Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница24 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

A. Гистологиялық                 

B. Бактериологиялық                 

C. Бактериоскопиялық                 

D. Биохимиялық                

E. Серологиялық                

ANSWER: A

43. Бала 7 айлық, аралас тамақтандырылады, бейімдендірілген қоспаларды қабылдаған, бірақ 2 күн бұрын анасы балаға сиыр сүтін берген, содан кейін балада тәулігіне 10 ретке дейін іші өткен және 1-2 рет қайталамалы құсу болған. Баланы қарап тексеру кезінде: бала мазасыз, терінің серпімділігі төмендеген, көздері шүңірейген, жылағанда жастары шықпайды, үлкен еңбегі түсіңкі, шырышты қабаттары құрғақ, еріндері қызыл, жүрек үндері кереңделген. Дегидратацияның ауырлығын бағалаңыз?:

A. жеңіл                 

B. орташа ауыр                 

C. ауыр                 

D. дегидратация жоқ               

E. өте ауыр                

ANSWER: B

44. Нәресте, 10 күндік, туған кездегі салмағы- 3400гр., перзентханадан 4-ші тәулікте шығарылды, бірінші күнінен бері ана сүтімен қоректендіруден кейін көп мөлшерде құсады, қайталанбалы құсу, іш өту болған, температура және интоксикация жоқ. Копрограммада нәжістің РН -5,5 дейін төмендеген, май қышқылдары ++. Клиникалық-зертханалық мәліметтер қанай ауруға сәйкес келеді?:

A. Сахарaзалық жетіспеушілік                 

B. Дисбактериоз                

C. Лактазалық жетіспеушілік                

D. Целиакия                

E. Муковисцедоздың ішектік түрі

ANSWER: C

45. Қанда жоғары ретикулоцитоз анемияның қай түріне тән?:

A. Гемолитикалық                

B. Темір тапшылықты                

C. Дәрумен тапшылықты                

D. В12 тапшылықты                

E. Апластикалық                

ANSWER: A

46. 1,5 жасар ер балада анемияның клиникалық симптомдары байқалады. Сүйек кемігінің пунктатында – қан түзілудің мегалобластикалық типі анықталады. Қан түзілудің осындай типі анемияның қандай түріне тән?:

A. постгеморрагиялық                 

B. дәрумен тапшылықты               

C. темір тапшылықты                 

D. белок тапшылықты               

E.  гемолитикалық               

ANSWER: B

47. Нәресте 9 айлық. Анамнезінен: екі рет ішек инфекциясымен ауырған. Объективті: терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Дене салмағының тапшылығы - 11%. Тіреуішпен отырады, еңбектемейді. Қайталанбалы құсу байқалады; нәжісі тұрақсыз. ЖҚА: эритроциттер- 4,6×10 12/л, Нв -83 г/л, ТК- 0,75, лейкоциттер- 8,1×10 9/л; белок -60 г/л, сары судағы темір- 5,3 мкмоль/л. Балада ең мүмкін болатын болжам диагнозын атаңыз?:

A. ішек инфекциясы                 

B. гипотрофия                

C. темір тапшылықты анемия                

D. белок тапшылықты анемия               

E. перинатальды энцефалопатия                

ANSWER: C

48. Геморрагиялық васкулиті бар балаларды диспансеризациялаудың мерзімдері(жылдар)?:

A.1                 

B.2                 

C.3                

D.4                

E.5                 

ANSWER: C

49. Нәресте 2 айлық, туылғандағы салмағы- 2600гр., дамудың кіші ақаулықтары бар: ершік тәрізді мұрын, синдактилия, шаштары шабылған сияқты. Шағымдары: терісі мен шырышты қабаттарының үдемелі бозаруы, ему кезінде тез шаршағыштық. Жалпы қан анализінде: эритроциттер – 2x1012/л, Нв- 70 г/л, ТК -0,8, лейкоциттер- 10x109/л, тромбоциттер- 180x109/л, ЭТЖ- 20 мм/сағ. Диагнозды нақтылау үшін ең ақпаратты клиникалық-зертханалық әдістері қандай?:

A. гематокритті, трепанобиопсия                 

B. фетальды гемоглобинді, гематокритті анықтау

C. трепанобиопсия, гемопоэтикалық жасушаларды цитохимиялық зерттеу                 

D. ретикулоциттер мен гематокритті анықтау                

E. сүйек кемігінің пункциясы, гемопоэтикалық жасушаларды цитохимиялық талдау                 

ANSWER: E

50. Ер бала 7 жасар, шағымдары: терідегі бөртпелер, буындар мен іштегі ауыру сезімі, 2 апта бұрын фоликуллярлы баспамен ауырған. Қарап тексеу кезінде: аяқтарында көп емес симметриялы петехиальды-папулезді бөртпелер, аяқ басы буынының ісінгені анықталды. Лимфатикалық бездері ұлғаймаған. Ішін пальпациялау кезінде шамалы ауырсынады. Бауыры мен көк бауыры пальпацияланбайды. Жалпы қан анализінде: шамалы лейкоцитоз. Клиникалық диагноз қойылғаннан кейін ем тағайындалды. Науқастың ауырлық жағдайына байланысты сәйкесінше қандай ем көрсетіледі?:

A. Курантил, Трентал                 

B. Гепаринотерапия                 

C. Плазмоферез                

D. Иммунодепрессивная терапия                

E. Преднизолон                

ANSWER: A

51. Қандағы жоғары ретикулоцитоз анемияның қандай түріне тән?:

A. Гемолитикалық                 

B. Темір тапшылықты                

C. Дәрумен тапшылықты                 

D. В12 тапшылықты                

E.  Апластикалық               

ANSWER: A

52. Эритроциттердің минимальды осмостық резистенттілігінің төмендеуі қандай ауруда кездеседі?:

A. Талассемия                

B. Орақ тәрізді клеткалы анемия                 

C. Фавизм                

D. Микросфероцитарлы анемия                

E. Пароксизмальды түнгі гемаглобинурия                

ANSWER: D

53. Ер бала 7 жасар, шағымдары: терідегі бөртпелер, ішінің және буындарының ауруы, 2 апта бұрын фоликуллярлы баспамен ауырған. Қарап тексеру кезінде: аяқтарына көп мөлшерде симметриялы петтехиальы-папулезді бөртпелер бар, аяқ басы буыны ісінген. Лимфатикалық бездері ұлғаймаған. Ішін пальпациялау кезінде шамалы ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. ЖҚА: эритроциттер – 4,0x1012/л, Hв-120 г/л, ЦП 0,9, тромбоциттер -150x109/л, лейкоциттер- 10x109/л, нейтрофилдер- 54%, лимфоциттер- 23%, моноциттер- 5%, эозинофилдер- 8%. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?:

