Главная страница
Навигация по странице:

  • Билет-2

  • Билет-3

  • Қадам Әрекет алгоритмі 1

  • (тасымалдайтын

  • Билет-4 1.Панкреатит, клиникасы. Емі. Панкреатит

  • 2.БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

  • Тест. Хирургия%20ответы. Билет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит


    Скачать 134.66 Kb.
    НазваниеБилет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит
    Дата26.05.2021
    Размер134.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаХирургия%20ответы.docx
    ТипДокументы
    #210382
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7




    1. Сіз жол апаты болған жерге келдіңіз. 40 жасар әйел іш аймағымен қатты соғылған. Жағдайы нашар, қан қысымы 80/20 мм с. б., тамыр соғысы минутына 120 рет. Терісі бозарған. Пальпациялағанда іші күрт ауырсынады, құрсақ қабырғасының бұлшық еттері қатайған. Зәрдің түсі қалыпты. Болжамалы диагнозыңыз:Іштің тұйық жарақаты. Іштен қан кету, 2 дәрежелі геморрагиялық шок.


    Билет-2
    1.Аппендицит, этиологиясы, клиникалық көріністері. Емі.

    • Жедел аппендицит— соқыр ішек (бұйен) өскінінің кабынуы – іш ағзаларының арасында аса жиі кездеседі. Жедел аппендицит бұл полиэтиологиялы жедел хирургиялық ауру. Этиологиясы Рефлекторлы (нервтік-гумор.) Гематогенді жолмен аппендициттің тромбозы Лимфогенді Иммунологиялық Алиментарлы Паразитарлы Баугиноспазм Бөгде заттар (түйме, шемішке)

    • Клиникалық көрінісі Ауырсыну эпигастрийда басталады - 40% — бірт. Бүкіл іш қуыс, 2-6 сағаттан соң оң жақ мықын тұсында жиналақталады.  Орташа, 1-2 рет құсу, лоқсу. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы субфебрильді, пульс-90,  ҚҚ-өзгермейді. Пальпация: ОЖМ аймағында ауырсыну. Бұлшық-ет дефансы ширығуы Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Емі Жедел түрде операция – Аппендэктомия

    1. Операциядын кейінгі жараны өңдеу.




    1. Науқас У., 44 жаста, отбасылық дәрігерге белдемелі қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуіне шағымданды. Анамнезден: 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз:жедел панкератит.


    Билет-3
    1.Өңештің хирургиялық аурулары және жарақаттары.Өңештің иннервациясы Өңештің иннервациясы парасим/қ және симпат/қ нервтермен нервтенеді.Парасимпатикалық иннервация кезбе және қайталма нервпен нервтенеді,ал симпатикалық иннервация аорталық байламмен және өкпелік және жүректік тармақпен тармакталады .Өңештің алдыңғы және артқы беткейлерін көптеген жүйке тармақтары болады.Өңештің мойындық бөлімі қайтармалы нервпен,ал кеуделік бөлігі кезбе нервтің тармағымен және симпатикалық нервпен нервтенеді. Симпатикалық нерв өңештің тонусын реттейді.Иннервацияның нәтижесінде өңеш және кардиялық жүйе қосылып жүйкелік бұлшықеттік аппаратты құрайды. Өңештің тарылулары Өңештің үш түрлі тарылу бар.Олар бронхиальды, диафрагмальды, фарингиальды. Өңештің жоғарғы бөлігінже жоғарғы өңештік сфинктер,ал төменгі өңештік бөлімде төменгі сфинктер орналасқан. Негізгі сфинктерлердің қызметі тамақты асқорыту жолына тасмалдау және қоректік затты жеткізу. Ахлазия – өңештің тегіс салалы ет талшықтарының және төменгі қыспақтың тежегіш нейрондарымен реттелуі жоғалуымен сипатталады.Содан өңештің толқи жиырылуы болмауы,оның төменгі қыспағынығ толық босаңсуымен қабаттасады. Жұтыну кезінде өңештің төменгі сфинктерінің босағсуы мен шамасыздығы. Өңештің стриктурасы Өңештің тыртықтық стенозы термиялық, химиялық және сәулелермен сәулелену әсерінен дамиды. Бұл эзофагит пен пептикалық жаранаң салдар да болуы мүмкін. Жиі кездесетін өңеш стриктурасы байқаусыз немесе әдейі болған химиялық күйіктің себебінен болады.

    1. Травмалар кезінде шұғыл көмек көрсету (Шина салу алг

    2. оритмі)



    Қадам

    Әрекет алгоритмі

    1

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

    Ӛзі үшін және зақым кӛруші үшін қауіптіліктің болмауын тексеру және кӛз жеткізу. Зақым кӛрушіге қауптілік болмаған жағдайда оны оқиға болған жерден

    әкетпеу қажет.

