Главная страница
Навигация по странице:

  • Биохимия, биология және микробиология кафедрасы Дәрістер кешені Пән: Клиникалық микробиология Мамандық «Медициналық-профилактикалық іс»

  • Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит) Курсы және оқу семестрі: 4, VII Шымкент 2013 жыл.

  • 4. Иллюстрациялы материалдар

  • 6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  • Патогенділік факторлары

  • Иллюстрациялы материалдар

  • 6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  • Микробиология-СМПД-4-курс-каз. ''бекітемін'' Ожтж проректоры, м.. д. М. У. Анартаева


    Скачать 1.3 Mb.
    Название''бекітемін'' Ожтж проректоры, м.. д. М. У. Анартаева
    Дата24.05.2019
    Размер1.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаМикробиология-СМПД-4-курс-каз.doc
    ТипДокументы
    #78623
    страница11 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
    Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

    Дәрістер кешені


    Пән: Клиникалық микробиология
    Мамандық «Медициналық-профилактикалық іс»
    Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
    Курсы және оқу семестрі: 4, VII

    Шымкент 2013 жыл.

    Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы негізінен құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:
    Хаттама № ____ _______-_______2013ж
    Биохимия, биология және микробиология

    кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к Есіркепов М.М.

    1

    1. Тақырыбы: Клиникалық микробиологияға кіріспе. Мақсаты мен міндеттері, зерттеуге арналған обьекттер және материалдар.

    2. Мақсаты: Студенттерді клиникалық микробиология пәні және міндеттерімен және оларды емдік-профилактикалық мекемелердегі медициналық қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларында қалыпты санитарлы-гигиенаны сақтау және микробиологиялық лабораторияның дұрыс ұйымдастырылуымен таныстыру.

    1. Дәріс тезистері.

    Дүниежүзілік мәліметтер бойынша ауруханаішілік жұқпалы аурулар 4,5 - 18% тіркелді. ТМД-да 4-7% ауруханаішілік өлімнің себебі жұқпалы аурулар салдарынан болды. Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың 3,5 - 60%

    Клиникалық микробиология туралы түсінік

    Клиникалық микробиология – медициналық микробиологияның саласы, ара-қатынасын анықтау, ағза мен микробтың ара – қатынасын реттеу, патологияда, динамикада қабыну процесі кезінде жүргізілген клиникалық немесе толық жазылып кету.

    Клиникалық микробиологияның тапсырмасы медициналық микробиологияға жақынырақ. Олардың маманының анықтамасы клиникалық микробиология ШПМ бір микроб тобын бір ауру тобы – оппортунистік инфекция және бір антропогенді экосистема – ауруханаішілік мекемені зерттейді.

    Осымен, клиникалық микробиологияның тапсырмалары:

    1. Биологияны оқу және ШПМ – ның ІҚА адамдағы этиология және патогенездегі ролі.

    2. Микробиологиялық диагностикадағы өңдеу және зерттеу әдістері, арнайы терапия және микробық аурудың профилактикасы, инфекциялық емес стационарлы кездесуі.

    3. Микробиологиялық аспектілердің зерттелуінің АІИ-дағы мәселесі, дисбактериоздағы микробтың дәрілік тұрақтылығы.

    4. Микробиологиялық негіздеу, ауруханалық стационардағы антимикробтық іс-шараны бақылау.

    5. Илюстративті материал: кестелер, плакаттар, схема, мультимедиялық проектор.

    Клиникалық микробиологиялық зерттеуді клиникада жүргізеді, инфекциялық процестің этиологиясын жолдау мен оқыту, госпитальды ортаның санитарлы жағдайы стационарда эпидемиологиялық жағдайын бактериологиялық зерттеу материалдарына қарай бағалау, науқастан алынған және микрофлораның мінездемесі госпитальды ортадан бөлінуі. Клиникалық микробиологияның маңызды бөлімінің бірі қолдану химиотерапиялық препараттың стратегиясының және тактикасының стационар жағдайындағы қолданылуы, науқастың антибиотиктерге қоздырғышының сезімталдығын рационалды антибиотикотерапияға кеңес беру.

    Клиникалық микробиологияның жаңа технологиясының бірі жылдам және бәсең зерттеу жүргізу болып табылады.