A. Верльгоф ауруы               

B. Шенлейн-Генох ауруы                 

C.  Виллебрандт ауруы                

D.  Рандю-Ослер а уруы              

E.  Вискотт- Олдрич синдромы

ANSWER: B

54. Грецияға жақында туысқандарына қонаққа барып, келген 1жас 8айлық бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 3 күн бұрын ЖРВИ ауырған, парацетамол, сульфаниламид қабылдаған. Анамнезінен: анасы мен әпкесінде қайталамалы мазасызданулар, терісінің және көздің шырышты қабаттарының бозаруы мен сарғыштығын байқаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті: балада айқын терісінің бозаруы және шырышты қабаттарының сарғыштығы байқалады, енжар, адинамия, зәрінің түсі «шие ликеріне» ұқсайды, ЖҚА: эритроциттер – 2,1x1012/л, Нв -60 г/л, ТК- 0,9. ЖЗА: бұзылған эритроциттер көру аймағын көмкеріп жатыр. Аталған диагноздардың қайсысы науқаста ең ықтимал?:

A. Тұқымқуалайтын микросфероцитоз                 

B. Тұқымқуалайтын энзимопениялық, сфероцитарлық емес анемия                

C. Тұқымқуалайтын овалоцитоз                 

D. Белок тапшылықты анемия              

E. Орақ тәрізді клеткалы анемия                

ANSWER: C

55. Зертханалық көрсеткіштердің қайсысы жоғарыласа бүйректер қызметінің бұзылысын нақты сипаттайды?:

A. Натрий                 

B. Альбумин                 

C. Холестерин                 

D. Креатинин               

E. Калий                

ANSWER: D

56. Бүйректің аталған қызметтерінің қайсысын Зимницкийдің сынамасымен бағалауға мүмкіндік береді?:

A. Секреторлық                 

B. Фильтрациялық                 

C. Реабсорбциялық                 

D. Концентрациялық               

E. Азото бөлетін                

ANSWER: D

57. Балалардағы гипернатриемияның клиникалық көрінісі үшін Ең тән болып табылатын өзгерістері қандай?:

A. Анурия                 

B. Іш шемені                 

C. Гипотония                

D. Аритмия               

E. Неврологиялық симптомдар                 

ANSWER: E

58. Ауруханада 12 жасар балаға бүйректің созылмалы ауруы (БСА) деген диагноз қойылды: АҚ- 150/95; Нв- 100г/л, ЭТЖ -26 мм/сағ.; зәрінде - белок 0,33 г/л, лейкоциттер 5-10 к/а, эритроциттер- 10-20 к/а; б/х анализ - креатинин 0,5 ммоль/л, Шумақтық фильтрацияның жылдамдығы (ШФЖ) 25 мл/мин; УДЗ – бүйрек көлемінің кішіреюі, табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы, бүйрек паренхимасы эхогенділігі жоғарылаған. Науқаста ең ықтимал болатын диагнозы қандай?:

A. БСА, 4р сатысы                 

B. БСА, 3b сатысы                 

C. Созылмалы пиелонефрит, БСА

D. Созылмалы гломерулонефрит, БСА

E. Гломерулонефриттің гипертониялық түрі                

ANSWER: A

59. Ауруханаға 8 жасар бала келіп түсті, шағымдары: ісіну, басының ауруы, зәр түсінің өзгеруі. Объективті: беттері, аяқтары ісінген, АҚ - 140/90 мм.сын.бағ., ЖЗА: белок - 2,5г/л, эритроциттер көру аймағын көмкеріп жатыр. Қандай ауру туралы ойлауға болады?:

A. Пиелонефрит                 

B. Интерстициальды нефрит                

C. Гломерулонефрит                

D. Бүйректің туберкулезі               

E. Зәр -тас ауруы                

ANSWER: C

60. Жедел гломерулонефриттің клиникасына ең сәйкес келетін симптомдары қандай?:

A. Бактериурия 1 мл зәрде 100 000                  

B. Лейкоцитурия, оксалатурия                 

C. Дизурия, ЖЗА лейкоциттердің жиналуы                 

D. Ісінулер, АҚ жоғары, протеинурия 2 г/тәул., гематурия                

E.  Лейкоциттер көру аймағының барлығын көмкеруде               

ANSWER: D

61. Анамнезінде айқын протеинуриясы жоқ, зәр шығару жүйесінің инфекциясымен 8 жасар науқаста артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?:

A. Созылмалы гломерулонефрит                 

B. Бүйректердің амилоидозы

C. Бүйректер поликистозы                 

D. Рефлюкс-нефропатия               

E.  Люпус-нефрит               

ANSWER: D

62. Бүйректердің созылмалы аурулары кезіндегі нефропротективті емнің «алтын стандарты» болып табылатын дәрілік препараттар қандай?:

A. Антибиотиктер                

B. Ферменттер                 

C. Дәрумендер                

D. Глюкокортикоидтар                

E. Ангиотензинге айналдыратын ферменттің ингибиторлары                 

ANSWER: D

63. Бала 2 айлық. Гестацияның 32 апта мерзімінде асфиксиямен туылдылды. Балалар емханасында профилактикалық қарап, тексеру кезінде анықталды: терісінің бозаруы, салмақ тапшылығы- 10%. ЖҚА: эритроциттер- 4,0×10 12/л, Нв - 82 г/л; сары судағы темір -6,3 мкмоль/л. Болжам диагнозы қандай?:

A. гипотрофия                

B. белок тапшылықты анемия                

C. туа біткен гипопластикалық анемия                 

D. шала туылғандардың «ерте» анемиясы                

E. дәрумен тапшылықты анемия                 

ANSWER: D

64. Балалардағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің қандай асқынуы диализді еммен коррекцияланбайды?:

A. ісіктер                

B. анемия                 

C. ацидоз                

D. гиперкалиемия                

E. уремия                

ANSWER: B

65. Бала 14 жаста, ауырғанына 3 жыл болған, эндокринологта есепте тұрады. Шағымдары: гиподинамия, бұлшықеттік әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, шөлдеу, полиурия, ішінің қайталанбалы ауруының мазалауы. Объективті: науқастың тамақтануы төмендеген, емшек ұштары терісінің, іштің ақ сызығының айқын гиперпигментациясы, мойында, шынтақта, әр жерінде депигментация. Жүрек үндері кереңделген, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Диагнозды нақтылау үшін зертханалық қандай көрсеткішті анықтауымыз қажет?:

A. Сахар                 

B. Кальций                 

C. Кортизол                 

D. Тиреокальцитонин               

E. Паратгормон                

ANSWER: C

66. Шаршағыштық, түнгі және күндізгі энурездің пайда болуы, терінің құрғақ болуы, қызарулар, тері асты шел қабатының жұқаруы, бауырдың ұлғаюы, шынтақтары мен аяқтарында ксантомалар, шөлдеу болатын симптомдар кешені ерте жастағы балалардағы қандай ауру үшін тән?:

A. бүйректік диабет                 

B. қантсыз диабет                 

C. қант диабеті                

D. гипотиреоз               

E. гипопаратиреоз                 

ANSWER: C

67. Бала 8 жасар, қант диабеті диагнозымен есепте тұрады. Ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті, шағымдары: басының ауруы, ішінің ауруы, агрессивті, көруінің бұзылысы, ұйқышылдық, сөйлеуінің қиындауы, тремор. Объективті: терісі бозарған, ылғалды, тахикардия, көз қарашығының кеңеюі. Науқаста қант диабетінің қандай асқынуы дамыған?:

