса, оны тілiп жарып, гипертониялық ерiтiндiмен байланады (25% күкiрт қышқылды маг-незия, 10% ас тұзы ерiтiндiсi). Жара iрiңнен тазаланғаннан кейiн май жағылып таңылады. Егер сыздауық жаңа басталып келе жатса, оған жабысқақ лентаны пайдаланып, құрғақ байлау жасалады.

    Сыздауық бетте пайда болған жағдайда бала бiрден ауруханаға жатқызылуы тиiс. Мұндай кезде сыздауықтың өзiн ғана емес, бүкiл организмдi емдеуге қам жасалады. Ол үшiн антибиотиктер егiлiп көк тамырларға сұйықтар жiбiрiледi, қоздырғыш дәрiлер берiледi. Баланың дем алу режимi реттелiп, витаминдер және калориясы жетiлдiрiлген тамақтар берiледi.

    Марганцовка ерiтiндiсiне түсiрiп, iш киiмiн үтiктеп кидiреді. Сыра ашытқысын 4 гр 1 шай қасықпен күнiне 3 рет бередi, қан, плазма құяды. Лимфа бездерiнiң iсiнуiн қадағалап отырады. Ата-аналарынан немесе арнайы дайындалған адамдардан тiкелей қан құяды. Егер уыттану дәрежесi үлкейiп бара жатса, жалпы наркоз-бен терi қалыңдығын түгел қамти отырып айқыш түрiнде тiледi.

    Егер сом (карбункул) бетте кездесетiн болса, оны тек консервативтiк жолмен емдеуге тырысу қажет. Жару, тiлу бұл жағдайда аса қауiптi.

    Жалған сыздауық (псевдофурункул)

    Жас нәрестелерде немесе емшек жасындағы балаларда көптеп кездесетiн терi ауруы. Терiнiң, тер және май шығаратын бездерiнiң ұшы жабылып қалғанда терiнiң iшi торсиып, домалық iрiңдiктер пайда болады. Оның соқтасы болмайды. Жарған кезде iшiнен сап-сары iрiң шығады және шектелген iрiңдiк қалтасы көрiнедi.

    Жалған сыздауықтар баланың желкесiнде, бас терiсiнде, мойнында жиi кездеседi. Жалпы жағдайы аса қатты нашарламаса да дене қызуы 37-380С шамасына дейiн көтерiледi, бозарып, анемия бiлiнедi. Ұзаққа созылған жағдайда бауыр, көкбауыр iсiнуi мүмкiн.

    Емдеу - баланы ауруханаға жатқызу арқылы жүргiзiледi. Бiрен-саран iрiңдiктердi жансыздандырмай-ақ жара бередi, ал iрiңдiк көп болса, әрине жалпы наркоз беру пайдалы. Тiлу, жара абсцестерiнiң көлемiне сәйкес. Ірiңдiктiң iшiн 3% сутегi тотығымен тазалап, 5-10% гипертониялық ас тұзының ерiтiндiсiмен таңып тастайды. Күнде немесе күн ара марганцовкамен балаға былау жасалып, қоздырушы емдеу тәсiлдерi пайдаланылады. Витаминдер мен сыра ашытқысы берiледi. Қан, плазма құйылады. Егер жалған сыздауық-тар толық кетпей қойса, донорлардан тiкелей қан құюға болады. Бұл үшiн арнайы иммундаудан өткен донорлады пайдаланған жөн.

    Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы). Бұл ауруға көбiнесе жұмсақ тiндердiң iшiнде жарақаттан кейiн ұйып қалған қандардың iрiңдеп қабынуы немесе терең жатқан бездердiң қабынуы себепші болады. Iрiңнiң белгiлi шекарасы болмайды, ол етаралық кеңiстiктер арқылы жан жаққа тарала бередi. Аурудың клиникалық белгілері, жұмсақ тiндердiң флегмонасының орналасқан жерi мен тереңдiгiне тiкелей байланысты. Етаралық флегмонаның басты белгiсi қабынған жердiң көлемiнiң үлкейiп, бiлеуленiп, iсiнуiмен, аздап жергiлiктi ауданның ыстығының көтерiлуiмен бiлiнедi. Егер флегмона жамбас қуысына орналасса, онда қасаға тұсы бiлеуленiп iсiнедi, үлкен жамбастың ауруға шалдыққан тұсы үлкейiп, терiсi жылтырайды. Шат арасы да iсуi мүмкiн. Осы жергiлiктi өзгерiстермен қатар баланың ыстығы көтерiледi, тамаққа тәбетi нашарлайды, денесi бозарып, анемияның белгiлерi байқалады.

    Объективтi тексеру кезiнде флегмонаға шалдыққан ауданның функциясы аса қатты бүлiнбейдi. Егер iсiк санда немесе жiлiншiктiң тұсында болса, ол аяғымен еркiн басып қимылдай алады, т.б. Сүйектi бойлай салған күш ауру синдромын қатты қоздырмайды. Iсiктi басып көргенде оның iшi былқылдап, iрiңнiң қозғалысы анықталады.