    Иммундыферментті әдіс және иммунофлюоресцентті әдістің кең қолданылуы табылды, ол науқастың ағзасындағы антиденелер мен антигендердің табылуына көмектеседі. Молекулярлы биологиялық әдістің көмегімен полимераздық тізбектік реакция – лигазды тізбектік реакция ЛТР және т.б. науқастан алынған қоздырғыштың генетикалық материалын анықтайды. Нақты әдістің 99%-ға жетеді. Жауабы,жалғасы 3 сағат ішінде беріледі.

    Клиникалық микробиологияның маңызды бір бөлігі болып лабораториялық зерттеуден алынған нәтиженің интерпретациясы табылады. Әсіресе ШПМ шақырған аурулар диагностиканың нәтижелерінің интерпретациясы қиын. Соңғы жылдарда инфекциялық патологияда ШПМ-ң ролі кеңеюде. Ол мына факторларға байланысты: экологиялық өзгерістер, қоғамның урбанизациясының дамуы, емдеуге арналған антимикробты препараттардың кеңінен қолданылуы және ағзаның иммунды статусына әсер ететін себептер. Осы факторлар комплексі әсерінен ағзадағы микробиоценоз эволюциясының өзгеруінен эндогенді флораға жататын ШПМ мен шақырылған аурулар санының көбеюіне әкеледі.

    Соңғы жылдар зерттеулері адам организмінің қалыпты микрофлорасының ұғымын басқаша сипаттады. Эндогенді флора колониялық резистенттік қасиеті бар екені белгілі болды, ол қалыпты микроценоздың түрлік және сандық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Берілген микроценоз патогенді микроорганизмдердің көбеюіне және осы микроценоздың басқа өкілдерінің шектен тыс жерлерге және өздерінің экологиялық ортасынан тыс жерлерге

    таралуы.

    4. Иллюстрациялы материалдар: таблицалар, плакаттар, схема, мультимедиялық проектор.

    5.Әдебиет:

    Негізгі:

    1. 1. Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. «Медицинская и санитарная микробиология» "Академия" – 2003. – 464 б.

    2. Борисов Л.Б. «Медицинская микробиология, вирусология, иммунология» МИА, 2001.- 734 б.

    3. Маянский А.Н. «Микробиология для врачей». – Нижний Новгород: 1999. — 400 б.

    4. Тец В.В. «Справочник по клинической микробиологии» – СП Стройлеспечать. –1994.–224 б.

    Қосымша:

    1. Н. Красильников А II. «Справочник по антисептике». - Минск. – Выс. шк.- 1995.-367б.

    2. «Медицинская микробиология» Гл. ред. В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 б.

    3. Тец В.В. «Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии» – М.:Медицина, 2002. - 352 б

    Методические указания, составленные сотрудниками кафедры. 2009 ж.

    6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)?

    1. Клиникалық микробиология нені оқытады ?

    2. Клиникалық микробиологияның мақсаты мен міндеті?

    3. Клиникалық микробиологияның тәжірибе саласында мейірбике ісі бакалаврындағы маңызы қандай?

    2

    1. Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Шартты – патогенді микроорганизмдер.

    2. Мақсаты: Студенттерді ШПМ-дің микробиологиялық диагностикалық әдістерімен және оппортунистік аурулардағы ШПМ-дің ролімен таныстыру.

    3. Дәріс тезистері.

    ШПМ – бұл үлкен және әртүрлі микробтар тобының жүйелік қарым-қатынасы, яғни адамда арнайы жағдайда ауру шақырады. Олардың өкілі бактерияларда, саңырауқұлақтарда, қарапайымдыларда кездеседі. Көптеген белгілері бойынша ШПМ – ға вирустың бірнеше түрлері жақын (а-герпес вирустары 1 және 2, β-герпесвирустар, паповирустар, кейбір аденовирустар, Коксаки және ЕСНО вирустары).

    ШПМ-ар кейбір жағдайда адам ағзасымен симбиоздық /комменсализм, нейтрализм/ кейбірлері конкуренттік қатынасқа түсіп, ауруға алып келеді. Сондықтан олар «шартты-патогенді» микробтар, яғни адамдар үшін төменгі патогенділікке ие болғанымен, ағзаның иммунды статусы төмендеген кезде аура тудырады. ШПМ-ар әдебиеттерде жиі «микробтар оппортунисттер» (ағылшын тілінен «to take opportunity»), олар шақырған аурулар «оппортунистік инфекциялар» деп аталады.

