Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница21 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Аэрофагия

  • Ахалазия кардии

  • Ахалазия кардии


    ANSWER= С
    58

    Емханаға ЖТД қабылдауына 4 күндік ұл баланы алып келді. Денесіндегі бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: ата-анасының дені сау. Бала 3750 г салмақпен мерзімінде туды. Бірден жылады. Емшекті белсенді емеді. Перзентханадан 3-ші күні шығарылды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Кеуде, жамбас, аяқ-қолының терісінде аздап тығыздалған ортасында сарғыш папула бар эритемалар байқалады. Алақаны мен табанында бөртпе жоқ.

    Аса ықтимал диагноз қандай?

    1. Милиа

    2. Токсикалық эритема

    3. Милиариа

    4. Транзиттік меланоз

    5. нәресте акнесі


    ANSWER= В
    59

    Біпінші патронаж кезінде нәресте қызды қарады. Анамнезінен: қыз бала жүктіліктің 38 аптасында дүниеге келді, салмағы 3000 г, бойы 50 см. Жүктілік кезінде анасында анемия және токсикоз болған. Апгар шкаласы бойынша 8 балл. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Қыздың дене тұрқы дұрыс, туа біткен даму ақаулары жоқ. Ішкі органдарында патология жоқ.

    Осы науқасқа денсаулықтың қай тобын аса сәйкес келеді?

    1. I топ

    2. II А топ

    3. II Б топ

    4. III топ

    5. IV топ


    ANSWER= В
    60

    Туғанына 5 күн болған баланы ЖТД үйде қарады. Анамнезінен: ұл бала мерзімінде 3250 г салмақпен туды. Бала 1-ші жүктіліктен. Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Перзентханадан 3-ші тәулікте шықты. Объективті: терісі таза, қызғылт. Емшек бездерінің симметриялы 2 см үлкейгені байқалады, басқан кезде ақшыл түсті бөлінді шығады. Без үстіндегі тері өзгермеген. Регионды лимфа жүйесі үлкеймеген. Жүрек және өкпе жағынан мәліметтері қалыпты. Іші аздап кепкен. Нәжісі сары ақ түсті түйіндермен, жасыл және шырыш қосылған.

    Аса ықтимал диагноз қандай?

    1. Физиологиялық мастопатия

    2. іріңді мастит

    3. құрсақішілік инфекция

    4. жылыу балансының транзиттік бұзылысы

    5. ішкі секреция бездерінің транзиттік гиперфункциясы


    ANSWER= А
    61

    Туғанына 10 күн болған жетіліп туған нәрестені ЖТД үйде қараған кезде қолы денесінің бойымен, аяқтары түзу жатқанын анықтады.

    Осы нәрестенің бұлшық ет жүйесінің тонусын Сіз қалай бағалайсыз?

    1. бұлшық ет нормотониясы

    2. бұлшық ет гипотониясы

    3. бұлшық ет гипертониясы

    4. бұлшық ет атрофиясы

    5. бұлшық ет гипертрофиясы


    ANSWER= В
    62

    Туғанына 8 күн болған қыз балада қанның жалпы анализінде келесі мәліметтер бар: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментті ядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. ЭШЖ- 2 мм/сағ.

    Осы мәліметтерді қалай бағалауға болады?

    1. қалыпты

    2. жеңіл дәрежелі анемия

    3. Эритроцитоз

    4. Лейкоцитоз

    5. Лимфоцитоз


    ANSWER= А
    63

    Ұл бала жүктіліктің 38 аптасында дүниеге келді. Баланың салмағы 3300 г, бойы 52 см. Анамнезінен: жүктілік пен босану патологиясыз өтті. Туған кезде Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Перзентханадан шықан кездегі жағдайы қанағаттанарлық.

    Перзентханадан шыққан соң үйдегі бірінші патронаж қай мерзімде жүргізіледі?

    1. алғашқы 3 күнде

    2. алғашқы тәулікте

    3. бір апта ішінде

    4. алғашқы 48 сағатта

    5. алғашқы 4 күнде


    ANSWER= А
    64

    Емханаға туғанына 20 күн болған қызын алып анасы келді. Баланың сарғаюына шағымданады. Анамнезінен: қыз бала жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Туған кездегі салмағы 2400 г, бойы 45 см. Апгар шкаласы бойынша 5-7 балл. Сарғаю туғаннан кейін 3-ші күні пайда болды және толқынды ағымда. Объективті: баланың жағдайы орташа ауыр. Енжар емеді. Терісі мен склерінде айқын сарғаю бар.

    Балаға бірінші кезекте қандай инструменттік диагностика тағайындау керек?

    1. Нейросонография

    2. Электрокардиография

    3. Электроэнцефалограмма

    4. кеуде клеткасының рентгені

    5. құрсақ қуысы органдарының УДЗ


    ANSWER= D
    65

    ЖТД қабылдауына 29 күндік баланы алып анасы келді. Анамнезінен: әйел басқа жақтан келген. Әйелдер кеңесінде есепте тұрмаған. Бала 3-ші жүктіліктен, жүктіліктің 38 аптасында жедел туған. Анасы химиялық комбинатта жұмыс істеген. Жүктілік ұзақ ағымды гестозбен өткен. Туған кездегі салмағы – 2300, бойы - 45. Объективті: балада дизэмбриогенездің көптеген стигмалары анықталды: бет пішіні кішкентай, бойы аласа, таңдайы тар, төменгі жақ сүйегі кішкене, құлақтары төмен орналасқан, мойыны қанат тәрізді, туа біткен жүрек ақауы.

    Бірінші кезекте қандай маманның кеңесі қажет?

    1. Хирургтің

    2. Кардиологтің

    3. Ортопедтің

    4. Генетиктің

    5. Стоматологтың


    ANSWER= D
    66

    Туғанына 25 күн болған нәрестедегі гастритті емдеу кезінде ЖТД аса ықтимал дұрыс тактикасы қандай?

    1. себептерін жою

    2. аралас тамақтандыруға көшіру

    3. жасанды тамақтандыруға көшіру

    4. спазмолитиктер тағайындау

    5. антирефлюксті қоспа тағайындау


    ANSWER= А
    67

    Дәрігер қабылдауына 29 күндік баланы алып анасы келді. Баланың мазасыздығына шағымданады. Анамнезінен: қыз бала жетіліп туған. Емшек емеді. Емізу арасы 3,5 сағат. Әр емізуден кейін анасы 20-30 мл сүтті сауып тастайды. 29 күнде бала 300 гр салмақ қосқан. Бақылау емізуі кезінде 100 гр емшек сүтін емді.

    Төменде аталғандардың қайсысы аса дұрыс болып саналады?

    1. жасанды қоспамен тамақтандыруға көшіру

    2. сүт шығуын дәрі-дәрмек арқылы стимуляциялау

    3. сауылған сүтпен қосымша тамақтандыру

    4. еркін емізу тәртібіне көшіру

    5. аралас тамақтандыруға көшіру


    ANSWER= D
    68

    ЖТД үйге шақырды. Бала емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілді, бір емшегінде тығыздалу пайда болды, басқан кезде ауырады, гиперемия. Сауған кезде сүттің түсі қалыпты, қан және ірің қосындысы жоқ. ЖТД әйелге баланы емізу жөнінде кеңес берді.

    Дәрігердің берген кеңесінің қайсысы аса дұрыс?

    1. емшек емізуге тыйым салу

    2. сауылған пастерленген емшек сүтімен тамақтандыру

    3. емшек емізуді жалғастыру және қалған сүтті сауып тастау

    4. емшек емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау

    5. тек сау емшекті ғана емізу


    ANSWER= С
    69

    Бірінші патронаж кезінде ЖТД туғанына 5 күн болған қыз балада сарғаюды көрді. Анамнезінен: бала 1-ші жедел босанудан. 3 күннен кейін балада терісі мен склерасының сарғаюы пайда болды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Перзентханадан шыққан кезде қанның жалпы анализінде: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментті ядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. Жалпы билирубин 160 мкмоль/л.

    Динамикада диагноз қою үшін қанның қандай анализі аса мәліметті болады?

    1. Билирубин

    2. Гемоглобин

    3. Эритроциттер

    4. Лейкоциттер

    5. Моноциттер


    ANSWER= А
    70

    Туғанына 3 апта болған баланы қандай сүтпен тамақтандырған аса дұрыс?

    1. уызбен

    2. ауыспалы сүтпен

    3. жетілген сүтпен

    4. сауылған сүтпен

    5. жасанды қоспамен


    ANSWER= С
    71

    Анасы жаңа туған нәрсетесімен кеше перзентханадан шықты. Аймақтық ЖТД анасына баланы қалай дұрыс тамақтандыру жөнінде түсіндірді.

    Ұсынылған әрекеттер ретінің қайсысы баланы емізіп болған соң аса дұрыс?

    1. баланы 1-2 минут тік ұстау

    2. 1-2 минут көлденең жатқызу

    3. баланы арқасы мен иығынан ұстап тербету

    4. баланы жатып емізіп, осы қалыпта қалдыру

    5. баланы 30 минут тік ұстау


    ANSWER= А
    Тесты по эндокринологии

    72

    9 жасар қыз балада 1 апта бойы жіті респираторлық вирусты инфекция клиникасы байқалады, жақсара бастағанда – дене қызуы қайтадан 38С дейін көтерілген, ылғалды жөтел. Тыныс алу жиілігі мин 25, жүрек соғуының жиілігі мин 90. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Қараған кезде: шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Өкпеде - қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті сырылдар, перкуторлы – анық өкпе дыбысы. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроциттің шөгу жылдамдығы жоғарылаған.

    Жалпы тәжірибелік дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

    1. кеуде клеткасының рентгеніне жіберу

    2. пульмонолог кеңесі

    3. физиоемдеуге жіберу

    4. дереу стационарға жіберу

    5. үйде стационар ұйымдастыру


    ANSWER = Е
    73

    Бала 5 айлық. Ауру жедел басталды, дене қызуы– 38,9 С дейін, түшкіреді, тыныс шығаруы ұзарып ентігеді, мұрынерін үшбұрышы көкшіл. Өкпеде аускультациясында барлық алаңда көп мөлшерде ұсақ ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі

    Дәрігердің ары қарай аса ықтимал тактикасы қандай?

    1. жедел ауруханаға жатқызу

    2. амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

    3. бронхолитиктер тағайындау

    4. амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

    5. шұғыл ауруханаға жатқызу


    ANSWER = Е
    74

    Ұл бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, дене қызуының 38,1°С дейін көтерілуіне шағымданады. Рецидивті бронхит диагнозымен «Д» есепте тұрады. Осы өршу 5 күн бұрын басталды. Объективті жағдайы орташа ауыр. Терісі таза. Көмейі қызарған. Мұрыннан шырыш бөлінуіне байланысты дем алу қиындаған. Өкпеде қатаң тыныс, тыныс шығару созылған, екі жағында да құрғақ және ірі көпіршікті ылғалды үнсіз сырылдар, жөтелгенде өзгереді.

    Диспансерлік бақылаудың аса дұрыс ұзақтығы қандай?

    1. +2 жыл

    2. 1 жыл

    3. 2 жыл

    4. 5 жыл

    5. есептен шығарылмайды


    ANSWER = А
    75

    Бала 6 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Ентігуге, жөтелге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшілденген, тыныс алу жиілігі мин 60. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты.

    Обструкцияны емдеу үшін амбулаторлық жағдайда аса қолданатын препарат қандай?

    1. интал

    2. +сальбутамол

    3. ингаляциялық глюкокортикостероидтар

    4. муколитиктер

    5. теотарт


    ANSWER = В
    76

    Бала 7 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігерді үйге шақыртты. Анасы жөтелге, ентігуге, мазасыздыққа, ұйқы бұзылуына шағымданады. Анамнезінен емшек емеді. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады. Объективті: терісі бозарған, таза. Тамағы қызарған. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ысқырықты», «ызыңды» сырылдар, тыныс жиілігі мин 60. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ. Дәреті мен диурез қалыпты.

    Дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

    1. жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу

    2. амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

    3. бронхолитиктер тағайындау

    4. амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

    5. шұғыл ауруханаға жатқызу



    ANSWER = Е
    77

    Қыз бала 3 жаста. Жөтелге, ентігуге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, тыныс жиілігі мин 50. Қараған кезде: тыныс шығаруы ұзарған, қабырға аралық және бұғана үсті ойығының ішке тартылуымен ентігу, мұрын желбіршегі кернеулі, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, өкпеде - қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ызыңды» сырылдар. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты

    Симпатомиметикті енгізудің қандай әдісі аса дұрыс болып табылады?

    1. ингаляциялық

    2. тамыр ішіне

    3. ауыз арқылы

    4. сублингвальды

    5. тері астына


    ANSWER = А

    Тесты по пульмонологии

    78

    Қыз бала 1 жаста. Дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, тамағы ауруына, ылғалды жөтелге, мұрын бітуіне шағымданады. Кешке қарай қабақтары ісінгенін байқады. Қараған кезде: айқын катаральды белгілер, екі көзінің де қабақтары қызарған, ісінген. Барлық лимфа түйіндері 1-2 см үлкейген, ауырмайды. Көмекейінде гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, бірлі-жарым сырылдар. Жүрек үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. «Жіті респираторлық вирусты инфекция, тұмау, аденовирусты инфекция» алдын ала диагнозы қойылды.

    Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

    1. бронхит

    2. синусит

    3. парагрипп

    4. +инфекциялық мононуклеоз

    5. қызамық


    ANSWER = Д
    79

    Баал 6 жаста. Учаскелік дәрігер тексерді, аурудың басталуы жедел, дене қызуының 38,5ºС дейін көтерілуіне, жөтел, мұрын бітуіне, тамақтың жыбырлауына шағымданады. Қараған кезде: терісі таза, бозарған. Дене қызуы 38С. Көмекейінде ашық түсті гиперемия. Мұрында сірнелі бөлінді бар. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Жүректе ырғақ дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті мен диурез қалыпты.

    Аталған қоздырғыштардың қайсысы аса ықтимал болады?

    1. саңырауқұлақтар

    2. бактериялар

    3. спирохеттер

    4. +вирустар

    5. қарапайымдылар

    ANSWER = Д
    80

    Бала 3 жаста. Ауырғанына 2-ші күн. Дөрекі, үрген тәрізді жөтелге, дене қызуының 37,50 С дейін көтерілуіне, дауыс қарлығуына, жүктеме кезінде тыныс алу жиілеуіне шағымданады. Қараған кезде әлсіз, ашуланшақ, терісі бозарған, периорбитальды көкшілдену. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, тыныс алуы шулы, алыстан естіледі. Аускультацияда қатаң тыныс, жоғарғы бөлікте құрғақ сырылдар, тыынс жиілігі мин 34-36, орташа тахикардия (мин 110).

    Аса ықтимал диагноз қандай?

    1. көкжөтел

    2. бронхит

    3. пневмония

    4. көмей стенозы

    5. )бөгде зат


    ANSWER = Д
    81

    Баал 1 жаста. Анасының айтуынша ауырғанына бір тәулік болған. Ауру дене қызуының 37.8 С дейін көтерілуімен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен, дауыс қарлығуы, ентікпемен басталды. Қараған кезде дене қызуы 37.6С, терісі бозарған, мазасыздану кезінде инспираторлы ентікпе. Ішкі органдарында патология жоқ.

    Жөтелдің сипаты қандай ауруға сәйкес келеді?

    1. бронхитке

    2. фарингитке

    3. трахеитке

    4. ларингитке

    5. пневмонияға


    ANSWER = Д
    82

    3 жасар ұл балада кешке қарай мынандай белгілер пайда болды: дене қызуы 37.7С дейін көтерілді, дауысы қарлыққан, «үрген тәрізді жөтел», әлсіздік, мазасызданған кезде стеноз түріндегі тыныс алуы қиындайды. Ішкі органдарында патология жоқ.

    Жағдай ауырылығын бағалау кезінде қандай белгі аса маңызды?

    1. тыныс алу қиындауы

    2. дауыс қарлығуы

    3. «үрген тәрізді жөтел»

    4. әлсіздік

    5. субфебрильді дене қызуы


    ANSWER = А
    83

    Бала 3 жаста. Учаскелік дәрігер балаға үйге келді. Шағымдары дене қызуының 37,80 С дейін көтерілуі, дауыс қарлығуы, дөрекі, үрген тәрізді жөтел, тыныс алуы қиындаған. Қараған кезде: жағдайы орташа ауыр, көңіл-күйі аздап бұзылған. Көмекейде – аздап гиперемия, артқы қабырғасында ұсақ бүртіктер. Физикалық жүктеме кезінде тыныс алу шулы, созылған. Тыныштық кезінде еркін. Тыныс алу жетспеушілігі белгілері жоқ.

    Аса ықтимал диагноз қандай?

    1. жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

    2. жіті респираторлық вирусты инфекция, I дәрежелі тамақ стенозы

    3. жіті респираторлық вирусты инфекция, I, II дәрежелі тамақ стенозы

    4. жіті респираторлық вирусты инфекция III дәрежелі тамақ стенозы

    5. жіті респираторлық вирусты инфекция, IV дәрежелі тамақ стенозы


    ANSWER = В
    84

    Бала 4 жаста. Ауру кенеттен дене қызуы 37.6 С дейін көтерілуімен, дауыс қарлығуымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және тыынс алу қиындауымен басталды. Қараған кезде: жағдайы ауыр, көңіл-күйі бұзылған. Бала мазасыз, қозған. Терісі бозарған, периоральды көкшілдену. Тыныс алуы шулы, тыныштық кезінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Тахикардия.

    Аса ықтимал диагноз қандай?

    1. жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

    2. жіті респираторлық вирусты инфекция, I дәрежелі тамақ стенозы

    3. жіті респираторлық вирусты инфекция, I, II дәрежелі тамақ стенозы

    4. жіті респираторлық вирусты инфекция III дәрежелі тамақ стенозы

    5. жіті респираторлық вирусты инфекция, IV дәрежелі тамақ стенозы


    ANSWER = А
    85
    1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


  • написать администратору сайта