    Диагнозды анықтау үшiн түсiрiлген рентген суретiнде сүйектiң сынықтың белгiсi байқалмайды. Шел басқан ауданды жуан инемен шаншығанда одан қою ақ немесе сұрғылт түстi iрiң шығады.

    Емдеу - жалпы наркоз беру арқылы шелге шалдыққан ауданды тiлiп, ашуға негiзделген. Кейде 2-3 тілік салуға тура келедi. Iрiңдi антисептик дәрiлермен жуып, iшiне резеңке салып, сыртына жоғары концентрациялы ас тұзының ерiтiндiсiн қойып, байлап тастайды. Iрiңдi ыдыратып, бөліп шығару үшiн - трипсин, химотрипсин, химопсин, рибонуклеаза т.б. ферменттердi де пайдалануға болады. Таңып болған соң, сыртына қайықша түрiндегi гипспен қозғалтпайтын етіп бекiтеді. Екi-үш күннен кейiн, жарада iрiң азая бастаған кезде, әртүрлi терең қыздыратын физиоем (УВЧ, УФО) қолданылады, майлармен таңылады. Антибиотиктер, витаминдер, иммуностимулятор дәрiлерi де кеңiнен қолданылады.

    Қалың еттiң егуден кейiнгi шоғырланған iрiңдiгi (инъекциядан кейiнгi абсцесс). Кейде қалың етке инъекция жасағанда, ол бiрден қанға сiңiп кетпей, шоғырланған iрiңдiктiң (абсцесс) пайда болуына келіп соғады. Бұл iрiңдiктер, қалың еттiң iшiне орналасуына байланысты өздiгiнен тіндердi жарып шыға алмайды. Қабыну үрдісі өте ұзаққа созылады, өйткенi iрiңдiктiң айналасын бiрнеша қабатты сiңiрлiктер қоршап тұрады. Абсцестiң ауданы бiрте-бiрте қызарып, бiлеуленiп iсiнедi, қолмен ұстағанда қатты қызады. Баланың дене қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азаяды. ұйқысы бұзылып, мазасы қашады. Қолмен басып қарағанда шоғырланған іріңдік ауданның шекарасы анықталып, флюктуация аңғарылады. Инемен тесiп, пункция жасағанда қою iрiң алынады. Қан талдамасында лейкоцитоздың шамадан тыс көбейгенi, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылағаны анықталады.

    Емдеу - алғашында консервативтiк тәсiлдермен жүргiзiледi. Ол үшiн iсiнген ауданға жылы компресс (майлы, жартылай спиртпен), УВЧ жасалынады. Егер жылумен емдеу тәсiлдерi өз нәтижесiн бермей, қабынудың жергiлiктi белгiлерi айқындала берсе, онда операция жасалып абсцесс жарылуы керек.

    Шоғырланған iрiңдiктiң iшiн жуып-шайып, қалталарын бiр-бiрiне қосып, өткiр қасықшалармен өлi тiндердi сылып тастайды. Содан кейiн, іріңдіктiң iшiне жұмсақ резина енгiзiп, гипертониялық ерiтiндiлермен байланады. Iрiң азайған кезде УВЧ тәсiлiмен қыздырып майлы дәрiлермен таңады.

    Панарициялар

    Панариция – жалпы ұғым және саусақтың іріңді үрдістерін айтады. Саусақтағы әр іріңді үрдіске өзіндік клиникалық белгілері, ем жолдары бар. Балаларда, көбінесе тырнақ фалангасы іріңдікке ұшырайды.

    Тері панарициясы.

    Клиникалық белгісі – ауырсыну және саусақтың қозғалу қызметінің шектелуі. Ауырсыну, тек тырнақ фалангасында емес, саусақтың өне бойында болуы мүмкін. Баланың дене қызуы көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді. Эпидермистің астында іріңдік анықталады.

    Тері панарициясында емдеу, оның сатысына байланысты жүргі-зіледі. Егер тек ауырсыну, біраз ісік, қызару байқалса, калий пер-манганаты сұйықтығымен (400С), булап, саусағын күніне 3-5 минут-қа 2-3 рет салып отырады. Жартылай спиртті таңулар жасайды. Егер ірің болса, эпидермис кесіп алынады, онда ауырсыну байқалмайды.

    Паранихия – тырнақтың жан-жағындағы тінінің қабынуы.

    Тырнақ жанындағы тіннің қызаруы, ісінуі, ауырсынуы байқалады. Баланың жалпы жағдайы өзгеріске ұшырамайды.

    Паранихияның инфильтратты сатысына консервативтік ем жүргізіледі (УФО, антисептикалық сұйықтықпен таңу, жылы былаулау). Егер тырнақ маңындағы тіндердің іріңдеуі болса - іріңдік жарылады. Оған таңу, УФО, УВЧ емдері жүргізіледі.

    Тері асты панарициясы. Тері асты панарицияның пайда болуының негізгі себебі микрожарақаттар болады. Көбінде ірің саусақтың алақан жазығында орналасады, II саусақ басым түрде іріңдікке ұшырайды.