    2

    Зардап кӛрушінің жағдайын бағалау

    Зақым кӛрушінің жағдайын, зақымның болуы мен сипатын, жалпы асқынулар болу мүмкіндігін (қан кету, басы мен омыртқаларының зақымдануы) бағалау

    Тыныс және жүрек-тамыр жүйелерінің жағдайын бағалау, шоктың болмауына кӛз жеткізу.

    3

    Зақымданған аяқтың жағдайын бағалау.

    Иммобилизация жасауға кӛрсеткішті анықтау.

    Науқастың келісімін алу.

    Сирақ сынуының абсолютті және салыстырмалы белгілерін анықтау: аяқтың мәжбүрлі қалпы, тексеруде тіндердің гиперемиясы, теріасты гематомасы байқалады, сүйек сынықтарының кӛзге кӛрінетін ығысулары жоқ. Сирақтың ортаңғы үштен бірін пальпациялауда ӛткір ауырсыну, патологиялық қозғалыс анықталады. Ашық жарақаттар байқалмайды. Табан артерияларынан пульсті, капиллярлық қанағым жағдайын анықтау.

    Иммобилизация жасауға кӛрсеткішті анықтау. Зақым кӛрушіге иммобилизация емшарасының маңызы мен мақсатын түсіндіру. Науқастың келісімін алу.

    4

    Жалпы ауырсынуды

    басуды жасау. Стерильді қолғап кию. Қолды ӛңдеу.

    Жалпы ауырсынуды басу мақсатында зақым кӛруші 10 мг кеторолакты (немесе 100 мг кетоналды, немесе 10 мг кеторалды) пероралды қабылдау қажет.

    Қолды антисептиктер ерітіндісімен ӛңдеу, стерильді қолғап кию.

    5

    Зақымданған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру.

    Шина салардан бұрын зақымданған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру (жамбас-сан және шынтақ буындарында бүгу, сирақ-табан буындарын 90 градусқа дейін сыртынан бүгу). Егер бұл мүмкін

    болмаған жағдайда, онда сүйек сынықтары барынша аз ығысатын қалыпты қамтамасыз ету.

    6

    Шинаның ӛлшемі мен түрін анықтау

    Шинаның ұзындығын анықтау (зақымданған орынға қатысты ең болмағанда жоғарыда және тӛменде жатқан буындарды қамтуы тиіс). Зақымданған аяқтың ұзындығын сау аяқтың контурлары бойынша табанның II башпайының ұшынан сыртқы тобыққа дейін және сыртқы тобықтан мықын сүйегі тарағының сыртқы жиегіне дейін ӛлшеу. Шинаның түрін анықтау

    (тасымалдайтын баспалдақты Крамер шинасы).

    7

    Зақымданған аяқ-қол контурлары бойынша

    шинаны құрастыру

    Шинаны таңдаудан соң зақымданған аяқтың артқы беткейі контуры бойынша шинаны құрастыру қажет

    8

    Сүйек шодырларының

    астына дәкеден жасалған тӛсемелер салу

    Сүйек шодырларын (тобық, тізе буыны) қысылып

    қалудан және некроздың дамуынан сақтандыру үшін мақтадан (дәкеден) жасалған тӛсеме салу қажет.

    9

    Зақымданған аяқ-қолды

    құрастырылған шинаға

    Ассистенттің кӛмегімен (егер ол болса) зақымданған

    аяқты құрастырылған тасымалдайтын шинаға салу.




    салу

    Ассистент болмаған жағдайда аяқты топай сүйектің бұдырының артынан кӛтеру және иыққа салу, сосын аяқтың астына құрастырылған шинаны қою, аяқты

    ақырындап түсіру.

    10

    Шинаны бекіту. Зақым кӛрушіні ауруханаға

    жеткізу.

    Шинаны шетінен ортасына қарай бинтпен тығыздап бекіту, ол үшін бинттің келесі қабаты алдыңғысының үштен бірін немесе жартысын жабатындай болу керек. Дисталды қанайналымның жағдайын бақылау үшін тырнақ пластинкаларын ашық қалдыру керек.

    Зақым кӛрушіні травматологиялық кӛмек кӛрсететін жақын ауруханаға жеткізу қажет.


    3.Науқас Д, 35 жаста. Жоғары дене қызбасына, 3 тәулік бойы ауырады. Бұл жерде тері гиперемиясы, ортасында жұмсарған ауырсынбалы инфильтрат. Қойылған диагноз: мастит. Хирургтың келесі тактикасы: асбцессті ашу, сауықтыру және қуысты дренаждау.
    Билет-4

    1.Панкреатит, клиникасы. Емі.