A. Гипогликемия                 

B. Кетоацидоз                

C. Лактатацидоз                 

D. Диабеттік микроангиопатия                

E. Қанның гиперосмолярлығы                

ANSWER: A

68. Бала 11 жаста, қант диабеті диагнозымен есепте тұрады. Шағымдары: шөлдеу, жоғарылаған диурез, кіндік айналасындағы толғақ тәрізі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, бастың айналуы, көруінің нашарлауы. Ауырғанына 2 күн болды. Объективті: шырышты қабаттары құрғақ, ашық, ауыз бұрыштары жарылған, тілі өңезделген, бет ұштары қызарған. Науқаста негізгі ауруының қандай асқынуы болуы мүмкін?:

A. Диабеттік кетоацидоз 1 дәрежесі                 

B. Прекома                 

C. Диабеттік кетоацидозды кома                

D. Лактатацидозды кома               

E. Гиперосмолярлық кома                

ANSWER: A

69. Тырысулар, күрт эксикоз, біртіндеп басталуы (10-12 күн), глюкозурия, плазманың осмолярлығы - 500 мОсм/кг –осы симптомдар команың қандай түрі үшін тән?:

A. Кетоацидозды                 

B. Гиперосмолярлы                 

C. Лактатацидозды                 

D. Гипогликемиялық               

E. Уремиялық                

ANSWER: B

70. Бала 9 жасар, қант диабеті диагнозымен есепте тұрады. Ауруханаға түскен кезінде есі сопорозды, шулы тыныс, «кофе қойыртпағымен» тоқтаусыз құсу, ішінің тұрақты ауру байқалады. Объективті: жағдайы өте ауыр, терісі құрғақ, сұрғылт реңкпен қатпарлы, периоральды цианоз, шырышты қабаты құрғақ, тілі қоңыр өңезбен көмкерілген, тахикардия, АҚ төмендеген, жүрек үндері кереңделген. Науқаста қант диабетінің қандай асқынуы болуы мүмкін?:

A. Диабеттік кетоацидоз 1 дәрежесі                 

B. Диабеттік кетоацидоз 2 дәрежесі                

C. Диабеттік кетоацидозды кома                 

D. Лактатацидозды кома                

E. Гипогликемиялық кома               

ANSWER: B

71. Бала 14 жасар, ауырғанына 3 жыл болды, эндокринологта есепте тұрады. Шағымдары: гиподинамия, бұлшықеттік әлсіздік, тәбеті нашар, шөлдеу, полиурия, қайталамалы ішінің ауруы мазалайды. Объективті: науқас арық, емшек ұштары, іштің ақ сызығы терісінің айқын гиперпигментациясы, мойында, шынтақтарында депигментация байқалады. Жүрек үндері кереңделген, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқаста қандай ауруды болжауға болады?:

A. Бүйрек үсті безінің феохромоцитомасы                

B. Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының туа біткен гиперплазиясы

C. Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі                

D. Созылмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі               

E. Гипоальдестеронизм                 

ANSWER: D

72. Балаларда қант диабетінің бар-жоқтығын көрсететін толеранттылыққа стандартты сынама жүргізу кезінде глюкозаның (ммоль/л) көрсеткіші қандай?:

A. 3,9                 

B. 4,5                 

C. 5,8                

D. 6,1               

E. 8                

ANSWER: E

73. Стандартты глюкозо-толеранттты тестті (СГТТ) 14 жасар ер балаға жүргізу кезінде келесі нәтиже алынды: аш қарынға қандағы қанттың мөлшері –5,5ммоль/л, 30мин өткен соң – 11,2ммоль/л, 60мин кейін– 12,5ммоль/л, 120мин соң – 9,6ммоль/л.

Қантты анықтаудың қисық сызығының ең мүмкін болатын сипатын таңдаңыз?:

A. Күмәнді                 

B. Гипогликемиялық                

C. Гипергликемиялық                

D. Нормогликемиялық                

E. Гиперинсулинемиялық                 

ANSWER: C

74. Қыз бала 6 жасар, «Гипотиреоз» диагнозы қойылды.

Науқасқа аталған тағайындаулардың қайсысы қажет?:

A. Инсулин                 

B. Адиурекрин                 

C. Глюкокортикоидтар                 

D. Тиреоидты гормондар               

E. Минералокортикоидтар                

ANSWER: D

75. Респираторлық патологиясы бар балаларды госпитализациялаудың көрсеткіштері келесі құжатта анықталған?:

A. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы                

B. Тұрғындар арасындағы жұқпалы және паразиарлық ауруларды тіркеу және есепке алу Ережесі                

C. Кепілді медициналық көмектің тізімін бекіту туралы                 

D. АИВ инфекциясының АБЖП (ППМР)                 

E. Аса қауіпті инфекцияны анықтаудың стандарттары                

ANSWER: A

76. Респираторлық патологиясы бар балаларды емдеудің тәсілі келесі құжатта анықталған?:

A. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы                

B. Тұрғындар арасындағы жұқпалы және паразиарлық ауруларды тіркеу және есепке алу Ережесі                

C. Кепілді медициналық көмектің тізімін бекіту туралы                 

D. АИВ инфекциясының АБЖП (ППМР)                 

E. Аса қауіпті инфекцияны анықтаудың стандарттары                

ANSWER: A

77. Диареяның жіктелуі: секреторлық, инвазивті- қандай әдістемелік нұсқаулықтарда анықталған?:

A. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы                

B. Тұрғындар арасындағы жұқпалы және паразиарлық ауруларды тіркеу және есепке алу Ережесі                

C. Кепілді медициналық көмектің тізімін бекіту туралы                 

D. АИВ инфекциясының АБЖП (ППМР)                 

E.Жұқпалы ауруларға қарсы тұрғындарды егуді жақсарту бойынша шаралар туралы                

ANSWER: A

78. Қауіптіліктің жалпы белгілері немен сәйкес анықталады?:

A. Кепілді медициналық көмектің тізімін бекіту туралы                 

B. Тұрғындар арасындағы жұқпалы және паразиарлық ауруларды тіркеу және есепке алу Ережесі                 

C. Аса қауіпті инфекцияны анықтаудың стандарттары                 

D. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы             

E. Жұқпалы ауруларға қарсы тұрғындарды егуді жақсарту бойынша шаралар туралы                 

ANSWER: D

79. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда қарастырылатын мәселелерді анықтаңыз?:

A. диарея                 

B. мұрыннан су кету                 

C. бөртпе                

D. артралгия                

E. түшкіру                

ANSWER: A

80. 5-жасар бала қабылдау бөлімшесіне келіп түсті, дене қызуы t 38,8°С, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі бар. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша қызбаны анықтаңыз?:

A. менингококкты инфекция                

B. этиологиясы белгісіз қызба

C. өте ауыр фебрильді ауру                

D. менингит                

E. мүмкін болатын бактериальды инфекция                 

ANSWER: C

81. Қыз бала ауруханаға 37,8°С температурамен келіп түседі; конъюнктивит, мұрыннан су кету және ылғалды жөтелі бар. Аускультативті: тынысы қатаң және сырылдар бар. «Жөтел және қиындаған тыныс» мәселесін сипаттайтын белгіні анықтаңыз (БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы)?:

A. мұрыннан су кету                

B. қызба                 

C. жөтел                

D. коньюнктивит               

E.  қатаң тыныс               

ANSWER: C

82. Бала 2 жаста. Онда диарея бар. Енжар, мазасыз, құсу 2 рет, сұйық нәжіс 3 рет, шырыш бар. БЖАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша сусыздану дәрежесін сипаттайтын белгіні анықтаңыз?:

A. іші ішке тартылған                 

B. көздері шүңірейген                

C. шырышты қабаттары құрғақ                 

D. сфинктерит                

E. жасының болуы                

ANSWER: B

83. Жұқпалы аурулар, улану, егуге реакция туралы шұғыл хабарламаның формасы қандай?:

A. №112/у                 

B. №058/у                

C. №063/у                 

D. №50/у               

E. №076/у                 

ANSWER: B

84. Баланың дамуы туралы жазылатын медициналық құжат?:

A. форма 112/у                 

B. форма 026/у                 

C. форма 030/у                 

D. форма 025/у               

E. форма 063/у                

ANSWER: A

85. В детской поликлинике группа здоровья ребенка отмечается в учетной форме?:

A. 026\у                 

B. 038\у                 

C. 112\у                

D. 063\у               

E. 039\у                

ANSWER: A

86. Прфилактикалық егулерің картасы – бұл тіркеу формасы?:

A. 112/у                 

B. 026/у               

C. 039/у                 

D. 058/у                

E. 063/у                 

ANSWER: E

87. Үй жағдайындағы тіркеу формасы?:

A. 030/у                 

B. 063/у                

C. 058/у                 

D. 003/у               

E. 026/у                

ANSWER: D

88. Қызылша, қызамықтың диагностикасы және емі туралы жазылған бұйрық?:

A. № 264                 

B. № 566                

C. № 479                

D. № 2136                

E.  № 661               

ANSWER: A

89. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің қандай бұйрығына сәйкес балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау жүргізіледі?:

A. бұйрық № 508, 23.06.2015                 

B. бұйрық № 626, 28.07.2015                 

C. бұйрық № 685, 10.11.2009                 

D. бұйрық №145, 16.03.2012                

E. бұйрық №459, 8.06.2015                 

ANSWER: C

90. Поломиелиттің (салдану) профилактикасы бойынша Нормативті құжат?:

A. №535                 

B. № 113                 

C. №566                 

D. №479                

E. № 264                

ANSWER: A

91. Шигеллез бойынша ошақты бактериологиялық зерттеу кезінде бала бақшаның тобындағы 4 жасар баладан Флекснер бактериясы анықталды. Клиникалық симптомдары анықталмады, бірақ 1 күн бұрын іші өткен. Педиатр дәрігерінің іс-әрекетінің алгоритмі қандай?:

A. бала бақшаға баруға рұқсат беру                 

B. үйде емдеу                 

C. ауруханаға жатқызу                 

D. күндізгі стационарда емдеу               

E.  балалар емханасында бақылау               

ANSWER: B

92. Қыз бала 11 айлық, Т-38С, мазасыз, инспираторлық ентігуі бар, патологияық қоспасыз 2 рет іші өткен, құсу болған. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ем қабылдамаған. Объективті: мұрынмен демалуы қиындаған, бадамшалары ұлғайған, қызарған, жақ асты және мойын алды лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады, оң жақ құлағынан іріңді бөліністері бар, гепатоспленомегалия. ЖҚА: лейкоцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар- 15%, ЭТЖ -15 мм/сағ. Инфекциялық мононуклеоз диагнозы қойылды. Аурудың қандай көріністері асқынулары болып табылады?:

A. іріңді отит                 

B. баспа                 

C. қызба                

D. гепатоспленомегалия               

E.  лимфоаденопатия               

ANSWER: A

93. Жәншау ошағында профилактика жүргізілетін жолдары?:

A. қатынаста болғандарды вакцинациялау                 

B. қатынаста болғандар бицилин-5 тағайындау

C. барлық қатынаста болғандарға γ-глобулинді егу                

D. қатынаста болғандарды 45 күнге оқшаулау                

E. қатынаста болғандарды 7 күндей бақылау                

ANSWER: E

94. Эксикозбен токсикоздың III дәрежесі үшін қандай симптом тән емес?:

A. 10% астам салмағын жоғалту                 

B. есінің тежелуі, гипертермияның болмауы                 

C. терісі босаған, тіндердің тургоры төмендеген                 

D. шөлдеудің жоқтығы, олигоанурия                

E. тахикардия, артериялық гипертензия                

ANSWER: E

95. Есекжеммен (паротит) ауырған балада ішінің ауруы, қайталамалы құсу, патологиялық қоспасыз ішінің 2 рет өтуі анықталды. Менингеальды бегілері жоқ. Ликворы патологиясыз. Зәрдегі диастаза - 128 бірлік. Науқаста ең ықтимал болатын диагноз?:

A. паротит+жедел ішек инфекциясы                 

B. панкреатит                 

C. паротит + өт жолдарының дискинезиясы                 

D. паротит + аппендицит               

E. паротит + панкреатит                

ANSWER: C

96. Бала 10 айлық, 3 күн бұрын ауырған. Құсу тәулігіне 8-10 ретке дейін, жиі іші өткен. Объективті: енжар, адинамиялы, терісі мәрмәр суретімен бозарған, терінің серпімділігі күрт төмендеген: терінің қатпары 3 минуттан оң қалпына келеді, қолдары суық. Тахикардия 180 соққы минутына, олигурия. Гематокрит 45%. Науқаста қандай диагноз ықтимал болуы мүмкін?:

A. Эксикоз I дәрежесі                

B. Эксикоз II дәрежесі                

C. Эксикоз III дәрежесі                 

D. Нейротоксикоз                

E. ТШҚҰ (ДВС)-синдром                

ANSWER: B

97. Токсоплазмоз жұқтырған анадан туылған балада, анасының жүктілігі кезінде туа біткен токсоплазмоздың жеделдеу түрі диагностикаланды. Аурудың осы түрінде қандай симптом тән?:

A. Гепатомегалия                 

B. Лимфоаденопатия               

C. Орталық нерв жүйесінің зақымдануы                

D. Сарғыштық                

E. Қызба

ANSWER: E

98. Бала 1 жасар, кенеттен түнде ауырды. Дауысы қарлығып, дөрекі «үрген» тәрізді жөтел, периоральды цианозбен инспираторлық ентігу пайда болды, тыныштық жағдайда кеуде қуысының ойыс аймақтары ішке тартылад. ЖРВИ, ларингит, ТЖII дәрежесі диагностикаланды. Осы тыныс жетіспеушілігінің кезінде пульс пен тыныстың жиілігі арасындағы қатынасы қандай?:

A. 1:3,5-2,5                 

B. 1:2-1,5                

C. 1:1             

D. 1:4               

E. 1:1,5                 

ANSWER: B

99. Дизентерия, орташа ауыр түрі деген клиникалық диагнозы бар балаға толық клиникалық әсері бар per os канамицинмен ем жүргізілген болатын. Нәжістің бақылау бактериологиялық зерттеуді жүргізуің мерзімдері қандай?:

A. антибиотикті тоқтатуға дейін бір күн бұрын

B. антибиотикті тоқтату күнінде                 

C. антибиотикті тоқтатқаннан кейін бір күннен ерте емес               

D. антибиотикті тоқтатқаннан кейін үш күннен ерте емес              

E. бактериологиялық зерттеу жүргізілмейді                

ANSWER: D

100. Инфекциялық А гепатиті бар науқаспен қатынаста болған балалар үшін қандай карантинді мерзімді сақтау керек?:

A. 10                 

B. 15                 

C. 20                 

D. 30               

E.  35              

ANSWER: E

101. Репродуктивті жүйенің жетілуінде ең анықтаушы активациясы болып табылады?:

A. қалқанша бездің                 

B. бүйрек үсті безінің                 

C. гипоталамустың                 

D. гипофиздің                

E. жұмыртқалардың                 

ANSWER: C

102. Ювенильді кезеңдегі жатырдың дисфункциональді қан кету дамуының негізгі ықтимал себебі?:

A. фолликулдардың атрезиясы                 

B. фолликулдардың персистенциясы                

C. гиполютеинизм                 

D. гиперпролактинемия                

E. қанның аурулары                 

ANSWER: A

103. Қыз балаларда репродуктивті жүйе қызметінің «жетілген» түрі көбінесе сипатталады?:

A. Жамбас сүйектері өлшемдерінің үлкеюімен                 

B. Аналық бездері өлшемдерінің үлкеюімен                

C. Овуляторлы циклмен                 

D. Қасағаның түктенуімен               

E. Сүт бездерінің дамуымен                

ANSWER: C

104. 10 жасар қыз бала созылмалы қайталамалы вульвовагинитпен гинекологта диспансерлі тіркеуде тұрады. Бірнеше рет ем қабылдаған. Осы ем фонында ықтимал дамуы мүмкін?:

A. Кольпит                 

B. Вестибулит                 

C. Эндоцервицит                 

D. Жатыр мойны эрозиясы               

E. Бактериальді вагиноз                

ANSWER: E

105. 14 жастағы қыз бала етеккірінің 5 айға кешігіп келуіне, кейіннен қанды жағылмалы бөлінділердің 6 күн бойы келуіне шағымданады. Қарап тексергенде: бойы аласа, дене салмағының жеткіліксіздігі, сүт бездерінің үлкеюінің болмауы. Ректоабдоминальді қарағанда: сол жақ қосалқылар аймағында бүдірлі, қозғалысы шектелген ісік тәрізді түзіліс анықталды. Мүмкін болатын ықтимал ісіктің формасы?:

A. Грануллезді жасушалы ісік                 

B. Жетілген тератома                 

C. Хорионэпителиома                

D. Дисгерминома               

E. Эндометриома               

ANSWER: D

106. 9 жастағы қыз балада оң жақ аналық без аймағында мөлшері 7х6 см ісік тәрізді түзіліс анықталды. Қан анализінде альфа-фетопротеин және созылмалы гонадотропиннің жоғары концентрациясы анықталды. Ықтимал болатын ісіктер тобы?:

A. Майлы-жасушалы ісіктері                 

B. Жыныс білеуленуінің стромасы                 

C. Метастатикалық                 

D. Герминогенді               

E. Эпителиальді                

ANSWER: D

107. 16 жастағы қыз балада етеккірі 3 айға кешіккеннен кейін 8 күн бойы жалғасатын жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданып келді. Ректо-абдоминальді зерттеу кезінде патология анықталмады. Ықтимал болатын диагноз?:

A. Аналық безінің гормон өндіруші ісігі                

B. Жатыр мойны ісігі                

C. Жатыр мойны полипі

D. Ювенильді жастағы жатырлық қан кету                

E. Эндометрий полипі                

ANSWER: D

108. 8 жасар науқас жыныс жолдарынан қанды бөліністің келуіне шағымдануда.

Жыныстық дамуын бағалау үшін ықтимал жоспарлы зерттеу әдісі?:

A. аспапты зерттеу                

B. гинекологиялық тексеру                 

C. гормондарды анықтау                 

D.жыныстық формула               

E. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ                 

ANSWER: D

109. 16 жасар науқас әйелдер кеңесіне анальгетиктерді қабылдағанда көмектеспейтін ауру сезімді етеккірге, тітіркенгіштікке , еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Қыз балаларда кездесетін эндометриозы кезінде болатын дисменореяның ықтимал себебі?:

A. Простагландиндердің жоғарылауы                 

B. Миометрия тонусының жоғарылауы                 

C. Эстроген деңгейінің төмендеуі                

D. Эстроген деңгейінің жоғарылауы               

E. Сары дененің жетіспеушілігі                

ANSWER: A

110. 15 жастағы қыз балада лапаротомия кезінде сол жақ аналық безі аймағында мөлшері 8х5 см бөлікті ашылатын, құрамы геморрагиялық түзіліс анықталды. Дәрігердің ықтимал тактикасы?:

A. Сол жақ қосалқыларымен бірге жатыр ампутациясы                

B. Екі жақты овариоцистэктомия               

C. Сол жақты аднексэктомия                

D. Сол жақты овариоэктомия               

E. Сол жақ аналық без резекциясы                

ANSWER: E

111. Болашақта денсаулықты жақсарту жоспарында балалар мен жасөспірімдердің гинекологиялық ауруларын емдеу және алдын алуды ұйымдастырудың алғашқы ықтимал тапсырмасы?:

A. Гинекологиялық ауруларды ұйымдастыруда мамандандырылған көмек                 

B. Әйелдер қауымы арасында санитарлы – ағарту жұмыс                 

C. Қыздар мен жасөспірімдерді қарау, ауруын анықтау, сауықтыру                 

D. Контрацепцияның заманауи әдістері жайлы сөйлесу                

E. Түсік жасату және оның асқынулары жайлы сөйлесу                 

ANSWER: C

112. Ювенильді қан кетуде науқасқа хирургиялық гемостаздың ең ықтимал көрсеткіші?:

A. Айқын темір тапшылықты анемияның біріншілік көрінісінде                 

B. Теміртапшылықты анемия кезінде, бірақ симптоматикалық заттардың әсері болмағанда                 

C. Горманальді гемостаз әсері болмағанда және көп мөлшерлі қан кетуде                

D. Қан жүйесі ұюының бұзылысы анықталғанда             

E. Жатыр шырышының органикалық патологиясына күдік туғанда                 

ANSWER: C

113. Балалар гинекологының қабылдауында 10 жастағы қыз бала. Анамнезінде созылмалы рецидивті вульвовагинит. Бірнеше рет ем қабылдаған. Осы жағдайда ең жиі кездеседі?:

A. кольпит                 

B. вестибулит                

C. эндоцервицит                 

D. жатыр мойнының обыры                

E. бактериальді вагиноз                 

ANSWER: E

114. Балалар гинекологының қабылдауында 10 жастағы қыз бала жыныс жолдарынан бөлінділердің көптеп келуіне, қышуы, күйдіруі, дизурияға шағымданып келді. Қарап тексергенде: кіші жыныс ернеуінің шырышының гиперемиясы және ісінуі, үлкен жыныс ернеуінің және қынаптың кіріберісінің айқын қан тамырлы көрінісі, қасыған іздер байқалады. Мүмкін болатын болжам диагнозы?:

A. вульвит                 

B. кольпит                

C. эндоцервицит                 

D. вульвовагинит               

E. аралықтың дерматиті

ANSWER: D

115. Гинекологиялық қарап тексергенде вульвовагинитке тән ең жиі кездесетін клиникалық көрініс:

A. вульваның қызаруы                

B. гениталийдің ісінуі                 

C. іріңді жабынды                 

D. қанды бөлінділер                

E. айқын қан тамырлы көрініс                

ANSWER: A

116. Қыз балалардағы созылмалы вульвовагиниттің ең тән асқынулары сипатталады?:

A. синехия                 

B. лихенизация                 

C. перианальді аймақтың қатысуы                

D. фиброзно-іріңді жабынды                

E. аралық терісінің гиперпигментациясы                

ANSWER: A

117. Балалар гинекологының қабылдауында 10 жастағы қыз бала жыныс жолдарынан бөлінділердің көптеп келуі, қышуы, күйдіруі, дизурияға шағымданып келді. Қарап тексергенде: кіші жыныс ернеуінің шырышының гиперемиясы және ісінуі, үлкен жыныс ернеуінің және қынаптың кіріберісінің айқын қан тамырлы көрінісі, қасынған іздер байқалады. Вульвовагинитте қолданатын диагностикалық емшара?:

A. зәр себіндісі                 

B. вагиноскопия                

C. жалпы зәр анализі                 

D. жалпы қан анализі                

E. қынаптың бөлінділерінің себіндісі                 

ANSWER: E

118. Балалар гинекологының қабылдауында қыз балаға вульвовагиниттің диагностикасы үшін мына процедуралар жүргізілді. Арнайылығын анықтайтын ем үшін қажетті емшара?:

A. қарап, тексеру                 

B. вагиноскопия                

C. жалпы зәр анализі                 

D. бөлінділер себіндісі                

E. бөлінділердің микроскопиясы                

ANSWER: E

119. Балалар гинекологының қабылдауында анасы 2 жастағы қызымен жыныс жолдарынан бөлінділердің көп бөлінуіне, жағымсыздыққа, алаңдаулы жағдайы және дизурияға шағымданып келді. Қарап тексергенде: кіші жыныс ернінің, үлкен жыныс ернінің және қынап кіре берісінің шырышының гиперемиясы және ісінуі, қынаптан аздаған қанды бөлінділер байқалады. Вульвовагиниттің мүмкін болатын себебі:

A. геморрагиялық цистит                 

B. қосалқы пиелонефрит                

C. қынаптағы бөгде зат                

D. гениталийдің механикалық жарақаты               

E. гениталийдің күштемелі жарақаты                

ANSWER: C

120. Балалар гинекологының қабылдауында анасы 2 жастағы қызымен жыныс жолдарынан бөлінділердің көп бөлінуіне, жағымсыздыққа, алаңдаулы жағдайы және дизурияға шағымданады. Қарап тексергенде: кіші жыныс ернінің, үлкен жыныс ернінің және қынап кіре берісінің шырышының гиперемиясы және ісінуі, қынаптан аздаған қанды бөлінділер байқалады. Диагнозды нақтылау үшін дәрігердің іс-әрекеті:

A. бөліндінің себіндісі                 

B. гинекологиялық қарау                 

C. қан анализін тағайындау                 

D. микроскопияға жағынды алу                

E. вагиноскопия бөгде затты алып тастау үшін                 

ANSWER: E

121. Балалар гинекологының қабылдауында анасы 2 жастағы қызымен жыныс жолдарынан бөлінділердің көп бөлінуіне, жағымсыздыққа, алаңдаулы жағдайы және дизурияға шағымданып келді. Қарап тексергенде: кіші жыныс ернінің, үлкен жыныс ернінің және қынап кіре берісінің шырышының гиперемиясы және ісінуі, қынаптан аздаған қанды бөлінділер байқалады. Сұраған кезде анасы осыдан бір апта бұрын баланың жатарда киетін киімінен түйме тауып алғанын есіне түсірді. Вагиноскопта бөгде зат табылды. Вульвовагиниттің бөгде заттар фонында жие байқалатын асқынуы.?:

A. инкапсуляциялануы                

B. ойықтың түзілуі                

C. шырышты қабатта жаралардың болуы                 

D. қанды бөлінділер                

E. қынап қабырғасының перфорациясы                 

ANSWER: E

122. Вульвовагинит жиі несептік синдроммен цистит, пиелонефрит түрінде жүреді. Несеп- жыныс жолдарының инфицирленуінің мүмкін болатын жолы:

A. тік ішектен жоғарылаған                 

B. гематогенді                

C. лимфогенді                 

D. қынаптан жоғарылаған               

E. қуық –несепағар рефлюксі                

ANSWER: E

123. Вульвовагинит микст-инфекциямен шақырылғанда, тағайындалатын емшара қатары. Аз қолданатын емшара:

A. озондау                

B. гениталий УКС-сі                

C. лазерлік әсер ету                 

D. шөптің қайнатылған тұнбасымен шаю                

E. аэрозольді қолдану                

ANSWER: D

124. Вульвовагинитті емдеу үшін фуран қатарының препараттары сирек тағайындалады. Оларды таңдаудағы негізгі қарсы көрсеткіштері:

A. көтере алмаушылық                 

B. тиімділігі аз                

C. жергілікті тітіркену                

D. үдерістің созылмалы болуы               

E. ұзақ қабылдау                

ANSWER: D

125. 14 жастағы қызбала балалар гинекологының қабылдауында. Шағымдары сыртқы жыныс ағзаларында кішкентай сүйелдің пайда болуы,қышуы. Қарап тексергенде кіші және үлкен еріндерінде және қынапқа кіріберісте папула түріндегі сүйелдер анықталды. Клиникалық диагноз қойылды «Үшкір ұшты кондилома». Қыз балаға қандай тексеру әдісі қажет:

A. папуладан жағынды                 

B. онкомаркерлер                

C. ВПЧ тип 16,18                 

D. папуладан себінді                

E. венерологтің консультациясы                

ANSWER: C

126. Жасөспірімдерде ВПЧ және ВПГ мен инфицирлену жолы:

A. интранатальді                 

B. антенатальді               

C. тұрмыстық қатынас                 

D. жыныстық қатынас                

E. гемотрансфузия кезінде                

ANSWER: D

127. 12 жастағы қыз бала, балалар гинекологының қабылдауында әлсіздікке, ұйкысыздыққа, сыртқы жыныс ағзаларының қышуына шағымданады. Гинекологиялық қарау кезінде: кіші және үлкен жыныс еріндерінде, аралықта, жамбаста көпіршікті және қышитын дақтар байқалады. Қыз бала суықтап жиі ауырады. Болжам диагноз:

A. генитальді герпес                 

B. екіншілік мерез                

C. үшкір ұшты кондилома                 

D. соз вульвовагиниті                

E. жедел бактериальды вульвовагинит                

ANSWER: A

128. 12 жастағы қыз бала балалар гинекологының қабылдауында әлсіздікке, ұйкысыздыққа, сыртқы жыныс ағзаларының қышуына шағымданады. Гинекологиялық қарау кезінде: кіші және үлкен жыныс еріндерінде, аралықта, жамбаста көпіршікті және қышитын дақтар байқалады. Қыз бала суықтап жиі ауырады. Диагностикалаудағы информативті әдіс?:

A. ПИФ                 

B. ИФА                 

C. ПЦР-диагностика                

D. бөліністердің микроскопиясы

E. вирусологиялық әдіс                

ANSWER: E

129. 16 жастағы қыз бала балалар гинекологының қабылдауында жыныс жолдарынан көпіршікті бөлінділерге, қышынуына, күйдіру сезіміне, дизурияға шағымданады. Жыныстық қатынас 13 жастан. Партнері тұрақсыз. Жыныстық актісі жүктіліктен сақтанбайды. Болжам диагнозы:

A. соз                 

B. хламидиоз                 

C. трихомониаз                 

D. бактериальды вагиноз               

E. микозды вульвовагинит                

ANSWER: C

130. Бактериалды вагиноздың ең аз сипатты белгілері:

A Жыныс жолдарынан көп мөлшерде жағымсыз иісті бөлінділердің болуы                 

B. Қынап бөліндісінде патологиялық қоздырғыштардың болмауы                 

C. Қынап бөліндісінде сүт қышқылды бактериялардың болу                

D. Қынаптың қабынулық өзгеріс белгілерінің болмауы                

E. ph 6-7  аса жоғарылауы              

ANSWER: C

131. Педиатр қабылдауына 16 жасар қызмына шағымдармен келді әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, кешке қарай тершеңдік, субфебрилді температура, кейде ішінің төменгі бөлімінің ауырыу. Етеккірі 15 жастан. Етеккірі аз көлемді, сирек, ауру сезімді. Объектиті тамақтануы төмен, тері жабындылары бозғылт.

Пациентті сұрастыру барысында диагноз қою үшін анықтау қажет:

A. тамақтану тәртібін                 

B. арықтау үшін диета сақтайтындығын                 

C. туберкулезді аурулармен қатынаста болғандығын                 

D. жиі суық тиіп ауыратындығын               

E. перзентханада егу алғандығын                

ANSWER: C

132. 16 жастағы науқасқа оперативті ем тағайындалды. Диагнозы: cystoma ovarii dextrae. Лапаротомияда мөлшері 8,0х8,0 см, алдыңғы күмбезде орналасқан ісік алынды. Ісікті кескенде шаш, сүйек тіні анықталды. Мүмкін болатын диагнозы:

A. жетілмеген тератома                 

B. жетілген дермоид                

C. тератобластома                 

D. хорионкарцинома                

E. эмбриональді рак                 

ANSWER: B

133. 14 жастағы қыз баланың төменгі қуыс ағзаларын ультрадыбыстық зерттеуде оң жақ аналық безінің іші сұйықтыққа толы, құрамы біртектес, шектері айқын, өлшемі 4 см түзіліс анықталды.

Менструалды қызметі бұзылмаған. Мүмкін болатын диагнозы:

A. аналық бездің фибромасы                 

B. Бреннер ісігі                 

C. дермоидты торсылдақ                

D. фолликулярлы торсылдақ                

E. параовариальды торсылдақ                 

ANSWER: D

134. 14 жастағы науқастың диагнозы: аналық бездің фолликулярлы торсылдағы. Дұрыс тактиканы таңдаңыз:

A. диспансерлік есепке алу                

B. гормональді ем тағайындау                 

C. қабынуға қарсы ем тағайындау                 

D. сіңіретін ем тағайындау                

E. оперативті ем тағайындау                 

ANSWER: A

135. Анасы 13 жастағы қызының іші ұлғацғанын байқайды. Етеккірі болған жоқ. Сүт бездері дұрыс жетілген. Қарап тексергенде: сыртқы жыныс ағзалары жасына сәйкес дұрыс жетілген. Клитор ұлғаймаған. Эластикалық түзілістің әсерінен тік ішек ампуласы сфинктрден бастап деформацияланған. Түзілістің жоғарғы полюсі кіндікке дейін қамтиды. Мүмкін болатын диагнозы:

A. гимен атрезиясы

B. алып кистома                 

C. қынаптың төменгі1/3 бөлігінің аплазиясы                

D. қынаптың жоғарғы 1/3 бөлігінің аплазиясы               

E. қынаптың ортаңғы 1-3 бөлігінің аплазиясы                

ANSWER: B

136. 13 жастағы қыз балада гигантты кистомаға күдіктенгенде ең алдымен жүргізіледі:

A. кіші жамбас ағзаларының УДЗ                 

B. метросальпингография                 

C. рентгенопельвиография                 

D. компьютерлік томография                

E. магнитті-резонансты томография                 

ANSWER: A

137. Препубертатты жастағы қыз балада аналық безінің феминизирлеуші ісігіне тән:

A. альгодисменорея                 

B. ювенильді қан кетулер                

C. жыныстық жетілудің кідіруі                 

D. жыныстық ерте жетілудін толық түрі                

E. жыныстық ерте жетілудін толық емес түрі                

ANSWER: E

138. Препубертатты жастағы қыз балада аналық безінің феминизирлеуші ісігінің диагностикалық белгісі болып табылады:

A. қан мен зәрде эстроген мөлшерінің қалыпты болуы                

B. қан мен зәрде эстроген мөлшерінің төмен болуы                

C. қан мен зәрде эстроген мөлшерінің жоғары болуы                

D. қан мен зәрде андроген мөлшерінің жоғары болуы               

E. қан мен зәрде андроген мөлшерінің төмен болуы               

ANSWER: C

139. 15 жастағы қыз балада: түнгі уақытта іштің төменгі бөлігінде қатты ауру сезімі пайда болған. Етеккірі қалыпты. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын болған . тілі ылғалды, іш перденің тітіркену белгісі жоқ. Ректоабдоминалды зерттеуде: қатты ауыру сезімінен жатыр мен оның қасалқыларын анықтау мүмкін емес. УДЗ-де: оң жақ аналық безімен жалғасқан , өлшемі 5х6 см іші сұйықтыққа толы түзіліс анықталады. Мүмкін болатын диагнозы:

A. аналық без апоплексиясы                 

B. жедел сальпингоофорит                 

C. аналық безінің ретенциялық торсылдағы                 

D. аналық безінің фолликулярлы торсылдағы                

E. аналық безінің торсылдағы аяқшасының жартылай бұралуы                 

ANSWER: E

140. 15 жастағы қыз бала 5 ай бойы етеккірінің келмеуіне, 6 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліністердің мазалауына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы қысқа, дене салмағының өте төмен болуы, сүт безінің дамымауы анықталды. Гинекологиялық тексеруде және УДЗ –де анықталған диагноз: аналық безінің дисгерминомасы. Қандай қосымша зерттеу әдісі қажет?:

A. кариотип анықтау                 

B. метросальпингография                

C. рентгенопельвиография                 

D. магнитті-резонансты томография               

E. түсті доплерлік картирлеу                 

ANSWER: A

141. Қыз 17 жаста гинекологқа әр ай сайын ішінің төмен тартып ауруына шағымданып келді. Гинекологиялық тексеру кезінде кіші жамбас аймағында қозғалмалы түзіліс анықталады. Қосалқылар аймағында - түзіліс контуры 2,5- нан 7 см. УДЗ да - жатыр мойны анықталмайды, гематокольпос қынаптың жоғарғы бөлігінде. Науқасты жүргізудің ең тиімді әдісі:

A. Лапаротомия. Жатыр ампутация                 

B. Лапаротомия. Жатырың қосалқылармен экстирпациясы                 

C. Лапаротомия. Жатыр түтіктерімен экстирпациясы                

D. Ішперде кольпопоэзы               

E. Спазмолитикалық заттарды тағайындау                 

ANSWER: D

142. БДҰ-ң критерийі бойынша жасөспірім шақтың шекарасын анықтайтын жас:

A. 15-18 жас                 

B. 14-19 жас                 

C. 12-20 жас                 

D. 10-19 жас               

E. 15-21 жас                

ANSWER: D

143. Жатыр және қынаптың даму ақаулары көбінесе келесі даму ақауларымен қосарланып жүреді:

A. зәр шығару жүйесінің                

B. жүрек-қан тамырлар жүйесінің                 

C. нерв жүйесінің                 

D. қаңқа – бұлшықет жүйесінің               

E. асқорыту жолының                

ANSWER: A

144. Пубертатты жасқа дейін қыз балалардағы оқшауланған телархе кезіндегі ең үздік ем болып табылады:

A. КОКтар                

B. Гестагендер                

C. ГнРг агонистері              

D. Антиандрогендер                

E. бақылау                 

ANSWER: E

145. Қызбала 14 жаста жыныстық жетілудің толық болмауымен тексерілуге келді. Бойы 135 см, салмағы 38 кг. Жыныстық жетілу дәрежесі: Ма0, Ах0, Р0, Ме0. Кеуде жасушасы бөшкетәрізді. Арко тәрізді таңдай. Кариотип 45Х0/45 ХХ (70:30). Болжам диагнозы:

A. қалыпты нұсқау                

B. Свайер синдромы                 

C. Тестикулярлы феминизация                 

D. Гипофизарлық нанизм                

E. Гонада дисгенезиясының типті түрі                

ANSWER: E

146. Перзентханаға жас алғаш босанушы 15 жасар әйел жүктіліктің 32 аптасы мерзімімен жеткізілді. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер пайда болды. Қан жоғалған мөлшері шамамен 300,0 мл ж±не жалғасып жатыр. УДЗ – плацентаның толық жатуы. АҚҚ 105/60 мм с. б, пульсі -90 рет минутына. Пальпациялағанда жатырдың тонусы қалыпты, жеңіл қозады. Ең ықтимал акушерлік тәсіл:

A. кесарь тілігі                

B. гемотрансфузия                

C. токолитиктер                

D. спазмолитиктер               

E.  амниотомия               

ANSWER: A

147. 15 жастағы босанушы Н, босанудан кейін 9-шы тәулікте дене температурасының 38°С көтерілуі, іштің төмен тарып ауруы, жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділер байқалады. Қынаптық тексеруде аз бөлінділер. Сыртқы ернеу саусақты ішкі ернеуге дейін өкізуде. Жатыр ұлғайған, пальпация кезінде ауру сезімді. Ең ықтимал болатын диагнозы:

A. босанудан кейінгі метроэндометрит                 

B. босанудан кейінгі параметрит                 

C. босанудан кейінгі жайылған перитонит                 

D. босанудан кейінгі пельвиоперитонит                

E. босанудан кейінгі сепсис                 

ANSWER: E

148. Қыз бала 16 жаста сирек аз етеккір, жыныстық формула Таннер бойынша Ма - 1, Рb-1, Ах - 1, кіші жамбас ағзаларының УДЗ сында –мөлшері 1,2х1,3х0,8см аналық безі анықталды преантральді фолликулалардың саны аз, ФСГ және ЛГ деңгейі қалыпты жағдайдан 2 есе жоғары.

Жыныстық жетілудің мүмкін болатын себебін анықтаңыз:

A. орталықтық                

B. бүйрек үсті безілік                 

C. қалқанша без дисфункциясы                 

D. аналық бездік                

E. этиологиясы белгісіз                 

ANSWER: D

149. Гематометра – ең мүмкін болатын қанның жиналуы:

A. қынапта қанның жиналуы                

B. жатырда қанның жиналуы                 

C.  іш қуысында қанның жиналуы                

D. кіші жамбаста қанның жиналуы               

E. аналық безде қанның жиналуы

ANSWER: B

150. Қыздық перденің атрезиясында ең мүмкін көрсетілген емшара:

A. консервативті ем                 

B. гименді крест тәрізді кесу                 

C. күту тактикасы                 

D. гормональді ем                

E. антибактериальді ем                 

ANSWER: B

151. Балалардағы жедел аппендицит аурушылдығының шегі қандай жасқа сәйкес келеді:

A. 1 жасқа дейін                 

B. 3-жасқа дейін                 

C. 4 -тен 7 жасқа дейін                 

D. 9-дан 12 жасқа дейін                 

E. 13 -тен 15 жасқа дейін                 

ANSWER: D

152. Балалардағы жедел аппендицит түрінің жіктелуі қандай критерийлерге негізделген:

A. Клиникалық-зертханалық                

B. Клиникалық-сатылық                

C. Клиникалық-морфологиялық                 

D. Патофизиологиялық                

E. Клиникалық-анатомиялық                 

ANSWER: C

153. Балалардағы жедел аппендициттің деструктивті түрін атаңыз:

A. некрозды                 

B. флегмонозды                 

C. катаральды                

D. абсцесті                

E. токсикалық                

ANSWER: B

154. Балалардағы жедел аппендициттің деструктивті емес түрін көрсетіңіз:

A. Флегмонозды                 

B. Гангренозды                

C. Катаральді                

D. Гангенозды-перфоративті                

E. Некрозды                

ANSWER: C

155. Жедел аппендициттің қандай түрінің клиникасы «Алдамшы түрдегі жағдай» сипаттайды:

A. Флекмонозды                 

B. Гангренозды                 

C. Катаральды                 

D. Гангенозды-перфоративті                

E. Некрозды                 

ANSWER: B

156. Жедел гематогенді остеомиелит кезіндегі қабыну үдерісі қайдан басталады:

A. сүйек пластинкаларында                

B. сүйек кемігінде                

C. дәнекер-тін негізінде                 

D. өсу аймағында                

E. шеміршек тінінде                 

ANSWER: B

157. Асқорыту түтікшесі екі еселенуінің қандай түрлері балаларда кездеседі:

A. сопақша, аралас                

B. түтікшелі, торсылдақты                 

C. цилиндрлі, аралас                 

D. тіке, сопақша               

E. жасырын, аралас                

ANSWER: B

158. Көкет жарықтарының қандай түрі барлық уақытта жалған болады:

A. алдыңғы                 

B. артқы                

C. көкет күмбезі                

D. өңеш тесігі               

E. көкет релаксациясы                

ANSWER: B

159
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


написать администратору сайта