    ШПМ-дер экологиялық тұрғыдан біркелкі емес, олардың арасында еркін өмір сүруші топтар түрлері болып, негізгі мекен етуші ортасы әр түрлі биорганикалық субстраттардан (тағам өнімдері, су, дәрілік препараттардың аэрозольдары ).тұрады. Көбінесе осы түрлердің көбі адам ағзасында мекендейді және қалыпты жағдайда ауру жақыруы мүмкін (сапроноздар), олардың түрінің сақталуы және көбеюіне тірі ортаның болуы маңызды емес, ауруханалық стационарларда осы түрлерден клебсиеллалар, протейлер, серрацилер, псевдомонадалар, ацинетобактериялар мекен етеді.

    Адам ағзасындағы (биотоптарда) көптеген мүшелерде мекен ететін ШПМ-дар тұрақты «қалыпты» болып, симбиотикалық қатынаста болады. Белгілі жағдайда олар қожайынымен қарсыластық қатынасқа түсіп, әр түрлі аурулар тудыруы мумкін, бірақ бұл құбылыс оларға биологиялық үстемдік бермейді, кейбір жағдайда қожайынын жоғалтуға әкеліп соқтырады.

    Патогенділік факторлары: ШПМ-ның патогенді микробтардан айырмашалығы, патогенді микробтарда, ағзаға ену үшін белгілі бір «кіру қақпасы» болса ШПМ ағзаға әр түрлі жолмен кіріп оппортунистік инфекцияның себепшісі болады. Иммундық жүйенің эллиминациялаушы дефициті және инфекцияның дамуы үшін ШПМ-ң адам ағзасының ішкі ортасына пассивті түрде енуі қажет.

    ШПМ-дар көптеген агрессиялық ферменттер (гиалуронидаза,эластаза, коагулаза, фибринолизин, нейраминидаза, лецитиназа, нуклеаза, дезаминаза, декарбоксилаза және т.б.) бөледі, бос немесе жасуша құрамына кіретін молекула талшықтарына деполимеризациялық немесе конформациялық әсері етуі. Агрессиялық ферменттердің зақымдау әсері жасуша құрылымдарын, тіндерді және мушелерді бұзып қана қоймай, ферментативті өнімдердің ыдырауымен токсикалық әсері (мочевина, күкіртті сутек, аминдер және т.б.).

    ШПМ-ң патогенді факторлары көптеген патогенді микробтарға ұқсас. Бірақ патогенді микробтарда патогенді факторлары талғампаз және универсалды болса ШПМ-да олар вариабельді және талғампаздығы төмен болады.

    Популяциялар. Патогенді микробтарға қарағанда, ШПМ популяциясының гетерогенділігі жоғары дәрежеде айқындалған. ШПМ популяциясы гетерогенділігі әр – түрлі белгілермен айқындалады, ерекше антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфектанттарға, физикалық факторларға,бактериофагқа және бактериоциндерге тұрақты болады. Көпшілік жағдайда ШПМ –дің антигендік құрылымының гетерогенділігі жоғары екендігі мәлім, бөлінген дақылдың идентификациясында қиындық туғызады.

    ШПМ микробиоценоздары. Дені сау адамдардың биотобында ауруханалық стационарда табылады. Шартты патогенді микроорганизмдердің госпитальды эковарларының колонизациясы стационардан тыс адамдарда ерекшеленеді.

    Колонизация жиілігі иммунды тапшылық түрлерінде жоғарғы категорияда болып, медициналық қызметкерлерде де жоғары дәрежеде кездеседі. Микробиоценоздар биотоптардың патологиялық өзгеруі стационарлы науқастарда аутостабилизацияға қабілеттілігінің төмендеуімен ерекшеленеді, микробиоценоз мүшелері арасындағы бәсекелестікті арттырады және жеке өкілдері қожайын ағзасындағы ішкі жиілікті көбейтеді және популяция аралық – генетикалық алмасуды арттырады.

    Биотопта сол түрге арналған типтік емес әсіресе оларлың госпитальды эковарларына пайда болуына әкелетін аутохтонды түрлердің жойылуына немесе бірден төмен түсуіне әкеледі.

    1. Иллюстрациялы материалдар: таблицалар, плакаттар, схема, мультимедиялық проектор.

    2. Әдебиет:

    Негізгі:

    1. Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарная микробиология М.: Издательский центр "Академия" – 2003. – 464 б.

    2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2001.- 734 б.

