Тест. Хирургия%20ответы. Билет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит
Скачать 134.66 Kb.
|
Науқас С. , 46 жас, дефекация актінен кейін жағымсыз сезімдердің болуына, анальды канал аймағында қышынуға, нәжіспен араласпаған ал қызыл түсті қанның бөлінуіне шағымданады. Объективті қарауда күшену кезінде Хилтон сызығынан төмен, 7 сағат проекциясында сопақша пішінді ісіктәрізді түзілім анықталды, жоғарғы жағында ойық-жаралану (изъязвлениями) және геморрагия іздері бар. Алдын ала диагнозыңыз қандай? Геморой Билет-15 Несеп-жыныс жуйесінің хирургиялық аурулары және жарақаттары. Несеп жыныс жолдарының жарақаттарының ішінде бүйрек жарақаты жиі кездеседі. Бүйрек жарақатының негізгі себептерінің бірі жол апаты, құлау, соққы, спорттық жарақаттар, оқтық жарақаттар. Бүйректің ашық жарақаттанулары кезінде ондағы морфологиялық өзгерістер бойынша әр алуан болады. Мұның өзі жаралаған заттың сипатына ( пышақ, оқ, бытыра), жара арнасының бағытына атқан тұстың қашықтығына ( атылған оқтан жараланғанда) байланысты. Жергілікті симптомдар: белдің тиісті өңірінің тегістелуінің күшеюі, зақымдалған бүйрек өңірінің пальпация кезінде ауыратыны, алдыңғы ішперде кабырғасының бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуының күшеюі және Щеткин- Блюмберг симптомдарының білінуі, іштің тиісті жартысына перкуссия жасалғаан кезде жылжымайтын доғалдықтын байқалуы не үлкею, жатады. Жалпы симптомдарына несептік интоксикацияның өршуінің клиникалық белгілері : ауыздың кұрғауы, әлсіздік, науқастың мезгіл-мезгіл болатын қозушылық жағдайы, ұйқы қашу, сананың шатасуы, ағыл-тегіл тершендік және т.б. Бүйректің жабық жарақаты. Жабық зақымдануларды зақымның сипатына және бүйрек пен оның айналасындағы паранефралдық клечаткадағы жарақаттық өзгерістерге байланысты алты топқа бөледі. Емі: Бүйректің ашық не жабық жарақаты болсада шұғыл түрде госпитализациялау керек. Төсектік режим Қан тоқтату Симтоматикалық ем Консервативтік ем Қажет жағдайда оперативті ем Жоғалған қанның орнына қан алмастырғыштар Антибактериялық терапия Жабық жарақаттарда көбінесе консервативті ем тағайындайды, егер гемодинамикасы қалыпты болған жағдайда. Оперативті емге абсолютті көрсеткіш: гемодинамиканың бұзылысы, гематома Несепағардың жарақаты-Ашық және жабық жарақаттауы мүмкін. Несепағар сирек зақымдалады, себебі париетальды құрсақ қуысына жінішке қантамырларға, омыртқаға жақын орналасуына байланысты. Клиникалық көрінісінде: гематурия, бел аймағының ісінуі, дене температурасының жоғарылауы, құрсақ қуысы клетчаткасының зәр инфильтрциясы. Диагностикасы: Хромоцистоскопия экскреторлы урография Индигокарминнің бөлінуіне қарау Катетерлеу Ретрограттық пиелоуретрография Фистулография Қуық жарақаты Қуықтың зақымданулары біршама сирек болатынына қарамастан, бұл жарақатты білу хирург пен уролог үшін өте маңызды, өйткені мұндай зақымданулардың көпшілігі ауыр болады, мұндай науқастың тағдыры дер кезінде диагностика жасалып, оңтайлы ем қолдануына едәуір дәрежеде байланысты болады Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу
3.Науқас В. 55 жаста. Анамнез: кешкі асты ішкеннен кейін 3-4сағат өткенде сау отырып кенеттен оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, оң жақ жауырынға берілген. Екі рет өт аралас құсық болған. Қабылдау бөлімінің хирургі науқастың бетінен қиналғандығын және дене қызуының 38, 5°С болғандығын, тахикардия, тіліндегі ақ жабындысын анықтаған. Ішін тексеру барысында оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімін, бұлшық етінің қатайғандығын және Ортнер симптомы мен френикус-симптомы оң болғандығын анықтаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, басқа аймақта ауру.Жедел холецистит. |