    Саусақтың ауырсынуы, қозғалысының шектелуі. Ауырсыну біртіндеп артып, шаншу тәріздес болады. Саусақ күндіз де түнде де ауырады, ұйқысында мазасыздық байқалады. Тырнақ фалангасы ісініп, қызарып, домбығады. Пальпация кезінде саусақ қатты ауырады. Баланың дене қызуы көтеріледі. Тері асты панарициясы-да ісік саусақтың өне бойында болуы мүмкін, іріңді тендовагинит асқынуы, регионарлық лимфа бездерінің үлкеюі байқалады.

    Аурудың алғашқы күнінен бастап қарқынды ем жүргізу жөн. Егер консервативті ем дұрыс жүргізілсе, іріңдеудің алдын алуға болады (антибактериалдық, физиотерапиялық, жылы былаулар, УФО, УВЧ емдері қолданылады). Консервативті ем дұрыс жүргізілмесе, немесе ол ем қонбаса іріңдікке операция жасалынады. Хирургиялық ем жергілікті жансыздандыру Лукашевич–Оберст әдісімен жүргізіледі. Ірің көп жиналған аймақта кесік ұзына бойы жүргізіледі. Іріңдікті жарғаннан кейін, қуысына резиналы дренаж қойылады, саусаққа иммобилизация жасалынады.

    Тырнақ асты панарициясында іріңдік тырнақ астында орналасады. Ауырсыну өте жоғары деңгейде болады. Ауырсыну тек саусаққа тигенде емес, жай кезде де байқалады. Бала ұйықтай алмайды, мазасызданады, дене қызуы 38-390С-қа көтеріледі. Нау-қаста лимфангоит немесе регионарлы лимфаденит болуы мүмкін.

    Тырнақ фалангасында ісік, қызару, пальпация кезінде қатты ауырсыну, тырнақ арқылы ірің көрінеді, кей кезде ірің тырнақ астынан шығып тұратыны байқалады.

    Аурудың алғашқы сағатынан бастап қарқынды антибактериалды ем жүргізу қажет. Сонымен қатар физиотерапиялық ем (ванналар, УФО, УВЧ) қолданылады.

    Операцияның түрі және көлемі іріңдіктің орналасуына байланысты. Егер тырнақ жартылай ашылып кетсе, оны шеткерлей кесіп тастаған жөн. Кей кезде іріңдік тырнақ астын толық жайлап алса, тырнақ толық алынып тасталынады.

    Сүйек панарициясы (остеомиелит). Онық себебі іріңдіктің тері астынан сүйекке таралуы, немесе іріңнің қан және лимфа тамырлары арқылы сүйекке таратылуы.

    Тырнақ фалангасы қатты ісініп, қызарады, ауырсынады, тері гиперемиясы анықталады. Ауырсыну түнде де және күндіз де болады, қозғалу кезінде, пальпацияда ауырсыну күшейеді. Дене қызуы 38-390-қа дейін көтеріледі, бала ұйықтай алмай мазасызданады.

    Саусақтың ұзын бойымен кесік жасалынады. Остеомиелит кезінде, сүйектің қотырлануы, оның сүйек сыртқы қабатының болмауы көрінеді. Сүйекке операция тек фаланга секвестрацияға ұшырағанда жасалынады (секвестрэктомия).

    Қыз балалардың жыныс ағзаларындағы қабыну аурулары

    Ғылыми басылымдарда қыз балалардағы жыныс мүшелерінің қабыну аурулары туралы мәлімет жоқтың қасы. Қазіргі кезде лапароскопияның көмегімен сол ауруларды зерттеу оң жолға қойылып келеді.

    Аднексит – жатыр айналасындағы ағзаның жедел қабынуы тек лапароскопия кезінде анықталады.

    Клиникалық өзіне тән белгілері жоқ, тек тік ішекті саусақпен қараған кезде жатыр өсіндісінің ауырсынуы байқалады. Қалыпты белгілері – құрсақ қуысының, көбінесе оң жақта, төменгі бөлігінің ауырсынуы, кей кезде іш пердесінің тітіркену симптомы болады. Балада субфебрильді дене қызуы, қанында лейкоцитоз болуы мүмкін.

    Аднексит, әдетте, 7-14 жастағы қыз балаларда кездеседі. Сырқаттану анамнезінде суық тиіп қалу, жедел респираторлық инфекция анықталады.

    Сальпингит – жатыр түтікшесінің жедел қабынуы. Бұл аурға да диагноз лапароскопия арқылы қойылады.

    Негізгі белгісі аднекситке тән болады. Эндоскопиялық белгісі – жатыр түтікшесінің қызарып, ісінуі, оның қанталап ісінуі көрінеді, егер іріңді сальпингит болса – іріңді сұйықтық анықталады.

    Лапароскопиялық әдіспен кіші жамбас қуысы тазаланып, жуылады. Операциядан кейін антибактериалдық және жабысқаққа қарсы ем жүргізілген дұрыс. Асқынулары: 1) кіші жамбас қуысындағы жабысқақ; 2) бедеулік; 3) жабысқақ ішек өтімсіздігі.
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50


    написать администратору сайта