    3. Внутрибольничные инфекции // Под ред. Р.П. Венцелла - М.:Медицина, 1990.- 656 б.

    4. Маянский А.Н. Микробиология для врачей. – Нижний Новгород: Издательство Нижегородской государственной медицинской академии, 1999. — 400 б.

    5. Актуальные вопросы эпидемиологии и инфекционных болезней. / Н. А. Семина. – М.: Медицина, 1999

    6. Внутрибольничная инфекция. / Шерертц, Хэмптон, Ристуцина. – Под ред. Р. П. Венцела. – М.: Медицина 1990.

    7. Внутрибольничная инфекция. / соавторами. – учебно-методическая пособия, Иркутск, 1999. – 32 б.

    8. Медицинская микробиология / Под ред. акад. РАМН В.И. Покровского. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001ж.

    Қосымша:

    1. Борисов Л.Б., Козьмин-Соколов Б.В., Фрейдлин И.С. Руководство к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии, иммунологии. - М.: Медицина, 1993.

    2. Медицинская микробиология / Гл. ред. В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 б.

    3. Определитель бактерий Берджи / Под ред. Д. Хоулта, Н. Крига, П. Снитаи др.// М.: Мир, 1997. - В 2 том.

    4. Методические указания, составленные сотрудниками кафедры. 2009 ж.

    5. Дезинфекционное дело. / Гандельсман Берта Израиловна. – Под ред. И. И. Карон. – М.: Медицина, 1971ж

    6. Медицинская микробиология. / Гл. ред. В.И. Покровсктй, О. К. Поздеев – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998. – стр. 631-656б

    7. "Медицинская энциклопедия" РАМН 2001 Russ Portal Company Ltd.

    8. Санитарная микробиология и вирусология./ З. Н. Качемасова, С. А. Ефремова, А. М. Рыбакова – М.: Медицина, 1987. – 352 б.

    9. "Справочник госпитального эпидемиолога". М.: Хризгостом, 1999ж

    10. Эпидемиология внутрибольничной инфекций. / Р. Х. Яфаев, Л. П. Зуева. – Ленинград: Медицина, 1989ж

    11. Эпидемиологические особенности внутрибольничных инфекции в районах Сибири и Крайнего севера. / Ратушняк С. С. – автореферат, Иркутск, 1999ж

    6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)?

    1. Қандай микроорганизмдерді ШПМ деп атаймыз?

    2. ШПМ-ның адам ағзасындағы ролі?

    3. ШПМ-ның АІИ-дағы ролі?

    3

      1. Тақырыбы: Госпитальды инфекцияның этиологиясы. Ятрогенияның шығуындағы медицина қызметкерлерінің ролі.

      2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді госпитальды инфекцияның пайда болу себебі және ятрогенийлердің пайда болуындағы шығуындағы медициналық қызметкерлердің ролімен таныстыру.

      3. Дәріс тезистері. Бірден бір ежелгі дәрігерлердің айтуынша: Primum non nocere (алдымен зиян келтірме). Науқастарға стационарда, амбулаториялар мен емхана мекемелерінде және үй жағдайында көрсетілетін медициналық көмек арқылы ятрогения (грек.ятрос-дәрігер, генус-шығу тегі) деп аталды. Ятрогендік инфекция (синонимдері: ауруханаішілік, госпитальды, назокоминальды) медициналық көмек көрсету барысындағы залалданудан туындайтын инфекциялық ауру деген түсінікті білдіреді.

    Ятрогенді инфекциямен адам ауруханадан тыс жағдайларда жұқтырады, ал ауру бірнеше уақыттан кейін ауруханаға түскеннен соң басқа аурудың болуымен сипатталады.

    Ауруханаішілік (госпитальды, нозокомиальды) инфекция – бұл инфекцияның жұқтырылуы аурухана мекемелерінде пайда болады; негізгі аурудың үстіне қосыла жүріп аурудың клиникалық ағымын күрделендіріп, емдеуді және диагностикалауды қиындатады, аурудың болжамын және шығуын нашарлатып, аурудың өліміне алып келеді.

    Қазіргі таңда ауруханаішілік инфекциясына бірнеше анықтама берілген. ДДҰ (Копенгаген, 1979ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) комитетінің эксперттері берілген анықтамасы қабылданған, «кез келген клиникалық тұрғыдағы жұқпалы аурулардың байқалуы» кез келген клиникалық көрініс ол жұқпалы ауру, науқастың госпитальды немесе емделу орындарын да емделу мақсатына тікелей қатысты, сондай-ақ аурухана ішілік күшінің күшінің мақсаты тәуелсіз болады, аурухана ішіндегі аурудың белгілері дер кезінде көрінуде көрінбеуі де мүмкін. Медициналық көмек көрсетумен байланысты аурулар, сонымен қатар, ятрогения немесе нозокоминальды инфекция терминдерін білдіреді.

    Соңғы онжылдықта ауруханаішілік инфекция денсаулық сақтаудың маңызды мәслелерінің бірі болып, елдердің экономикалық дамуында пациенттердің 5-10% пайда болады, негізгі аурулардың өтуін күделендіріп, аурудың өміріне қауіп тудырады және де емдеу ақысын жоғарлатады. Көбінесе бұл популяциядағы созылмалы аурулармен, интоксикациямен не болмаса иммунодепресанттарды қабылдайтын, жоғарғы рисктегі аурулардың көбейіп демографиялық көрсеткіштің ауытқуын көрсетеді. Ауруханаішілік инфекциялардың келесі негізгі себептерімен ерекшеленеді.

        • Микроорганизмдердің «госпитальды штамдарының» құрылуы және селекциясы, көптеген дәрілік тұрақтылықпен және жоғарғы вируленттілікпен иемденеді.

        • Антимикробтық химиятерапияны рациональсыз жүргізу және дәрілік тұрақтылықтың штамдар циркуляциясының бақылау жүргізілмеуіне байланысты.

        • Медициналық персоналдар арасындағы (40%-ға жетеді) патогенді микрофлораларының (мысалы, алтынша стафилококк) жиі тасымалдануы.

        • Өзіндік арнайы экологиялық ауқымды ауруханалық комплекті құру – емханалар мен емханалардағы топталу, негізгі контингенттердің ерекшеліктерімен (көбінесе әлсіз пациенттер), мекемелердің жабық болуымен байланысты (палаталар, процедуралық кабинеттер және т.б.)

        • Стационарлар және емханалар үшін санитарлы - гигиеналық қалыптылықтың ауытқуы, асептика және антисептиканың ерекжелерінің бұзылуы.

    Шартты патогенді микроорганизмдердің шақырылуымен ятрогенді инфекцияның шығуында медициналық кедергіні тудырушы болып табылады. Қоздырғыштардың нозологиялық формасы және құрамы оның типіне және орналасу кедергісіне байланысты. Осыларға жататын:

      1. инфицирленген терілік жарақаттарға, шырышты қабаттарға, және де операция жасалған мүшелердегі инфекциондық асқынулар мен байланысты жасалған операциялар.

      2. Емдік және профилақтикалық препараттарды иньекция жасау нәтижесінде пайда болған инфильтрат, абсцесс, флегмона.

      3. Қан және қан алмастырушы заттарды құю, парентеральды тамақ, тамырларға катетеризация жасау, гемодиализ, гемадсорбция, тамырлардың тромбоз, жұмсақ тіндердің абсцесіне алып келуі мүмкін.

      4. Қуықты катетеризациялау, уретраны бужирлеу, цистоскопия, уритритке, циститке, пиелонефритке алып келеді.

      5. Аппараттық жасанды тыныс алу, трахеостомия, интубация, бронхоскопия, бронхтарды шаю, шырышты сору, антисептиктер және антибиотик аэрозольді түрде енгізуі нәтижесінде бронхитті, пневмонияны, ларингитті, өкпе гангренасын, плевритті және сепсисті де алып келуі мүмкін.

      6. Стоматологиялық манипуляциялар, стоматитті, жұмсақ тіндердің абсцесі және флегмонасын, жақтың остеомиелитін, синуситті, мидың абсцесіне алып келуі мүмкін.

      7. Жасанды түсіктер, эндоскопиялық және жыныс сферасының аумағында мануальды зерттеуде эндометритті сальпингоофоритті, шатаралық іріңдеуіне алып келуі мүмкін.

    Ятрогенді инфекция тұрғындарға медициналық көмектің көрсеткішін қиындатады, ауруларды госпитализауиялау мүмкіндігін тежейді, медициналық қызметкерлердің жұмысындағы тұрғындарға сенімсіздік тудырады, осының нәтижесінде ауқымды еңбектің жоғалуына және қосымша ақшалай шығындардың әлеуметтік қамтамасыз етуіне алып келеді.


    1. 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта