Тест. Хирургия%20ответы. Билет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит
Скачать 134.66 Kb.
|
Билет-1 Сүт безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит- сүт бездерінің паренхималарына немесе стромаларына вирулентті инфекцияның ену есебінен туатын жедел қабынуы. Қабыну процесінің дамып, өршіп,бездің денесінің және оның айналасындағы тіндердің диструкциясын туғызып әрі қарай жайылу қауіптілігі бар. Созылмалы мастит жедел маститтің асқынуы нәтижесінде,дұрыс емделмеген жағдайда немесе өз алдына біріншілік ауру ретінде вируленттілігі аз инфекциямен шақырылуы мүмкін. Мастит белгілері болып без тығыздалуы ,тері қызаруы қатты ауру сезімі температура жоғарлауы. Қабыну өршу кезінде без үлкейіп тері тырысып ұстап сипағанда гипертермия анықталады.( Абсцесстеуші фаза, Флегманозды фаза, Гангренозды фаза) Дене қызуы 38-39 Сүт безіндегі ауыру сезімі,ұлғаюы; Контуры сақталған,қабыну аймағындағы терісісінде гиперемия Пальпацияда тығыз ауыратын инфильтрат анықталады; Әлсіздік,тершеңдік,бас ауыруы Лейкоцитоз,лейкоцит формуласының солға ығысуы Қолтықастылық лимфаденит Емі. Лактация кезінде сүттің тұрып қалуын болдырмау үшін сауып тастау немесе сүт сорғышпен шығарып отыру керек.Бала емізуді тоқтатады.Іріңді емес маститте (серозды инфильтративті сатысы) консервативті ем жүргізіледі.Сүтті әрбәр үш сағат сайын тәул.8 ретке дейін сауып алады,алдымен сау емшектен,кейін ауру емшектен.Кең спектрдегі антибиотиктерді тағайындайды,антибиотико-новокаинды блокада,сүт безіне жартылай спиртті повязка жасайды,спазмолитиктер,окситоцин,физиоем тағайындалады. Іріңді маститте:бала емізуді тоқтату. Бромокриптин (парлодел) 0,005 г 2 р/д, 4-5 - 7-8 күн Абсцедирлеуші мастит- ашу және дренирлеу:интрамаммарлы іріңдік болса,радиарлы тілік(2),ретромаммарлы іріңдік болса,Барденгеймер бойынша(1) Флегмонозды мастит кезінде кең түрде радиарлы және ретромаммарлы тіліктер және дренирлеу. Гангренозды мастит-мастэктомия Сүт безінің туберкулезі Сүт безі туберкулезі жиі екіншілік жолмен дамиды. Туберкулез микобактериясы сүт шығаратын түтіктер арқылы енеді (біріншілік инфицирлену) және өкпедегі туберкулездік ошақтардан,көкірекаралық, қолтықасты лимфа жолдары арқылы таралады. (екіншілік инфицирлену).Жедел миллиарлы туберкулез кезінде гематогенді жолмен таралады. Сүт безі туберкулезінің түрлері: Түйінді Ойық жаралы Склеротикалық Жыланкөздік Клиникалық белгісі:Сүт безі туберкулезіне емізіктің ішке енуі,контуры айқын емес тығыз инфильтраттың және ұлғайған лимфа түйіндерінің анықталуы.Іріңдіктер мен жыланкөздер,қан кету,деформация,казеозды ыдырау (распад).Диагнозды анамнез мәліметтеріне (өкпе туберкулезі,лимфа түйіндері т.б.) және пунктатты немесе сүт безінен алынған секторын гистологиялық зерттеу нәтижесінде қойылады. Емі: мастэктомия және спецификалық туберкулезге қарсы ем жүргізіледі. Сүт безінің мерезі Сүт безінің мерезі сирек кездеседі. Клиникалық белгісі мен дигностикасы: емізік аймағында,ареолада қатты шанкр- шектелген,тығыз ойық жараның болуы,қолтықасты ойығында тығыз,ауыру сезімі бар лимфа түйіндері анықталады.(лимфаденит) Папулалар мен сепкілдер теріде анықталады. Сүт безінің гуммасы Емі:Мерезге қарсы спецификалық ем. Жүрек-өкпелік реанимация жасау алгоритмі. «Жүрек тоқтап қалған кезде шұғыл кӛмек кӛрсету»
|