    Панкреатит — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы. Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі.Бұл аурумен ауыратындарың негізгі бөлігі майлы тамақ, алкогольді көп пайдаланушылар, тамақты көп жеушілер. Арнайы өршітетін факторлардың әсерінен ұйқы безінде протелиттік ферменттер белсенді бөлінеді. Салдарынан қабыну процессі пайда болады.

    Клиникасы:

    • Ауырсыну. Панкреатиттегі ең айқын симптом. Науқас ауырсынуды бұрап немесе сыздап ауырту сияқты сипаттайды. Уақытылы медициналық көмек көрсетіліп, ауырсынуды баспаса, науқаста ауырсыну шогы болуы мүмкін. Ауырсыну асқазан ортасында, оң жақтағы қабырға астында болады. Ұйқы безінің зақымғандан орны ауырсынады. Ұйқы безі түгел зақымданған болса, құрсаулап аурады.

    • Дене қызыуының көтерілуі мен қан қысымының ауытқуы.

    • Бет түсінің өзгеруі. Бастапқыда бет терісінің түсі бозғылт тартады, кейіннен сұр-жасыл түске өзгереді.

    • Ықылық, жүрек айну. Сонымен қатар, ауыз кебу, кекіру симптомдары да мазалайды.

    • Құсу. Панкреатит кезінде құсқанда науқас өзін жеңіл сезінбейді.

    • Іштің өтуі немесе қатуы. Панкреатит кезінде нәжіс көбікті, иісі сасық келеді. Қорытылмаған тамақтардың бөліктері кездеседі. Құсқанда жеген тамақтар шығады, артынан ұлтабардағы өтті құсады. Алайда керісінше де болады, іштің қатуы, кебуі, іш бұлшықетінің қатаюы сияқты симптомдар өткір панкреатиттің бастапқы белгілері саналады.

    • Ентігу. Науқасты үздіксіз ентігу, жабысқақ тер мазалайды, тілге сары кілегей қонады.

    • Іш терісінің түсінің өзгеруі.

    • Терінің, көз ағының сарғаюы.

    Емі мақсаты: ұйқы безінің қабынуын тежеу жəне ұйқы безінің некрозданған тінін алып тастау.

    Дəрі-дəрмекті ем ең тиімдісі – интенсивті консервативтік ем болыптабылады.

    Ауыр емес панкреатитті емдеу үшін базистік емдеу кешенін жүргізу жеткілікті:

    - ашығу;

    - асқазанды зондылау жəне ондағы сұйықтықты сорып алу (аспирация);

    - жергілікті гипотермия (ішке салқын басу);

    - анальгетиктер;

    - спазмолитиктер;

    - инфузиялық ем науқастың 1 кг дене салмағына 40 мл көлемінде күшейтілген (форсирование) диурезбен 24-48 сағат бойы жүргізіледі.

    Базистік емді антисекреттік жəне антиферменттік еммен күшейткен тиімдірек болады.

    Базистік емнен 6 сағат ішінде нəтиже болмаса жəне ауыр панкреатиттің ең болмаса бір белгісі байқалса, ауыр панкреатит диагнозы қойылып, науқасты реанимация жəне интенсивті емдеу бөлімшесіне ауыстырады да, жіті ауыр панкреатиттің емін тағайындайды.

    Ауыр панкреатиттің интенсивті емі: емнің негізгі түрі – интенсивті консервативтік ем.

    Лапаротомия түріндегі хирургиялық емдеу шарасы тек хирургиялық бағыттағы асқынулар пайда болғанда, эндоскопиялық əдіспен тежеу мүмкін болмағанда ғана тағайындалады (деструктивті холецистит, асқазан-ішек жолынан қан кету, Жіті ішектік түйнекте жəне т.б.).
    2.БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ


    1. Алда болатын емшара туралы қажетті ақпараттарды науқасқа хабарлау

    1. Амандасу, ӛзін таныстыру;

    2. Вербалдық және вербалдық емес (ишарат, мимика, жанасу, кӛзбен қатынас) әдістерді қолдану арқылы науқаспен ӛзара сенімді қатынас орнату;

    3. Емшараны ӛткізу үшін тұлғааралық қашықтық – тұлғалық (45-120 см);

    4. Емшараны ӛткізу жолдарын науқасқа түсіндіру, науқастың келісімін алу;

    5. Қарсы кӛрсетілімдердің болмауына кӛз жеткізу (тері тұтасығының бұзылуы, патологиялық элементтердің болуы, санасының бұзылуы);

    6. Манипуляцияларды ӛткізу үшін ыңғайлы қалыпта болуды ұсыну (препаратты енгізу техникасына байланысты);

    7. Науқастың ақпараттанған келісімін алу.




    1. Емшара ӛткізуге қолды дайындау (қолды антисептиктерді қолдану арқылы ӛңдеу, қолғап кию)

    1. Қолды ағынды сумен жуу (30 сек-1 мин). Қолды жуу техникасы:

     Қолды сулау және дозатор кӛмегімен сұйық сабынды тамызу;

     Қолдың екі жағын, саусақтар арасын, қолдың ӛзін сабындау;

     Сабынды жуып тастау және бір рет қолданылатын қағаз сүрткішпен кептіру;

    1. Дозатор кӛмегімен қолдарды дезинфекциялық ерітінділермен ӛңдеу;

    3.Стерильді медициналық қолғап кию.
    3.Дәрілік препараттарды тексеру.

    1. Дәрігер тағайындауына сәйкестігін;

    2. Препараттың атауын

    3. Жарамдылық мерзімін

    4. Флаконның/қораптың/ампуланың тұтастығын;

    5. Консистенциясының, түсінің, тұнбасының, қоспаларының осы дәріге сәйкес келуін;


    4.Инъекция үшін шприцті жинау.

     Шприц қаптамасының тұтастығын тексеру (қорапты қысып және босату арқылы);

     Қаптаманы ашу және шприцті поршень ұстағышы жағынан шығару;

     Шприцтің бұрышасты конусына иненің қалыңдаған ұшын (канюля) жалғау және бекіту.

     Иненің ӛткізгіштігін тексеру (ауаны сору және шығару) және стерильді ыдысқа салу.
    5.Ампулалар дайындау

    1. Ампуланы шайқау;

    2. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен ӛңдеу;

    3. Ампуланың мойын қылтасын кесу;

    4. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен қайта ӛңдеу (үгінділерді алып тастау үшін);

    5. Кесілген сызық бойынша сындыру.


    6.Шприцте дәрілік препарат ерітіндісін дайындау

    1. Ампуладан шприцке дәрілік препараттың қажетті мӛлшерін тартып алыңыз; Шприцтегі дәрілік препараттың мӛлшері тағайындау қағазына сәйкес болуы тиіс.

    2. Инені ауыстыру (қолданылған инені тастау, инъекцияға арналған басқа стерильді инені салу);

    3. Ауа кӛпіршігін шығару, иненің ӛткізгіштігіне кӛз жеткізу (инесін кӛздің деңгейінде жоғары ұстау арқылы шприцті тігінен ұстау, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні поршеньді басып тұрып шығару), әрі қарай шприцті қаптаманың ішіне немесе стерильді ыдысқа салу.


    7.Инъекция орнын анықтау және қолғапты, инъекция орнын ӛңдеу.

    1. Инъекция орнын таңдау:

    А) Бұлшықет ішіне (б/і) – бӛксенің жоғарғы сыртқы квадранты/санның латералды жалпақ бұлшықеті, иықтың дельта тәрізді бұлшықеті немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы үштен бірі/санның алдыңғы-бүйір беткейі.

    1. Қолғапты тері антисептиктерімен ӛңдеу;


    8.Дәрілік препаратты енгізу техникасы

    б/і үшін:

    1. Бір қолдың бірінші және екінші саусақтарымен инъекция орнындағы теріні тарту және бекіту;

    2. Иненің 2/3 бӛлігін инъекция орнына теріге қатысты 90 градус бұрышпен енгізу;

    3. Дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.


    9.Емшараны аяқтау.

    1.Инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бӛлшегімен сүрту;

    2.Инъекция орнынан инені жылдам қимылмен шығару;

    1. Инъекция орнына мақта бӛлшегін теріден алмай тұрып жеңіл массаж жасау.

    10. Қолданылған материалдарды қайта ӛңдеу

    Қолданылған материалдарды (мақта бӛлшектері; сүрткіштер; инесімен шприц, иненін қақпағын жаппай, бос ампуланы, ампуланың тар бӛлігінің шыны үгінділерін, ашылған бір реттік пакетті, қолғапты) емшараны орындаудың барлық кезеңінде қауіпсіз қайта ӛңдеу контейнеріне тастайды.


      1. жастағы А. науқасты үйінде қарау кезінде фельдшер жіті аппендицитті күдіктенді, бірақ диагноз толық сенімді емес. Аурудың басталу уақытынан бар болғаны алты сағат өтті. Қандай шара қолдану керек? Хирург консултациясы

    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта