Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница23 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Педиатриялық компонентпен ЖТД бағыты бойынша интерндерге арналған тесттер

1. Нәресте басын ұстайы, анасымен қарым-қатынасы кезінде күлімсірейді, есту қабілеті жақсы, қозғалыссыз затқа көздерін тігеді. Осы айтылған нерв-психикалық даму көрсеткіштері баланың қай жасына сәйкес келеді?:

A.  2 апта

B.  1 ай

C.  1,5 ай

D.  2 ай

E.   3 ай

ANSWER: B

2. Бейімделген сүт қоспаларын қандай амин қышқылдарымен байытады?:

A. Триптофан                 

B. Таурин                

C.  Лейцин               

D. Цистеин               

E. Фенилаланин                

ANSWER: B

3. Аймақтық педиатр жаңа туылған нәрестені қарап, тексеру кезінде флегмонаны анықтады. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы тиіс?:

A. зақымданған аймақты 3% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеп, үйге жіберу                

B. нәрестені жедел түрде нәрестелер патологиясының хирургиялық бөлімшесіне жолдау керек                 

C. нәрестені күндізгі стационарда бақылауға қалдыру керек         

D. дерматологтың кеңесіне жолдау керек

E. хирургтің кеңесіне жолдау керек

ANSWER: B

4. Бала 8 айлық. Туылған кездегі дене салмағы 3 кг, жетіліп туылған, терісінің бозаруы және құрғақтығы байқалады, беттері ісіңкі, шамалы макроглоссия, іш қатуға бейім, эмоциональды тонусы төмендеген, нерв- психикалық дамуы артта қалған, дауысы дөрекі. Жүрек үндері біршама кереңделген, пульсі 110 соққы/мин, толымдылығы мен кернелуі әлсіз, ырғақты. Науқастағы болжам диагнозы?:

A. балалар церебральді салдануы                

B. гипотиреоз                 

C. гиперпаратиреоз                 

D. Даун ауруы                

E. гипопаратиреоз                

ANSWER: B

5. Ата-ананың шылым тартуын, алкоголизмін - құрсақ ішілік дамудың тежелуіне (ҚІДТ) алып келетін қауіп факторларының қайсысына жатқызуға болады?:

A. тұқымқуалайтын

B.  плацентарлық              

C. әлеуметтік-биологиялық                

D. аналық              

E.  ұрықтық

 ANSWER: D

6. Жетіліп туылған нәрестенің салмақ-бой индексі тең болады:

A. 20-30                 

B. 40-50                

C. 60-70                

D. 80-90               

E.  100-110               

ANSWER: C

7. 12 күндік жаңа туылған нәресте, мерзіміне жетіп, 3,000 кг салмақпен туылған, Апгар шкаласы бойынша 8 балл. Шағымдары: кіндік жарасынан іріңді бөліністер, субфебрилитет. Объективті: бала енжар, құсады, емуі нашар, кіндік сақинасы іскен және қызарған, кіндік айналасындағы май қабаты инфильтрацияланған, терісі ыстық, ішінің алдыңғы беткейінде тері асты тамырлары кеңейген. Науқаста қандай диагноз ықтимал болуы мүмкін?:

A. кіндік жарасы                

B. кіндік гангренасы               

C. кіндік тамырларының ауруы                

D. омфалит               

E. ылғалданған кіндік              

ANSWER: D

8. Қосымша үштік симптомдардың: сүтті көтере алмаушылық, бауырдың ұлғаюы, туа біткен катаракта болғанда, өмірінің бірінші күнінен бастап жаңа туылған нәрестеде құсуды қандай себеп шақырады:?:

A. Лактазалық жетіспеушілік                 

B. Муковисцедоз

C. Целиакия                 

D. Галактоземия               

E. Адреногенитальды синдромның тұз жоғалтатын түрі                

ANSWER: D

9. Нәрестелердегі: өмірінің бірінші күнінен бастап тоқтаусыз құсу, «үйеңкі сироп» иісімен зәрі болатын симптомдары амин қышқылы алмасуының тұқымқуалайтын ауруларының қайсысы үшін тән?:

A. Фенилкетонурия                 

B. Тирозинемия               

C. Лейциноз                 

D. Гипервалинемия

E. Гиперлизинемия                 

ANSWER: C

10. Конъюнктивит, ринит, ылғалды жөтел, өкпеде көп мөлшерде ылғалды және құрғақ сырылдардың болуы тән симптомдар кешенін нәрестелерде қандай қоздырғыш шақырады?:

A. РС-вирус                 

B. Аденовирус               

C. Энтеровирус               

D. Гриппозды вирус               

E. Герпестік инфекция                

ANSWER: B

11. Балалардағы атопиялық дерматит нәрестелік түрі кезінде ұсынады?:

A.Дәрумендер                 

B. Аскорбин қышқылы                

C. Кетотифен                 

D. Гормондар                

E.  Гипоаллергенді емдәм               

ANSWER: E

12. Жиі ауыратын балаларды аурушылдығы болмаған жағдайда, диспансерлік есептен шығару ерте емес (жыл) жүргізіледі?:

A. 6 ай                 

B. 8 ай                

C. 2 жыл                

D. 10 ай              

E.  1 жыл               

ANSWER: D

13. Интерферонды индуцирлейтін қандай препарат жиі ауыратын балаларға тағайыналады?:

A. Продигиозан                

B. Липой қышқылы                

C. Глютамин қышқылы                

D. Орот қышқылы               

E.  Карнитин               

ANSWER: A

14. Балалардағы Д гипервитаминозы келесі симптомдармен сипатталады?:

A. сүйектердің сынғыштығы                 

B. құсу, анорексия, шөлдеу, іш қатулар                

C. тырысулар, гипертермия                

D. ісіну, енжарлық, әлсіздік, іш өту               

E.  артралгия, терідегі бөртпелер, баспа               

ANSWER: B

15. Д гипервитаминозымен балаларды диспансеризациялау жүргізілетін мерзімі?:

A. 6 ай                 

B. 1 жыл

C. 2 жыл                

D. 3 жыл               

E.  4 жыл               

ANSWER: D

16. Балалардағы лимфатико-гипопластикалық диатездің патогенезінде маңызды болып табылады?:

A. бүйрек үсті безі қызметінің, су-электролит алмасуының бұзылысы                 

B. ацидоз, гипопротеинурия                

C. гипергликемия, гиперлипидемия                

D. нерв жүйесі қозғыштығы деңгейінің жоғарылауы, тырысуға бейімділік                

E. зәр қышқылы алмасуының бұзылысы, бауырдың дисфункциясы                 

ANSWER: A

17. Симптомдар кешені: субфебрилитет, дене дамуы артта қалған, белсенділігі шектеулі, цианоз, «дабыл таяқшасы», жөтел – қандай ауру үшін тән:

A. рецидивті бронхит                

B. созылмалы бронхит               

C. жедел бронхит                

D. бронхиолит               

E.  обструктивті бронхит               

ANSWER: B

18. Бронхит кезінде макролидтер тобындағы антибиотикке қандай қоздырғыш ең сезімтал болып табылады?:

A. Микоплазма                 

B. Грам теріс флора               

C. Стафилококк                

D. Пневмококк               

E. Гемофильді таяқша                

ANSWER: A

19. Өмірінің алғашқы 3 жылына дейінгі балаларда пневмониялық үдерістің ауырлығын қандай симптомдар сипаттайды?:

A. токсикоз, тыныс жетіспеушілігі, қанның фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауы                

B. безгек, перкуторлық дыбыстың қысқаруы                 

C. жиі жөтел, тынысы әлсіреген, крепитация                 

D. қалтыраумен безгек, интерстициальді эмфизема               

E. токсикоз, жергілікті ұсақ көпіршікті сырылдар                

ANSWER: A

20. Симптомдар кешені: бронхтардың деформациясымен жергілікті пневмосклероз – тыныс алу ағзаларының қандай ауруларына тән?:

A. Созылмалы бронхит                 

B. Созылмалы пневмония                

C. Рецидивті бронхит                

D. Облитерлеуші бронхиолит               

E. Бронх демікпесі                

ANSWER: B

21. Балалардағы бронх демікпесі кезіндегі базисті емінің препаратына жатады?:

A. Сальбутамол                 

B. Триамсинолон                

C. Эуфиллин                

D. Атровент                

E. Адреналин                

ANSWER: B

22. Жедел обструктивті бронхит үшін тән емес симптом?:

A. өкпедегі жергілікті сырылдар                

B. экспираторлық ентігу                

C. тынысы әлсіреген                 

D. ысқырықты «әуенді» сырылдар               

E.  эмфизема               

ANSWER: A

23. Созылмалы пневмониясы бар балаларға диспансерлік бақылау жүргізіледі?:

A. 3 жыл                 

B. ересектер емханасына ауысқанша                

C. 4 жыл               

D. 5 жыл               

E. 7 жыл               

ANSWER: B

24. Бала 3 жасар, тыныс жетіспеушілігінің 2 дәрежесі, интоксикация есебінен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде қораптық реңкпен өкпелік дыбыс, аускультативті - тынысы әлсіреген шулы тыныс шығарумен, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Ең ықтимал диагноз:

A.жедел пневмония                 

B.жедел обструктивті бронхит               

C.жедел бронхиолит                 

D.жедел бронхит               

E. плеврит               

ANSWER: B

25. Бала 1 жасар, 5 күн бойына дене қызуы көтерілуде. Жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С., ылғалды жөтел, мұрынерін үшбұрышының цианозы, танаулары кернелген, көз астары қарайған. Өкпесінде – оң жақ жауырын бұрышының төменгі тұсында өкпелік дыбыстың жергілікті қысқаруы, сол ұста тыныстың қатаң болуы, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Ең ықтимал диагноз:

A.Жедел пневмония                

B. Обструктивті синдроммен жедел бронхит                  

C.Жедел бронхиолит                

D.Жедел бронхит               

E. Плеврит                 

ANSWER: A

26.Перинатальды жұқтыру кезіндегі балалардағы пневмонияның жиі қоздырушысы болып табылады:

A.стафилококк                

B. ішек таяқшасы               

C. хламидия                

D. саңырауқұлақтар               

E. стрептококк                

ANSWER: C

27. Бала 4 жаста. Шағымдары: көз көруінің нашарлауы, «көзге құм тұрғандай» ссезімі, ізе және аяқ басы буындарында таңертеңгілік құрысу, кешке қарай буындардың қозғалысы қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң аяқың тізі буынының көлемі үлкейген, алақанға қызуы сезіледі, максимальды аяқты жазуытшектелген. Басқа ағзалары өзгеріссіз. Көздерін қарап, тексеруде: көз алмасы тамырлық суретінің күшеюі, синехия есебінен көз алмасының пішіні өзгерген. Науқаста қандай диагноз ықтимал болуы мүмкін?:

A. Реактивті артрит                 

B. Ювенильді созылмалы артрит                

C. Ревматоидты артрит                

D. Облитерлеуші артрит               

E. Жүйелі қызыл жегі               

ANSWER: B

28. Функциональды жүрек шуы келесі ауруда дамуы мүмкін:

A.Қолқа коарктациясында

B.Тимомегалияда            

C.Кардиомегалияда               

D. Митральды қақпақшаның пролапсында

E. Фиброэластозда                

ANSWER: B

29. Бастың ауруы, мұрыннан кетулер, қадамдау кезіндегі аяқтардағы әлсіздік пен ауруы, жүректің қағуы, ентігу, қолдарына қарағанда, аяқтарда артериялық қысымның төмен болуы, сан артериясында пульстің болмауы – сияқты клиникалық симптомдар жүректің қандай ақауына тән болып табылады?:

A.ҚАПА                

B.ЖАПА                 

C.Ашық артериялық өзек                 

D. Фалло тетрадасы

E. Қолқа коарктациясы

ANSWER: E

30. Қыз бала 13 жасар, кардиоревматологта есепте тұрғанына 3 жыл болды. 2 ай бұрын ЖРВИ ауырғаннан кейін дене жүктемесі кезінде ентігу, жүректің қағуы, жүрек тұсының ауруы, әлсіздік, тез шаршағыштық дамыған. Объективті: терісі бозарған, «жүрек бүкірі», бұғана ортаңғы сызықтан сыртқа, жүрек ұшы түрткісі VI қабырға аралықта көтеріңкі және жайылған, I үн әлсіреген, II үннен кейін «сылдыраған су» диастолалық шу естіледі, ол еңкейген кезде IV қабырға аралықта төстің со жақ қыры тұсында жақсы естіледі. Науқаста жүректің қандай ақауы қалыптасқан?:

A. митральды тесіктің стенозы                 

B. қолқа сағасының стенозы                

C. митральды қақпақшаның жетіспеушілігі                 

D. қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі                

E. үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі                 

ANSWER: D

31. Жедел ревматикалық безгектің біріншілік медикаментозды профилактикасы күндер бойына жүргізіледі ?:

A.5                 

B.10                 

C.15                

D.20               

E.25                 

ANSWER:B

32. Бастың ауруы, мұрыннан қан кетулер, жүру кезінде аяқтардағы әлсіреу мен ауру сезімі, жүректің қағуы, ентігу, қолдарға қарағанда аяқтардағы артериялық қысымның төмен болуы, сан артериясындағы пульстің болмауы сияқты клиникалық симптомдар– жүректің қандай ақауына тән?:

A. ҚАПА                 

B. ЖАПА                

C. ААӨ                

D. Фалло тетрадасы               

E. Қолқа коарктациясы                

ANSWER: E

33. Ер бала 11 жаста, кардиоревматологта есепте тұрғанына 3 жыл болды. 2 ай бұрын ЖРВИ ауырғаннан кейін дене жүктемесі кезінде ентігу, жүректің қағуы, жүрек тұсының ауруы, әлсіздік, тез шаршағыштық дамыған. Объективті: терісі бозарған, «жүрек бүкірі», бұғана ортаңғы сызықтан сыртқа, жүрек ұшы түрткісі VI қабырға аралықта көтеріңкі және жайылған, I үн әлсіреген, II үннен кейін «сылдыраған су» диастолалық шу естіледі, ол еңкейген кезде IV қабырға аралықта төстің со жақ қыры тұсында жақсы естіледі. Науқаста жүректің қандай ақауы қалыптасқан:

A. митральды тесіктің стенозы                 

B. қолқа сағасының стенозы                

C. митральды қақпақшаның жетіспеушілігі                 

D. қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі                

E. үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі   

ANSWER: D

34. Жедел ревматикалық безгек кезіндегі екіншілік профилактиканың ұзақтығы әрбір науқас үшін бекітіледі?:

A. 5 күн                

B. жеке               

C.15 күн                 

D.1 ай               

E.1 жыл                 

ANSWER: B

35. Жүректе ақаудың қалыптасуы кезіндегі ревматизмнің үздіксіз рецидивті ағымындағы жыл бойына профилактика жүргізіледі:

A. 1 жылда                 

B. 2 жылда                 

C. 3 жылда                                  

D. 4 жылда                                 

E. 5 жылда                

ANSWER: E

36. Ревматизм бойынша қауіп тудыратын балаларға маусымдық бициллинопрофилактика жүргізіледі:

A. 3 айда                 

B. 6 айда                

C. 1 жылда                

D. 1,5 жылда               

E. 2 жылда                

ANSWER: E

37. Өт жолдары дискинезиясы мен холециститтің дифференциальды диагностикасы үшін ең маңызды симптом?:

A. оң қабырға астының ауруы                 

B. созылмалы интокискация симптомдары                 

C. вегетодистонияның белгілері                

D. бұрыннан бергі ауруы                

E. түнгі аурулар                

ANSWER: B

38. «Созылмалы гастриттің өршуі» диагнозбен ауруханадан шыққан балаға егуді жүргізуге болатын уақыт?:

A. 2 айдан кейін                 

B. 6 айдан кейін                

C. 1 жылдан кейін                

D. медициналық қайтарым               

E. 4 айдан кейін                

ANSWER: A

39. Келесі: ашығу-ауырсыну-тамақтану-жеңілдену, жүрек айну, қыжыл ияқты клиникалық симптомдар қандай диагнозға сәйкес келеді?:

A. Жедел холецистит                 

B. Жедел эрозивті гастрит                

C. Жедел панкреатит                

D. Созылмалы гастриттің өршуі               

E. ойық жара ауруы                

ANSWER: E

40. Гиперацидтілік үшін тән емес симптом?:

A. іш өту                

B. гастродуоденальды аймақтағы ашығу ауруы                

C. іш қату                

D.тілдің өңезделуі               

E. қыжыл                 

ANSWER: A

41. Ферменттерді жалтарту синдромы тән ауру?:

A. Гастродуоденит                

B. Ішектің тітіркену синдромы                 

C. Майлы гепатоз                

D. Жедел панкреатит                

E. Рей синдромы

ANSWER: D

42. Ер бала 12 жаста, айтқан шағымдары: эпигастрий аймағында аш қарынға немесе тамақтанғаннан соң 1,5-2 сағаттан кейінгі сыздап ауыруы, қыжыл, кекіру, кейде жеңілдік алып келетін қышқылмен құсу, тәбеті жаман емес. Ішті пальпациялау кезінде пилородуоденальды аймақта ауырсыну. Ауырғанына 1 жыл болды. Болжам диагнозы: хеликобактерлі этиологиядағы ойық жара ауруы. Хеликобактериоз диагностикасындағы «алтын» стандарт болып табылатын әдісті атаңыз:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


написать администратору сайта